Министрліктер үйінің сыртқы инженерлік желілерін Астана қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 13 қыркүйек N 1196

      Министрліктер үйінің сыртқы инженерлік желілеріне тиімді қызмет көрсету және пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қосымшаға сәйкес Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 33 және Абай даңғылы, 52 мекен-жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің теңгеріміндегі Министрліктер үйінің сыртқы инженерлік желілері толық инженерлік-техникалық құжаттамасымен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген

 

тәртіппен Министрліктер үйінің инженерлік желілерін республикалық

меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне беруді қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


                                           Қазақстан Республикасы

                                               Үкіметінің

                                         2001 жылғы 13 қыркүйектегі

                                              N 1196 қаулысына

                                                  қосымша



           Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілетін

          Министрліктер үйінің сыртқы инженерлік желілерінің

                             тізбесі



 
       1. Бигелдинов көшесінен УТ-3-ке дейін диаметрі 200-273 мм. сыртқы жылу трассасы - ұзындығы 66,0 қ.м., пайдалануға енгізілген жылы 1999 ж., теңгерімдік құны 10 млн. 54 мың 620 теңге.
      2. Диаметрі 600 мм. сарқындыларды шығаруға арналған жинауыш - ұзындығы 985 қ.м., пайдалануға енгізілген жылы 1998 ж., теңгерімдік құны 74 млн. 859 мың 840 теңге.
      3. Екі кабель желісі 10 кВ, РП 52-ден бастап РП 16-ға дейін -

 

ұзындығы 980 қ.м., пайдалануға енгізілген жылы 1999 ж., теңгерімдік құны 7

млн. 649 мың 111 теңге.

     4. Диаметрі 600 мм. жинауышқа дейін диаметрі 150 мм. сыртқы кәріздік

желілер және диаметрі 144 х 4 мм және 108 х 4 мм. ПГ-1 Жеңіс даңғылынан

бастап УГ-2-ге дейін сыртқы су құбырлары желілері - кәріздік желінің

ұзындығы 261,9 қ.м., пайдалануға енгізілген жылы 1999 ж., теңгерімдік құны

80 млн. 768 мың 250 теңге.

     5. Телефон жүргізудің сыртқы желілері ТПП 50 х 2 - ұзындығы 766 қ.м.,

пайдалануға енгізілген жылы 1998 ж., теңгерімді құны 2 млн. 830 мың теңге.




Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады