Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған бағдарлама туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 3 маусым N 833

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған бағдарлама бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

 

министрлігі екі апта мерзім ішінде Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес

жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асыру бойынша

іс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек

және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға

жатады.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі



                                        Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                              2000 жылғы 3 маусымдағы

                                            N 833 қаулысымен бекітілген

          Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі    

               2000-2002 жылдарға арналған бағдарлама




     ЕСКЕРТУ. Бағдарлама өзгерді және толықтырылды - Қазақстан            

              Республикасы Үкіметінің 2002.05.23. N 563 


P020563_



              қаулысымен.


     Бағдарламаның мақсаты



 
       Жұмыспен қамтудың белсендi саясатын жүзеге асыру және негiзiнен еңбекке жарамсыз аз қамтылған азаматтарға, сондай-ақ еңбек рыногындағы неғұрлым жағдайы осал халық санаттарына атаулы көмек көрсету есебiнен кедейлiктiң ауқымын қысқарту және жұмыссыздық деңгейiн төмендету.
      Бағдарлама Қазақстанда әр отбасының кемiнде бiр мүшесiн жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған және жұмысы жоқ халықты еңбек қызметiне ынталандыратын жаңа жұмыс орындарын құруды көздейдi.
 
      Бағдарламаның мiндеттерi
 
      Экономиканың өсуi негiзiнде әлеуметтік салада дәйектi реформа жүргiзу арқылы халықтың тұрмыс деңгейiн тұрақтандыру және арттыру, ең алдымен халықтың әлеуметтiк осал жiктерiн әлеуметтiк бейiмдеу;
      экономикалық оңалту және әлеуметтiк қолдау көрсету шаралары негiзiнде кедейлiкпен нақты күрес жүргiзу.
      Елдiң тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуын қамтамасыз ету процестерiне қауiп төндiрмейтiндей көрсеткiштерге дейiн жұмыссыздық деңгейiн төмендету.
      Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету
      Кедейлiк деңгейiндегi аймақтық айырмашылықтарды ескере отырып, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтiк көмекке мемлекеттiк бюджеттен 2002 жылы - IЖӨ-нiң 1 % мөлшерiнде қаражат бөлу көзделуде.
      Сонымен қатар, Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету донор-елдер

 

бөлетiн техникалық гранттар, ерiктi қайырымдылықтар арқылы да жүзеге

асырылатын болады.

     Проблеманы шешудiң қосымша факторы республикалық бюджеттен

зейнетақылар мен жәрдемақыларды уақытылы төлеу болып табылады.





     Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер


     Кедейлiк ауқымын 1999 жылмен салыстырғанда 2002 жылға қарай 8,7 %-ға

қысқарту.

     Жұмыссыздық деңгейiн 2000 жылғы 13,5%-дан 2002 жылдың аяғында 9%-ға

дейiн төмендету.

     Төменде Қазақстан Республикасының халықтың саны, еңбек ресурстары

және жұмыссыздықты азайту туралы 2001-2002 жылдарға арналған мәліметтер

келтіріледі, (мың адам).



---------------------------------------------------------------------------

Көрсеткіштер                ! 2000 жыл     ! 2001 жыл    ! 2002 жыл

---------------------------------------------------------------------------

Халықтың саны                 14869,1        14847,8       14848,5

Еңбек ресурстары, барлығы      8530,5         8534,3        8540,8

Экономикалық белсенді халық    7106,5         7100,7        7118,9

Экономикада еңбек ететіндер    6200,1         6295,2        6416,4

Жұмыссыздар                     906,4          805,5         702,6

---------------------------------------------------------------------------

     Бағдарламаны iске асырудың есебiнен 2000-2002 жылдары 400,4 мың

жұмыс орнын құру, бұрыннан бар жұмыс орындарының санын азайтуға жол бермеу

көзделедi.

     Квоталаудың есебiнен 82 мың жұмыс орны сақталатын болады.

     Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асыру 295,1 мың адам үшiн

жұмыс орнын құруға мүмкiндiк бередi.



     52,8 мың жұмыссыз адам кәсiптiк оқуға және қайта даярлауға

тартылады.







     1. Кедейлiкпен күрес


     1.1. Кедейлiк деңгейiн бағалау


 
       Қазақстанда нарық реформалары кезеңiнде жұмыс iстеуге қабiлетті халықтың экономикалық белсендiлiгi едәуiр қысқарып кеттi. 1991 жылдан бастап халықтың табысы азайып, кедейлiгi артты. Осы уақытта, статистикалық деректерге қарағанда, ең ауқатты және ең кедей азаматтардың ақшалай кiрiстерiнiң арасындағы алшақтық 4 еседен 11 есеге дейiн өсiп кеттi. Сонымен бiрге, кiрiстердi екiншi рет және одан кейiн қайта бөлудi, қайырымдылық көмегiн және есепке алынбайтын кiрiстер көздерiн статистика есепке алмайды. Осыған байланысты, облыстар әкiмдерiнiң деректерi бойынша аз қамтылған халықтың саны 19%-ға жуықты құраЙды.
      Ең төменгi күнкөрiс мөлшерiн жан басына шаққандағы ақшалай кiрiс мөлшерiне қатысты есептегенде едәуiр сәйкессiздiк байқалады. 1999 жылы ең төменгi күнкөрiс мөлшерiне орташа айлық еңбекақының шамасы Астана, Алматы қалалары мен Қарағанды облысында тиiсiнше 140%, 120% және 110% құраса, Ақмола және Алматы облыстарында тек 60%-ға жуықты құрайды.
      Маңғыстау облысында ең төменгi күнкөрiс деңгейi орташа республика бойынша алғандағыдан 47%-ға асады, мұның өзiнде ақшалай кірiстермен 82 %-ы ғана қамтамасыз етiлген.
      Еңбекақы мен ең төменгi күнкөрiс деңгейiне қатысты есептеу коэффициентiн пайдалану кедей аудандардың жартысынан астамы Алматы, Оңтүстiк Қазақстан облыстарында шоғырланғанын көрсетедi. Еңбекақы мөлшерiнiң ең төменгi күнкөрiс деңгейiне қатысты есептеу коэффициентiнiң 15 пайызынан аспайтын мөлшерi кедей аудандарға жатқызудың өлшемi болып табылады.
      Қазақстандағы кедейлiк пен жұмыссыздықтың негiзгi себептерi:
      1) халықтың тұрақты тұратын жерінде сұранысқа ие жұмыс орындарының болмауы;
      2) нарыққа көшу жағдайында халықтың кәсiпкерлiкпен айналысуға және жұмыс iздеуге даяр болмауы;
      3) шағын және жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қаржы және материалдық ресурстарға қол жеткiзуiнiң шектеулiлiгi;
      4) шағын және жеке кәсiпкерлiкті қолдау инфрақұрылымының, соның ішінде ақпараттық және оқытумен қамтамасыз етудiң нашар дамуы;
      5) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қолданылып жүрген заңнамада көзделген өздерiнiң құқықтары мен жеңiлдiктерiн жеткiлiктi пайдаланбауы;
      6) тауар өндiрумен айналысатын шағын кәсiпкерлiкке атаулы мемлекеттік қолдау көрсетудiң жеткiлiктi түрде ашық жүргiзiлмеуi;
      7) инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды iске асыру кезiнде пайдаланылатын кең тараған мамандықтар бойынша шетелдiк жұмысшылар әкелуге жеткiлiктi бақылаудың болмауы;
      8) жергiлiктi атқарушы органдардың аз қамтамасыз етiлген азаматтарға әлеуметтiк көмек көрсетудi жүзеге асырудағы мүмкіндiктерiнiң жеткiлiксiздiгi, нақты мұқтаж адамдарды анықтау жөнiнде халық арасында мониторингтің толық жүргiзiлмеуi;
      9) жұмыс iстеп жатқан ұйымдардың базасында немесе жаңа ұйымдар құруға қоса қатысу арқылы жұмыс орындарын құруға жәрдемдесудi ұйымдастыруда жергiлiкті органдардың белсендiлiгiнiң жетiспеуi;
      10) бағасы арзан шетелдiк тауарлар әкелiнуiне байланысты отандық тауарлардың бәсекеге төтеп бере алмауы.
 
      1.2. Әлеуметтiк саясат туралы
      Халыққа әлеуметтік көмек көрсетудегi оң өзгерiстер 2000 жылдан бастап байқалатын болады және оның бүкiл жүйесiн реформалау туралы айтуға болады. Бұл орайда, бұрын азаматтардың жекелеген санаттарына берiлiп келген және кейiннен ақшалай өтемақыларға ауыстырылған заттай жеңiлдiктер қайтарылмайды. Халықты әлеуметтiк қорғаудың негiзгi бағыты кедейлiкпен күрес жүргiзу болады.
      2000 жылы:
      1) "Қазақстан Республикасындағы арнаулы әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" Z990365_ Қазақстан Республикасының Заңына алушылардың жекелеген санаттарына арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асыру бөлігінде өзгерістер енгiзiлетiн;
      2) отбасының құрамына және жиынтық табысына қарай бюджеттiң мүмкiндiктерi ескерiле отырып, мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек көрсетудiң мөлшерi белгiленетін;
      3) азаматтардың жиынтық табысын айқындаудың әдiстемелiк тәсiлдерi жетiлдiрiлетiн;
      4) елдi мекендердiң бәрiнде есепке алуды және есеп берудi бiр жүйеге келтiру үшiн аз қамтамасыз етiлген азаматтардың есеп кәртiшкесi енгiзiлетiн;
      5) қайырымдылық қызметiн көтермелеу жөнiнде шаралар қабылданатын болады.
      2001-2002 жылдары:
      1) атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауды уәкілетті орган тиісті бюджетте атаулы көмек көрсету үшін көзделген сома шегінде жүзеге асыратын болады;
      2) әлеуметтiк қорғау жөнiндегi бюджеттік бағдарламаларды қысқартуға тыйым салу енгiзiледi;
      3) атаулы әлеуметтiк көмек көрсету бағдарламасы жан басына шаққандағы

 

орташа табысы кедейлiк шегiнен төмен болатын Қазақстанның барлық

азаматтарын қамтитын болады;

     4) оларға одан әрi қарай жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету мақсатында

еңбекке қабiлетті жастағы жұмыс iстейтiн бiр де бiр мүшесi жоқ, аз

қамтылған отбасыларының есебiн жүргiзу жалғастырылатын болады.


     1.3. Халықтың әлеуметтiк осал жiктерiн мемлекеттiк қолдау шаралары

     1.3.1. Зейнеткерлер

     Қазақстан Республикасының Үкiметi зейнетақылар мен жәрдемақылардың

уақытылы төленуiн қамтамасыз етедi.

     Зейнетақының мөлшерiн жыл сайын өсiрiп отыру көзделедi.

     Ең төменгi зейнетақы алатын жалғызiлiктi зейнеткерлерге айрықша көңiл

бөлiнетiн болады.

     1.3.2. Оралмандар

     2000-2002 жылдары өзiнiң тарихи отанына қайтып оралған 38,5 мың

оралман жұмысқа орналасуға мұқтаж болады деп күтiлуде. Оларды халқы

көп облыстардан өзге облыстардың барлығына орналастыру көзделiп отыр.

     Оралмандарды жұмысқа орналастыру проблемаларын шешу үшiн оларды оқыту

және қайта оқыту, қоғамдық жұмыстарға қатыстыру, белгiленген квота

есебiнен жұмысқа қабылдау, сондай-ақ қосымша жұмыс орындарын құру

көзделуде.


     1.4. Еңбекке қабiлетсiз адамдар

     1.4.1. Мүгедектер

     Мүгедектердiң кедейлiгi проблемасын шешу:


 
       1) мүгедектердi оңалту, оларды қоғамға кiрiктiрудi нығайту, бағытталған бағдарламаларды, кембағал балаларды әлеуметтiк және түзету- педагогикалық қолдауды жетiлдiру жөніндегi заңнама базасын жасауды, белгiлi тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейiмделу орталықтарын ұйымдастыруды;
      2) жүйке аурулары ауруханалары мен мамандандырылған емдеу-алдын алу ұйымдары жанындағы емдеу-өндiрiстiк шеберханаларында мүгедектердi еңбекпен емдеудi кеңейтуден, медициналық-әлеуметтiк сараптау негiзiнде айқындалатын мүгедектердi медициналық, кәсiптiк және әлеуметтiк оңалту жүйесiн жетiлдiрудi;
      3) интернат үйлерiнде санаторийлерде, ауруханаларда, сондай-ақ үй жағдайында пайдаланылатын протездiк-ортопедия бұйымдарын неғұрлым жаңа және жетiлдiрiлген технологиялар бойынша жасауды және балалар мен ересектерге арналған мүгедектiк арбаларын, мүгедектер, қарттар және тiрек-қозғалу аппараты бұзылған ауруларға арналған шағын механикаландырылған оңалту құралдарын шығаруды ұйымдастыруды;
      4) жәрдемақыларды уақытында төлеудi қамтамасыз етудi;
      5) жұмыспен қамту қызметтерiнiң жұмыс берушiлердiң, кәсiподақтардың қатысуымен мүгедектердi жұмысқа орналастыру жөнiндегi шараларын iске асыруды;
      6) жұмыс берушiлердiң өндiрiсте жарақат алған еңбекшілерге қатысты әлеуметтiк жауапкершiлiгiн күшейтудi;
      7) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстарды мүгедектерi басым мамандандырылған ұйымдарда орналастыруды қамтитын болады.
      1.4.2. Балалар
      Жетiмдер, үйсiз балалар, жағдайы нашар отбасыларындағы жұмыс iстеуге мәжбүр балалар, мүгедек балалар, құқық бұзушы жас балалар ерекше көңiл бөлудi және көмектi қажет етедi. Жетiм балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, балаларға күтiм жасайтын мекемелерде (балалар үйлерiнде-интернаттарында, мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында, отбасылық үлгiдегi балалар деревняларында, әскери үлгiдегi мектеп-интернаттарда тәрбиеленушi балаларға білім алу, емделу, әлеуметтiк қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалатын болады.
      Балалардың қаңғыбастыққа салынуына байланысты осы әлеуметтiк құбылысты жою жөнiнде жедел шаралар қолданылатын болады. Барлық облыстарда панасыз балалар үшiн - панасыздық себебiн анықтаған және олардың одан әрi тағдырын айқындаған кезеңге ұстайтын жетiмханалар құрылатын болады.
      Республикада құрамы 5 мыңға жуық баланы құрайтын 35 балалар үйi және 114 отбасылық үлгiдегi балалар үйi мен асырап алынған балалар үйi бар Балалардың интернат-үйлерiнiң жұмыс iстеу практикасы өзгертiлетiн болады.
      Бұл балалар кәмелетке толғанда оларды жұмысқа орналастыруға және тұрғын үй беруге жәрдем көрсетiлетiн болады.
 
      1.5. Кедейлiк шегi және мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек
 
      Ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен табысы бар халық санын Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi тоқсан сайын есептеп отырады.
      "Ең төменгi күнкөрiс деңгейi туралы" Z990474_ Заңға сәйкес кедейлiк шегi мемлекеттiң экономикалық мүмкіндiктерiне қарай белгiленедi және ол аз қамтамасыз етiлген азаматтарға әлеуметтiк көмек көрсетудiң өлшемi қызметiн атқарады.
      Кедейлiк шегiнiң мөлшерiн Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi тоқсан сайын күнкөрiс деңгейiнен пайызбен белгiлейдi. Атаулы әлеуметтiк көмек ақшалай төлемдер түрiнде жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен берiледi. Аз қамтылған азаматтарға берiлетiн атаулы әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн анықтаудың тәртiбiн облыстардың, Астана және Алматы қалаларының өкiлеттi органдары белгiлейтiн болады. Атаулы әлеуметтiк көмектiң мөлшерi отбасының орташа жан басына шаққандағы табысына байланысты болады.
      Аз қамтамасыз етiлген азаматтарға атаулы әлеуметтiк көмек көрсету, кезiнде учаскелік комиссиялардың атаулы әлеуметтік көмек беру қажеттігі туралы қорытындылары ескерiлетiн болады.
      Әлеуметтiк көмектi алуға құқық отбасының жан басына шаққандағы кiрiсi туралы деректер негiзінде белгiленетiн болады.
 
      2. Жұмыссыздықпен күрес - кедейлiктi жоюдың негiзгі шарты
 
      2.1. Жұмыссыздық деңгейiн бағалау
 
      Қазақстанның нарыққа көшуi жұмыс iстеуге қабiлеттi адамдардың жұмыспен қамтылуын төмендетiп жiбердi. Жұмыссыздық көбейiп кеттi.
      Жұмыс күшiнiң көлеңкелi рыногы дамыды.
      Ресми түрде тiркелген жұмыссыздықтың деңгейi немесе жұмыс iздеп жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарға өтiнiш жасаған азаматтардың үлесi экономикалық белсендi халықтың 4,4 %-ын құрайды. Қазақстанда қатарына жұмыс iстеуге қабiлеттi жастағы оқушылар, өндiрiстен қол үзiп оқып жүргендер, экономикалық қызметпен айналыспайтын және оқымайтын жұмыс iстеуге қабiлеттi тұрғындар, жұмыс iстемейтiн көп балалы аналар, үй шаруасындағы әйелдер және басқа да жұмыс iстемейтiн адамдар енетін жұмыссыздардың үлесi 2000 жылдың басында халықтың 13,5 %, ал жекелеген аймақтар бойынша 15% және одан да көп пайызды құрайды.
      Статистика жөнiндегi агенттiк республикадағы аймақтар мен салалар шегiндегi жұмыссыздық деңгейiнің сараптық көрсеткiштерiн және жұмыспен қамтылған санын тоқсан сайын берiп отыратын болады.
      Қазiргi уақытта республикада 28,6 мың адам жұмыс iстейтiн 407 ұйым тоқтап тұр. 125,4 мың адам жұмыс iстейтiн 646 ұйым iшiнара тоқтап тұрса, жұмыс iстейтiндердiң саны 3,7 мың адамды құрайтын 289 ұйым толық емес жұмыс күнiне ауысқан.
      Сонымен бiр мезгiлде, ауыл шаруашылығы ұйымдарын мемлекет иелiгiнен алу процесiнде 2,3 миллион азамат өзiнiң қалауы бойынша кез келген уақытта пайдалана алатын шарттық жер үлесіне ие болғандықтан барлық жұмыс iстемейтiн азаматтар, әсiресе ауылдық жерлерде толық мәнiнде жұмыссыздарға жатқызылмауы мүмкiн. 1691,6 мың отбасының жеке қосалқы шаруашылығын жүргiзуi үшiн 939,9 мың отбасының бағбандық үшiн және 57,6 мың отбасының бау-бақша үшiн жер учаскелерi бар.
      Жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген азаматтардың орташа жасы 45-50 жасты құрайды, 45 жастан асқан жоғары және арнаулы бiлiмi бар әйелдердiң мамандығы бойынша жұмыс табу перспективасы жоқ.
      Ауылдық жерлерде, шағын қалалар мен жұмысшы кенттерiнде жұмысқа орналасу проблемасы бұдан да өткiр. Тiптi отбасы мүшелерiнiң бiрде бiреуi жұмыс iстемейтiн отбасылары пайда болды.
      Халықты жұмыспен қамту жөнiндегi уәкiлеттi органдарға жұмыс берушiлер мәлiмдейтiн бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) саны айына 8-9 мыңнан аспайды. Орташа есеппен республикада бiр жұмыс орнына 29 жұмыссыз үмiт артады.
      Жұмыспен қамту ахуалы өнеркәсiп ұйымдары қала құраушылар болып табылатын қалалар мен жұмысшы кенттерiнде ерекше өткiр күйде қалып отыр. Аграрлық сектордағы өндiрiс көлемiнiң құлдырауы да халықты жұмыспен қамтуға керi әсерiн тигiзуде. Ауыл тұрғындарының арасында, әсiресе жастардың қалаларға, экономикалық құрылымы неғұрлым дамыған аймақтарға күнкөрiс iздеп қоныс аудару процесi күшейдi.
      2000-2002 жылдарда болжамдарға сәйкес еңбек рыногындағы ахуал мынадай факторлардың әсер етуiмен қалыптасатын болады:
      1) қалған мемлекеттiк ұйымдарды жекешелендiру процестерiнiң жалғасуы экономиканың аграрлық секторындағы реформалардың күшеюi;
      2) бюджет саласындағы реформалар, мемлекет функцияларының едәуiр көлемiнiң жеке секторға аударылуы;
      3) дәрменсiз өндiрiстердiң банкроттығы және тарату рәсiмдерiнiң жеделдетiлуi, жұмыс күшiн босату ауқымының өсуi;
      4) тiкелей шетелдiк инвестициялар мен сыртқы заемдар тарту жолымен жоғары технологиялық және еңбектi көп тiлейтiн жаңа өндiрiстердi, инфрақұрылым және әлеуметтiк сала объектiлерiн салуға және құруға бағытталған инвестициялық белсендiлік;
      5) жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған импорт алмастыру тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын жандандыру;
      6) Қазақстан Республикасындағы шағын кәсiпкерлiктi дамытудың және қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру;
      7) Шағын несие беру бағдарламасын кеңейту;
      8) ауыл тұрғындарының қалаға көшуi, урбанизация процестерiн дамыту.
      Жұмыссыздықпен күрестi қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын белсендi iс-қимылдар мыналарды көздейтiн болады:
      1) болашағы бар салалар мен өндiрiстердегi экономикалық тиiмдi жұмыс орындарын сақтап қалу және санын көбейту;
      2) түрлі қаржыландыру көздерін тарту есебінен инвестициялық белсенділікті арттыру жолымен жұмыс орындарын құру;
      2-1) шетелдік жұмыс күшін отандық еңбек рыногына жасырын әкелуді болдырмау;
      2-2) еңбек қатынастарын заңдастыру жөнінде шаралар қабылдау;
      3) шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау, өзінің

 

меншікті ісін ашуға ұмтылған азаматтардың еңбек және кәсіпкерлік

бастамашылығын қолдау;

     4) қоғамдық жұмысты ұйымдастыру және түрлерін кеңейту;

     5) жеке қосалқы, бағбандық және бау-бақшалық шаруашылығын жүргізу

үшін жер учаскелерін беру;

     6) еңбек рыногының сұраныстарын ескере отырып, жұмыссыздарды даярлау

мен қайта даярлауды жетілдіру;

     7) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі мәліметтердің жалпы

республикалық ақпараттық-талдау базасын кеңейту;

     8) шағын несие беру жүйесін жетілдіру;

     9) жұмыспен қамту лотереяларын дамыту.

     Төменде аймақтар шегінде жұмыссыздықтың болжамды деңгейі туралы

мәліметтер келтірілді:



---------------------------------------------------------------------------

        Облыстар                 !        Жұмыссыздық деңгейі (%)    

                                 !-----------------------------------------

                                 !  2000 жыл   !  2001 жыл   !   2002 жыл

---------------------------------------------------------------------------

Ақмола                                12,7          10,9          9,4

Ақтөбе                                13,3          13           12,6    

Алматы                                13            11,9         10,9

Атырау                                15,5          14,4         11,8

Шығыс Қазақстан                        8,2           8            7,8

Жамбыл                                14,3          13,3         11,3

Батыс Қазақстан                        7,8           7,2          5,8

Қарағанды                             12,7          10            9,4

Қызылорда                             14,5          12,7         11,4

Қостанай                              13,1          12,1         10,6

Маңғыстау                             13,7          11,9          9,2

Павлодар                              13,8          11,4          9,5

Солтүстік Қазақстан                   12,8          12,5          9,9

Оңтүстік Қазақстан                    14,3          12            9,6

Алматы қаласы                         12,5          10,3          7,9

Астана қаласы                         14,3          12,6          11

Ел бойынша                            12,8          11,3          9,9

---------------------------------------------------------------------------

     2.2. Өнеркәсіпте жаңа жұмыс орындарын құру



 
       2000-2003 жылдары жұмыс орындарын құруда жеңіл, тамақ өнеркәсіптері, минералдық тыңайытқыштар өндірісі, машина жасау, сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамытумен тікелей байланысты өнеркәсіп салалары басым бағыт алмақшы.
      Жұмыс істеп тұрған өндірістерді сақтау мен олардың жұмысқа қосылуын ұлғайту, сондай-ақ жаңа өндірістер құру импорт алмастыру бағдарламасын іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.
 
      2.2.1. Машина жасау
      Машина жасауда жұмыс орындарын құрудың негізгі бағыттары:
      1) импорт алмастыру есебiнен машина жасау өнiмдерi өндiрiсiн дамыту жұмыс iстеп тұрған өндiрiстер жағдайында 2000 жылы 200 млн. АҚШ доллары көлемiндегi өндiрiстi қалпына келтiрудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi;
      2) сала ұйымдарында конверсиялық бағдарламаны iске асыру сапасы бойынша бәсекелестiк қабiлетi мол, iшкi және әлемдiк рынокке қажеттi өнiмдердi, оның iшiнде күрделi техника мен жабдықтар өндiрiсiн игеруге мүмкiндiк бередi;
      3) ауыл шаруашылығы техникасының өндiрiсiн ұйымдастыру, тау-кен шахталары мен мұнай-газ өндiрiсiне қажеттi машиналар жасауды дамыту;
      4) iрi және орта машина жасау ұйымдарының тапсырыстары бойынша жұмыс iстейтiн шағын ұйымдардың тармақталған жүйесiн құру.
      Машина жасаудағы көрсетiлген бағыттар бойынша жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi қалпына келтiру және дамыту 7500 адамды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етедi. (2000 жылы - 3500, 2001 жылы - 3000, 2002 жылы - 1000).
 
      2.2.2. Жеңiл өнеркәсiп
      Бағдарламаны 2000 жылы жеңiл өнеркәсіпте iске асырудың бiрiншi кезеңiнде мата және былғары өнеркәсiбiнің iрi өндiрiстерiне басымдық берiледi. Олар жеңiл өнеркәсiптiң келесi буындарын отандық шикiзатпен - тоқыма, маталар, былғары тауарларымен қамтамасыз етуге тиiс. Бұл, ең алдымен Шымкент қаласындағы "Южтекс" АҚ базасында құрылған "Адал" ЖШС, Алматы қаласындағы "АХБК-Озат" мақта-мата ұйымдарына, Алматы облысы Фабричный поселкесiндегi "Қарғалы" АҚ, Қостанай қаласындағы "Қостанайматакомпаниясы" ЖШС шұға-мәуiтi өндiрiстiк кәсiпорындарына, Өскемен қаласындағы "Мако" АҚ негiзiнде құрылған "КШТ" ЖШС аралас синтетикалық мата өндiрiсi кәсiпорындарына қатысты.
      Мақта-мата және жүн иiрмелерi, былғары тауарлар түрiндегi жартылай шикiзаттарды шығару тоқыма және шұлық-ұйық ұйымдарын жұмыс iстетуге, дайын мақта-мата және жүн маталар шығаруды ұлғайтуға, былғары бұйымдары өндiрiсiн қалпына келтiруге мүмкiндiк бередi.
      Жеңiл өнеркәсiптегi iрi және орта ұйымдарда 2000-2002 жылдары барлығы 12 мыңға дейiн жұмыс орнын қалпына келтіру көзделуде.
      Сонымен қатар, бұл саладағы шағын кәсiпорындарда жаңа жұмыс орындары құрылады, ал бұл 14,2 мың адамды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етедi (2000 жылы - 6,7 мың, 2001 жылы - 5 мың, 2002 жылы - 2,5 мың).
 
      2.2.3. Тамақ өнеркәсiбi
      Iшкi рыноктағы отандық тамақ өнiмдерiнiң жоғары сұранысына орай саланың тiкелей инвестициялар тартуға қолайлылығы тамақ өнеркәсiбiндегi жұмыс орындарын қалпына келтiрудің және дамытудың негiзгi алғы-шарттары болып табылады. Саланың бiрқатар өндiрiстерiнде әлi де пайдаланылмаған едәуiр қуаттар бар. Тамақ өнеркәсiбiндегi импорт алмастыру бағдарламасында iшкi рынокке ғана емес, сыртқы рынокке де бағдарланған жаңа өндiрiстер басымдығы айқындалды.
      Ет және сүт өнеркәсiбiнде бұл - ет және ет-өсiмдiктi консервiлер түрлерін ұлғайта отырып, ет пен сүттi тереңдете өңдеудi ұйымдастыру қойылған және қоюландырылған сүт, құрғақ сүт қоспаларының, нан пiсiру және тәттi өнiмдерге қосылатын пайдалы қоспалардың жаңа түрлерiнiң өндiрiсiн ауыл шаруашылығы өндiрiсін дамытумен байланыстырып құру.
      2000-2003 жылдар iшiнде тамақ өнеркәсiбiнде импорт алмастыру бағдарламасы шеңберiнде қосымша 7,336 мың жұмыс орнын қалпына келтiру және қосымша құру көзделуде (2000 жылы - 3,2 мың, 2001 жылы - 2,136 мың, 2002 жылы - 2 мың).
 
      2.2.4. Көмiр өнеркәсiбi
      Көмiр өндiру саласында Екiбастұз бассейнiнде энергетикалық көмiр өндiрудi тұрақтандыру және оны Ресей Федерациясына экспортқа шығару, Қаражыра, Шұбаркөл және Шөптiкөл кен орындарынан күлдiлiгi төмен көмiр өндiру қуатын ұлғайту, жергiлiктi коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн аймақтық маңызы бар шағын көмiр кен орындарын дамытуды қамтамасыз ету мiндетi алда тұр.
      Бұл көмiр өнеркәсiбiндегi жұмыспен қамтуды 5%-ға арттыруға, 1283-ғе дейiнгi адамды жұмыспен қамтуға мүмкiндiк бередi (2000 жылы - 700, 2001 ж. - 483, 2002 ж. - 100 адам).
 
      2.2.5. Мұнай-газ және мұнай өңдеу өнеркәсiбi
      Мұнай және iлеспе газ өндiрудi дамыту бағдарламасы шеңберiнде 2000 жылы Каспий шельфiндегi барлау скважиналарын бұрғылауды жалғастыру Арал бассейнiнде жапондық жоба бойынша геофизикалық зерттеулердi, КТК құрылысын, Атырау-Самара мұнай құбырының өткiзушiлiк мүмкiндiгiн ұлғайту жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру жоспарлануда. Дүниежүзiлiк Банктiң қаржыландыруы есебiнен Өзен кен орнын қалпына келтiру Әлiбекмола Қожасай, Ұрықтау кен орындарында өндiру, Теңiз МӨЗ мұнай дайындау қуаттарын ұлғайту жөнiндегi жұмыстар жалғастырылады.
      КТК жобасын жүзеге асыру жалғастырылатын болады, Батыс Қазақстан-Қытай мұнай құбыры құрылысының техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеу аяқталады.
      2002 жылға дейiн газ өндiрудi ұлғайтудың негiзгi көздерi: Теңiз мұнай-газ кен орны және Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны болып табылады. Қазақстанның оңтүстiк аймағындағы (Амангелдi кен орындары тобы) газ кен орындарын игеру арқылы өзбек газына тәуелдiлiктен арылу мәселесін шешу міндетi тұр.
      2000 жылы қажеттi экономикалық жағдайлар жасаумен қатар, Атасу стансасында мұнай құю мұнарасын салу арқылы Павлодар мұнай өңдеу зауытын отандық шикiзатпен қамтамасыз етудiң техникалық мәселелерiн шешу есебiнен мұнай өңдеу көлемiнiң төмендеу тенденциясы жойылуға тиiс.
      "ШМӨЗ" АҚ-да каталитикалық крекинг кешенiнiң құрылысы жалғастырылатын болады.
      Көрсетiлген шаралар кешені 2000-2002 жылдары кезеңiнде мұнайгаз саласындағы жұмыспен қамтуды 11%-ға арттыруға және қосымша 3300 жұмыс орнын құруға мүмкiндiк бередi (2000 жылы - 1000, 2001 жылы - 1000, 2002 жылы - 1300).
 
      2.2.6. Тау-кен металлургия өнеркәсібі
      Қазақстанның болат рыногындағы орнын сақтау және нығайту үшін қара металл өндiрiсiн жетiлдiрудi, өндiрiс шығындарын қысқарту және оларды әлемдiк рынокке жақындату жөнiндегi шараларды күшейтудi қамтамасыз ету мiндетi алда тұр.
      Салада "ССКӨБ" (ССГПО) ААҚ-да, "Қазақмыс корпорациясы" ААҚ-да, "Қазмырыш" ААҚ-да және басқаларда өндірісті арттыру көзделген. "Қазақмыс корпорациясы" ААҚ-да мырыш зауытының құрылысы басталып та кетті, ол 2003 жылдың басында пайдалануға беріледі. 2002 жылы Шалқия және Юбилейный кеніштеріндегі жұмыстар жаңғыртылады.
      Тау-кен металлургия саласында жұмыспен қамтудың өсуi 2002 жылға қарай 4200 адамға көбейедi (2000 жылы - 2000, 2001 жылы - 1200, 2002 жылы - 1000).
 
      2.2.7. Химия өнеркәсiбi
      Химия өнеркәсiбiнде шикiзат базасын, әлемдiк және iшкi рынок конъюнктурасын ескерiп, минералдық тыңайтқыштар, фосфор, хром қосындыларын шығару неғұрлым басым болып табылады, 2000-2002 жылдары оларды басым дамыту көзделедi.
      Импортты алмастыру шеңберiнде резина-техникалық өнiмдер өндiрiсiн қалпына келтiру көзделген. Бұл, ең алдымен, "Қарағандырезинатехника" ААҚ-н қалпына келтiру және отандық шикiзатқа Қарашығанақ газ конденсатының өңделген өнiмдерiне көшу есебiнен шина өндiрiсiнiң бәсекелестiк қабiлеттiгiн арттыру. Сонымен қатар, титан, мырыш және барий пигменттерi негiзiндегi бояу-лак бұйымдарының өндiрiсiн ұйымдастыру.
      Осының есебiнен химия саласындағы еңбекпен қамтудың артуы 3500 адамға дейiн жетедi (2000 жылы - 2000, 2001 жылы - 1000, 2002 жылы - 500).
 
      2.3. Ауыл шаруашылығы
 
      Ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудiң ықтимал мүмкiндiктерiн iске асыру үшiн мына шараларды жүзеге асыру көзделедi:
      1) ұсақ тауарлы өндiрiске бағдарланған мал өнiмдерiн сатып алу және өңдеудің икемдi жүйесiн құруға жәрдемдесу;
      2) ұсақ жер пайдаланушыларды бiрiктiру процесiн жеделдету үшiн негiз жасайтын экономикалық тұтқалар әзiрлеу;
      3) негiзiнен тоқыраған селолық аудандар мен шағын қалаларда көтерме-өндiрiстiк рыноктердiң дайындаушы, өңдеуші ұйымдарының желiсiн құру;
      4) агроөнеркәсiп кешенінің бiрыңғай ақпараттық-маркетингтiк жүйесiн қалыптастыру;
      5) жер учаскелерін кепілге беру және жерді пайдалану құқықтары мәселелері жөніндегі нормативтік-құқықтық кесімдерге өзгерістер енгізу;
      6) ауылдық несие серіктестігін құру және кепілдік құралы ретінде "астықпен қолхат беру" институтын енгізу жолымен несие, ең алдымен науқандық несие ресурстарына қол жеткiзудi қамтамасыз ету;
      7) күш-жiгердi машина-технологиялық стансаларын және ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жалға беру пункттерiн құруға жұмылдыру.
      Ауыл шаруашылығында 165 мың жұмыс орнын (2000 жылы - 28 мың, 2001 жылы - 55 мың, 2002 жылы - 82 мың) құру көзделуде.
 
      2.4. Шағын бизнес және кәсiпкерлiк
 
      2000-2003 жылдары өнеркәсiп, құрылыс және жер қойнауын пайдалану салаларында, көлiк және коммуникациялар және т.б. объектiлерде инвестициялық жобаларды iске асыру арқылы 17,4 мың жұмыс орнын құру көзделуде. Мемлекеттiк емес сыртқы заемдар есебiнен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар бойынша 9,6 мың жұмыс орнын құру көзделуде. Инвестициялық жобалар бойынша 1,8 мың жұмыс орнын және қаржыландырудың басқа да көздерi есебiнен 600 жұмыс орнын қамтамасыз ету күтiлуде.
      Тiкелей инвесторлармен келiсiм-шарттар жағдайлары бойынша 2000-2002 жылдары 15 мың жаңа жұмыс орны құрылады және жұмыс iстеп тұрған 20 мың жұмыс орны сақталады деген болжам бар.
 
      3. Халықты жұмыспен қамтудың аймақтық саясаты
 
      Кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрестiң аймақтық саясаты мына мiндеттердi шешуге бағытталады:
      1) жұмыс орындарын құру, халықтың тұрмысын жақсарту, жұмыссыздықты қысқарту;
      2) қордаланған проблемаларды шешудi қамтамасыз ететін арнайы шараларды iске асыру жолымен бiрiншi кезекте мемлекеттiк қолдауды талап ететiн тоқыраған селолық аудандар тобын экономикалық сауықтыру;
      3) астықты кесiмдi, "әдiл" бағамен сатып алу арқылы ауыл шаруашылығын қолдау;
      4) тоқтап тұрған өндiрiстердi қайта құрылымдау және сегменттеу, дәрменсiз ұйымдарды заңнамада белгіленген тәртiппен тарату және банкротқа ұшырату;
      5) отандық тауар өндiрушілердi, атап айтқанда, шағын және орта бизнес субъектiлерiн қолдау арқылы аймақтық рыноктердегi бәсекелестiктi дамыту саясатын жүргiзу.
      Аймақтар шегiнде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнiнде мынадай шараларды жүргiзу көзделедi:
      Ақмола облысы. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сақтау және өңдеу индустриясын дамыту, астық, ет-сүт өнімдерiн өндiретiн ауыл шаруашылығы салаларын мамандандыру көзделуде. Минералдық тыңайтқыштар өндiру, алтын өндiру мен өңдеу жолға қойылатын болады. Топтап пайдаланылатын су құбырларын қайта жаңарту; туризм мен спорт индустриясын дамыту; кен орындарын консервациялау мен тарату; техногендi уран қалдықтарын көму; су тазалау стансаларын қайта жаңарту көзделуде.
      42 мың жұмыс орны құрылатын болады, 1564 адам кәсiптiк оқудан өтедi.
      Ақтөбе облысы. Мұнай-газ өндiру химия, қара металлургия, хром рудаларын өндiрудi дамыту жүзеге асырылатын болады. Көмiрсутегi шикiзатын, сондай-ақ пайдалы қатты қазбаларды iздеу, әзiрлеу, өндiру және өңдеу, ауылдарды газбен қамтамасыз ету объектiлерiнiң құрылысы жалғастырылатын болады. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, металл өңдеу, прибор жасау, құрылыс материалдары өнеркәсiбiнiң, жеңiл өнеркәсiбi ұйымдарының жұмысы жаңғыртылады. Меншікті энергетикалық қуаттарды дамытуға бағытталған шараларды iске асыру жалғастырылады.
      Ауыл шаруашылығы секторында егiс танаптарының құрылымы оңтайландырылады. Батыс Қазақстан мен республиканың солтүстiк және орталық аймақтарының тiкелей көлiк қатынастарын қамтамасыз ету шаралары iске асырыла бастайды.
      6,4 мың жұмыс орны құрылып, 1,4 мың адам кәсiптiк оқудан өтедi.
      Алматы облысы. Өнеркәсiптiң өңдеу және өндiру салалары кәсiпорындарын басым дамытуды жүзеге асыру электр энергиясына iшкi сұранысты шағын СЭС-тердi қалпына келтiру және дәстүрден тыс энергия көздерiн пайдалану есебiнен қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттер шешілетiн болады. Ауыл шаруашылығында негiзгi тамақ өнiмдерiне деген iшкi сұранысты толық қанағаттандыру үшiн өндiрiстiң өсуіне, сондай-ақ оны аймақтық рыноктерде нығайтуға қол жеткiзу қарастырылады. Жiбек жолының қазақстандық учаскесiнде туризм инфрақұрылымын дамыту жоспарлануда.
      11,4 мың жұмыс орны құрылып, 1900 адам кәсiптiк оқудан өтедi.
      Атырау облысы. Мұнай-газ өндiру және мұнай өңдеу көлемiн ұлғайту, мұнай өндiрiсiне қажеттi машина жасау құрылыс материалдары өндiрiсiн, балық өнiмдерi мен тамақ өнеркәсiбiн дамыту көзделуде. Атырау мұнай өңдеу зауытын; Атырау қаласындағы ұшу-қону алаңы мен әуежайын қайта жаңарту; көлiк инфрақұрылымы, бiрiншi кезекте мұнай құбырын жүргiзудi дамыту; автокөлiк жолдарын жөндеу белгiлендi. Ауыл шаруашылығы одан әрi дамытылады. Мал шаруашылығында табынды жылқы мен түйе өсiру неғұрлым жеделдетiлген қарқынмен дамытылып, едiлбай және қаракөл қойларының өнімдiлiгiн одан әрi жақсарту; еттi-майлы қаракөл қойларының шығарылған жаңа түрiнiң өнiмдiлiк көрсеткiштерін арттыру жөнiндегi селекциялық асылдандыру жұмыстары жүргiзiлетiн болады.
      11,6 мың жұмыс орны құрылып, 1950 адам кәсiптiк оқудан өтедi.
      Шығыс Қазақстан облысы. Түстi металлургияның өндiрушi және өңдеушi ұйымдарының қуаттарын дамыту, олардың шикiзат базасын арттыруды, болашақта қажетті геологиялық барлау жұмыстарын жүргiзудi, машина және прибор жасауды, жеңіл және тамақ өнеркәсiбiн, мұнай жабдықтары өндiрiсiн, құрылыс материалдары индустриясын ұлғайтуды одан әрi дамыту көзделуде. Орман және ағаш өңдеу өнеркәсiбi дамытылады.
      Аграрлық секторда жармалық (тары, қарақұмық, бұршақ, сұлы), майлы (күнбағыс) дақылдары, мал шаруашылығында - сүт және ет мал шаруашылығы, биязы жүндi және жартылай биязы жүндi қой өсiру, құс өсiру және марал өсiру дамытылады. Май экстракты зауытын қайта жаңартуды аяқтау көзделуде. Туризм және демалыс индустриясын, оның ішінде Жiбек жолының қазақстандық учаскесiнде дамыту белгiленiп отыр.
      51 мыңға жуық жұмыс орны құрылып, 6250 адам кәсiптiк оқудан өтедi.
      Жамбыл облысы. Өнеркәсiптiң тау-кен және химия салаларын одан әрi дамыту; металл өңдеу, машина жасау және жабдықтар жасау; жеңiл, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсiптерiнiң ұйымдарын қалпына келтiрудi және дамытуды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Экологиялық жағдайды сауықтыру шалғай елдi мекендердi сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету белгiленуде. Жiбек жолының қазақстандық учаскесiнде туризм инфрақұрылымын дамыту жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы салалары одан әрi дамытылатын болады, қант қызылшасы, тұқымдық жүгерi егiстiктерiн едәуiр ұлғайту, қаракөл шаруашылығын қалпына келтiру, тұқым өсiру және мал тұқымын асылдандыру iсiн жақсарту үшiн жағдайлар жасау мiндеттерi алда тұр.
      29,9 мың жұмыс орны құрылып, 1180 адам кәсiптiк оқудан өтедi.
      Батыс Қазақстан облысы. Мұнай-газ химия кешенiн жеңiл және тамақ өнеркәсiбiн, қорғаныс ұйымдарында машина жасау өндiрiсiн дамытуды жеделдету көзделуде. Қарашығанақ газ конденсаты кен орнын игеру мен селоны газдандыру жалғастырылады. Жайылымдық мал өсіру атап айтқанда етті-құйрықты қой өсiру, үйiрлi жылқы және еттi мал өсiру одан әрi дамытылатын болады.
      25,5 мың жұмыс орны құрылып, 2708 адам кәсiптiк оқудан өтедi.
      Қарағанды облысы. Базалық салалар, соның iшiнде жылу-энергетика кешенi мен металлургия, мыс прокаты эмальқұбыр және кабель өнiмдерi өндiрiсi дамытылатын болады. Химия өнеркәсiбi мен машина жасау, тамақ және жеңiл өнеркәсiбiн, тұрмыстық күрделi техника өнеркәсiбiн; ауыл шаруашылығында - еттi-құйрықты қой шаруашылығын, еттi мал шаруашылығын және үйiрлi жылқы шаруашылығын дамыту көзделедi.
      Туризм мен демалыс индустриясын дамыту көзделiп отыр. 39 мыңнан астам жұмыссыз қоғамдық жұмыстарға жіберiлетiн болады.
      32,7 мың жұмыс орны құрылып, 7150 адам кәсiптiк оқудан өтедi.
      Қызылорда облысы. Энергетикалық кешендi, жеңiл, тамақ және мұнай өндiру өнеркәсiбiн, құрылыс материалдары индустриясы мен өндiрiстiк инфрақұрылымды дамыту, интенсивтi технологияны енгiзу есебiнен күрiш өндiрудi ұлғайту және еттi-құйрықты қой шаруашылығы мен қаракөл шаруашылығын дамыту, Жiбек жолының қазақстандық учаскесiнде туризм инфрақұрылымын дамыту көзделiп отыр.
      Мыналарды: қорғасын-мырыш кен орындарын және ауыл шаруашылығы машиналары үшiн жабдық өндiрiсiн игеру қарастырылады.
      Аймақтағы экологиялық жағдайды сауықтыру басымдықты бағыттардың бiрi болмақ.
      11 мың жұмыс орны құрылып, 5200 адам кәсiптiк оқудан өтедi.
      Қостанай облысы. Темiр рудасын өндiру мен өңдеуге, сондай-ақ агроөнеркәсiп кешенi салаларында, атап айтқанда астық өндiрiсiн, ет-сүт, бағытындағы мал шаруашылығын, үйiрлi жылқы шаруашылығын, шошқа және құс шаруашылығын ұлғайтуға ықпал жасайтын шаралар қабылданатын болады.
      36,8 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, 530 адам кәсiптiк оқудан өтедi.
      Маңғыстау облысы. Отын, химия және мұнайхимия өнеркәсiбiн, МАЭК-тi қайта жаңартуды және жаңғыртуды одан әрi дамыту, жер қыртыстарының мұнай қайтарымын арттырудың ең жаңа әдiстерiн енгiзу, қазiргi заманғы көлiк инфрақұрылымын құру, теңiз кәсiпшілігi өндiрiсiн ұлғайту, мұнай-газ кен орындарын жайластыруды кеңейту одан әрi жалғастырылатын болады. Ақтау теңiз портын қайта жаңарту балықтоңазытқыш құрылысы мен минералды тыңайтқыштар өндiрiсiнiң қуаттарын жаңғырту аяқталады. Ұлутас тастары, жемдiк ұн өндiрiсiн қалпына келтiру көзделуде. Ауыл шаруашылығында түйе шаруашылығы, қаракөл шаруашылығы, еттi-майлы қой шаруашылығы дамытылатын болады. Туризм және демалыс индустриясын, оның iшiнде Жiбек жолының қазақстандық учаскесiнде дамыту көзделуде.
      22,7 мың жұмыс орны құрылып, 220 адам кәсiптiк оқудан өтедi.
      Павлодар облысы. Электр энергиясын, көмiр сату рыноктерiн одан әрi кеңейту, энергосыйымдылықты өндiрiстердi дамыту глинозем, ферроқұймалар өндiрiсiн одан әрi дамыту, мұнай өңдеу зауытының, көмiр разрездерiнiң өндiрiстiк қуаттарының толық жұмысын қамтамасыз ету көзделедi. Аграрлық секторда жарма (тары, қарақұмық, бұршақ, сұлы) майлы (күнбағыс) дақылдары өндiрiсi, мал шаруашылығында - ет-сүт бағытындағы мал шаруашылығы мен еттi-майлы қой шаруашылығы дамытылатын болады.
      54,6 мың жұмыс орны құрылып, 2850 адам кәсiптiк оқудан өтедi.
      Солтүстiк Қазақстан облысы. Мемлекеттік конверсиялық бағдарламалар базасында машина жасауды, жеңiл және тамақ өнеркәсiбiн, прибор жасауды және ғылыми еңбектi көп қажет ететiн жекелеген өндiрiс түрлерiн одан әрi дамыту жөнінде шаралар жүзеге асырылатын болады.
      Дәндi дақылдар өндiрiсiнiң, ет-сүт бағытындағы мал шаруашылығын және шошқа шаруашылығы көлемiн ұлғайту көзделiп отыр. Уран рудниктерiн консервациялау мен жою және техногендi уран қалдықтарын көму жөнiндегi жұмыстар жалғастырылатын болады. Топтық магистральдық су құбырларын қалпына келтiру және қайта жаңғырту жолымен селолық елдi мекендердi сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегi жұмыстар одан әрi өрiстетiлетiн болады.
      9,3 мың жұмыс орны құрылып, 4784 адам кәсiптiк оқудан өтедi.
      Оңтүстiк Қазақстан облысы. Жеңiл және тамақ, химия және мұнай-химия өнеркәсiптерiн, түстi металлургияны, машина жасауды, сондай-ақ мақта шаруашылығы мен жүзiм шаруашылығы сияқты ауыл шаруашылығының негiзгi салаларын, Жiбек жолының қазақстандық учаскесiнде туризм инфрақұрылымын одан әрi дамыту көзделуде. Көпiр және "Қызыләскер-Киров" автомобиль жолының құрылысы жалғастырылатын болады.
      10,3 мың жұмыс орны құрылып, 1800 адам кәсiптiк оқудан өтедi.
      Астана қаласы. Астананы дамыту әзiрленiп жатқан "Астананы гүлдендiру - Қазақстанды гүлдендiру" ұлттық бағдарламасы шеңберінде көзделiп отыр. Елдiң бүгiнгi экономикалық жағдайы талап етiп отырған iшкi мемлекеттiк ықпалдасу болашақ Бағдарламаның негiзi болуы мүмкiн. Қазақстан аймақтарының экономикалық байланыстарын дамытудың сызбасы болашақ Бағдарламаның деңгейiне айналуға тиiс. Ауыл шаруашылығының машиналарын жасауды дамыту астық және жемдiк азық жинау комбайндары, тұқым өңдеу техникасы өндiрiсiн ұйымдастыру көзделуде. Астана тiршiлiгiн қамтамасыз ету және көркейту объектiлерiн жаңғырту, тұрғын үй құрылысы, инфрақұрылым және мәдени-тұрмыстық объектiлерiн қайта жаңарту жөнiндегi шаралардың кең ауқымды кешенi жүзеге асырылатын болады. Туризм және демалыс индустриясын дамыту белгiленiп отыр, Астана қаласында халықаралық әуежай құрылысы жалғастырылатын болады.
      12 мың жұмыс орны құрылып, 1900 адам кәсiптiк оқудан өтедi.
      Алматы қаласы. Жасалған ғылыми-техникалық және өндiрiстiк-әлеуетті барынша пайдалану, қаржы және банк саласын, жеңiл және тамақ өнеркәсiбiн дамыту, қорғаныс ұйымдарын конверсиялау негiзiнде жетекшi машина жасау салаларын, қызмет көрсету және туризм салаларын дамыту негiзiнде, сондай-ақ Алматы әуежайының жаңа жолаушылар терминалын салу негiзiнде қаланы әлеуметтiк-экономикалық одан әрi дамыту жүзеге асырылатын болады. Қаланы Орталық Азияның аймақтық қаржы орталығы ретiнде дамыту жөнiндегi iс-шаралар жүзеге асырылатын болады.
      33 мыңға жуық жұмыс орны құрылып, 6800 адам кәсiптiк оқудан өтедi.
      Жергiлiктi бюджеттер аймақтық экономиканың жай-күйiне барған сайын көбiрек тәуелдi бола түседi. Yкiмет жұмыс күшiнiң, капитал мен инвестицияның еркiн қозғалысын ынталандыра отырып, қаржы рыногындағы, еңбек және инвестиция рыноктарындағы аймақаралық бәсекелестiктi күшейтудi көздеуде.
      Кедейлiктiң және жергіліктi халықтың жұмыспен қамтылуының аса маңызды өзектi көрсеткiштерi негiзiнде аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық жағдайын бағалаудың рейтингiлiк жүйесiн одан әрi жетiлдiру қарастырылады.
 
            4. Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу
                         жөніндегi шаралар
 
      Еңбек рыногында белсендi түрде жұмыс iздеп жүрген азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесудiң негiзгi өлшемi - бос қызмет орындары банкiн қалыптастыру, ұлғайту және пайдалану болып табылады.
      Белсендi жұмыс iздеудiң нақты қадамдарына: халықты жұмыспен қамту жөнiндегi мемлекеттiк уәкiлеттi органдарда немесе жеке меншік агенттiктерде тiркелу, жұмыс берушiлерге өтiнiш жасау, бұқаралық ақпарат құралдарына жұмыс iздеу туралы хабарландыру беру, өзiнiң жеке iсiн ұйымдастыруға әрекет ету немесе еңбек рыногындағы сұраныстарды ескере отырып, кәсiби даярлықтан өту жатады.
      Қалалар мен аудандардағы халықты жұмыспен қамту жөнiндегi уәкiлеттi органдар мынадай қызметтердi көрсетедi:
      1) азаматтарды жұмысқа орналастырудың мүмкiндiктерi туралы және осы немесе басқа бiр жұмысқа орналасқысы келген адамдарға қойылатын талаптар жөнiнде хабардар етедi;
      2) жалпы бiлiм беру мекемелерiнiң түлектерi мен әлеуметтiк қорғауға аса мұқтаж азаматтарға лайықты жұмыс таңдауда, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарына, вахталық әдiспен, шетелде жұмысқа орналасуға жәрдемдеседi;
      3) жұмыс iздеуде қиындық көрiп жүрген азаматтарға консультация бередi;
      4) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
      5) жұмыссыз азаматтарды оқытады және қайта оқытады;
      6) шағын несие беру арқылы жұмыссыздарға өзiнiң жеке iсiн ұйымдастыруға жәрдемдеседi;
      7) кәсiби даярлауға, iскерлiк машықтарын үйретуге мемлекеттiк тапсырысты кәсiби білім беру оқу орындарының желiсi арқылы анықтайды;
      8) бастауыш және орта кәсiптiк оқу орындарының түлектерiн жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседi.
      Еңбек рыногының қажеттілiктерiн ескере отырып, жұмысшылар мен мамандар даярлаудың көлемi мен бейiндерiн әзiрлеуде және түзетуде оқу орындарына ақпараттық және әдiстемелiк көмек көрсетiлетiн болады.
      Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар көрсететiн жұмысқа орналастырудың дәстүрлi нысандарынан басқа жұмыс iздеушi азаматтарды жұмысқа орналастырудың баламалы нысандары дамытылатын болады. Бұл, ең алдымен, жоғары ақы төленетін және беделдi жұмыс таңдау үшiн ақы төлеуге қабiлеттi, неғұрлым біліктi әрi болашағы бар жұмыс күшін қолданып жүрген шеңберінде жұмысқа орналастыруды өз мойнына алатын жұмысқа орналастыру жөніндегі жеке агенттіктер. Жұмысқа орналастырудың баламалы түрлерінің болуы, бір жағынан жұмыс іздеуші азаматтардың қажетті қызмет түрлерін пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтеді, екінші жағынан - жұмысқа орналастырумен айналысатын ұйымдар арасында бәсекелестік ортаны туғызады.
      Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жұмыс белсенді түрде жұмыс

 

іздеп жүргендер үшін өрістетілетін болады.

     Жұмыссыздарды тоқсан сайын есепке алу және жұмысқа орналасуға мұқтаж

адамдардың санаттарын анықтау жолға қойылады, еңбек биржаларының

қызметі олар адамдарды жұмыспен нақты қамтамасыз ете алатындай етіп

жандандырылатын болады.

     Төменде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарға

өтінішпен келетін жұмыссыз азаматтардың болжамды саны көрсетілді:

---------------------------------------------------------------------------

        Облыстар                 !           Жұмыссыз адамдар саны

                                 !-----------------------------------------

                                 !  2000 жыл   !  2001 жыл   !   2002 жыл

---------------------------------------------------------------------------

Ақмола                                52500         45000        38800

Ақтөбе                                43500         42400        41200   

Алматы                                86400         77800        71000

Атырау                                32400         30200        25100

Шығыс Қазақстан                       61400         59200        57700

Жамбыл                                61700         58100        49200

Батыс Қазақстан                       23000         21400        17300

Қарағанды                             90500         71000        66500

Қызылорда                             37200         33500        30200

Қостанай                              64500         58400        50800

Маңғыстау                             21000         18700        14700

Павлодар                              57000         47000        38700

Солтүстік Қазақстан                   45200         44700        35000

Оңтүстік Қазақстан                   118600         99700        80900

Алматы қаласы                         89100         79500        70600

Астана қаласы                         22500         18900        14900

Ел бойынша                           906400        805500       702600

---------------------------------------------------------------------------



 
     Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру жөніндегі негізгі іс-шаралары мыналар болады:
      1) жұмыс іздеу процесінде жұмыссыздарға көрсетілетін қызметтер тізбесін кеңейту;
      2) жұмыссыздарды жұмыс іздеу дағдыларына үйрету;
      3) жұмыс берушімен байланысты нығайту, өтінімдер бойынша кадрларды

 

іріктеу, семинарлар, бос орындардың жәрмеңкелерін өткізу;

     4) жұмыс берушінің жұмыс күшіне өтінім беру тетігін пысықтау;

     5) еңбек рыногының жағдайы және қолда бар бос орындар туралы

бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа тұрақты хабарлап отыру;

     6) еңбек рыногындағы жағдай туралы жедел және толық мәліметтер жинау

үшін еңбек делдалдығымен айналысатын барлық ұйымдар арасында өзара

іс-қимыл жасау рәсімін әзірлеу болып табылады.

     Төменде жұмысқа орналастырылатын жұмыссыздардың болжамды саны

келтіріледі:


   _____________________________________________________________________

     Облыстар                     ! Жұмысқа орналастырылады, адам

                                  !_____________________________________

                                  ! 2000 ж.   !  2001 ж. !  2002 ж.

   _______________________________!___________!__________!______________

   Ақмола                            5000       6030       6180

   Ақтөбе                            9450       8500       8500

   Алматы                            10434      9000       11000

   Атырау                            2000       2300       2500

   Шығыс Қазақстан                   9600       13100      10300

   Жамбыл                            11168      9273       9438

   Батыс Қазақстан                   5183       5500       5000

   Қарағанды                         18023      25000      18000

   Қызылорда                         4000       5000       6000

   Қостанай                          8400       8100       8000

   Маңғыстау                         4300       4600       5000

   Павлодар                          5900       6200       6500

   Солтүстік Қазақстан               4000       4100       4200

   Оңтүстік Қазақстан                7900       8200       8300

   Алматы қаласы                     8500       8700       9000

   Астана қаласы                     2900       3135       3270

   Ел бойынша                        116758     113067     114594



     364,7 мың жұмыссызды жұмысқа орналастыру көзделуде.


 
       2000-2002 жылдары мақсатты топтар бойынша 82 мың адам жұмысқа орналастырылатын болады. Олардың ішінде: аз қамтылған адамдар; 21 жасқа дейінгі жастар; 23 жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-анасының қарауынсыз қалған балалар; кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуші жалғызілікті, көп балалы ата-аналар; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен үнемі күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдарды асырап отырған азаматтар; зейнеткер жасына таяп қалған адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалғанда); мүгедектер; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған адамдар; бас бостандығынан айыру орындарынан және (немесе) мәжбүрлі емдеуден босатылған адамдар; репатрианттар (оралмандар).
      2000 жылдың 2 тоқсанында Қазақстан Республикасының Үкiметi мүгедектер жұмыс iстейтiн ұйымдарды қолдау мақсатында "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Z970163_ Қазақстан Республикасы Заңына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Парламентiне ұсыныстар енгiзедi.
      Белгiлi бiр санаттағы және бiлiктiлiктегi мамандарға еңбек рыногының мұқтаждығы ескерiле отырып, жұмыссыздарды даярлау және қайта даярлауға ерекше назар аударылатын болады. Бұл үшiн:
      1) жұмыссыздар үшін қызмет саласын таңдау мәселелері бойынша кәсіптік

 

бағдар қызметтерін көрсету кеңейтіледі. Бұл мақсаттар үшін өзекті кәсіптер

мен оқу-курстық желі бойынша аймақтық мәліметтер банкі жасалатын болады;

     2) жұмыссыздар қатарындағы азаматтарды қайта даярлау үшін білім беру

ұйымдарын іріктеу кезінде конкурс мүмкіндіктері белсенді пайдаланылатын

болады;

     3) жұмыссыздарды шағын және орта кәсіпкерліктің, фермерлік

шаруашылықты жүргізудің негіздеріне оқыту жөніндегі қызмет жандандырылады.

     Төменде кәсіби оқыту жөнінде деректер берілген:

   _____________________________________________________________________

     Облыстар                     !Кәсіптік оқытуға жіберілетін адамдар

                                  !_____________________________________

                                  ! 2000 ж.   !  2001 ж. !  2002 ж.

   _______________________________!___________!__________!______________

   Ақмола                            470          583       590

   Ақтөбе                            300          580       800

   Алматы                            500          3400      3500

   Атырау                            600          790       750

   Шығыс Қазақстан                   2350         2100      2720

   Жамбыл                            400          400       380

   Батыс Қазақстан                   708          1000      1000

   Қарағанды                         1300         2800      3050

   Қызылорда                         1800         1700      1700

   Қостанай                          100          300       350

   Маңғыстау                         50           400        400

   Павлодар                          900          950       1000

   Солтүстік Қазақстан               1160         187       194

   Оңтүстік Қазақстан                500          600       700

   Алматы қаласы                     2000         2300      2500

   Астана қаласы                      500         650       750

   Ел бойынша                        13638        16835     17713



     2000-2002 жылдары  52,8 мың жұмыссыз оқытылады және қайта оқытылатын

болады.


 
       Жеке еңбек қызметіне көмектесу және оны қолдау еңбек рыногының белсенді саясатының маңызды құралы болып табылады. Адам соларға сүйене отырып, өзінің бизнес-жоспарын құра алатын құзыретті консультациялық ұйымдар құру қажет. Консультациялар ұйым тұжырымдамасының экономикалық

 

перспективасына сараптау бағасын беруге тиіс. Консультанттардың қызметі

ұйымның табысына қарай төленетіні маңызды тұсқа айналуға тиіс. Бұл ретте

мемлекеттік консультациялық қолдау бірте-бірте кәсіпкерлерді жеке меншік

экономикалық консультациясына көшіруі тиіс.

     Төменде жұмыс орындарын құру туралы болжамды деректер келтіріледі:


   _____________________________________________________________________

     Облыстар              !2000 жыл  ! 2001 жыл ! 2002 жыл ! Барлығы

   ________________________!__________!__________!______________________

   Ақмола                    11560      7700       4896      41960

   Ақтөбе                    2630       1500       2290      6420

   Алматы                    5846       6000       7448      11366

   Атырау                    8297       4300       4380      11647

   Шығыс Қазақстан           16700      18467      18000     50999

   Жамбыл                    11168      9273       9438      29879

   Батыс Қазақстан           8588       7449       9472      25509

   Қарағанды                 10915      10915      10915     32745

   Қызылорда                 8038       1380       1570      10988

   Қостанай                  11851      11634      13392     36877

   Маңғыстау                 7928       6607       8195      22730

   Павлодар                  15878      7600       9000     54578

   Солтүстік Қазақстан       4237       15052      12806      9308

   Оңтүстік Қазақстан        5828       2678       1887      10393

   Астана қаласы             3984       4000       5050      12034

   Алматы қаласы             12778      10193      10007     32978

   Ел бойынша                146226     121535     132650    400411


     5. Ішкі еңбек рыногын қорғау



 
       Ішкі еңбек рыногын қорғау мақсатында шетелдік жұмыс күшін әкелуге квота белгілеу көзделеді. Түйінді міндеттер қатарында: шет елдермен қоныс аударушылардың уақытша болатын елдерінде олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды, сондай-ақ оралғаннан кейін олардың құқықтарын қамтамасыз етуді көздейтін тиісті келісімдер жасасу арқылы жұмыс күшінің иммиграциясы мен эмиграциясын реттеу; заңсыз еңбек миграциясын тыю және иммиграциялық бақылауды ұйымдастыру белгіленді.
      Қазіргі уақытта шетелдік жұмыс күшін әкелуді лицензиялау елдегі инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде жергілікті кадрларды ұтымды пайдалану проблемасын толық шешпей отыр. 2000 жылы саны 7 мың адам болатын шетелдік жұмыс күшін әкелу көзделіп отыр. Сонымен қатар, оларды заңсыз әкелу орын алуда, олар кейбір бағалаулар бойынша заңды түрде әкелінетін көлемнен асып түседі. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикада пайдаланылатын шетелдіктердің санын кезең-кезеңімен қысқартудың және оларды жергілікті жұмыс күшімен ауыстырудың тетігін әзірлейді, Қазақстанға шетелдік жұмыс күштерін әкелуге шек қойылатын кең таралған кәсіптердің тізбесін белгілейді.
      6. Шағын несиелер
      Шағын несиелендіру бағдарламасын Қазақстанның бүкіл аумағында тарату жоспарлануда. Басым тәртіппен - тоқыраған және экономикалық апатқа ұшыраған ауылдық аудандарға қолданылады. Несиелендiру тетiгi оңайлатылады. Несие алу шарттары өзгертiлдi.
      Шағын несиелердi қайтару мерзiмдерi қызмет түрiне қарай белгіленетiн болады. Сауда және коммерциялық қызмет ұйымдастыруға - 3 ай, халық тұтынатын тауарлар шығаруды және халыққа қызмет көрсетудi ұйымдастыруға - 6 ай, маусымдық ауыл шаруашылығы өндiрiсiне - 9 ай, мал шаруашылығына - 12 ай.
      Несиелердi оларға қызмет көрсетумен байланысты шығыстарды жабуды қамтамасыз ететiн ең төменгi пайызбен беру көзделедi. Шағын несие алуға жұмыссыздар қатарындағы азаматтар өз бетiмен жұмыс iстеп, өз iсiн дамытуға ниет бiлдiрген адамдар үмiткер болуға тиiс. Сондай-ақ, шағын несиелендiру үшiн адамдар топтарына да несие берiледi. Мұндай топтарға бiрiгу несие ресурстарын неғұрлым тиiмдi пайдалануға және қайтарымдылығы үшiн жауапкершiлiктi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Шағын несие сомалары АҚШ 100 долларынан 400 долларына дейінгi ауқымда сараланады.
      Шағын несиелендiру бағдарламасын инвестициялар мен ерiктi қайырымдылықтар есебiнен қаржыландыру көзделедi. Барлық халықаралық қаржы институттарының және шағын несиелендiру жөнiндегi пилоттық жобаларды жүзеге асыратын донор елдердiң практикасы талданатын болады.
      7. Қоғамдық жұмыстар

 

     Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруда жол құрылысын дамыту, жол жөндеу,

ағаш отырғызу, инфрақұрылымды (коммуналдық жүйе, телефондандыру және т.б.)

дамыту бағдарламалары басым бағыт алады.

     2000-2002 жылдары барлығы 295,1 мың адам қоғамдық жұмыспен

айналысатын болады.

     Төменде аймақтар шегiнде қоғамдық жұмыстарға жiберiлетiн адамдар

саны туралы болжамды деректер келтiрiледi:


   _____________________________________________________________________

     Облыстар                     ! Қоғамдық жұмыстарға жіберілетін болады

                                  !_____________________________________

                                  ! 2000 жыл  !  2001 жыл!  2002 жыл

   _______________________________!___________!__________!______________

   Ақмола                             5160       6424      6906

   Ақтөбе                             3000       8000      8000

   Алматы                             1040       8000      9000

   Атырау                             1594       4700      4000

   Шығыс Қазақстан                    8750       14000     11100

   Жамбыл                             2800       2800      2900

   Батыс Қазақстан                    4013       4023      4500

   Қарағанды                          11234      18450     18400

   Қызылорда                          3500       4500      5500

   Қостанай                           2434       6200      4500

   Маңғыстау                          1500       5300      5500

   Павлодар                           7655       9600      10000

   Солтүстік Қазақстан                5764       5600      5600

   Оңтүстік Қазақстан                 6825       7250      7700

   Алматы қаласы                      5000       5700      5700

   Астана қаласы                      1040       1660      1750

   Ел бойынша                         71810      80607     87031



     8. Бағдарламаның орындалуын құқықтық қамтамасыз ету



 
       Кедейлiк, жұмыссыздық және жұмыспен қамту мәселелерi жөнiнде нормативтiк құқықтық актiлер әзiрленедi, сондай-ақ қолданылып жүрген заңнамаға және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн болады.
      Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерi:
      жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және жұмыссыздарға әлеуметтiк көмек көрсету мәселелерi жөнiнде;
      республикада бiрыңғай мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметiн құру мақсатында "Мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметiн ұйымдастыру туралы" 1948 жылғы N 88 ХЕҰ Конвенциясын бекiту жөнiнде;
 
            "Мемлекеттік сатып алу туралы" Z970163_ Қазақстан Республикасының Заңына мүгедектердi және бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету жөнiнде жағдай жасауды көздейтiн толықтырулар енгiзу жөнiнде;
      инвестициялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық кадрларды даярлап шығаруды жүргiзу мiндеттерi бөлiгiнде "Шетелдiк инвестициялар туралы" Z949000_ , "Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы" U962828_ , "Мұнай туралы" U952350_ заңнамалық кесiмдерiне толықтырулар енгiзу жөнiнде;
      еңбек процесiнде адамның қауiпсiздiгiн, денсаулығын және еңбекке қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету жөнiнде;
      алушылардың табысын ескере отырып арнаулы мемлекеттiк жәрдемақыларды төлеудiң атаулылығын күшейту үшiн "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Z990365_ Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнінде.

 

     Заңдарға қосымша нормативтiк кесiмдер:




     аз қамтамасыз етілген азаматтарға арналған шағын несиелендіру, жеке

кәсіпкерлікті дамыту жүйесін енгізу жөнінде;

     ішкі еңбек рыногын қорғау үшін жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс

күшін жұмысқа қабылдауды квоталау жөнінде;




     қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде;

     белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу

орталықтарын құру жөнінде қабылданады.


     9. "Бағдарламаның орындалуын ақпараттық қамтамасыз ету




     Бағдарламаны ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында:

     халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бос жұмыс орындары туралы

тұрақты хабардар ету;


 
       жұмысқа орналастыру, еңбек және жұмыспен қамту туралы заңнама мәселелері жөнінде азаматтармен консультациялар жүргізу;
      еңбек рыногындағы ахуал, жұмысқа орналастыру, қайта оқыту және

 

кәсіптік бағдар беру, жұмыссыздардың біліктілігін арттыру мүмкіндігі

туралы ақпараттық-анықтамалық және статистикалық материалдардың сапасын

және оған халықтың қол жетімділігін арттыру;

     Бағдарламаның іске асырылу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында

жариялау;

     кедейлік және жұмыссыздық проблемалары жөнінде теледидар мен

радиохабарларда сөз сөйлеулер ұйымдастыру, баспасөз конференцияларын

өткізу жөнінде шаралар қабылданатын болады.



     Оқығандар:

     Қасымбеков Б.А.

     Орынбекова Д.Қ.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады