Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 қазандағы N 1289 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 578 Қаулысымен

        Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.06.12. 
N 578  (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының заңнамасын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (ТМД СЭҚ 
ТН) өзгерістеріне сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      1) <*>
      2) Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат): 
      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:     бірінші жолдың 2-бағанындағы "010600900" деген сан "01060090" деген санмен ауыстырылсын;
     көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
     сегізінші жолдың 1-бағанындағы "Сары фосфор" деген сөздер "Сары ("ақ") фосфор" деген сөздермен ауыстырылсын;
     сегізінші жолдың 2-бағанындағы "280470000" деген сан "280470001" деген санмен ауыстырылсын.
      Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.03.19. N 269   қаулысымен.   
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады