Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 2 қыркүйек N 1130

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнімдер транзитінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қосымшаға сәйкес номенклатура мен сан бойынша 2000 жылғы 14 қыркүйектегі N 01/2001 келісім-шарт бойынша "Өзалмасалтын" алтын өндіру және алмас өңдеу жөніндегі өзбек кәсіпорындарының ассоциациясы (Ташкент қаласы, Өзбекстан Республикасы) үшін "Химия және механика орталық ғылыми-зерттеу институты" мемлекеттік біртұтас кәсіпорнының еншілес кәсіпорны "Роспромвзрыв" ғылыми-өндірістік, сауда-көрме орталығы" федералдық мемлекеттік біртұтас кәсіпорны (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы) беретін жарылғыш материалдардың Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне рұқсат етілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі

 

және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден

комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағы

арқылы жарылғыш материалдардың транзитіне бақылауды қамтамасыз етсін.

     3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі осы

қаулыны іске асыру мақсатында қажетті шараларды қабылдасын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі





                                        Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                                2001 жылғы 2 қыркүйектегі

                                                         N 1130 қаулысына 

                                                                  қосымша


         2000 жылғы 14 қыркүйектегі N 01/2001 келісім-шарт бойынша

        "Өзалмасалтын" ассоциациясы үшін "Роспромвзрыв" федералдық

               мемлекеттік біртұтас кәсіпорны беретін жарылғыш

                 материалдардың номенклатурасы мен саны және

                            жүк жөнелтушілердің тізімі  

___________________________________________________________________________

Р/с       Жарылғыш       СЭҚ ТН     Өлшем   Саны      АҚШ         АҚШ

N     материалдардың     коды     бірлігі          доллары.    доллары.

           атауы                                      мен       мен жалпы 

                                                     бағасы       құны

___________________________________________________________________________

1.   Диаметрі 32 мм    360200000   тонна    300,0    990,0    297000,0

      патрондалған 6ЖВ

      аммониті

2.   АС-8 гранулиті    360200000   тонна    100,8    700,0    70560,0

3.   79/21 граммониті  360200000   тонна    50,4     645,0    32508,0

4.   30/70 граммониті  360200000   тонна    50,4     1090,0   54936,0

5.   ОӨЖ от өткізетін  360300100   мың метр 800,0    141,0    112800,0

      жіп 

6.   КД-8 МА капсюль-  360300900   мың дана 513,0    131,0    67203,0

      детонатор   

      Жиыны                                                    635007,0

___________________________________________________________________________


     Жүк жөнелтушілер:

     1. "Искра" Новосибирск механикалық зауыты" федералдық мемлекеттік

біртұтас кәсіпорны (Ресей Федерациясы);

     2. "Красноуральск химия зауыты" мемлекеттік біртұтас кәсіпорны (Ресей

Федерациясы);

     3. "Промсинтез" ашық акционерлік қоғамы (Ресей Федерациясы);

     4. "Бийск" олеум зауыты" федералдық мемлекеттік біртұтас кәсіпорны

(Ресей Федерациясы).

     Баратын станциясы: Өзбек темір жолының Аблык станциясы;

     Шекаралық өту станциясы:

     1-жол бағыты: Локоть (Ресей Федерациясы) - Шеңгелді (Қазақстан

Республикасы);

     2-жол бағыты: Соль-Илецк (Ресей Федерациясы) - Шеңгелді (Қазақстан

Республикасы);

     3-жол бағыты: Тобыл (Ресей Федерациясы) - Шеңгелді (Қазақстан

Республикасы);

     4-жол бағыты: Локоть (Ресей Федерациясы) - Шеңгелді (Қазақстан

Республикасы).

     Жүк алушы: Ангрен алтын өндіру кеніші (Ангрен қаласы, Өзбекстан

Республикасы).      



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады