2001-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының халқы арасында йод тапшылығынан науқастанудың алдын алу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2001 жылғы 5 қазан N 1283 Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.02.14. N 159 қаулысымен.

      Республика халқының арасында кеңінен таралған йод жеткіліксіздігінің алдын алу және оны жою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. Қоса беріліп отырған 2001-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының халқы арасында йод тапшылығынан науқастанудың алдын алу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

     2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі жыл сайын 20 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның орындалуы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары И.Н.Тасмағамбетовке жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы       
Үкіметінің             
2001 жылғы 5 қазандағы       
N 1283 қаулысымен         
бекітілген              

             2001-2005 жылдарға арналған Қазақстан
        Республикасының халқы арасында йод тапшылығынан
                   науқастанудың алдын алу
                         БАҒДАРЛАМАСЫ

                      Бағдарламаның паспорты

     Атауы              - "2001-2005 жылдарға арналған
                        Қазақстан Республикасының халқы
                        арасында йод тапшылығынан
                        науқастанудың алдын алу туралы"
     Әзірлеу үшін       - Қазақстан Республикасы
     негіздеме          Президентiнің "Қазақстанның 2030
                        жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан
                        әрi iске асыру жөнiндегi шаралар
                        туралы" 2000 жылғы 17 ақпандағы
                        N 344 Жарлығы "Азаматтардың
                        денсаулығы, бiлiмi мен игiлiгі"
                        төртінші ұзақ мерзiмдi басымдық
                        бөлiгiнде
     Негізгі            - Қазақстан Республикасының
     әзірлеуші          Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi
                        агенттiгi, "Қазақстан
                        Республикасының Тағам институты" ЖАҚ
     Мақсаты            - Республика халқының қажеттiлiгiн
                        йодпен толық қамтамасыз ету, йод
                        жеткiлiксiздiгiн азайту және
                        организмде йодтың жетiспеушiлiгiнен
                        туындайтын аурулардың алдын алу
     Міндеттері         - Бағдарламаның мақсатын iске асыру
                        үшiн мынадай мiндеттердi шешу көзделедi:
                        - кез келген дәрежедегi аурулармен
                        ауыратын мектеп жасындағы
                        балалардың үлесiн сирек кездесетiн
                        деңгейге дейiн азайту;
                        - туа бiткен гипотиреоздiң жиiлiгiн
                        сирек кездесетiн деңгейге дейiн жеткiзу;
                        - 2002 жылға дейiн Қазақстанда
                        барлық халықтың 90%-ының
                        йодталған тұзды пайдалануына қол жеткiзу
     Бағдарламаны       - халықты йодпен байытылған тамақ
     іске асырудың      өнiмдерiмен қамтамасыз ету және
     негізгі            Қазақстан Республикасы халқының
     бағыттары          арасында йод тапшылығынан
                        науқастанудың таралуына және йодпен
                        байытылған өнiмдердiң йодталу
                        сапасына мониторинг жүйесiн жасау.
                        Йодпен байытылған тамақ өнiмдерiн
                        әзiрлеу саласындағы нормативтiк
                        құқықтық кесiмдердi жетілдiру және
                        олардың орындалуына бақылауды күшейту.
                        Бағдарламаны орындаушыларды және
                        халықты бұқаралық ақпарат құралдары
                        арқылы ғылыми-әдiстемелiк және
                        ақпараттық қамтамасыз ету
     Қаржыландыру       - Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз
     көздері            ету республикалық және жергiлiктi
                        қаржы есебiнен, тиiстi жылы
                        мемлекеттiк органдарға бөлiнген
                        сомасы шегiнде жүзеге асырылатын
                        болады. Сонымен қатар халықаралық
                        ұйымдар мен донор елдердiң гранттары мен
                        ресурстары есебiнен техникалық және
                        консультативтiк көмек, йодпен
                        байытылған тамақ өнiмдерiн өндiрiсiнiң
                        қаражаттары желiсi бойынша жүзеге
                        асырылатын болады.
     Бағдарламаны       - Қазақстан Республикасы халқының
     іске асырудан      арасында йод тапшылығынан
     күтілетін түпкі    науқастануды жою
     нәтиже
     Іске асыру         - 2001-2005 жылдар
     мерзімдері

                            Кіріспе

      Қоршаған ортада йодтың жетiспеушiлiгiне байланысты аурулар Қазақстан Республикасы денсаулық сақтауының ең елеулi проблемаларының бiрi болып табылады.
      Топырақ пен суда йодтың тапшылығы және осының салдарынан жергiлiктi тамақ өнiмдерiнде оның жетiспеушiлiгi ұдайы йод жеткiлiксiздiгiне себеп болып, ақыл-ой дамуы мен бой өсуiнiң iркiлiсiнен парасат коэффициентiнiң төмендеуi, гипотиреоз бен қалқанша безiнiң ұлғаюы (жемсау) сияқты науқастардың өскелең таралуына алып келедi. Йодтың жетiспеушiлiгi балаларда сәби кезінде меңiреулiкке әкелiп соқтыратын қайтымсыз психикалық ауытқуды, ал жүктi әйелдерде - өздiгiнен түсiк тастауды, өлi туудың артуын, ұрықтың туа бiткен кемшiндiгiн, жасқа жетпей шетiнеудiң көбеюiн тудыруы мүмкiн. Сөйтiп, ұдайы йод жеткiлiксiздiгiнің мәнi оның салдарының халықтың, әсiресе балалар мен жасөспiрiмдердiң денсаулығына елеулi түрде әсер ететiн ауырлығымен айқындалады, сондай-ақ халықтың еңбек өнiмдiлiгiнiң төмендеуiнен (еске сақтаудың нашарлауы, ақыл-ой коэффициентiнiң төмендеуi, жұқпалы дертке қарсы қорғаныш тетiктерiнің әлсiреуi және т.б.) және мүгедектер, әсiресе бала кезiнен мүгедек болғандар санының өсуiнен көрiнетiн әлеуметтiк-экономикалық маңызды проблема болып табылады.
      Йод тапшылығына байланысты аурулардың алдын алу оңай және оны дұрыс шешкен кезде йод тапшылығынан науқастанудың (ЙТН) алдын алуға әбден болады. Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы мен ЮНИСЕФ бұл мәселеге ерекше назар аударып отыр, олар барлық елге йод тапшылығы жай-күйiнiң алдын алу жөнiндегi iс-шаралар кешенiн жүргiзудi ұйымдастыруды ұсынды және 2005 жылға қарай бұл науқасты жою мiндетiн қойды.

                  1. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау

      Қазақстанның аумағының жартысында топырақта, суда және тамақ өнiмдерiнде йодтың жетiспеушiлiгi анықталып отыр, ал жемсау ошақтарының таралуы 14 облыстың 11-iнде тiркелген. Жемсаудың таралуы Қазақстанның оңтүстiгi мен шығысында асқынып тұр. Алайда, аудандастыруға негiз болған зерттеулердің 70-шi жылдардың деректерi екендiгiн айта кету керек. Және егер, йод тапшылығынан науқастанудың таралуына және таралу шекарасының кеңеюiне әсер ететiн экологиялық ахуалдың, әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлардың соңғы жылдары нашарлағанын ескерсек, онда бұл деректер нақтылауды қажет етедi. Қазiргi кезде бұл зерттеулердi жекелеген ынтагерлер ғана жүргiзуде. 1992-1993 жылдары қазақстандық, ресейлiк, американдық ғалымдардың қатысуымен жүргiзілген соңғы ірi зерттеудің деректерi бойынша Қазақстанның оңтүстiгiнде туа бiткен гипотиреоздiң жоғары жиiлiгi (6-7%) байқалған, ол, әсiресе, жемсаумен ауыратын әйелдерден туылған балаларда көп кездеседi және 14%-дық елеулi деңгейге жеткен. ЮНИСЕФ сарапшыларының "Қазақстан Республикасындағы йод тапшылығына байланысты аурулар" құжатына (1994 ж.) және Алматы дәрiгерлердiң бiлiмiн жетiлдiру институты эндокринология кафедрасы қызметкерлерiнiң деректерiне (1996 ж.) қарағанда Алматы қаласының ауруханаларында неонатальдық гипотиреоздің жиілiгi 7,2%-ды құрайды. Бұл адам организмiн йодпен қамтамасыз етудiң тиiмдi бағдарламалары бар елдердегi неонатальдық гипотиреоз оқиғаларынан 150-300 есе көп. Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл және Қатонқарағай аудандарының балалары арасындағы жемсаудың (көрiнетiн) таралуы 12-35%-ды, Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау қаласының оқушылары арасында жемсаудың жалпы таралуы 26%-ды құрайды. Жемсаудың аталған аудандардағы ересек тұрғындар арасында таралуы 50-60%-ға жетедi. Мұндай жағдайды мемлекеттің мұқият қадағалауын, жедел де, тиiмдi алдын алу және емдеу iс-шараларын ұйымдастыруды қажет ететiн ұлттық апат ретінде қарау қажет.
      Республикада бұрын жүргiзiлген барлық балалар мен жүктi әйелдерге антиструмин беру, нанды йодтау сияқты йод тапшылығы жағдайының алдын алу жөнiндегi шаралар қазiр қаржыландырудың жеткiлiксiздiгiне байланысты iс жүзiнде жүзеге асырылмайды. "Аралтұз" АҚ республиканың йодталған тұзға бүкiл сұранысын қамтамасыз етуге қабiлеттi болса да, тұзды йодтау тек "Аралтұз" АҚ-да аз ғана мөлшерде жүзеге асырылады. Йодталған тұз өндiру көлемiнiң төмендеуi iшкi рынокта әртүрлi шағын кәсiпорындар шығаратын және басқа да елдерден әкелiнетiн йодталмаған тұздың ауқымды көлемiнiң болуымен түсiндiрiледi.
      Тұзды сақтау шарттары бұзылған, ұзақ сақтаған жағдайда ондағы йодтың мөлшерi азаятындықтан, тек ас тұзын йодтау организмнiң йодқа қажеттiлiгiн толық қанағаттандыра алмайды. Қазiргi уақытта тұзды йодтаумен қатар басқа да йодпен байытылған тамақ өнімдерi танылып отыр. Тамақ өнiмдерiн йодпен байытудың артықшылығы физиологиялық тәулiктiк орташа қажеттiлiктi ескере отырып, йодтың организмге қосымша түсуiн қажет ететiн халықты барынша көбiрек қамту тұрғысынан ақталады.

                2. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

      Бағдарламаның негiзгi мақсаты республика халқының йодқа қажеттілігiн толық қамтамасыз ету, йод жеткiлiксiздiгiнiң салдарларын азайту және организмде йод жетiспеушiлiгiнен туындайтын аурулардың алдын алу болып табылады.

     Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi:
     - жемсауы кез келген дәрежедегi мектеп жасындағы балалардың үлесiн
сирек кездесетiн деңгейге дейiн төмендету;
     - туа бiткен гипотиреоздiң жиiлiгiн сирек кездесетiн деңгейге дейiн
жеткiзу;
     - Қазақстанда өндiрiлетiн әрi халық және ауыл шаруашылығы малдары
тамаққа пайдалануға арналған тұз бен ашытқыны жаппай йодтауды 2002 жылға
дейiн қамтамасыз ету;
     - барлық халықтың 90%-ының йодталған тұзды және ашытқыны тұтынуына
қол жеткiзу;
     - физиологиялық тәулiктiк орташа қажеттілiктi ескере отырып, йодпен
байытылған тамақ өнiмдерiнiң өндiрiсiне ықпал жасау.

             3. Бағдарламаның негiзгi бағыттары мен iске асыру
                                  тетiктерi

      1) Йод тапшылығынан науқастануды жоюдың жалпы мақсаты шеңберiнде бақылаудың жақсы қалыптасқан және бәрiн қамтитын жүйесiнiң маңызды мәнi бар, сондықтан:
      - йод жеткiлiксiздiгiне байланысты науқастануды мақсатты түрде жою бойынша мониторинг жүйесiн белгiлеу;
      - йодталған тұз бен йодпен байытылған тамақ өнiмдерiнің сапасын оларды өндiру және сауда желiлерiне сатуға түскен кезiнде қазiргi заманғы әдiстердi, оның iшiнде талдаудың жедел әдiстерiн пайдалана отырып, бақылауды жүзеге асыру;
      - Қазақстан Республикасының халқы арасында йод тапшылығынан науқастанудың мониторингi жүйесiн әзiрлеу;
      - әлеуметтiк маркетингтi (халықтың йодталған тұзды басым пайдалануы туралы бiлiмдердi тарату, тағам жөнiндегi ғалымдарды, мамандарды тарта отырып, педиатрлар, йодпен байытылған тамақ өнiмдерiн өндiрушiлер және т.б. үшiн оқу курстары мен семинарлар ұйымдастыру, әртүрлi плакаттар, жарнамалар, буклеттер, әдiстемелiк ұсынымдар және т.б. дайындау) жүргiзу;
      - тұзды, ашытқыны және тамақ өнiмдерін йодтау процесiне йодтың, тұзды, ашытқыны және тамақ өнiмдерiн сапалы буып-түюге арналған шикiзаттың түрлi нысандарын сатып алу жөнiнде халықаралық ұйымдармен келiсiмдер жасасу;
      - халықты йодпен қамтамасыз ету мен йод тапшылығы ауруларын жоюға бағытталған халықаралық жобалар мен бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу;
      - халықаралық заңнаманың осы проблема жөнiндегi практикасын зерделеу, қорыту және пайдалану қажет.
      2) Қазақстан Республикасының йодпен байытылған тамақ өнiмдерi жөнiндегi қолданылып жүрген нормативтiк техникалық құжаттамасын әзiрлеу және халықаралық нормалармен сәйкес келтiру.
      3) Бағдарламаны орта мерзiмдi перспективада кадрлық, ғылыми-әдiстемелiк және ақпараттық қамтамасыз ету тұз, ашытқы мен тамақ өнiмдерiн өндiрушiлердi йодтаудың қажеттiлiгi туралы, йод жетiспеушiлiгiнiң балалардың ақыл-ой дамуына зиянды әсер ететiндiгi туралы ақпараттандыруды, халықты тағамдағы йод тапшылығының қауіптiлiгi және мамандарды тарта отырып бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алдын алу шаралары туралы мiндеттi түрде хабарландыруды қамтитын бiрқатар iс-шаралардың iске асырылуын көздейдi. Қазақстан аймақтарында йодталған тамақ өнiмдерiн қолдану және бағдарламаның тиiмдiлiгiн бағалау арқылы йод тапшылығы ауруларының алдын алу бойынша отандық және шетелдiк озық тәжiрибенi тарату.
      Бағдарламаны орындаушыларды бағалау мен мониторингтiң жаңа әдiстерiне халықаралық ұйымдар арқылы (келiсiм бойынша) оқыту мүмкiндiгiн көздеу.

                 4. Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету

      Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету республикалық және жергiлiктi қаржы есебiнен, тиiстi жылы мемлекеттiк органдарға бөлiнген сомасы шегiнде жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар халықаралық ұйымдар мен донор елдердiң гранттары мен ресурстары есебiнен техникалық және консультативтiк көмек, йодпен байытылған тамақ өнiмдерi өндiрiсiнiң қаражаттары желiсi бойынша жүзеге асырылатын болады.

             5. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже

     Бағдарламаны қабылдау мен iске асырудың әлеуметтiк-экономикалық тиiмдiлiгi халықтың сырқаттануын азайтудан, қайтыс болуды қысқартудан, сондай-ақ физиологиялық нормаларға сәйкес организмдi йодпен байытуға байланысты халықтың парасат деңгейiн елеулi түрде арттырудан тұрады.

             6. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар
                                  жоспары

N      Іс-шараның атауы      Аяқтау нысаны    Орындау    Жауапты
Р\с                                             мерзім.   орындау.
                                                 дері      шылар

1    Тұз, ашытқы өндiретiн       Қазақстан        2001-   ДСА, тұз,
     кәсiпорындарды тұзды,     Республикасының    2002    ашытқы өндіру.
     ашытқыны йодтауға           Үкіметіне        ж.ж.    лер (келісім
     арналған қазiргі             ақпарат                 бойынша)
     заманғы аппараттармен
     жабдықтауға шаралар
     қабылдау

2    Йодпен байытылған         Йодтың әртүрлі    2002 ж.  ДСА, ЭСМ, йодпен
     тұзды, ашытқыны және        нысандарын               байытылған тұзды
     тағам өнiмдерін           қолдану жөнін.             және ашытқыны,
     йодтаудың жұмыс істеп     дегі норматив.             тамақ өнімдерін
     тұрған технологиясын      тік-техникалық             өндірушілер
     йодтың әртүрлi              құжаттама                (келісім бойынша)
     нысандарын пайдалану
     арқылы жетiлдiру
     жөнiндегi шараларды
     қабылдау

3    Бақылаушы органдарды           Бұйрық       2001-    ДСА, ЭСМ
     йодпен байытылған                           2002
     тұздағы, ашытқыдағы                         ж.ж.
     және тамақ өнiмдерiндегi
     йодты анықтауға арналған
     жедел құралдармен және
     реактивтермен қамтамасыз
     ету

4    Иодталған тұзды,          Қазіргі заманғы   2002 ж.  ДСА, ЭСМ, йодпен
     ашытқыны, йодпен            талаптарды               байытылған тұзды,
     байытылған басқа да       ескерген норма.            ашытқыны және
     тамақ өнiмдерiн сапалы    тивтік-техни.              тағам өнімдерін
     қаптамамен қамтамасыз     калық құжаттама            өндірушілер
     ету жөнiнде шаралар                                  (келісім бойынша)
     қабылдау; йодталған
     тұзда, ашытқыда және
     йодпен байытылған
     тамақ өнiмдерiнде
     йодтың сақталуы үшiн
     оларды тасымалдау мен
     сақтаудың шарттарын
     дұрыс орындау

5    Иод тапшылығынан               Бұйрық       2002-    ДСА
     науқастанудан зардап                        2005
     шегетiн адамдарды                           ж.ж.
     iшiнара (балалар, бала
     туу жасындағы әйелдер)
     тексеруді ұйымдастыру

6    Азық-түлiктердi йодтау         Бұйрық       2002 ж.  ДСА
     сапасының мониторингін                      бастап
     ұйымдастыру және                            (жылына
     жүргiзу                                     бір рет)

7    Биологиялық монито.            Бұйрық       2002-    ДСА, "ҚР Тағам
     рингті (зәрмен                              2005     институты" ЖАҚ
     йодтың шығарылуы                            ж.ж.     (келісім бойынша)
     арқылы халықтың                             (үш
     йодпен қамтамасыз                           жылда
     етiлуiн бағалау)                            бір рет)
     ұйымдастыру және
     жүргізу

8    Тағамда йодтың               бұқаралық      2002-    ДСА, "ҚР Тағам 
     жеткiлiксiздiгiнің терiс      ақпарат       2005     институты" ЖАҚ
     әсерi және олардың алдын    құралдарына     ж.ж.    (келісім бойынша),
     алу шаралары туралы           ақпарат                СӨСҚ ҒО,
     бұқаралық ақпарат                                    МАКМ
     құралдары арқылы халыққа
     ақпарат беру және ол
     туралы iлiмдi тарату

9    Йод тапшылығының             бұқаралық      2002-    ДСА, "ҚР Тағам
     проблемалары және             ақпарат       2005     институты" ЖАҚ
     олардың алдын алу           құралдарына     ж.ж.    (келісім бойынша),
     шаралары туралы iлiмдi        ақпарат                СӨСҚ ҒО
     медицина қызметкерлерi
     арасында тарату,
     жарнамалар, плакаттар,
     буклеттер, әдiстемелiк
     ұсынымдарды дайындау
     және т.б.

10   Халықаралық ұйымдар           Бірлескен     2002-    ДСА, халықаралық
     арқылы жаңа бағалау            келісім      2005     ұйымдар (келісім
     әдiстерiне және                             ж.ж.     бойынша)
     мониторингке үйрету
     мүмкiндiктерiн көздеу

11   Медициналық оқу                Бұйрық       2002 ж.  ДСА, "ҚР Тағам
     орындарында мамандарды                               институты" ЖАҚ
     даярлау бағдарламасына                               (келісім бойынша)
     йод тапшылығының алдын
     алудың және бақылау
     әдiстерiнiң мәселелерiн
     енгiзу
__________________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады