Антуан Биденің адвокаттық қызметтеріне ақы төлеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 12 қыркүйек N 1189

      "МТР Металз", "Табани", "Барух" және "МеталзРуссия" компанияларымен төрелік іс жүргізу бойынша Қазақстан Республикасының өкілі болуына және мүдделерін қорғауына байланысты адвокат Антуан Биденің шығыстары мен қаламақыларын төлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен адвокат Антуан Биденің шығыстары мен қаламақыларын төлеу үшін 178 253 (бір жүз жетпіс сегіз мың екі жүз елу үш) француз франкі 83 (сексен үш) сантиміне баламалы сомада қаражат бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады