Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 17 ақпандағы N 344
Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан
Республикасы Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы
Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы
17 ақпандағы N 344 Жарлығына өзгерiстер мен
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму
стратегиясын одан әрi
iске асыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 17 ақпандағы N 344 U000344_ Жарлығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған Іс-қимыл бағдарламасында:
1) "3. Экономикалық өсу" басымдығында:
"3.1. Макроэкономикалық саясат" бөлiмi мынадай редакцияда жазылсын:
"Ой-ниет. Үкiметтiң саясаты макроэкономикалық тұрақтылықты сақтауға және шаруашылық жүргiзушi субъектiлер үшiн экономикалық дамудың жоғары қарқынын қамтамасыз ететiн экономикалық орта жасауға бағытталатын болады.
Yкiмет жыл сайынғы жалпы iшкi өнiмнiң нақты өсуiн 7-9 % деңгейiнде қамтамасыз етуге, 2002 жылы инфляцияның орташа жылдық деңгейiн 5-7 % дейiн төмендетуге ниеттенуде.
Тиiмдi мемлекеттiк ақша-несиелiк және фискальдық саясат, экономиканың нақты секторын қаржылық және ұйымдастырушылық сауықтыру, ақшалай табыстарды арттыру және халықтың салымдары үшiн ынталандыратын жағдай жасау арқылы өндiрiстi техникалық жаңарту және Қазақстан экономикасының бәсекелестiк қабiлетiн арттыру қамтамасыз етiлетiн болады.
Yкiметтің iс-қимылы. Үкiмет бюджет процесiн одан әрi жетілдіру үшін заңнамалық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасайды. Мемлекеттiк бюджеттiң көрсеткiштерiн қалыптастыру орташа мерзiмдiк сипатта болады.
Үкiмет 2002 жылы ЖIӨ-ге 2,3 % шегiнде жаңа әдiспен есептелген республикалық бюджет тапшылығын белгiлеудi қамтамасыз етедi. Мемлекеттiк бюджет кiрiстерiнiң өсуi салық салынатын базаны кеңейтудiң және салық әкiмшiлiгiн жүргiзудi жетiлдiрудiң есебiнен қамтамасыз етiлетiн болады. Мемлекеттiк шығыстардың айқын жүргiзiлуiн күшейту басымдықтарды неғұрлым нақты белгiлеу, нормативтiк базаны қалыптастыру және дамыту, оларды жеке секторға бере отырып, мемлекетке тән емес функциялардан дәйектi түрде бас тарту есебiнен қамтамасыз етiлетiн болады.
Өнеркәсiптiң, ауыл шаруашылығының, көлiк пен коммуникациялардың құрылымын жақсартуға бағытталған мемлекеттiк инвестициялық саясат жандандырылады.
Yкiмет жыл сайын бюджеттi қалыптастыру кезiнде зейнетақылардың, мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылардың, сондай-ақ мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң және мемлекеттiк қызметшiлердiң жалақысын арттыру мүмкiндiгiн қарастыруға ниеттенуде.
Нақты секторды жеделдете дамыту, өнiмдi өткiзудiң iшкi және сыртқы рыноктарын кеңейту саясатын дәйектi жүргiзу, экспортқа бағдарлау және импортты алмастыру шараларын жүргiзу арқылы сауда теңгерiмiнiң оң сальдосын ұстауға қолдау көрсетiледi. Қызмет көрсетулердi дамыту және олардың экспортын ұлғайту жөнiнде шаралар қабылданады.
Қазақстанның Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымына енуiне дайындық жөнiндегi iс-шараларды iске асыру мақсатында сауда режимiн ырықтандырудың дәйектi саясаты жүргiзiлетiн болады.
Халықаралық сапа стандарттарына сәйкес Қазақстанда өндiрiлетiн және бәсекелестiк баға бойынша сатылатын тауарлар импортына iшкi өндiрушiлердi қорғауға бағытталған саясат жүргiзiледi. Елде өндiрілмейтiн әлеуметтiк маңызы бар тауарларға ең төменгi кеден ставкалары белгiленедi.
Макроэкономикалық саясаттағы тұрақтылық пен сабақтастық: экономикалық жоспарлаудың көкжиегiн кеңейту мен сапасын жақсарту, тиiмдi индустриялық, аграрлық және көлiк-коммуникациялық саясат; бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдени даму бағдарламаларын қалыптастыру; мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық проблемаларын шешуге азаматтардың белсендi түрде қатысуы есебiнен қамтамасыз етiлетiн болады.
Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудің аса маңызды құралдарының бiрi - мақсаты мемлекеттiң қорлануын (жинақтаушы функция) қалыптастыру болып табылатын, сондай-ақ мемлекеттiк бюджеттiң әлемдегi бағалар конъюнктурасына тәуелдiлiгiн азайту (тұрақтандырушылық функциясы) болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жұмыс iстеуi болады.
Елдiң мүдделерiн сақтау мақсатында Қазақстанның жасасқан халықаралық шарттары мен қабылдаған мiндеттемелерiн түгендеу жүргiзiледi.";
"3.2. Ақша-несие саясаты және инфляция қарқынын төмендету" бөлiмiнде:
бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3.2. Ақша-несие (монетарлық) саясаты";
бiрiншi абзацта:
бiрiншi сөйлемдегi "банктердi" деген сөз "банк жүйесiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
бiрiншi сөйлемдегi "дамытуға," деген сөзден кейiнгi "банктердiң" деген сөз алынып тасталып, оның орнына ", соның iшiнде банктiк емес қаржы мекемелерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi абзацтағы бiрiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Үкiмет Ұлттық Банктiң инфляцияның төмен деңгейi саясатын жүргiзуiн қолдайтын болады.";
мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"Ұлттық Банк ақша-несие саясатының жаңа режимiн - ақша базасы және алтын-валюталық активтер бойынша мақсатты көрсеткiштер белгiлеудiң қазiргi режимiнiң орнына инфляция бойынша мақсатты көрсеткiштер белгiлеудi көздейтiн инфляциялық таргеттеудi енгiзу мүмкiндiгiне ерекше назар аударатын болады.";
үшiншi абзацта:
бiрiншi сөйлемдегi "қайта қаржыландырудың ставкаларын төмендету" деген сөздер "қайта қаржыландырудың ставкаларын нақты түрдегi әлсiз оң мәнiнде сақтау" деген сөздермен ауыстырылсын;
бiрiншi сөйлемдегi "дамыту" деген сөз "рыноктың дами бастаған" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi сөйлем алынып тасталсын;
төртiншi абзац алынып тасталсын;
бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеке адамдардың мерзiмдiк салымдарын (депозиттерiн) мiндеттi ұжымдық, кепiлдендiрудiң (сақтандырудың) құрылған жүйесi халықтың банк секторына сенiмiнiң одан әрi артуын қамтамасыз етедi және соның нәтижесiнде банк секторына тартылатын ақшаның көлемін одан да зор ұлғайтады. Одан әрі, депозиттердi кепiлдендiру жүйесiнiң қалыптасуына қарай, кепiлдендiру объектiлерi мен басқа да көрсеткiштердiң кеңеюi, сондай-ақ халықаралық стандарттарға көшу жөнiндегi талаптарды олардың орындалуына қарай кепiлдендiру жүйесiне қатысушы банктердiң шеңберiнiң кеңеюi жүредi.";
жетiншi абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Құрылған Қазақстандық ипотекалық компания банктер беретiн ипотекалық несиелердi қайта қаржыландыру (сатып алу) арқылы ипотекалық несиелендiрудi дамытуға жәрдемдеседi.";
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының банк жүйесiн одан әрi дамыту мақсатында 2001 жылдың аяғында Екiншi деңгейдегi банктердi банк қызметiнiң халықаралық стандарттарына көшiру бағдарламасын iске асыру аяқталады.";
оныншы абзацта:
"2000" деген сан "2001" деген санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Қаржылық секторының тұрақтылығын нығайту мақсатында бiрыңғай қаржылық қадағалау органы құрылады.";
он екiншi және он төртiншi абзацтар алынып тасталсын;
он бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Сақтандыру рыногының жұмыс істеуi, сақтандыру компанияларының қызметiн қадағалау әрi реттеу жүйесiн жетiлдiру, әсiресе, Сақтандыруды қадағалау органдары халықаралық қауымдастығының принциптерiн енгiзу, капиталдандыруға, сақтандыру резервтерiнiң деңгейi мен оларды орналастырудың сенiмдiлiгiне қойылатын талаптарды арттыру бойынша нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiндегi жұмыс жалғастырылады.";
он жетiншi абзацта:
"сәйкес келтiру көзделiп отыр" деген сөздер "сәйкес келтiру жөнiндегi жұмыс жалғастырылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
"3.3. Салық және бюджет саясаты" бөлiмi мынадай редакцияда жазылсын:
"3.3. Салық және бюджет (фискальдық) саясаты
Ой-ниет. Мемлекет Басшысының тапсырмаларына сәйкес Үкiмет экономикадағы оң үрдiстердi орнықтыруға бағытталған және салық төлеушілер мен мемлекет арасындағы мүдделер теңгерімін белгілеу арқылы бюджетке түсетін түсімдердің оңтайлы деңгейін қамтамасыз ететін дәйектi фискальдық саясат жүргiзуге ниеттенуде. Бюджет жүйесiн реформалау перспективалық бюджеттiк жоспарлауды енгiзу, орталықтар мен аймақтардың өзара бюджеттiк қатынастарын жетiлдiру, сыртқы қарыз алу саясатын қатайту, нормативтік құқықтық базаны кеңейту және дамыту негiзiнде мемлекеттiк шығыстарды басқару, әлеуметтiк маңызы бар бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру, бюджет процесiн одан әрi жетiлдiру әрi регламенттеу, түпкi заем алушылардың бюджет қаражатын қайтаруына көзқарасты қатайту, мемлекеттiк борыш мөлшерiн салыстырмалы түрде қысқарту жалғастырылады.
Үкiметтiң iс-қимылы.
Үкiмет мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне түсiмдердiң қажеттi көлемiн қамтамасыз ету үшiн мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң олардың өзара қаржылық қатынастарындағы мүдделер теңгерiмiне қол жеткiзу саласында:
шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiне мемлекеттiк органдардың орынсыз араласуын болдырмау мақсатында салық және кеден заңдарын ұдайы жетiлдiретiн;
салық ауыртпалығын азайту және салық салынатын базаны кеңейту есебiнен бюджеттiң кiрiс бөлiгiн ұлғайту жөнiндегi жұмысты жалғастыратын;
соның iшiнде, олардың өнiмi мен айналымын мемлекеттiк реттеу жөнiндегi iс-шараларды iске асыру арқылы акцизделетiн өнiмдер бойынша салық түсiмдерiнiң толық түсуiн қамтамасыз ететiн;
трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде бақылау тетiгiн жетiлдiретiн;
шағын бизнес субъектiлерiне салық салу тетiгiн оңайлату жөнiндегi жұмысты жалғастыратын;
кеден органдарын автоматтандырудың бiрiншi кезеңiн аяқтайтын болады.
Салық заңдары нормаларының бiрмәндi түсiндiрiлуiн, салық төлеушiлердiң оны қолдануын оңайлатуды, сондай-ақ салық тәртiбiн сақтау деңгейiн арттыруды қамтамасыз ету мақсатында жаңа Салық кодексi қабылданады.
Елде жүрiп жатқан мемлекеттiк функцияларды орталықсыздандыру процестерiн ескере отырып, бюджетаралық қатынастарды одан әрi жетiлдiру жүзеге асырылады.
Мемлекеттік функцияларды орындау және бюджет қаражатын жұмсау кезіндегі өкілеттік пен жауапкершілік беріліп, басқарудың әрбір деңгейіне өздерінің түсім көздері заң жүзіндегі негізде бекітілетін болады.
Республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасындағы өзара қатынастар жергiлiктi бюджеттерден бюджеттiк алуды жүзеге асыру және дотациялық аймақтарға (Астана қаласынан басқа барлық аймақтар үшiн бiрыңғай кiрiстердi бөлу нормативтерiмен) теңестiретiн субвенциялар бөлу принциптерiмен құрылады.
Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу және борыш саласында Үкiмет бұдан әрi:
үкiметтiк және мемлекет кепiлдiк берген заемдар есебiнен қаржыландырылатын жобаларды iрiктеуге қойылатын талаптарды күшейтуге;
заемдық ресурстарды пайдаланудың тиiмділігiн арттыруға;
инвестициялық жобаларды iске асырумен байланысты шығыстарды оңтайландыруға, әкiмшiлiк және операциялық шығындарды, сондай-ақ консультациялық қызметтер көрсетуге шығындарды азайтуға;
мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борышты басқару тетiгiн жетiлдiруге;
жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуына көзқарасты қайта қарауға ниеттенуде.
Мемлекеттiк меншiктi басқаруды тиiмділігiн арттыру бөлiгiнде Үкiмет:
мемлекеттiк меншiктiң құрылымын оңтайландыру жөнiндегi жұмысты жалғастыратын;
акцияларының мемлекеттiк бақылау пакетi бар Акционерлiк қоғамдардың директорлар кеңесiнiң рөлi мен ықпалын күшейтетiн;
мемлекеттiк кәсiпорындар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтер мен пайдасы үлестерiнiң тұрақты әрi толық iсiнiң, сондай-ақ бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң жалпы көлемінде осындай түсiмдердiң меншiктi салмағының ұлғаюын қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты барынша жандандыратын және күшейтетiн болады.
Мемлекеттiк меншiктi басқаруды оңтайландыру үшiн мемлекеттiк меншiк объектiлерiн кешендi түгендеу жөнiндегi iс-шаралар одан әрi жүргiзiледi.
Жинақтаушы функциясын iске асыру мақсатында Ұлттық қордың активтерiне қатысты Үкiмет пен Ұлттық банк оның активтерiн капиталдың халықаралық рыноктарында орналастыру жөнiнде байыпты саясат жүргiзедi.
Бюджет қаражаттарын жұмсаудың басты басымдықтары:
- өндiрiстiк инфрақұрылымды, әлеуметтiк сала объектiлерiн, сондай-ақ Астана қаласының объектiлерiн дамытуға инвестициялардың өсуi;
- әлеуметтiк сала, яғни зейнетақыларды, жәрдемақыларды, сондай-ақ бiрiншi кезекте орта және төменгi буындағы бюджет саласы қызметкерлерiнiң жалақысын бiрте-бiрте индекстеу;
- қорғаныс шығыстарын кемiнде ЖIӨ-нiң 1% қаржыландыруды көздейтiн елдiң қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн нығайтуды қамтамасыз ету болады.
Үкiмет стратегиялық, индикативтiк және бюджеттiк жоспарлау процестерiн бiрiктiрудi және үйлестiрудi, сондай-ақ бюджеттiк жоспарлаудың сапасын арттыруды, бюджеттiк мiндеттемелер мен болжамдық-талдау жұмысының орындалуын қамтамасыз етедi.
Үкiмет бағдарламалық құжаттарды әзiрлеу мен қабылдауға көзқарасты, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын әзiрлеуге түйiндi принциптер мен көзқарастарды қайта қарайды.
Жиынтық нормативтiк құқықтық актi ретiнде қызмет ететiн және бюджеттердi әзiрлеу үшiн негiз болып табылатын барлық стратегиялық басымдықтарды, салалық және аймақтық бағдарламаларды түгел қамтитын өзгермелi негiздегi даму бағдарламасы орта мерзiмдi кезеңге әзiрленедi және iске асырылады.
Жоспарлаудың сапасын арттыру үшiн Yкiмет бюджет саясатының тиiмдiлiгiн бағалаудың пәрмендi жүйесiн әзiрлейдi және енгiзедi. Мұндай жүйенiң өлшемдерi негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштердiң серпiнiн ескерiп отырады, сондай-ақ бюджет шығыстарының ұтымдылығын, мемлекеттiк шығындардың нәтижелiлiгiн бағалаудың қазiргi заманғы әдiстерiне негiзделедi. Әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң теңдестiрiлуiн сақтау және мемлекеттiк саясатты жүргiзу мақсатында қабылданатын бюджеттiк бағдарламалардың құнын бағалау және пайдалылығын талдауға бiртiндеп көшу жүзеге асырылады.
Үкiмет бюджеттiк шығыстарды ағымдағы бағдарламалар және даму бағдарламалары деп жiктеудi енгiзедi.
Yкiмет бюджеттiң инвестициялық шығыстарының меншiктi салмағын одан әрi арттыратын болады. Осыған байланысты, жұмсалған шығындардың тиiмділігiне мониторинг жүргiзудiң жүйесi әзiрленедi.
Қазынашылықты жаңалау шеңберiнде барлық деңгейдегi бюджеттiң ағымдағы шығыстарын тиiмдi жоспарлау мақсатында қолма-қол ақшаны басқару жөнiндегi болжамдық-талдау жұмысының сапасы жақсартылады.
Үкiмет мемлекеттiк сатып алу жүйесiн жетiлдiруге ерекше назар аударады.
Мемлекеттiк сатып алудың тиімділігіне мониторинг жүргізу және бағалау жүйесiн әзiрлеу және енгiзу жөнiнде жұмыс жүргiзiледi.
Бюджет қаражатын тиiмдi жұмсауға қол жеткiзу мақсатында конкурстық рәсiмдер өткiзуге тиiстi қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi қатысатын сатып алу рәсiмдерi жетiлдiрiледi.
Сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу мәселелерiмен айналысатын мемлекеттiк органдар мен мекемелердiң қызметкерлерін оқыту жүйесін құру жөнінде жұмыс жүргізіледі.
Бухгалтерлiк есеп және аудиторлық қызмет саласында республикада экономикалық реформаны жүргiзу үшiн қолайлы жағдайды қамтамасыз ету, инвестициялық ахуалды жақсарту және халықаралық байланыстарды кеңейтудi қамтамасыз ету мақсатында халықаралық стандарттарға сай бухгалтерлiк есеп және аудит стандарттары әзiрленедi. Iрi кәсiпорындарды бухгалтерлiк есептiң халықаралық стандарттарына көшiру жөнiнде шаралар қабылданады.
Бюджет процесi туралы жұртшылыққа жiтi әрi анық ақпарат беру мақсатында Yкiмет мыналарға:
заңи және нормативтiк құжаттарға;
жылдық қаржылық және жедел баяндамалар мен есептерге (бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi);
мемлекеттiк қаржы туралы толық ақпаратқа қол жеткiзудi одан әрi қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдайды.
Бюджет мiндеттемелерiнiң дұрыс орындалуы үшiн бақылау әрi мониторинг жүргiзу бөлiгiнде Үкiмет өкiлеттiк берген бақылаушы органдардың рөлi күшейтiледi.
Мемлекеттiк қаржы жөнiндегi нормативтік құқықтық базаны тәртiпке
келтiру мақсатында Үкiмет тиiстi тұжырымдамалар әзiрлеуге кiрiседi және
Бюджет кодексiн әзiрлеу үшiн негiз дайындайды.";
"3.4. Инвестициялық ахуалды жақсарту" бөлiмiнде:
үшiншi абзацта:
"халықаралық қаржы ұйымдарымен бiрлесе отырып, саяси және реттеушi
тәуекелдердi кепiлдендiрiлген өтеудiң тетiктерiн құру мен қолдануға
енгiзу" деген сөздер "жеке меншiк иелерiнiң құқықтарын қорғау" деген
сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi абзацта:
"Инвестициялар туралы" деген сөздер "Инвестицияларды мемлекеттiк
қорғау және қолдау туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"заңдардың" деген сөз сол қалпында қалдырылсын;
алтыншы абзацта:
"бiрлескен жұмыс топтарының" деген сөздер сол қалпында қалдырылсын;
жетiншi абзацта:
"iрiктеу рәсiмiнiң ашықтығын қамтамасыз ету кезiнде Мемлекеттiк
инвестициялар бағдарламасының құрамына мәлiмделген" деген сөздер алынып
тасталсын;
сегiзiншi абзац алынып тасталсын;
оныншы абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Нақты секторды одан әрi дамыту үшiн бағалы қағаздар рыногын реттеу
мәселелерi бойынша қолданыстағы заңдарға өзгерiстер енгiзiледi.";
он бiрiншi абзацта:
"және Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиямен бiрге Қазақстан
Республикасының бағалы қағаздар рыногын дамытудың 1999-2000 жылдарға
арналған бағдарламасын орындаудың қорытындылары бойынша" деген сөздер
алынып тасталсын;
"3.5. Сыртқы сауда саясаты" бөлiмiнде:
бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3.5. Сауда саясаты";
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Ой-ниет. Үкiмет сыртқы сауда саясатын ырықтандыруды ұстанатынын растайды. Сауда саясаты елдiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi ескере отырып, Қазақстанның халықаралық еңбек бөлiнiсi жүйесiне одан әрi тиiмдi түрде кiрiгуi қажеттiгiн негiзге ала отырып, жүргiзiледi. Сауда саясатының негiзгі мiндетi - экономиканы құрылымдық қайта құруға көмек көрсету, iшкi рыноктың қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн бәсекелесуге қабiлеттi өндiрiстер құру және әлемдегi рыноктарға қазақстандық тауарлар мен қызметтер көрсетудi жылжытуға көмек көрсету, төлемдiк және сауда теңгерiмiнiң көрсеткiштерiн жақсарту үшiн сыртқы экономикалық байланыстарды барынша пайдалану болып табылады.";
екiншi абзацта:
"инфрақұрылымдарын" деген сөзден кейiн "басым" деген сөзбен толықтырылсын;
"экспорттың экономикалық тиiмдiлiгiн көтеру және құрылымын жақсарту" деген сөздер "қосылған құны жоғары деңгейдегi өндiрiстердiң үлесiн арттыру мақсатында экспорттың құрылымын әртараптандыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi абзацта:
"шығару жолымен" деген сөздер "шығаруды жүргізу жолымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
"көрмелер өткізу" деген сөздер "көрмелердi ұйымдастыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Үкiмет жаңа тауарлардың өндiрiсiн игеру кезеңiнде отандық тауар өндiрушілердi қорғау, тұтыну рыногының теңдестiрiлуiн қамтамасыз ету, экспорт пен импорттың құрылымын жақсарту үшiн икемдi кедендiк-тарифтiк жүйе құру жөнiндегi жұмысты жалғастырады.";
төртiншi абзацта:
"және келiсiмшарттық бағалардың төмендеуiне" деген сөздер алынып тасталсын;
"қолдау" деген сөзден кейiн "және экспортты ынталандыру" деген сөздермен толықтырылсын;
бесiншi абзацта:
"сыртқы сауда саясаты шаралармен" деген сөздер "экономиканың стратегиялық маңызды секторларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
"болады," деген сөз сол қалпында қалдырылсын;
"Экспорттық-импорттық операцияларға салық салу жүйесi жақсаратын," деген сөздер алынып тасталсын;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Үкiмет импорт алмастыру және Қазақстан Республикасы өңдеушi өнеркәсiбiнiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыру бағдарламасын әзiрлейдi.";
жетiншi абзац алынып тасталсын;
сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Сыртқы және iшкi сауда саласындағы қатынастарды реттеу мақсатында "Сауда туралы" Заң және сауда қатынастарын регламенттейтiн заңи актiлер әзiрленедi. Сауда саласындағы Қазақстан үшiн қолайлы халықаралық келiсiмдер мен конвенцияларды бекiту және оларға қосылу рәсiмдерi жалғастырылады.";
тоғызыншы абзацтағы екiншi сөйлем алынып тасталсын;
оныншы абзац мынадаЙ редакцияда жазылсын:
"Дүниежүзілік саудада тең құқықты әрiптестiк жағдайларын қамтамасыз ету, шет елдермен экономикалық ынтымақтастықты жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республиканың экономикалық мүдделерiн барынша ескере отырып, ДСҰ-ға кiру процесiн жалғастырады.";
он бiрiншi және он екiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Еуразиялық және Орталық Азия экономикалық қоғамдастықтарының елдерімен, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастығы ұйымының шеңберiндегi сауда саясаты тауарлар, қызмет көрсетулер мен капиталдар ортақ рыногының тиiмдi жұмыс iстеуiне бағытталады. Үкiмет заңи және нормативтiк құқықтық актiлердi үйлестiруге, келiсiлген салық, ақша-несие, валюта-қаржы, сауда, кедендiк және тарифтiк саясат жүргiзуге бағытталған жұмысты жалғастырады.
ТМД елдерiмен сауда саясаты еркiн сауда және сауда кедергiлерiн жою принциптерiне негiзделедi.";
он үшiншi абзацта:
"толық құқықты мүше" деген сөздер "тең құқықты әрiптес" деген сөздермен ауыстырылсын;
"беделiн" деген сөз "абыройы" деген сөзбен ауыстырылсын;
он төртiншi абзац алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Iшкi сауда саласында тұтыну рыногында сатылатын тауарлардың сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау жөнiндегi шаралар күшейтiледi. Отандық тауар өндiрушiлердiң өнiмдерiн өткiзудi жақсарту мақсатында көтерме сауда жүйесi құрылады. Тұтыну тауарларының бәсекесiн арттыру және бағаны арзандату үшiн муниципальдық сауда рыноктарын құру көзделедi.";
"3.6. Баға және монополияға қарсы саясат" бөлiмiнде:
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Басымдық жағдайға ие шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өз артықшылығын терiс пайдалануы фактiлерiн анықтау. "Бәсеке және монополиялық қызметтi шектеу туралы" Z010144_ Заңды iске асыру мақсатында республикалық және аймақтық рыноктарда басым жағдайға ие субъектiлердiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер әзiрленедi.";
он үшiншi және он төртiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Жұмыс істейтiн активтерге пайда ставкасын белгiлеу тәртiбi жөнiнде
әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлеу;
Табиғи монополия субъектiлерiнiң экономикалық қызметiнiң ашық болуын
қамтамасыз ету, кейiн олардың нәтижелерi жарияланатын аудиторлық
тексерулердi жыл сайын мiндеттi түрде жүргiзу;";
он алтыншы абзац алынып тасталсын;
он жетiншi абзацта:
"шаруашылық жүргiзушi" деген сөздер алынып тасталсын;
"жол берiлетiн" деген сөздер "негiзделетiн" деген сөзбен ауыстырылсын;
он тоғызыншы абзацта:
"iске асыруды" деген сөз алынып тасталсын;
жиырмасыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"табиғи монополия субъектiлерiнiң көрсетiлетiн қызметтерiне
тарифтерге төмендеткiш коэффициенттер белгiлеу жөнiндегi тәртiптi әзiрлеу
және практикаға енгiзу.";
жиырма бiрiншi абзацта:
"Электр энергетикасы" деген сөздер алынып тасталсын;
жиырма екiншi абзац алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Темiр жол көлiгiндегi тарифтiк саясатты жетiлдiру өнiмнiң бағасындағы көлiктiң құрамдас бөлiгiнiң үлесiне қарай және маусымдық факторлар ескерiлiп, жүзеге асырылады.";
жиырма үшiншi және жиырма төртiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан темiр жолы" республикалық кәсiпорнының құрамынан табиғи монополия саласына жатпайтын бiрқатар құрылымдық бөлiмшенi бөлiп шығаруды көздейтiн Темiр жол көлiгiн қайта құрылымдау бағдарламасы қабылданады, мұның өзi темiр жол тасымалдарымен сабақтас салалардағы бәсекенi дамытуға әкеледi және темiр жол көлiгiндегi кәсiпорындардың экономикалық қызметiнiң ашық жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi.
Сонымен бiр мезгiлде, тұтынушылардың кейбiр санаттары үшiн абоненттiк төлемдердi iшiнара өтеу тетiгiн енгiзiп, 2005 жылға қарай телефон байланысы қызметтерi тарифтерiнiң деңгейiн олардың көрсетiлуiнiң шығындарын жабатын деңгейге дейiн кезең-кезеңiмен көтеру басталады. Телекоммуникациялар рыногын ырықтандыру мақсатында оларды есептеуiштердiң көрсеткiштерi бойынша төленетiн жергiлiктi телефон қосқыштарындағы құнын уақытына қарай есептеу жүйесiн енгiзу жөніндегі жұмыс жүргізіледі.";
"3.7. Өнеркәсiп" бөлiмiнде:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Ой-ниет. Үкiмет өнеркәсiп өндiрiсiнiң өсуi, импорт алмастыру саясатын iске асырудың және сараланған қадамдары мен қолдау тетiктерi бар экспортқа бағдарланған өндiрiстi ынталандыру негiзiнде iшкi және сыртқы рыноктар қажеттiлiктерiн қамтамасыз ететiн кәсiпорындарды дамыту үшiн жағдай жасайды.";
бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттiк инновациялық саясат шеңберiнде отандық әзiрленiмдер базасында бәсекеге қабiлеттi импорт алмастыратын және экспортқа бағдарланған өнiм шығаруды қамтамасыз етуге бағытталған өндiрiстердi технологиялық жаңғырту және әртараптандыру жоспарланып отыр. Перспективасыз кәсiпорындар кейiннен олардың базасында шағын және орта инновациялық ғылымды қажетсінетін өндірістер құра отырып, банкроттыққа және саралауға ұшырайтын болады.";
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстандық тауарлар мен қызметтер көрсетудi шетелдiк рыноктарға жылжытуды қамтамасыз ету мақсатында қазақстандық кәсiпорындарда әлемдiк стандарттар талаптарына сәйкес келетiн сапаны басқару жүйесi енгiзiлетiн болады.";
оныншы абзацтағы ", қорғасынның" деген сөз алынып тасталсын;
он бiрiншi абзацтағы "химия өнеркәсiбiн дамытудың бағдарламасы қабылданатын" деген сөздер "Химия және мұнайхимия өнеркәсiбiн қалпына келтiру және дамыту бағдарламасы iске асырылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
он екiншi абзацтағы "хлорлы-сiлтi өндiрiсiн" деген сөздер "басқа да өндiрiстердi" деген сөздермен ауыстырылсын;
он үшiншi абзацтағы "тантал мен берилий өндiру" деген сөздер "дайындығы неғұрлым жоғары сапалы өнiмдi шығара отырып, берилий мен тантал өндiрiсiн одан әрi дамыту" деген сөздермен ауыстырылсын;
он төртiншi абзацта:
"Машина жасау және металл өңдеу өнеркәсiбiн" деген сөздер "Машина жасауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
"станоктар" деген сөз "машиналар" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Отын-энергетикалық" деген сөздерден кейiн ", кен металлургия" деген сөздермен толықтырылсын;
"бағдарламасының" деген сөздер "саясатын iске асыру жөнiндегi шаралардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
он бесiншi және он жетiншi абзацтар алынып тасталсын;
он сегiзiншi абзацтағы "Қазақстанның өнеркәсiбi үшiн жаңа бәсекелестiк қабiлеттi тауарлар" деген сөздер "Бәсекеге қабiлеттi тауарлар шығару жөнiндегi жаңа өндiрiстер" деген сөздермен ауыстырылсын;
"3.8. Ауыл шаруашылығы" бөлiмiнде:
"өнімді" деген сөздің алдынан ", елдің азық-түлiк қауiпсiздiгiнiң қажеттi деңгейiн қамтамасыз ететiн" деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi абзацта:
"ауыл шаруашылығын дамытудың бағдарламасы әзiрлендi" деген сөздер "Ауыл шаруашылығын дамытудың бағдарламасын iске асыру жалғастырылды" деген сөздермен ауыстырылсын;
"аймақтық мамандандырудың негiзiнде" деген сөздер "2000-2002 жылдарға арналған" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесiншi абзацта екiншi сөйлем алынып тасталсын;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Елдiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бағдарламасы әзiрленетiн болады. Төтенше жағдайлар оқиғасына арналған мемлекеттiк азық-түлiктiк астықтың резервiн жаңалау, мемлекеттiк тұқымдық және жемшөп астығын қалыптастыру жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу көзделедi, елдiң элеваторлары мен астық ресурстары қозғалысының мониторингi қызметiн лицензиялау жөнiндегi жұмыстар жалғасатын болады. Мемлекеттiң астықты сатып алуға және өткiзуге одан әрi қатысуы мемлекеттiк ресурстарды пайдаланумен және жаңартумен ғана байланысты болады.";
мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын:
"Астық шаруашылығының тұрақтылығын арттыру, негiзiнен өндiрiс дақылдарын арттырудың есебiнен, оның iшiнде технологиялық тәртiптi сақтаудың, шаруашылық жүргiзудiң экономикалық әдiстерiн енгiзудiң, тыңайтқыштарды және өсiмдiктерді химиялық қорғау құралдарын ұтымды пайдалану есебiнен жүретiн болады.";
мынадай мазмұндағы сегiзiншi және тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
"Селекцияны және тұқым өсiрудi одан әрi дамыту өндiрiске өсiп-өну мерзiмдерi әртүрлi, өсу тұрақтылығына, тез пiсуге, жоғары өнiмділікке және жақсы технологиялық сапаға икемдi сорттарды енгiзуге бағытталатын болады.
Мал шаруашылығында Iрi қалалар айналасында сүт өндiрiсiн дамыту бағдарламасын iске асыру жалғасатын болады. Асыл тұқымдандыру ісiн қолдау бағдарламасы негiзiнде өнімділікті ұлғайту жолымен отандық мал шаруашылығы өнiмiнiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыру, сондай-ақ қайта өңдеу технологиясын жетiлдiру жүзеге асырылатын болады, бұл ішкi рыноктарды сапалы өнiммен толықтыруға және сыртқы рынокқа шығуға мүмкiндiк бередi. Мал шаруашылығы өнiмiн сатып алу және экспорттау жөнiндегi мемлекеттік компания құрылатын болады.";
тоғызыншы және оныншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң несие ресурстарына қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету ауылдық несие серiктестiктерiн құру жолымен жүзеге асырылады. Аграрлық сектордың ауқымын кеңейту кепіл құралы ретінде "астық қолхаттары" институтын енгiзуге ықпал ететiн болады. Аграрлық секторды несиелендiру үшiн сыртқы заемдар мен екiншi деңгейдегi банктердiң қаражаты тартылады.
Пайдаланушылар ауыл шаруашылығы өнiмiнiң аймақтық және сыртқы рыноктары туралы ақпарат алатын ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң бiрыңғай ақпараттық-маркетингтiк жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi жұмыс жалғасатын болады.";
он бiрiншi абзац алынып тасталсын;
он үшiншi, он төртiншi, он бесiншi, он алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
"Топырақ құнарлылығын қалпына келтiру және суармалы жерлер тиiмдiлiгiн арттыру үшiн ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн минералдық тыңайтқыштарды сатып алуға мемлекеттiк субсидиялау жалғастырылады.
Республикада астық тұқымын өсiру әр облыста қабылданған егiншiлiктiң аймақтық жүйесiне сәйкес жүргiзiлетiн болады.
Сумен тұрақты қамтамасыз ету проблемасын шешу үшiн суарудың су үнемдеу технологиясын енгiзу, су пайдаланушылардың өздерiнiң ирригация және мелиорацияның жағдайына, гидромелиоративтiк жүйелердi ұстауына және пайдалануға, суармалы жерлер мониторингiн жақсартуға жауапкершiлiгiн арттыру жөнiнде шаралар қабылданатын болады.
Нарықтық жағдайларға икемделген суармалы егiншiлiктi дамыту және суды ұтымды пайдалануды дамытудың тұжырымды негiздерi әзiрленетiн болады.";
он үшiншi абзац алынып тасталсын;
он төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Нормативтiк құқықтық актiлерге жер учаскелерiнiң кепiлдiгi және жердi пайдалану құқығы мәселелерi бойынша өзгерiстер енгiзiлетiн болады.";
он бесiншi абзацтағы "Әдiлет" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ шаруа (фермер) қожалықтарының жер учаскелерiне арналған құқығын куәландыратын құжаттарды қайта тiркеу және жердi пайдалану құқығы шартты жер үлестерiнiң есебiнен қалыптастырылған мемлекеттiк емес ауыл шаруашылығы ұйымдары" деген сөздермен толықтырылсын;
"3.9. Ғылым мен технология" бөлiмiнде:
бiрiншi абзацтағы "ғылым саласындағы" деген сөздер алынып тасталсын;
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Үкiметтiң iс-қимылы. Үкiмет қойылған мiндеттердi iске асыру үшiн инновациялық және ғылыми-техникалық бағдарламалардың негізінде ғылыми-техникалық саланы басқару жүйесін жетілдіру ниетінде.";
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
"Осыған байланысты ғылыми-техникалық саланың жұмыс iстеуiнiң, оның iшiнде ғылыми-зерттеу және тәжiрибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру, оларды конкурстық ірiктеу және сату, санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау, инновациялық қызметтi жандандыру саласында нормативтiк құқықтық база жетiлдiрiлетiн болады;
іргелi зерттеулер бағдарламасын және тиiстi ғылыми ұжымдарды отандық тауар өндiрушiлерге әлемдiк тауар рыногында өз орнын қамтамасыз ететiн принциптi түрде жаңа технологиялар жасауға бағдарлау;";
"3.10. Тұрғын үй құрылысы" бөлiмiнде:
бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3.10. Құрылыс";
бiрiншi абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Тұрғын үй құрылысын одан әрi дамыту, толыққанды тұрғын үйдiң рыногын қалыптастыру.";
екiншi және үшiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Yкiметтiң iс-қимылы. Мемлекеттiк қала құрылысы саясатының ұзақ мерзiмдi тұжырымдамасының негiзiнде Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзiрлеу басталады. Елдiң аумағында мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын қалыптастыру және жүргiзу жөнiндегi жұмыс жүргiзiлетiн болады.
Жобалаудың және құрылыстың нормативтiк базасын халықаралық нормалармен үйлестiру үшiн жетiлдiруге, ТМД елдерiнiң құрылыстағы стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссиясының шеңберiнде және Бiрiккен Ұлттық Ұйымының елдi мекендер жөнiндегi орталығымен және оның аймақтық бөлiмшелерiмен интеграцияны күшейтуге бағытталған шараларды iске асыру жоспарлануда.";
төртiншi абзацта:
"ипотекалық несиелендiрудiң, оның ішiнде тұрғын үйдi кейiн сатып алу құқығымен ұзақ мерзiмдi жалға берудiң жаңа әдiстерiн" деген сөздер "ипотекалық несиелендiрудi, оның iшiнде тұрғын үйдi кейiн сатып алу құқығымен ұзақ мерзiмдi жалға берудi" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Табысы төмен адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшiн құрылыстың
жинақ ақша жүйесi енгiзiлетiн болады.";
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Табысы орташа халықтың кең ауқымы үшiн қол жетiмдi тұрғын үйлердiң
үлгiлiк жобаларын әзiрлеу көзделуде.";
бесiншi абзац алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"Отандық құрылыс компанияларын қолдауға бағытталған шаралар
қабылданатын болады.";
алтыншы абзацтағы "ПИК-ның" деген қысқартылған сөз мынадай редакцияда
жазылсын:
"Меншiктi пәтерлер кооперативiнiң (МПК)";
жетiншi абзац алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Құрылыстың стандарттарын және мемлекеттiк нормативтерiн сақтау, құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау мақсатында, сондай-ақ тұрғын үй қорының және азаматтық мақсаттағы объектiлердiң техникалық жағдайын бақылауды қамтамасыз ету үшiн осы салаларда мемлекеттiк қадағалау күшейетiн болады.";
"3.11. Шағын кәсiпкерлiк" бөлiмi мынадай редакцияда жазылсын:
"Ой-ниет. Елдiң экономикасын нығайтуды, халықты жұмыспен қамтуды және оның өмiр сүру деңгейiн арттыруды қамтамасыз ететiн шағын кәсiпкерлiк секторын одан әрi кеңейту.
Үкiметтiң iс-қимылы.
Yкімет, ең алдымен, өзiнiң қызметiн өндiрiстiк саланы серпiндi дамытуды қамтамасыз ететiн шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау саясатын жетiлдiруге бағыттайды.
Жаңа бастаған кәсiпкерлердiң несие ресурстарына, сондай-ақ несиелендiру тетiктерiне қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн шарттар жасау жолымен шағын бизнестi несиелендiру проблемаларын шешу жөнiндегi iс-қимыл қабылданатын болады.
Осы мақсатта Үкiмет iске асыру, оның iшiнде мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын шағын кәсiпкерлiктi қаржылай қолдаудың орта мерзiмдi бағдарламасын әзiрлейдi.
Шағын кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымын дамыту үшiн қолайлы жағдай жасалатын, тоқтап тұрған кәсiпорындарды және тиiмдiлiгi аз өндiрiстердi қайта ұйымдастыру мен сегментациялау кезiнде мүлiктiк кешендердi, технологиялар мен жабдықтарды қалыптастыру және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне беру жөнiндегi негiзгi бағыттар айқындалатын болады.
Шағын бизнестi дамытуды жандандыру үшiн Yкiмет шағын кәсiпорындардың iстерiне мемлекеттiң араласуын мейлiнше азайтады, әкiмшілiк кедергiлердi жоюға ықпал ететiн болады. Кәсіпкерлік қызметті лицензиялау рәсімдері жетілдірілетін, сертификаттау әр түрлi үлгiдегi рұқсат беру, аккредитациялау рәсiмдерi мен өзге де нормалар мен ережелер жеңiлдетiледi. Үкiмет шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi бизнестi тiркеуге байланысты рәсiмдердi бiр органда өткiзе алатын тетiктi енгiзуге кiрiседi.
Үкiмет нормативтiк құқықтық базаны одан әрi жетiлдiру жөнiндегi жұмысты жалғастырады, заң шығару және нормативтiк актiлердi оңайлатуға және заңдарда сiлтеме сипаттағы нормаларды қысқартуға ықпал ететiн болады. Мемлекеттiк сатып алу жүйесi жетiлдiрiлетiн, мемлекеттiк сатып алуды шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен жүзеге асыратын тауарлар мен қызмет көрсетулердiң жекелеген түрлерiнiң тiзбесi айқындалады.
Кәсiпкерлiк қызметтi қолдау және оның жаңа нормаларын дамыту мақсатында франчайзинг туралы заң жобасы әзiрленетiн болады.
Кәсiпкерлердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң заң шығару бастамасы арнайы iрiктеудiң негiзiнде анықталған олардың ең жақсыларына гранттар бөлу жолымен көтермеленетiн болады.
Ұйғарылатын шараларды iске асырудың нәтижесiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қатарын өсiру, жаңа жұмыс орындарын құру, шағын бизнес саласында жұмыс iстейтiндердiң санын көбейту, нақты бәсекелестiк ортаны құру, меншiк иелерiнiң жаппай буынын қоғамның орташа табының негiзi ретiнде қалыптастыру күтiлуде.";
"3.12. Туризм" бөлiмiнде:
бiрiншi және екiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Ой-ниет. Елдiң туристiк кешенiн жақсарту, сыртқа шығу және iшкi туризмдi дамытуды бюджеттiң кiрiс бөлiгiн толтырудың, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудiң негiзгi көздерiнiң бiрi ретiнде ынталандыру.
Үкiметтiң iс-қимылы. Қазақстанда туризмнiң пайдаланылмаған мүмкiндiктерiн және оның экономиканың басқа салаларының дамуына ықпалын ескере отырып, "Жiбек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркi тiлдi мемлекеттердi сақтау және сабақтастықпен дамыту, туризмнiң инфрақұрылымын дамыту" мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру үшiн жағдайлар жасалатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы әзiрленетiн және iске асырылатын болады.";
үшiншi абзацтағы "; Жiбек жолының тарихи орталықтарын қайта
өркендетуді, түркi тілді мемлекеттердің мәдениетін сақтауды және
сабақтастықпен дамытуды, туризмнiң инфрақұрылымын дамытуды" деген сөздер
алынып тасталсын;
төртiншi абзацта:
"жаңа" деген сөз алынып тасталсын;
"туристiк қызмет көрсету" деген сөздер "туристiк қызмет" деген
сөздермен ауыстырылсын;
"стандарттарға" деген сөз "талаптарға" деген сөзбен ауыстырылсын;
бесiншi абзац "Туризм мен қонақ үй шаруашылығы" деген сөздердiң
алдынан "Құрылатын ақпараттық-әдiстемелiк орталықтардың базасында" деген
сөздермен толықтырылсын;
"3.13. Аймақтық саясат" бөлiмiнде:
бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3.13. Аймақтық даму";
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Үкiметтiң iс-қимылы. Барлық деңгейдегi бюджеттердi қалыптастыру мен атқарудың қолданыстағы жүйесін жетілдiрудi қолға алу алда тұр.";
мынадай мазмұндағы үшiншi және төртiншi абзацтармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы аймақтық саясатының тұжырымдамасы әзiрленетiн болады.
Аймақтарды дамыту "Қазақстан Республикасындағы жергіліктi мемлекеттiк басқару туралы" Z010148_ Заңға сәйкес жүзеге асырылатын болады.";
он бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Тоқыраған ауылдық аудандарды дамыту проблемаларын шешу үшiн Yкiмет және жергіліктi атқарушы өкiмет органдары инвестицияларды тартуға, шағын кәсiпкерлiктi қолдауға, әлеуметтiк және тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелерiн шешуге жәрдемдесетiн болады. Әкiмдер коммуналдық меншiк объектiлерiне тиiмдi билiк ету жөнiндегi жұмысты жүргiзетiн болады.";
он екiншi абзацтағы "нақты" деген сөз алынып тасталсын;
он үшiншi абзацтағы "қаржы рыноктарында," деген сөздер алынып тасталсын;
он төртiншi абзац алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы он бесiншi абзацпен толықтырылсын:
"Эксперимент тәртiбiмен 2001 жылы жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде (ауылдық (селолық) округтарда, ауылдарда (селоларда), поселкелерде) әкiмдер сайлауы өтедi.";
он сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Алматы облысы. Өнеркәсiптi қайта өңдеу кәсiпорындарын басымдықпен дамыту, тиiмдi ауыл шаруашылығы өндiрiсiн дамыту үшін жағдайлар жасау, өткізу нарығын кеңейту, шағын кәсiпкерлiктi, туризмнiң инфрақұрылымын дамыту, әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық саланың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру, кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес жөнiнде шаралар қабылданатын болады.
Облыс орталығы - Талдықорған қаласы одан әрi дамытылады.";
он төртiншi абзацта:
"белгiленiп отыр" деген сөздер "ұйғарылып отыр" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Атырау МӨЗ-н; Атырау қаласының ұшу-қону алаңы мен әуежайын қайта жаңарту" деген сөздер "Атырау МӨЗ-iн қайта жаңарту; Атырау қаласының ұшу-қону алаңы мен әуежайын жөндеу белгiленiп отыр" деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырма үшiншi абзацтағы "мыс прокаты, эмаль сымдары, және кабель өнiмдерi" деген сөздер "түстi және қара металдардан жасалған өнiмдер" деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырма төртiншi абзацтағы "құрылысын салу жалғастырылады" деген сөздер "құрылысын салуды 2001 жылдың аяғына дейiн аяқтау белгiлендi" деген сөздермен ауыстырылсын;
отызыншы абзацта:
"Астана қаласы." деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Қаланы одан әрi дамыту "Астананың гүлденуi - Қазақстанның гүлденуi" мемлекеттiк U010574_ бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.";
"Астана қаласындағы" деген сөздер "Қаладағы" деген сөзбен ауыстырылсын;
соңғы сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: "2002 жылғы 1 қаңтардан бастап Астана қаласының сол жақ жағалауын салу үшiн арнайы экономикалық аймақ жұмыс iстей бастайтын болады.";
2) "4. Әлеуметтiк даму" басымдығында:
"4.1. Әлеуметтiк қорғау және кедейлiкпен күрес" бөлiмiнде:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Ой-ниет. Үкiмет өзiнiң қызметiн кедейлiкпен күрес жөнiндегi шараларды жүзеге асыруда жандандыра отырып, жүргiзiлетiн реформалардың әлеуметтiк бағытталуын күшейтедi. Халықтың өмiр сүру деңгейiн арттыруға бағытталған саясат: жалақыны, зейнетақыларды, жәрдемақылар мен кедейлерге атаулы әлеуметтiк көмектi уақытылы төлеу жалғасатын болады.";
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Әрбiр азаматты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi мемлекеттiк кепiлдiктердi беру тетiктерiн парасатты үйлестiруге негiзделген халықты әлеуметтiк қорғау және әлеуметтiк қатер туындаған кезде өзiн қамтамасыз етуге дербес жауапкершiлiк жүйесін жетiлдiру жалғасатын болады.";
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Yкiметтiң іс-қимылы. Кедейлiкпен күреске бағытталған шаралар жетiлдiрiлетiн болады.";
мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"Үкiмет Халықты әлеуметтiк қорғау тұжырымдамасын әзiрлейтiн болады.";
үшiншi абзацтағы ", зейнетақылардың ең төменгi мөлшерiн арттыру жөнiнде жұмыс iстейтiн болады" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
"Тағайындалған зейнетақылардың мөлшерлерiн арттырған кезде зейнеткерлiкке шыққан кезеңi ескерiлетiн болады.";
төртiншi абзацтағы "Зейнетақы қорларына тиесiлi" және "белгiлi бiр шараларын сақтау жағдайында" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
"Халықты, оның iшiнде ауыл тұрғындарын және өз бетiмен жұмыс iстейтiн халықты жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтерiмен қамтуды кеңейту жөнiндегi шаралар көзделетiн болады. Жұмыс берушiлердiң қызметкерлерге зейнетақы жарналарын толық және уақытылы аударуын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қабылдау көзделедi.";
бесiншi абзацтағы "мақсатында" деген сөз "үшiн" деген сөзбен ауыстырылсын;
алтыншы абзац алынып тасталсын;
жетiншi абзацта:
"жинақтаушы қорлары жұмыс iстеуiнің" деген сөздер "жинақтаушы зейнетақы жүйесiн дамытудың" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi сөйлем алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы сегiзiншi абзацпен толықтырылсын:
"Ортақ зейнетақы жүйесiнен төленетiн төлемдердiң жеткiлiктiлiгiн және зейнетақы жинақтауы жеткiлiксiз болған кезде, ең төменгi зейнетақыға дейiнгi үстемақылар түрiндегi мемлекеттiк кепілдiктердiң бар екендiгiн ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерінің тетігін жетілдіру көзделеді.";
сегiзiншi, тоғызыншы және оныншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Орнықты және тұрақты сақтандыру рыногын құру зейнетақы реформасын үздiк iске асырудың маңызды шарттарының бiрi болып табылады. Сақтандыру рыногының қалыптасуы мұндай қаражатты берген адамдарға кейiннен өмiрлiк аннуитеттерді жүзеге асыру үшiн зейнетақы жинақтауын жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шотынан сақтандыру ұйымына беру мүмкiндiгiн көздейтiн схеманы енгiзуге мүмкiндiк бередi.
Халықты әлеуметтiк қатерлерден қорғауды қамтамасыз ету мақсатында еңбекке қабiлеттiлiгiн жоғалту, асыраушысынан айрылу және жұмысынан айрылу жағдайына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiн енгiзуге дайындау жүзеге асырылатын болады. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры арқылы әлеуметтiк сақтандыру жүйесi азаматтарды өздерiнiң еңбек қатынастарын заңдастыруға ынталандыратын болады, себебi олар тартылмаған азаматтармен салыстырғанда елеулi артықшылықтар алатын болады.";
мынадай мазмұндағы он бiрiншi абзацпен толықтырылсын:
"Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесiн жетiлдiру жөнiнде шаралар қабылданатын болады.";
он бiрiншi абзацтағы "әзiрлеу жоспарланып жатыр" деген сөздер "әзiрлеу жөнiндегi жұмыс жалғасатын болады" деген сөздермен ауыстырылсын;
он екiншi абзацтағы "берешектердi қысқартуды, ал келешекте оған" деген сөздер "берешектерге" деген сөзбен ауыстырылсын;
он төртiншi абзацтағы "деңгейi" деген сөз "шегi" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы он бесiншi абзацпен толықтырылсын:
"Қызметкерге еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындау кезiнде оның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян кезiнде жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн сақтандыру енгiзiлетiн болады.";
он бесiншi және он алтыншы абзацтар алынып тасталсын;
он жетiншi, он сегiзiншi және он тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қоғамда мүгедектердi оңалтудың, оларды интеграциялауды нығайтуға бағытталған бағдарламасы, мүмкiндiктерi шектеулi балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау жөніндегі заңдарды және ардагерлер туралы заңдарды іске асыру жүзеге асырылатын болады. Белгілі тұратын орны жоқ адамдарды Әлеуметтік бейiмдеу орталықтары одан әрi дамытылатын болады.
Үкiмет мүгедектiк мәртебесiн беру және еңбекке қабiлеттiгiн жоғалту деңгейiн анықтау, сондай-ақ медицина қызметкерлерi мен медициналық-әлеуметтiк сараптау комиссиялары сарапшыларының жауапкершілігiн арттыру рәсiмiн регламенттеу жөнiндегi шараларды белгiлейдi.
Протездеу-ортопедия саласын дамыту протездеу-ортопедия кәсiпорындарын және медициналық стационарларды бiрiктiру және олардың базасында протездеу-ортопедия орталықтарын құру жолымен жүзеге асырылатын болады. Жаңа технологиялар бойынша қазiргi заманғы талаптарға жауап беретiн протездердi шығару жолға қойылатын болады. Республиканың кәсiпорындарында аяқ-қол протездерiне жиынтықтаушы тораптар мен бөлшектердi шығару жөнiндегi импорт алмастырушы технологияларды енгiзу жоспарланып отыр.";
"4.2. Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету" бөлiмi мынадай редакцияда жазылсын:
"4.2. Еңбек қатынастары және жұмыспен қамту"
Еңбек қатынастары.
"Ой-ниет. Yкiмет еңбек қатынастары саласында жетiлдiруге, еңбек және еңбектi қорғау туралы заңдарды сақтауды қамтамасыз етуге, әлеуметтiк әрiптестiк жүйесiн құруға жәрдемдесуге, еңбек әлеуетiн іске асыру үшiн жағдайлар жасауға бағытталған жұмысты жалғастыратын болады.
Үкiметтiң iс-қимылы. Еңбек саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiндегi жұмыс, сондай-ақ Халықаралық еңбек ұйымының тиiстi Конвенцияларын бекiту жолымен еңбек туралы заңдарды халықаралық стандарттарға жақындату жөнiндегi жұмыс жалғасады.
Үкiмет, кәсiподақтар мен жұмыс берушiлер арасындағы әлеуметтiк және еңбек қатынастары мәселелерi жөнiндегi әлеуметтiк диалогтың әрекеттi үш жақты тетiгiн одан әрi реттеу жалғасады.
Азаматтардың еңбек бостандығына және қауiпсiз еңбек жағдайына конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк еңбек инспекциясының тiгiнен құрылымын құру және мемлекеттiк еңбек инспекторларына қажеттi өкiлеттiктермен құқықтарды беру жолымен еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңдардың сақталуын мемлекеттiк бақылаудың қолданыстағы жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi жұмыс жалғасатын болады.
Азаматтарды еңбек қатынастарын заңдастыруға ынталандыруда жұмыстан айрылудан мiндеттi әлеуметтік сақтандыру жүйесiн енгiзуге жәрдемдесетiн болады.
Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.
Ой-ниет. Үкiмет жұмыспен қамту проблемаларын шешуге, бұрынғы жұмыс орындарын сақтауға және жаңаларын құруға, уақытша және жеке еңбекпен қамтуды кеңейтуге, жұмыссыздықтың нақты ауқымын айқындауға бағытталған жұмысты жалғастырады.
Үкiмет кедейлiк деңгейi мен жұмыссыздық деңгейiне тұрақты мониторинг жүргiзетiн болады.
Yкiметтiң iс-қимылы. Азаматтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жолымен кедейлену мүмкiндiгiн төмендету жөнiндегi жұмыс жалғасады.
Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздықтың алдын алу саласында еңбек рыногында талап етiлген мамандықтарға сұраныс болған ретте кадрларды, оның iшiнде жұмыссыздарды даярлаудың икемдi жүйесiн жасау қажет.
Осыған байланысты азаматтардың кейiннен еңбекке орналасуы мақсатында жаңа немесе бұрынғы кәсiптiк бiлiмдерi мен дағдыларын тереңдету арқылы еңбек рыногындағы бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру басты бағыт болмақ. Еңбек рыногындағы қажеттiлiкке сәйкес бiлiм беру, кадрларды даярлау жүйесiн одан әрi бағдарлау көзделiп отыр, кадрларды тiкелей жұмыс орнында қайта даярлау жүйесi жетiлдiрiлетiн болады. Еңбек рыногындағы сұраныс құрылымын болжау әдiстемесiн әзiрлеу, жұмыспен қамту қызметiнiң жұмысын жетiлдiру жөнiндегi, халықты жұмыспен қамтудың аймақтық және республикалық бағдарламаларын әзiрлеу, қоғамдық жұмыстарды оларға ақы төлеу жүйесi мен қаржыландыру көзi өзгеруiн ескере отырып ұйымдастыруды жетiлдiру, инвестициялық бағдарламаларды iске асыру кезiнде қосымша жұмыс орындарын құру жөнiндегi жұмыс жалғасады.
Кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес жөнiндегi P000833_ бағдарламаны iске асыру барысында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу құралдарын, оның iшiнде жұмыспен қамтудың ақпараттық базасын, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң арнайы бағдарламаларын iске асыру жөнiндегi нормативтiк құқықтық және әдiстемелiк базаларын жетiлдiру көзделiп отыр.
Iшкi еңбек рыногын қорғау мақсатында шетелдiк жұмыс күштерiн әкелуге квоталар белгiлеу, сондай-ақ жұмыс берушiге қосымша жұмыс орындарын құру және барын сақтау, шетелдiктердi ауыстыру мақсатында қазақстандық мамандарды қайта оқыту жөнiндегi мiндеттемелердi жүктеу көзделуде.";
"4.3. Бiлiм беру" бөлiмiнде:
екiншi абзацта "дамытуға;" деген сөзден кейін "қазақстандық жүйенiң бәсекеге қабiлеттiгiн арттыруға;" деген сөздермен толықтырылсын;
он екiншi абзацтағы "қолдану" деген сөзден кейiн нүктелi үтір қойылып, "көзделіп отыр." деген сөздер алынып тасталсын және мынадай мазмұндағы он үшiншi, он төртiншi, он бесiншi, он алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
"орта мектепте оқушыларды ақпараттық технологияларды қолданудың негiзгi бағыттары бойынша қажеттi базалық даярлауды қамтамасыз ету;
бiрыңғай ақпараттық-бiлiм беру кеңiстiгiн құру мақсатында бiлiм берудiң әдiстерi мен технологияларын жаңғыртуды қамтамасыз ететiн ақпараттандыруды қаржыландыруды жалғастыру;
оқу мерзiмi 12 жылдық Орта жалпы бiлiм беру тұжырымдамасын әзiрлеу;
орта жалпы бiлiм берудiң қорытынды аттестаттауы мен кәсiби бiлiм беру жүйелерiнiң түсу емтихандарын бiрiктiру жөнiнде жекелеген аймақтарда эксперимент жүргiзу көзделiп отыр.";
мынадай мазмұндағы жиырма бiрiншi, жиырма екiншi, жиырма үшiншi, жиырма төртiншi, жиырма бесiншi абзацтармен толықтырылсын:
"елдiң жоғары оқу орындарында студенттер құрамын қалыптастыру моделi жетiлдiрiледi;
Жоғары кәсiптiк бiлiмдi мамандар даярлау бағыттары мен мамандықтар жiктемесi жетiлдiрiледi;
орта және жоғары кәсiптiк бiлiмдi ғылыми педагогикалық кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесi жетiлдiрiледі;
техникалық кәсiптердiң беделi арттырылады, мұнай саласы үшiн кадрлар даярлау бойынша Қазақ-Британ университетi құрылады;
ұлттық және аймақтық мемлекеттік университеттер жүйесін дамыту жөнiндегi жұмыс жалғасады.";
"4.4. Денсаулық сақтау" бөлiмiнде:
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Yкiметтiң iс-қимылы. Үкiмет медициналық қызметтердiң сапасын арттыру және олардың қол жетiмдiлiгiне, денсаулық сақтауды реформалау бағдарламасына бөлiнген ақша қаражатының жұмсалуына қатаң бақылау жасауға бағытталған саясатты дәйектi жүргiзедi. Денсаулық сақтауды басқару органының деңгейi мен мәртебесi көтерiледi.";
мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"Үкiмет қойылған мақсаттарды iске асыру үшiн:";
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"медициналық қызмет көрсетудiң қазiргi деңгейiн сақтауға және қолдауға, медициналық көмектiң әрбiр деңгейіне арналған сапа индикаторларын, экономикалық уәждеу тетiктерiн және денсаулық сақтау жүйесiн нарықтық жағдайда оңтайлы жұмыс iстеуге бейiмдеудi, тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнiң, салада ақылы қызметтер көрсетудiң нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiруге бағытталған кешендi экономикалық, құқықтық, ұйымдастыру шараларының кешенiн жүзеге асыруды;";
жетiншi абзацта "тұрақтылығын" деген сөзден кейiн "заңнамалық" деген
сөзбен толықтырылсын;
оныншы абзац алынып тасталсын;
"4.5. Демография және көшi-қон" бөлiмiнде:
бесiншi абзацта:
"көшi-қоны" деген сөзден кейiн "және урбанизация" деген сөзбен
толықтырылсын;
"болашақта" деген сөзден кейiн "iшкi көшi-қон процесiн реттеу
жөнiндегi" деген сөздермен толықтырылсын;
"4.6. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану" деген бөлiм
мынадай редакцияда жазылсын:
"Ой-ниет. Yкiмет, өз iс-қимылын қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыруға және табиғат пайдалану процесiн қоғамның қажеттiлiгiне сайма-сай реттеуге бағыттайды. Халықты табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғаудың сенiмділігiн арттырады.
Yкiметтiң iс-қимылы. Қолданыстағы табиғат қорғау заңнамасын қатайту, сондай-ақ экологиялық заңнамалық нормаларды халықаралық конвенциялармен сәйкес келтiру жөнiнде шаралар қабылдау көзделiп отыр.
Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан 1992 жылы Рио-де-Жанейродағы Халықаралық конференцияда Қазақстан қабылдаған мiндеттемелерге сәйкес дамитын болады. Орталық Азия мемлекеттерiмен трансшекаралық экологиялық проблемаларды шешу үшiн аймақтық экологиялық саясат әзiрлеу әрi сыртқы және аралас қаржыландырылатын жобаларды тиiмдi басқаруды қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастықтың тұрақты тетiктерiн жасау жөнiнде шаралар қолданылады.
Табиғатты пайдалануды оңтайландыру мақсатында қоршаған ортаны ластауды және табиғи ресурстарды аймақтық пайдалануды шектеудi (лимиттердi) анықтау жөнiндегi; табиғи ресурстардың кадастрларын және Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн жасау; Табиғатты пайдалану жүйесiн жетiлдiру әрi қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк экологиялық сараптама мен мемлекеттiк бақылау жұмысының құқықтық негiздерiн күшейту; табиғат қорғау iс-шараларына төлемдер және қаражат жұмсау жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi жұмыстар жалғасатын болады.
Мына мiндеттердi: ормандар алқаптарын ұлғайту, оларды, сондай-ақ өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң басқа да ресурстарын ұтымды пайдалануды; су ресурстарының тапшылығын қысқартуды; шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған ортаға әсерiн кемiтудi; өндiрiс және тұтыну қалдықтарын пайдалану деңгейiн көтерудi шешу жолымен қоршаған ортаны қалпына келтiру әрi оңалту жөнiндегi шаралар көзделуде.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желiсiн ұлғайту ормандардың және өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң басқа да ресурстарын оңтайлы пайдалануға әрi олардың көлемiн ұлғайтуға ықпал ететiн болады. Астана қаласы төңiрегiнде орманды қалпына келтiру және ағаш егу, қорғаныш жасыл аймағын жасау жөнiнде iс-шаралар белгiленген. Бекiре балықтардың уылдырық шашатын, сирек әрi жойылып бара жатқан аңдардың, құстардың өсiп-өнуi және көшi-қоны кезеңiнде кең ауқымды шаралар жүргiзе отырып қаскерлiкпен күрестi күшейту болжануда. Экологиялық туризм одан әрi дамитын болады. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге және су ресурстарының тапшылығын қысқартуға айрықша көңiл бөлiнедi. Трансшекаралық суларды ұтымды пайдалану тетiктерiн, су ресурстарын пайдаланудың кешендi тәсiмдерiн әзiрлеу болжануда. "Ауыз су" мемлекеттiк бағдарламасы қабылданады.
Шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған ортаға әсерiн кемiту; қоршаған ортаға елеулi әсер ететiн өндiрiстердiң экологиялық аудитi жүйесiн енгiзу жөнiнде шаралар қолданылады. Экологиялық қауiптi қызметтердi кейiннен лицензиялауды және экологиялық сақтандыруды енгiзе отырып, олардың тiзбесi әзiрленедi және бекiтiледi.
Тарихи ластануды, оның iшiнде радиоактивтiк ластануды зерделеу жалғасады, оның нәтижелерi бойынша оларды жою жөнiндегi бағдарлама әзiрлеу болжануда.
Қалдықтарды пайдалану деңгейiн арттыру мақсатында қалдықтарды қайта өңдеу жөнiндегi технологиялар мен қалдықсыз технологиялар дерекқорын жасау жалғасады және оларды енгiзу үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылданады.
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың мемлекеттік жүйесін құру мақсатында аймақтық және ғылымдық ауқымдағы төтенше жағдайларға жедел ден қоюдың жүйесі қалыптастырылады. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласында мемлекетаралық келісiмдердiң іске асырылуы одан әрi дамытылады.";
"4.7. Мәдениет және спорт" бөлiмiнде:
"саласында:" деген сөзден кейiн "Дене шынықтыру және спортты дамыту мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру;" деген сөздермен толықтырылсын;
3) "5. Инфрақұрылым, көлiк және байланыс" басымдығында:
үшiншi абзацта үшiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгiн қайта құрылымдаудың 2001-2005 жылдарға арналған P010756_ бағдарламасына сәйкес "Қазақстан темiр жолы" РМК-ын қайта құрылымдау жүргiзу белгiленiп отыр.";
төртiншi абзацта:
екiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақсу - Конечная (Дегелең) жаңа темiр жол желiсiн салу аяқталады және Дөң - Краснооктябрь кенiшi жаңа темiр жол желiсiн төсеу жалғасады.";
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Алматы - Астана желiсiнде жолаушы поездарының жүрдек жүрiсi ұйымдастырылады.";
бесiншi абзацта "Автомобиль көлiгi кодексi" деген сөздер "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзацта үшiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Алматы - Астана автокүрежолын оңалту аяқталады. Батыс Қазақстанда Атырау - Орал - Ақтөбе автомобиль жолдарын, Алматы - Бiшкек, Алматы - Қорғас жолдарын, Қызылорда тұсынан Сырдария өзені арқылы көпір өткелді, қайта жаңарту басталады, Астана - Бурабай және Шығыс Қазақстан - Алтай Республикасының шекарасы автомобиль жолдарының телiмдерiн салу жалғасады. Орал қаласы тұсында Жайық өзенi арқылы көпiр салу аяқталады.";
сегiзiншi абзацта:
"жұмыс жалғастырылады." деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
Үкімет азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы заң жобасын әзірлейді. Ұшу қауiпсiздiгiн мемлекеттiк қадағалау қатайтылады.";
"Орталық Азия мен ТМД рыноктарын қоса алғанда, бәсекеге қабілетті және негізінен сыртқы рынокқа бағдарланған күштi Ұлттық тасымалдаушыны" деген сөздер "күштi ұлттық тасымалдаушыларды" деген сөздермен ауыстырылсын";
оныншы абзацта:
"отыр." деген сөзден кейiн мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Саланы ырықсыздандыру процесi басталады.";
"2003 жылға дейiн" деген сөздер алынып тасталсын, "байланыстыратын" деген сөз "байланыстыру жұмыстарын 2005 жылы аяқтай отырып," деген сөздермен және "құруды" деген сөз "қалыптастыруды" деген сөзбен ауыстырылсын;
он бiрiншi абзацта "қызметiн және қайта ұйымдастыру" деген сөздер "почта - жинақ жүйесiн қалыптастырумен байланысты қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Елдiң көлiк-коммуникация кешенiнде қоғамдық қатынастарды реттеу қағидаттарын айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының көлiк-коммуникация кешенiндегi бақылау-қадағалау қызметi туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданатын болады.";
4) "6. Энергетикалық ресурстар" басымдығында:
үшiншi абзацта "2001 жылдың қыркүйегiне дейiн" деген сөздер алынып тасталсын және "бiрiншi кезектегi құрылысты аяқтау" деген сөздер "2001 жылы мұнай құбырының бiрiншi кезегiн iске қосу" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесiншi абзацта үшiншi сөйлем алынып тасталсын;
алтыншы абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Амангелдi газ кен орындары тобын игеру басталады.";
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Электр энергетикасы. Электр энергетикасы секторын одан әрi реформалау мақсатында тарифтiң мөлшерi электрдi беру қашықтығына тәуелдi болуын кемітуге, елде электр энергиясы мен қуатының бiрыңғай тиiмдi көтерме рыногын жасауға, электр энергиясы рыногында үстем (монополиялық) жағдайдағы электр энергиясын өндiретiн ұйымдарды рынок субъектiлерi тiзiлiмiнен шығарып тастауға бағытталған тариф саясатын жалғастыру белгiленген, бұл энергия көздерi арасындағы өздерi өндiрген электр қуатын өткiзу үшiн бәсекелестiктiң күшеюiн қамтамасыз етедi және түптеп келгенде, түпкi тұтынушыларға берiлетiн электр қуаты үшiн бағаны төмендетуге жәрдемдеседi.";
оныншы абзацта екiншi сөйлемдегi "2001 жылы" деген сөздер алынып тасталып, "жүргiзiледi" деген сөз "жөнiндегi жұмыс жалғастырылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
он бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Электр және жылу энергиясын өндiру, беру, бөлу тарифтерi мен бағаларын есептеу тетiктерi және оның реттелуi өзіндік құнның толық өтелуін қамтамасыз етуі тиіс. Осы мақсатта қолданыстағы рәсiмдердi шолу негiзiнде актiлерi мен нормативтерге қажеттi түзетулер енгiзiледi.";
он екiншi абзац алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"өзара тиiмдi қатынастар принципiне негiзделген электр энергиясын өзара беру кезiнде энергиямен сенiмдi де iркiлiссiз қамтамасыз ету үшiн Қазақстанның, Ресейдiң және Орталық Азия елдерiнiң энергия жүйелерiнiң қосар жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi жұмыс одан әрi даму алады.";
5) "7. Кәсiби Үкiмет" басымдығында:
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Ел Президентiнiң "Қазақстан-2030" K972030_ Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасын дамытудың 10 жылдық стратегиялық жоспары әзiрленедi.";
мынадай мазмұндағы жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
"Мемлекеттiк басқаруды жетiлдiруде негiзгi күш қызмет нәтижелерiн бағалауға жұмсалады. Түрлi буындағы атқарушы билiк басшыларына шешiмдер қабылдауда және оларды iске асыруда көбiрек дербестiк берiледi. Қажеттi стратегиялық бақылау жұмысты орындау барысына емес, бiрiншi кезекте, олардың қызмет нәтижелерiн бағалауға бағытталады.
Әрбiр орталық және жергiлiктi атқарушы органның тиiстi бюджеттiк бағдарламаларға таратылған айқын әзiрленген және халық үшiн түсiнiктi бiр жылға арналған жұмыс жоспары болады және оның орындалуы жөнiнде есеп бередi.
Басшыларға мәселелердi шешудiң стратегиясы мен тактикасын айқындауда көбiрек еркiндiк берiлумен қатар, басқарудың әрбiр деңгейiнде қызмет нәтижелерiн тексеру практикасы енгiзiледi, соның негiзiнде әрбiр мемлекеттiк органның тұтас алғанда, тиiмдiлiгi бағаланатын болады.";
сегiзiншi абзацта:
"жағдай туғызады" деген сөздер "бағытталған" деген сөзбен ауыстырылсын; "құзыреттілік және" деген сөздер алынып тасталсын;
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттiк қызметтiң мәртебесiн ынталандыру және көтеру мақсатында мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу жүйесi жетiлдiрiледi. Лауазымдарды факторлық-баллдық бағалау негiзiнде еңбекке ақы төлеу жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi пилоттық жобалар iске асырылады. Осының негiзiнде әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарына бiлiктiлiк талаптары әзiрленедi.";
мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
"Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұлттық компаниялар
қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудiң бiрыңғай принциптерi енгiзiледi.
Мұндай жүйенi Yкiмет айқындайды және ол кесiмдi жалақы мен бонустан
тұратын болады, олардың мөлшерi кәсiпорын қызметiнiң қаржы-шаруашылық
нәтижелерiне байланыстырылады.";
оныншы абзац алынып тасталсын;
он бiрiншi абзацта:
"кеңiнен" деген сөз алынып тасталсын;
он екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Елдiң жаңа басқару элитасын қалыптастыру жөнiндегi мiндеттердi iске
асыру мақсатында халықаралық донор ұйымдардың техникалық қолдауы
жағдайында Астана қаласында Еуразия оқу орталығын құру жөнiнде шаралар
қолданылады.";
он үшiншi абзацта "2001" деген сан "2002" деген санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы он төртiншi абзацпен толықтырылсын:
"Үкiмет республикада заң шығарушылық қызметiне айрықша көңiл бөледi,
Қазақстан Республикасының құқықтық даму тұжырымдамасын әзiрлейдi. Сонымен
бiр мезгiлде қабылданған заңдардың iске асырылуына, әсiресе заңи
нормативтiк құқықтық актiлердiң уақытылы әзiрленуi бөлiгiнде бақылау
күшейтiледi.";
он төртiншi абзацта:
мынадай мазмұндағы бiрiншi сөйлеммен толықтырылсын:
"Сыбайлас жемқорлықпен күрестi одан әрi күшейту жөнінде қадамдар
жасалады.";
"пәрмендi" деген сөз "дәйектi" деген сөзбен ауыстырылсын;
"материалдық және қаржы қаражатын барынша үнемдеу," деген сөздер
алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын тиісті
өзгерістер мен толықтыруларды екі ай мерзімде Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Іс-қимыл бағдарламасын іс жүзіне асыру жөнінде 2000-2002
жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарына енгізсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.