Гранттар тарту жөніндегі рәсімдерді ретке келтіру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 5 қазан N 1285. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.08.27. N 906 қаулысымен.

      Орталық және жергілікті атқарушы органдардың гранттар тартуы жөніндегі рәсімдерді ретке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының, шет елдердегі елшіліктерінің гранттар тарту мәселелері бойынша халықаралық қаржы ұйымдарына және басқа донорларға (бұдан әрі - донор ұйымдар) өз бетінше өтініш жасауларына тыйым салынсын. 
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар гранттар беруге өтінімдерді Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігіне жіберсін. 
      3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі: 
      гранттар беруге өтінімдерді Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру жөніндегі бюджеттік комиссияның (бұдан әрі - Бюджеттік комиссия) қарауына мезгіл-мезгіл енгізіп отырсын;
      Бюджеттік комиссия грант беруге өтінімді бекіткен кезінде донор ұйымдарға тиісті сұрату жіберсін;
      донор ұйымдарды гранттар тартудың көрсетілген рәсімдерінің қолданылуы туралы хабардар етсін;
      екі айлық мерзімде гранттар тартудың және оларды пайдаланудың ережесін әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарауға және бекітуге енгізсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә. Жандосовқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады