"Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 10 қазан N 1309

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау

туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының

Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі




                                                            Жоба


                      Қазақстан Республикасының

                                 Заңы


              Республикалық және жергілікті бюджеттердің

                        атқарылуын бақылау туралы



 
       Осы Заң республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылаудың негiзгi қағидаттарын, түрлерi мен стандарттарын, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi Есеп комитетiнiң (бұдан әрi - Есеп комитетi), мәслихаттардың тексеру комиссиялары, Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар, әкiмдер уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк органдардың iшкi бақылау қызметтерiн ұйымдастыру мен қызметтерiнiң негiздерiн айқындайды, сондай-ақ олар мен республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау объектiлерi арасындағы қатынастарды реттейдi.
 
                          1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
 
      1-бап. Осы заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
 
      Осы заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) сыртқы бақылау - оларға қатысты тәуелсiз мемлекеттiк органдар, мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң республикалық бюджеттi және жергiлiктi атқарушы органдардың - жергiлiктi бюджеттердi атқаруын бақылау;
      2) iшкi бақылау - тиiсiнше Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асыратын республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау;
      3) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау - бақылау объектiлерi қызметiнiң Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының талаптарына сәйкестiгiн тексеру, талдау және бағалау, мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық есептiлiгiн, республикалық және жергілiктi бюджеттер қаражатының тиiмдi пайдаланылуын, сондай-ақ республикалық және жергiлiктi бюджеттерге қаражаттың толық және уақытылы түсуiн бақылау;
      4) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын мақсаттан тыс пайдалану - мемлекеттiк мекемелердiң республикалық және жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген қаражатты бюджеттiк бағдарламалардың, сондай-ақ бюджеттiк жiктеменiң тағайындауына сәйкес келмейтiн мақсаттарға пайдалануы; ұйымдар мен жеке тұлғалардың республикалық және жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген қаражатты мемлекеттiк мекемелермен жасалған азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң, оның iшiнде несие шарттарының ережелерiне сәйкес келмейтiн мақсаттарға пайдалануы;
      5) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын тиiмсiз пайдалану - бюджеттiк бағдарламаның паспортында көзделген мақсаттарға жеткiзбеген республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден қаражаттың жұмсалуы;
      6) бақылау объектiлерi - республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кепiлдiктерiмен тартылған мемлекеттiк емес "сыртқы заемдардың бюджеттiк несие, субсидия түрiнде мемлекеттiк тапсырысты орындауға республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаражат алатын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ олар республикалық және жергiлiктi бюджеттерге қаражаттың толық және уақытылы түсуiн қамтамасыз ету бөлiгiндегi мемлекеттiк органдар;
      7) iшкi бақылау қызметi - өзiнiң құзыретi шегiнде мемлекеттiк органда және оның бөлiмшелерiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына iшкi бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органның бөлiмшесi;
      8) Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар - республикалық немесе республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары;
      9) әкiм уәкiлеттiк берген мемлекеттiк орган - жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын бақылауды жүзеге асыратын және тиiстi жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
      10) қаржылық есептiлiк - мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы ақпарат, егер өзге Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, уәкiлеттi орган анықтайтын нысандар мен көлемдер.
 
      2-бап. Республикалық және жергіліктi бюджеттердің
             атқарылуын бақылау туралы заңдар
 
      1. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау туралы Қазақстан Республикасының заңы Қазақстан Республикасының K951000_ Конституциясына негiзделедi және осы Заңмен басқа да нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
      2. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың осы Заң

 

алдында басымдығы болады және халықаралық шарттан оны қолдану үшiн

Қазақстан Республикасының Заңын шығару талап етiлетiн кездегiден басқа

жағдайларда тiкелей қолданылады.


     3-бап. Осы заңның қолданылатын саласы


     Осы Заңның күшi республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын

бақылау мәселелерi жөнiндегi меншiктiң барлық нысандарындағы ұйымдарына

және жеке тұлғаларына қолданылады.


                2-тарау. Республикалық және жергілікті

              бюджеттердің атқарылуын бақылаудың түрлері,

                      принциптері мен стандарттары


     4-бап. Республикалық және жергіліктi бюджеттердiң

            атқарылуын бақылау түрлерi


     Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау кезiнде

бақылаудың мынадай түрлерi пайдаланылады:

     1) сәйкестiгiн бақылау - бақылау объектiсi қызметiнiң Қазақстан

Республикасы бюджет заңдарының талаптарына сәйкестiк дәрежесiн бағалау;

     2) қаржылық есептiлiктi бақылау - бақылау объектiлерiнiң қаржылық

есептiлiктi жасауы мен беруiнiң дұрыстығын, негiздiлiгiн және уақытылығын

бағалау;

     3) тиiмдiлiгiн бақылау - бақылау объектiсiнiң бюджеттiк бағдарламаны

оның паспортына сәйкес атқаруын бағалау.


     5-бап. Республикалық және жергіліктi бюджеттердiң

            атқарылуын бақылау принциптерi мен

            стандарттары



 
       1. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылауды жүзеге асыру кезiнде мынадай принциптердiң сақталуы мiндеттi: тәуелсiздiктi, ақиқаттылығы, шынайылығы, құзыреттiлiгi, жариялылығы, құпиялылығы, кәсiби этика.
      2. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау стандарттары республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына бақылаудың бiрыңғай талаптарын белгiлейтiн нормативтiк құжат болып табылады.
      3. Республикалық бюджеттiң атқарылуын сырттай бақылау стандарттарын Есеп комитетi әзiрлейдi және бекiтедi.
      4. Жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын сырттай бақылау мен республикалық және жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын iштей бақылау стандарттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк орган әзiрлейдi және Есеп комитетi бекiтедi.
 
      6-бап. Бақылау нәтижелерi бойынша мемлекеттiк органдар
             қабылдайтын актiлер
 
      Бақылау нәтижелерi бойынша оны жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың мынадай актiлердi қабылдауға құқығы бар:
      1) қорытынды - тексерулердiң нәтижелерi бойынша Есеп комитетiнiң құжаты;
      2) бақылау нәтижелерi бойынша Есеп комитетiнiң қаулысы - Есеп комитетiнiң отырысында қабылданған нормативтiк құқықтық акт. Қаулыны қабылдау тәртiбi Есеп комитетi туралы ережемен реттеледi. Есеп комитетiнiң қаулысы Есеп комитетiнiң барлық басқа актiлерiнiң қолданылуын растайды.
      Есеп комитетiнiң қаулысы ол жолдаған барлық мемлекеттiк органдар, ұйымдар және лауазымды тұлғалар атқаруға мiндеттi;
      3) ұсыныс - Есеп комитетiнiң республикалық бюджеттің атқарылуы жөнiндегi жұмыстағы кемшiлiктердi жою туралы мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға және лауазымды тұлғаларға; қылмыстық және мүлiктiк жауапкершiлiкке тарту мәселелері бойынша құқық қорғау органдарына және соттарға жiберетiн құжаты;
      4) бақылау нәтижелерi бойынша мәслихаттың шешiмi - мәслихаттың тексеру комиссиясының немесе Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар, әкiм уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар жүргiзген бақылаудың қаралған немесе ұсынылған актiлерi бойынша шешiм бекiтiлетiн белгiленген нысандағы құжат. Шешiм қабылдаудың тәртiбi "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының Z010148_ Заңымен регламенттеледi;
      5) нұсқама - Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органның басшысы, әкiм уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органның басшысы олардың құзыретi шегiнде қабылдаған және ұйымдардың лауазымды тұлғаларына мiндеттi түрде орындау үшiн жiберiлген, жұмыстағы тәртiп бұзушылықтар мен кемшiлiктердi жою туралы белгiленген нысандағы құжат;
      6) бақылау жүргiзу актiсi - мәслихаттың тексеру комиссиясы, Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк орган, әкiм уәкiлеттiк берген мемлекеттiк орган, мемлекеттiк органды iшкi бақылау қызметi жүргiзген бақылаудың нәтижелерi бойынша жасалған құжат.
 
                  3-тарау. Республикалық және жергілікті
                 бюджеттердің атқарылуын сыртқы бақылауды
                             ұйымдастыру негіздері
 
      7-бап. Республикалық және жергіліктi бюджеттердің
             атқарылуын сыртқы бақылаудың мемлекеттiк
             органдары
 
      Республикалық бюджеттiң атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган Есеп комитетi болып табылады. Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар, мәслихаттардың тексеру комиссиялары жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар болып табылады.
 
      8-бап. Республикалық және жергіліктi бюджеттердiң
             атқарылуын сыртқы бақылаудың мемлекеттiк
             органдарының өкiлеттiктерi мен құқықтары
 
      1. Есеп комитетi Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынады және есеп бередi.
      2. Есеп комитетiнiң құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен анықталады.
      Есеп комитетi туралы ереженi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
      3. Есеп комитетi:
      1) Қазақстан Республикасының Президентiне Есеп комитетiнiң жұмысы туралы тоқсан сайынғы ақпаратты ұсынады;
      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң республикалық бюджеттiң атқарылуын, салық және басқа да мiндеттi төлемдердiң оның кiрiсiне толық әрi уақытылы түсуiн, бюджет қаражатының мақсатты және тиiмдi пайдаланылуын талдауға, бақылаудың қорытындылары мен нәтижелерiне байланысты мәселелер жөнiндегi тапсырмаларын, сондай-ақ жекелеген басқа да тапсырмаларын орындайды;
      3) Өзiнiң мазмұны бойынша республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң есебi жөнiндегi қорытынды болып табылатын және оны Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткеннен кейiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жататын республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi Қазақстан Республикасының Парламентiне ұсынады;
      4) Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар ұсынған бақылау жүргiзу актiлерiн талдайды және республикалық бюджеттiң атқарылуын осы органдар жүзеге асыратын бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынымдар бередi;
      5) республикалық бюджеттiң қаражатын пайдалануда бақылау объектiлерi лауазымды тұлғаларының iс-қимылдарында қылмыс белгiлерi, өзге де Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу фактiлерi анықталған жағдайда, бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына бередi.
      4. Есеп комитетi:
      1) республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыруға;
      2) республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық есептiлiгiн бақылауды жүзеге асыруға;
      3) республикалық бюджет қаражатының, оның iшiнде мемлекеттiк тапсырыс бойынша алынған қаражаттың тиiмдi пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға;
      4) бюджеттiк бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) атқарылуын және бюджеттiк несиелердiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кепiлдiктерiмен тартылған мемлекеттiк емес сыртқы заемдардың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға;
      5) Қазақстан Республикасының Yкiметiнен және бақылау объектiлерiнен республикалық бюджет қаражатының толық түсуiне және пайдаланылуына қатысты мәселелер бойынша қажеттi құжаттама мен ақпаратты сұратуға және алуға;
      6) олардың республикалық бюджетке қаражаттың толық және уақытылы түсуiн қамтамасыз ету бөлiгiнде мемлекеттiк органдардың қызметiн бақылауды жүзеге асыруға;
      7) мемлекеттiң мiндеттемелерiн өтеуге республикалық бюджеттен берiлген қаражатты бақылауды жүзеге асыруға;
      8) бекiтiлген республикалық бюджеттiк бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) экономикалық тиiмдiлiгi мен орындылығына баға беруге;
      9) банктерден және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан республикалық бюджет қаражатының түсуi, аударылуы, сондай-ақ мақсатты пайдаланылуы бөлiгiндегi бақылау объектiлерiнiң операциялары туралы қажеттi мәлiметтердi алуға;
      10) республикалық бюджеттiң атқарылуы мәселелерi бойынша бақылау объектiлерiнiң лауазымды тұлғаларының есептерiн тыңдауға;
      11) Есеп комитетi анықтаған бақылау объектiлерi лауазымды тұлғаларының iс-әрекетiндегi республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы нормативтiк құқықтық актілердiң талаптарынан ауытқу фактiлерi бойынша ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Президентiне енгiзуге;
      12) бақылау объектiлерiнен олар белгiлеген мерзiмде бақылау жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша қажеттi құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелердi алуға;
      13) республикалық бюджеттiң атқарылуына бақылау жүргiзуге мемлекеттiк органдардың тиiстi мамандарын тартуға;
      14) бекiтiлген республикалық бюджеттiң атқарылуына әсер ететiн нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданылуы жөнiнде ұсынымдар әзiрлеуге және енгiзуге;
      15) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.
      5. Мәслихаттың тексеру комиссиясы:
      1) мәслихат пен әкiмге бұқаралық ақпарат құралдарында кейiннен жариялай отырып, жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жергiлiкті атқарушы органның тиiстi есебi бойынша қорытындыны бередi;
      2) мәслихат пен әкiмдi жергiлiктi бюджеттiң қаражатын мақсаттан тыс әрi тиiмсiз пайдалану фактiлерi туралы, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi жұмыстардағы кемшiлiктер туралы бақылаудың нәтижелерi бойынша хабардар етедi;
      3) әкiм уәкiлеттiк берген мемлекеттiк орган жүзеге асыратын жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi ұсынымдарды бередi;
      4) Yкiмет пен әкiм уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар ұсынған бақылау жүргiзу актiлерiн талдайды;
      5) жергiлiктi бюджеттiң қаражатын пайдалануда бақылау объектiлерi лауазымды тұлғалардың iс-қимылында қылмыс белгiлерi, өзге де Қазақстан Республикасының заңын бұзу фактiлерi анықталған жағдайда, бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына бередi.
      6. Мәслихаттың тексеру комиссиясы:
      1) жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы мәслихаттар шешiмдерiнiң атқарылуын бақылауды жүзеге асыруға;
      2) жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық есептiлiгiн бақылауды жүзеге асыруға;
      3) жергiлiктi бюджеттiң қаражатын, оның iшiнде мемлекеттiк тапсырыс бойынша алынғанын қаражаттың тиiмдiлiгiн бақылауды жүзеге асыруға;
      4) жергiлiктi бюджеттен берiлген қаражаттың, оның iшiнде бюджеттiк несиелердiң мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға;
      5) олар жергiлiктi бюджетке қаражаттың толық және уақытылы түсуiн қамтамасыз ету бөлiгiнде мемлекеттiк органдардың қызметiн бақылауды жүзеге асыруға;
      6) бақылау объектiлерiнен олар белгiлеген мерзiмде бақылау жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша қажеттi құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелердi алуға;
      7) жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына бақылау жүргiзуге жергіліктi атқарушы органдардың тиiстi мамандарын тартуға;
      8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.
      7. Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк орган:
      1) мәслихаттардың тексеру комиссияларына бақылау жүргiзу актiлерiн, сондай-ақ ақпарат беру үшiн жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына бақылау жоспарларын жiбередi;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергiлiктi бюджеттер қаражатының мақсаттан тыс пайдаланылуының алдын алу және жол бермеу жөнiнде құқықтық ықпал ету шараларын қолданады;
      3) жергiлiктi бюджеттiң қаражатын пайдалануда бақылау объектiлерiнiң iс-қимылында қылмыс белгiлерi, өзге де заңдарды бұзу фактілерi анықталған жағдайда, бақылаудың материалдарын құқық қорғау органдарына бередi;
      4) жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын бақылау саласында кадрларды кәсiби қайта даярлауды ұйымдастырады.
      8. Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк орган:
      1) жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыруға;
      2) Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы талаптарының бұзылу себептерiне баға беруге;
      3) бақылау объектiлерiнен олар белгiлеген мерзiмде жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына бақылау жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша қажеттi құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелердi сұратуға және алуға;
      4) жергiлiктi бюджет атқарылуының анықталған бұзушылық фактiлерi

 

бойынша бақылау объектiлерiнiң лауазымды тұлғаларын тыңдауға;

     5) жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына бақылау жүргiзуге мемлекеттiк

органдардың тиiстi мамандарын тартуға;

     6) құпиялылық режимiнiң, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де

құпияның сақталуын ескере отырып, жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу

мәселелерiне жататын құжаттармен кедергiсiз танысуға;

     7) нормативтiк құқықтық базасы мен жергiлiктi бюджеттерге бақылау

жүргiзудiң әдiстемесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша iс-шараларды әзiрлеуге;

     8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді

жүзеге асыруға құқылы.


                  4-тарау. Республикалық және жергілікті

                  бюджеттердің атқарылуына ішкі бақылауды

                           ұйымдастыру негіздері


     9-бап. Республикалық және жергіліктi бюджеттердiң

            атқарылуын iшкi бақылаудың мемлекеттiк органдары


     Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын iшкi бақылау

жөнiндегi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi

уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар, әкiм уәкiлеттiк берген мемлекеттiк

органдар және мемлекеттiк органдардың iшкi бақылау қызметтерi болып

табылады.


     10-бап. Республикалық және жергіліктi бюджеттердiң

             атқарылуын iшкi бақылаудың мемлекеттiк

             органдарының өкiлеттiктерi мен құқықтары


     1. Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк

орган:


 
       1) республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау саласындағы орталық мемлекеттiк органдардың iшкi бақылау қызметтерiнiң қызметiн үйлестiредi;
      2) орталық мемлекеттiк органдар жүзеге асыратын бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегі ұсынымдарды бередi;
      3) Есеп комитетiне бақылау жүргiзу актiлерiн, сондай-ақ ақпарат беру үшiн республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жоспарларын жiбередi;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республикалық бюджет қаражатының мақсаттан тыс пайдаланылуының жолын кесу және жол бермеу жөнiнде құқықтық ықпал ету шараларын қолданады;
      5) республикалық бюджеттiң қаражатын пайдалануда бақылау объектiлерi лауазымды тұлғаларының iс-қимылдарында қылмыс белгiлерi, өзге де Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу фактiлерi анықталған жағдайда, бақылаудың материалдарын құқық қорғау органдарына бередi;
      6) республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау саласында кадрларды кәсiби қайта даярлауды ұйымдастырады.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк орган:
      1) республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыруға;
      2) республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық есептiлiгiне бақылауды жүзеге асыруға;
      3) республикалық бюджеттiң, оның iшiнде мемлекеттiк тапсырыс бойынша алынған қаражатын ұйымдардың тиiмдi пайдалануын бақылауды жүзеге асыруға;
      4) республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың республикалық бюджетке таза табыстың үлесiн толық және уақытылы аударуларын бақылауды жүзеге асыруға;
      5) республикалық бюджеттен берiлген қаражаттың, оның iшiнде бюджеттiк несиелердiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кепiлдiгiмен тартылған мемлекеттiк емес сыртқы заемдардың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға;
      6) Қазақстан Республикасының республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы бюджет заңдарының талаптарының бұзылу себептерiне баға беруге;
      7) бекiтiлген республикалық бюджеттiк бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) экономикалық тиiмдiлiгi мен орындылығына баға беруге;
      8) мемлекеттiк органдардың iшкi бақылау қызметтерiнен жоспарлар, есептер және өзге де қажеттi ақпаратты алуға;
      9) бақылау объектiлерiнен олар белгiлеген мерзiмде бақылау жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша қажеттi құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелердi сұратуға және алуға;
      10) республикалық бюджет атқарылуының анықталған бұзушылық фактiлерi бойынша бақылау объектiлерiнiң лауазымды тұлғаларын тыңдауға;
      11) мемлекеттiк органдардың тиiстi мамандарын бақылау жүргiзуге тартуға;
      12) құпиялылық режимiнiң, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, республикалық бюджеттiң атқарылу мәселелерiне қатысты құжаттамамен кедергiсiз танысуға;
      13) нормативтiк құқықтық базаның және бақылау жүргiзудiң әдiстемесiн жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеуге;
      14) акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакетi иелiкке және пайдалануға берiлген мемлекеттiк органдарға акционерлiк қоғамдардың тексеру комиссияларының құрамына сыртқы немесе iшкi бақылау мемлекеттiк органдарының қызметкерлерiн енгiзудi ұсынуға;
      15) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.
      3. Әкiм уәкiлеттiк берген мемлекеттiк орган:
      1) мәслихаттың тексеру комиссиясына бақылау жүргiзу актiлерiн, сондай-ақ ақпарат беру үшiн жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын бақылау жоспарларын жiбередi;
      2) жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау саласындағы жергiлiктi атқарушы органдардың iшкi бақылау қызметтерiнiң қызметiн үйлестiредi;
      3) жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын пайдалануда бақылау объектiлерiнiң лауазымды тұлғаларының қызметiнде қылмыс белгiлерi, Қазақстан Республикасының заңдарын бұзудың өзге де фактiлерi анықталған жағдайда, бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына бередi.
      4. Әкiм уәкiлеттiк берген мемлекеттiк орган:
      1) жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң Қазақстан Республикасының жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыруға;
      2) жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық есептiлiгiн бақылауды жүзеге асыруға;
      3) жергiлiктi бюджеттiң, оның iшiнде мемлекеттiк тапсырыс бойынша алынған қаражатын пайдалану тиiмдiлiгiн бақылауды жүзеге асыруға;
      4) жергiлiктi бюджеттен берiлген қаражаттың, оның iшiнде бюджеттiк несиелердiң мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға;
      5) коммуналдық кәсiпорындардың жергiлiктi бюджетке таза табыстың үлесiн толық және уақытылы аударуын бақылауды жүзеге асыруға;
      6) жергiлiктi бюджет атқарылуының анықталған бұзушылық фактiлерi бойынша бақылау объектiлерiнiң лауазымды тұлғаларын тыңдауға;
      7) бекiтiлген жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) экономикалық тиiмдiлiгi мен орындылығына баға беруге;
      8) бақылау объектiлерiнен олар белгiлеген мерзiмде бақылау жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша қажеттi құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелердi алуға;
      9) жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына бақылау жүргiзуге мемлекеттiк органдардың тиiстi мамандарын тартуға;
      10) құпиялылық режимiнiң, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу мәселелерiне жататын құжаттамамен кедергiсiз танысуға;
      11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.
      5. Мемлекеттiк органның iшкi бақылау қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылады.
      Мемлекеттiк органның iшкi бақылау қызметi:
      1) оның орындалуына уақытты және шығындарды тиiмдi пайдалануды ескере отырып, бақылау жоспарын жасайды;
      2) ақпарат беру үшiн iшкi бақылау жүргiзу жөнiндегi жоспарды: орталық атқарушы орган - Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органға; жергiлiктi - әкiм уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органға ұсынады;
      3) iшкi бақылау жүргiзу жоспарларын орындау жөнiндегi есептi: орталық атқарушы орган - Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органға; жергiлiктi - әкiм уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органға ұсынады.
      Жыл сайынғы есептердi ұсыну туралы талаптар және жоспарлар туралы ақпараттар ақпараты мемлекеттiк құпияға жататын шығыстарды бақылауға байланысты жағдайларға қолданылмайды.
      6. Мемлекеттiк органның iшкi бақылау қызметi:
      1) орталық атқарушы органда, оның аумақтық бөлiмшелерiнде және ведомстволық бағынысты ұйымдарда, жергiлiктi атқарушы органда - тиiстi жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкiм уәкiлеттiк берген мемлекеттiк мекемелерде, сондай-ақ олардың ведомстволық бағынысты

 

ұйымдарында iшкi бақылауды жүргiзуге;

     2) тиiсiнше Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттік берген

мемлекеттiк органның және әкiм уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органның

консультациясын алуға;

     3) бюджеттiң атқарылуын бақылау саласында кадрларды кәсiби қайта

даярлауға құқылы.


                 5-тарау. Мемлекеттік бақылау органдарының

                өзара іс-қимыл жасауы, олардың басшыларының,

                есеп комитеті мүшелерінің өкілеттіктері мен

                  құқықтары. Бақылау объектісі лауазымды

                  тұлғаларының міндеттері мен құқықтары


     11-бап. Мемлекеттiк бақылау органдарының өзара iс-қимыл

             жасауы



 
       1. Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар ақпарат беру үшiн Есеп комитетiне республикалық бюджеттiң атқарылуына бақылау жүргiзу жоспарларын жiбередi.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар және әкiм уәкiлеттiк берген мемлекеттiк орган ақпарат беру үшiн мәслихаттың тексеру комиссиясына жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына бақылау жүргiзу жоспарларын жiбередi.
      3. Есеп комитетi қажет болған кезде Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органмен, ал мәслихаттың тексеру комиссиясы Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органмен және әкiм уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органмен бiрлесiп бақылауды жүргiзедi.
      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттік берген тиiстi мемлекеттiк органдар республикалық бюджеттiң атқарылуына бақылау жүргiзген кезде көрсетiлген органдарға осы мақсатқа республикалық бюджеттен бөлiнген қаражаттың шегiнде олардың қызмет көрсетулерiне ақы төлей отырып, осы жұмысқа шартты негiзде және Есеп комитетiнiң келiсiмi бойынша тәуелсiз жеке аудиторлық ұйымдарды тарта алады.
      5. Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк орган және әкiм уәкiлеттiк берген мемлекеттiк орган бюджет қаражатын пайдаланудағы бұзушылық фактiлерi бойынша тексерiс жүргiзу туралы қылмыстық қудалау органдары қаулыларының негiзiнде жоспардан тыс бақылау жүргiзедi.
 
      12-бап. Мемлекеттiк бақылау органдары басшыларының
              және Есеп комитетi мүшелерiнiң өкiлеттiктерi
              мен құқықтары
 
      1. Есеп комитетінің төрағасы:
      1) Есеп комитетiнiң қызметiн басқарады, Қазақстан Республикасы Президентiнiң алдында оған жүктелген тапсырмалар мен мiндеттердi орындауға дербес жауапты болады;
      2) кемiнде тоқсанына бiр рет Қазақстан Республикасының Президентiне Есеп комитетiнiң жұмысы туралы ақпарат бередi;
      3) Есеп комитетi қызметiнiң регламентiн бекiтедi;
      4) өзiнiң құзыретi шегiнде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар бередi, олардың орындалуын тексередi, Есеп комитетiнiң мәжiлiстерiнде қабылданған қаулыларға және өзге де актiлерге қол қояды;
      5) республикалық және шетелдiк ұйымдармен өзара қатынастарда Есеп комитетiнiң атынан өкiлдiк етедi;
      6) бақылау жүргiзудiң мерзiмдiлiгi мен ұзақтығын анықтайды;
      7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      2. Есеп комитетiнiң төрағасы мен мүшелерi:
      1) Қазақстан Республикасының Парламентi Палаталары мен оның комитеттерiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқармасының және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары алқаларының мәжiлiстерiне қатысуға;
      2) құпиялылық режимiнiң, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау мәселелерiне жататын құжаттамамен кедергiсiз танысуға;
      3) бақылау объектiлерiнен олар белгiлеген мерзiмде бақылау жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша қажеттi анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелердi талап етуге және алуға құқылы.
      3. Есеп комитетiнiң төрағасы мен мүшелерi:
      1) өздерiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтайды, тексерiлетiн бақылау объектiлерiнiң жұмыс iстеуiне кедергi жасамауы және олардың ағымдағы шаруашылық қызметiне араласпауы тиiс;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бақылау нәтижелерiн бұрмалағаны, мемлекеттiк органдарға ұсынылатын және жариялауға берiлетiн ақпараттың шынайылығы, заңмен белгiленген құпияны жария еткенi үшiн жауап бередi.
      4. Мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы:
      1) мәслихаттың тексеру комиссиясының қызметiн басқарады, оған жүктелген тапсырмалар мен мiндеттердiң орындалуына дербес жауап бередi;
      2) жүргiзiлетiн бақылаудың мерзiмділiгiн және ұзақтығын анықтайды;
      3) мәслихатқа тексеру комиссиясының жұмысы туралы хабардар етедi;
      4) мәслихатқа және әкiмге бақылаудың қорытындылары туралы хабардар етедi;
      5) жергiлiктi атқарушы органдардан, бақылау объектiлерiнен жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын бақылау мәселелерi жөнiндегi қажеттi құжаттама мен ақпаратты сұратады және алады;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      5. Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органның басшысы:
      1) Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органның қызметiн басқарады;
      2) Қазақстан Республикасының Yкiметiне тиiстi шаралар қабылдау үшiн бақылаудың қорытындылары туралы ақпарат бередi;
      3) бақылау жүргiзудiң мерзiмдiлiгi мен ұзақтығын анықтайды;
      4) бақылау объектiлерiнен республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң

 

атқарылуын бақылау мәселелерi жөнiндегi қажеттi құжаттама мен ақпаратты

сұратады және алады;

     5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi

жүзеге асырады.

     6. Әкiм уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органның басшысы:

     1) әкiм уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органның қызметiн басқарады;

     2) тиiстi шаралар қолдану үшiн әкiмге және мәслихатқа бақылаудың

қорытындылары туралы ақпарат бередi;

     3) бақылау жүргiзудiң мерзiмдiлiгi мен ұзақтығын анықтайды;

     4) бақылау объектiлерiнен жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау

мәселелерi жөнiндегi қажеттi құжаттама мен ақпаратты сұратады және алады;

     5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi

жүзеге асырады.

     7. Мемлекеттiк органның iшкi бақылау қызметiнiң басшысы:

     1) мемлекеттiк органның басшысына бағынысты және есеп бередi;

     2) iшкi бақылауды жүргiзуге жауапты;

     3) Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу фактiлерi туралы тиiсiнше

Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органның

және әкiм уәкiлеттiк берген тиiстi мемлекеттiк органның басшыларына дереу

хабарлауға мiндеттi.


     13-бап. Бақылау объектiсi лауазымды тұлғаларының

             мiндеттерi мен құқықтары


     1. Бақылау объектiсiнiң лауазымды тұлғасы:

     1) сыртқы және iшкi бақылау мемлекеттiк органының қызметкерiн жұмыс

орнымен қамтамасыз етедi;


 
       2) сыртқы және iшкi бақылау мемлекеттiк органының қызметкерiн бақылау жұмыстарын жүзеге асыру үшiн қажеттi барлық сұрау салынған ақпаратпен қамтамасыз етедi;
      3) сыртқы және iшкi бақылау мемлекеттiк органы қызметкерiнiң iс-әрекетiне араласпайды, шатастырмайды, бақылау жүргiзуде кедергi жасамайды және оның аумағын шектемейдi;
      4) кемшiлiктердi жою жөнiндегi қолданылған шаралар туралы уақытылы есеп бередi.
      2. Бақылау объектiсiнiң лауазымды тұлғасы:
      1) бақылаудың мақсатын, уақыты мен ұзақтығын, оның нәтижелерiн, қорытындылары мен ұсынымдарды (егер осындайлар болса) бiлуге;
      2) тиiсiнше Есеп комитетiнiң тапсырмасын, Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органның және әкiм уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органның бұйрығын, мәслихаттың, мәслихаттың тексеру комиссиясының не мәслихаттың хатшысының бақылау жүргiзуге берiлген шешiмiн ұсынбаған сыртқы және iшкi бақылау мемлекеттiк органының қызметкерiн бақылауға жiбермеуге құқылы.
 
                      6-тарау. Қорытынды ережелер
 
      14-бап. Халықаралық байланыстар
 
      Есеп комитетi және Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк орган шет мемлекеттердiң және олардың халықаралық бiрлестiктерiнiң мемлекеттiк аудит және бақылау органдарымен байланыс жасайды, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олармен ынтымақтастық туралы шарттар мен келiсiмдер жасасуға құқығы бар және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен осы бiрлестiктердiң құрамына кiре алады.
 
      15-бап. Мүдделердiң тартысы
 
      1. Мүдделердiң тартысы - сыртқы және iшкi бақылау мемлекеттiк органы қызметкерiнiң әдiлдiгi мен тәуелсiздiгiн шектеуге қабiлеттi кез келген қызмет немесе қатынастар.
      2. Мыналарға:
      1) бақылау объектiсi басшысының, құрылтайшысының немесе оған қатысушының жақын туыстары немесе жекжат-жұрағаттары (ата-анасы, жұбайы, аға-iнiлерi, апа-қарындастары, балалары, сондай-ақ ерiнiң аға-iнiлерi, апа-қарындастары, балалары) болып табылатын;
      2) онда жеке мүлiктiк мүддесi бар қызметкерлердiң, қатысушылардың, бақылау объектiсi лауазымды тұлғаларының қатарындағы;
      3) тексеру кезеңiнде бақылау объектiсiнде жұмыс iстеген сыртқы және iшкi бақылау мемлекеттiк органдарының қызметкерлерiне бақылау жүргiзуге тыйым салынады.
      3. Мүдде тартысы туындаған кезде сыртқы және iшкi бақылау мемлекеттiк

 

органының қызметкерi бақылауды белгiлеген басшыға хабарлауы тиiс. Басқаша

жағдайда мүдде тартысы жағдайының туындағаны үшiн толық жауапкершiлiк

сыртқы және iшкi бақылау мемлекеттік органының қызметкерiне жүктеледi.


     16-бап. Келiспеушiлiктердi шешу


     Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылауды

жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, мәслихаттардың тексеру комиссиялары,

сондай-ақ бақылау объектiлерi лауазымды тұлғаларының iс-әрекеттерiне

Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым берiлуi

мүмкiн.


     17-бап. Қазақстан Республикасының республикалық және

             жергіліктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау туралы

             заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк


     Осы Заңның ережелерiн бұзу Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде

белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғады.


     18-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі


     Осы Заң жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


     Қазақстан Республикасының

     Президенті



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады