Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Ипотекалық кредиттерді қамтамасыз ету үшін жер учаскелері және жер пайдалану құқығы кепілінің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 6 маусымдағы N 711
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 27, 229-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспедегі:
"Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Ведомостары, 1995 ж., N 24, 159-бап) және "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Ведомостары, 1995 ж., N 24, 165-бап) Заң күші бар Жарлықтарына" деген сөздер "Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы
Заңына
және Қазақстан Республикасы Президентінің "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Ведомостары, 1995 ж., N 24, 165-бап) Заң күші бар Жарлығына" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Ипотекалық кредиттерді қамтамасыз ету үшін жер учаскелері және жер пайдалану құқығы кепілінің тәртібіндегі:
2-тармақтың бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"Кепіл берушіге жеке меншік құқығымен немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскесі кепіл болуы мүмкін";
11-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетінің" деген сөздер "жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі