Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Мемлекеттік сатып алу туралы" және "Мемлекеттік сатып алу туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан
Республикасы Заңдарының жобалары Қазақстан Республикасының Парламенті
Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Мемлекеттік сатып алу туралы
Осы Заң мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мекемелердiң,
мемлекеттiк кәсiпорындардың және акцияларының бақылау пакетi мемлекетке
тиесiлi акционерлiк қоғамдардың билiгiндегi ақшаны тиістi пайдалану
мақсатында олардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алуды
жүзеге асыру процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттiк сатып алу - мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мекемелердiң, мемлекеттік кәсiпорындардың және акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі акционерлiк қоғамдардың өз билiгіндегі ақшаның есебiнен тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алуы;
2) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт - осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес тапсырыс берушi мен өнiм берушi арасында жасалған азаматтық-құқықтық шарт;
3) тапсырыс берушi - мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, мемлекеттiк кәсіпорындар, акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі акционерлiк қоғамдар;
4) конкурс - тапсырыс берушiнiң тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алуына бағытталған және ықтимал өнiм берушiлер арасында ашық та адал бәсекелестiктi көздейтiн мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу тәсiлi;
5) конкурстық құжаттама - конкурсты өткiзу шарттары мен тәртiбi қамтылатын, конкурстық өтiнiмдердi дайындау үшiн ықтимал өнiм берушiге ұсынылатын құжаттама;
6) бiртектi тауарлар, жұмыстар және қызметтер - олардың бiрдей функцияларды орындауына және өзара алмастырушы болуына мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар әрi ұқсас құрауыштардан тұратын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер;
7) конкурсты ұйымдастырушы - тапсырыс берушi немесе осы Заңға сәйкес конкурсты ұйымдастыру және өткiзу үшiн тапсырысшы атынан әрекет ететiн мемлекеттiк орган;
8) мерзiмдi баспасөз - жүргiзiлетiн және жүргiзiлген мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтер жарияланатын, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен тапсырыс берушi анықтайтын мерзiмдi баспасөз басылымы;
9) өнiм берушi - тапсырыс берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы жасасқан шартта оның қарсы агентi ретiнде әрекет ететiн заңды (мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда) немесе жеке тұлға;
10) ықтимал өнiм берушi - мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу
мақсатында мемлекеттiк сатып алу процесiне қатысатын заңды (мемлекеттiк
мекемелердi қоспағанда) немесе жеке тұлға;
11) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтайтын,
мемлекеттiк сатып алу процесiн реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.
2-бап. Мемлекеттік сатып алу процесi
Мемлекеттік сатып алу процесi:
1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң
номенклатурасы мен көлемдерiн қалыптастыруды;
2) өнiм берушiнi таңдауды, онымен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт
жасасуды;
3) мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды орындауды қамтиды.
3-бап. Мемлекеттiк сатып алу туралы заңдардың қағидаттары
Мемлекеттiк сатып алуға байланысты қатынастарды реттеу мынадай
қағидаттарға:
1) сатып алу үшiн пайдаланылатын ақшаны ұтқыр да тиiмдi жұмсауға;
2) барлық ықтимал өнiм берушiге осы Заңда көзделгеннен басқа жағдайларда тапсырыс берушiлердің тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алуға қатысуына тең мүмкiндiк беруге;
3) тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi ықтимал берушiлер арасындағы адал бәсекелестiкке;
4) мемлекеттiк сатып алу процесiнiң жариялылығы мен айқындылығына негiзделедi.
4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып
алу саласындағы заңдары
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының K951000_ Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделгеннен өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
5-бап. Мемлекеттiк сатып алу процесiн реттеу жөнiндегi
уәкiлеттi орган
1. Мемлекеттiк сатып алу процесiн реттеудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Мемлекеттiк сатып алу процесiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган:
1) мемлекеттiк сатып алу саласында мемлекеттiк саясатты әзiрлеудi және iске асыруды қамтамасыз етедi;
2) мемлекеттiк сатып алу жөнiндегі нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейдi, сондай-ақ заңнамада белгiленген тәртiппен өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды;
3) мемлекеттiк сатып алу процесiн үйлестiрудi және мониторингiн жүзеге асырады;
4) мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
5) мемлекеттiк сатып алу мәселелерi жөнiндегi есептiлiктi жасаудың және ұсынудың тәртiбiн анықтайды;
6) өз құзыретi шегiнде әдiстемелiк материалдарды әзiрлейдi және бекiтедi, мемлекеттiк сатып алу мәселелерi жөнiнде тапсырыс берушiге консультациялық көмек көрсетедi;
7) заңнамада белгiленген тәртiппен осы Заңды және мемлекеттiк сатып алу мәселелерi жөнiндегi өзге де нормативтiк құқықтық актілердi бұзып қабылданған конкурсты ұйымдастырушылардың, тапсырыс берушiлердің және конкурстық комиссиялардың шешiмдерiнiң күшiн жоюға немесе қайта қарауға бастамашылық етедi, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманы бұзып жасалған мәмiлелердi жарамсыз деп тану туралы сотқа өтiнiш жасайды;
8) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк сатып алу туралы заңдар саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды, хаттамалар жасайды және әкiмшiлiк жаза қолданады;
9) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
6-бап. Мемлекеттiк сатып алуға байланысты
қызметтегi жариялылық
1. Мемлекеттiк құпияға жататын мәлiметтердi қоспағанда, конкурсты жариялау туралы, өткiзiлген мемлекеттік сатып алу туралы мәлiметтердi тапсырыс берушi мерзiмдi баспасөзде жариялайды және уәкiлеттi орган белгiлеген нысандар мен мерзiмдер бойынша оған ұсынады.
2. Ықтимал өнiм берушi ұйғарылып отырған мемлекеттiк сатып алуға өзiнiң қатысуын жоспарлауы үшiн уәкiлеттi орган мемлекеттiк сатып алу туралы ақпаратты БАҚ-та немесе жалпыға жетiмдi телекоммуникациялық жерлерде (Интернет және басқалар) ұдайы жариялап отырады.
7-бап. Мемлекеттiк сатып алу процесiне байланысты
шектеулер
1. Мемлекеттiк сатып алу процесiне қатысатын ықтимал өнiм берушiнiң лауазымды немесе сенiм бiлдiрiлген тұлғасының жақын туыстары (ата-анасы, ерi-зайыбы, аға-iнiсi, апа-сiңлiсi, балалары) немесе құда-жекжаттары (ерлi-зайыптылардың аға-iнiсi, апа-сiңлiсi, ата-анасы және балалары) мемлекеттiк сатып алуға байланысты тапсырыс берушiнiң мүдделерiн бiлдiруге құқығы жоқ.
2. Ықтимал өнiм берушi немесе конкурстық құжаттаманы дайындау бойынша тапсырыс берушiге консультациялық қызметтер көрсететiн оның қызметкерi көрсетiлген консультациялық қызметтерге байланысты тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурсқа қатысуға құқығы жоқ.
3. Мемлекеттiк сатып алу процесiне қатысатын ықтимал өнiм берушi қабылдайтын шешiмдердi тiкелей және (немесе) жанама анықтауға, осындай шешiмдерге, оның ішінде шарттың немесе өзге мәмiленiң күшiне ықпал етуге құқығы бар жеке немесе заңды тұлғаның мемлекеттiк сатып алу процесiне қатысуға құқығы жоқ.
4. Осы бапта көрсетiлген негiздер бойынша конкурстық өтiнiмдi кейiнге қалдырған кезде конкурстың қорытындысы туралы хаттамада оны кейiнге қалдыру негiздемесi көрсетiледi, ол конкурстық өтiнiмдi ұсынған ықтимал өнiм берушiге хабарланады.
8-бап. Ықтимал өнiм берушiге қойылатын бiлiктiлiк талаптар
1. Мемлекеттiк сатып алу процесiне қатысу үшiн ықтимал өнiм берушi мынадай бiлiктiлiк талаптарды қанағаттандыруға тиiс:
1) осы Заңның 26-бабына сәйкес тауарларды жеткiзу, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсетумен айналысатын шағын кәсіпкерлiк субъектiлерiнен басқа, кәсіптiк бiлiктiлiгi, сондай-ақ сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтер көрсетудiң рыногындағы жұмыс тәжiрибесiнiң болуы;
2) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi орындауға қажеттi қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарының болуы;
3) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға азаматтық құқықтық қабілетiнiң болуы;
4) төлем қабiлетiнің болуы, таратуға жатпауы, оның мүлкi тұтқынға алынбауы, оның қаржы-шаруашылық қызметi Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен тоқтатылмауы;
5) соңғы екi жыл iшiнде жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша өз мiндеттемелерiн немесе басқа міндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн сотпен жауапкершiлiкке тартылмауы тиiс.
2. Ықтимал өнiм берушi осы баптың 1-тармағында көзделген бiлiктiлiк талаптарға өзiнiң сәйкестiгiне растама ретiнде конкурсты ұйымдастырушыға (тапсырыс берушiге) аттестаттардың, куәлiктердiң, патенттердiң, лицензиялардың, сертификаттардың, дипломдардың және анықтамалардың көшiрмелерiн ұсынады.
Заң актiлерiмен мiндеттi аудит өткiзу белгiленген заңды тұлғалар соңғы қаржы жылы үшiн аудиторлық есептi де ұсынады.
3. Ықтимал өнiм берушi бiлiктiлiк талаптары бойынша толық немесе дәл ақпарат бермеген жағдайда, ол осындай факт анықталған кезден бастап бiр жыл бойы мемлекеттiк сатып алу процесiне қатысуға жiберiлмейдi.
Ұсынылатын ақпараттың толықтығы конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс
берушi) ықтимал берушiнiң бiлiктілік талаптарына сай келетiндiгін
растайтын құжаттарын қарау кезiнде анықталады.
4. Конкурсты ұйымдастырушы және тапсырыс берушi ықтимал өнiм берушiге
осы баптың N 2-тармақтарында көзделген талаптардан басқа бiлiктiлiк
талаптарды белгiлеуге құқығы жоқ және ықтимал өнiм берушi оған қойылған
бiлiктiлiк талаптарға жатпайтын ақпаратты бермеуге құқылы.
9-бап. Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру тәсiлдерi
1. Мемлекеттiк сатып алу мына тәсiлдердiң бiрiмен жүзеге асырылады:
1) конкурс;
2) баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып, өнiм берушiнi таңдау;
3) бiр көзден сатып алу.
2. Конкурстың түрлерi:
1) ашық конкурс;
2) жабық конкурс.
Ашық конкурс пен жабық конкурс екi кезеңдi рәсiмдi пайдалана отырып
өткiзiлуi мүмкiн.
3. Осы баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетiлген тәсiлдермен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру үшiн конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс берушi) конкурстық комиссия құрады.
Конкурстық комиссияның мүшелерi конкурстың өткiзiлуi үшiн осы Заңға сәйкес дербес жауап бередi.
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбін, конкурстық комиссияны ұйымдастыру және оның қызметiнiң тәртiбiн, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алудың салалық ерекшелiктерiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
4. Мемлекеттiк органдар мен мекемелер, қазыналық кәсiпорындар шығыстар сметасын бекiткен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк сатып алудың жоспарын бекiтедi, онда сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң жоспарланған номенклатурасы мен көлемi, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың тәсiлi мен мерзiмдерi көрсетiледi.
Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар, бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдар жыл сайын, бiрiншi ақпаннан кешiктiрмей, даму жоспарлары, бизнес-жоспарлары және өзге де қаржылық-шаруашылық жоспарлары негiзiнде, сатып алуы жоспарланып отырған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтер көрсетудiң номенклатурасы мен көлемi, мемлекеттік сатып алудың тәсiлi және мерзiмдерi көрсетiлген мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын бекiтедi.
Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспары бекiтiлгеннен кейiн екi апта мерзiмiнде оны уәкiлеттi органға ұсынады.
5. Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру тәсiлiн осы Заңға сәйкес тапсырыс берушi таңдайды.
2-тарау. АШЫҚ КОНКУРС ТӘСIЛIМЕН МЕМЛЕКЕТТIК
САТЫП АЛУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
10-бап. Ашық конкурсты ұйымдастыру
1. Ашық конкурс, осы Заңда сатып алуды жүзеге асырудың өзге тәсiлi көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың негiзгі тәсiлi болып табылады.
2. Конкурсты конкурс ұйымдастырушы ұйымдастырады және өткiзедi. Тапсырыс берушi немесе осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес сондай болып анықталған тұлға конкурсты ұйымдастырушы болып табылады.
3. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi өзінің бағынысындағы мемлекеттiк мекемелер үшiн конкурсты ұйымдастырушы ретiнде әрекет етуге құқылы.
Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң әкiмi жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi үшiн олардың арасынан бiрыңғай конкурсты ұйымдастырушыны анықтауға құқылы.
Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмiнiң бiрыңғай конкурсты ұйымдастырушыны анықтауын қоспағанда, тиiстi бюджеттердiң деңгейлерi бойынша өзiнiң бағынысындағы мемлекеттiк мекемелер үшiн конкурсты ұйымдастырушы ретiнде әрекет етуге құқылы.
4. Мемлекеттiк органдарға бағынысты мемлекеттiк мекемелерден басқа, бiрнеше тапсырыс берушi өз арасында бiрыңғай конкурсты ұйымдастырушыны анықтай отырып, тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң бiртектi түрлерiн мемлекеттiк сатып алу жөнiнде бiрыңғай конкурс өткiзуiне болады.
11-бап. Конкурсты өткiзу туралы хабарландыру
(хабарлама)
1. Конкурсты өткiзу туралы хабарландыру (хабарлама) мынадай мәлiметтердi қамтуы тиiс:
1) конкурсты ұйымдастырушының атауы және орналасқан жерi;
2) болжамдалып отырған мемлекеттік сатып алу көлемi, номенклатурасы
және тауарларды жеткiзу, жұмыстарды орындау және қызметтердi көрсету орны;
3) тауарларды жеткiзудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтердi
көрсетудің талап етiлетiн мерзiмдерi;
4) конкурстық құжаттаманы алатын орын мен тәсiлдерi;
5) конкурстық өтiнiмдердi ұсынар орын мен соңғы мерзiмi, сондай-ақ
конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашар орын, күнi және уақыты;
6) ықтимал өнiм берушiлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары;
7) конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз ету тәсiлi және шарттары;
8) басқа да қажетті ақпарат.
2. Ашық конкурсты өткiзу туралы хабарландыру осы конкурсқа қатысу
үшiн өтiнiмдердi қабылдауды аяқтау күнiне дейiн бiр айдан кешiктірмей
мерзiмдi баспасөзде жариялануы тиiс.
Конкурсты ұйымдастырушы хабарландыруларды жариялаумен бiр уақытта
уәкiлеттi органды жарияланған конкурс туралы хабардар етедi.
12-бап. Конкурстық құжаттаманың мазмұны және
оның ережелерiн түсiндiру
1. Конкурсты ұйымдастырушы барлық ықтимал өнiм берушiге мынадай
ақпаратты:
1) ықтимал өнiм берушiлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарды және өзiнiң қойылатын бiлiктілік талаптарға сәйкестiгiн растайтын ықтимал өнiм берушi табыс ететiн құжаттардың талаптары мен басқа да ақпаратты;
2) техникалық ерекшелiктердi, жоспарларды, сызбалар мен нобайларды қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң сипаттауы мен талап етiлетiн техникалық және сапалық сипаттамаларын;
3) сатып алынатын тауардың санын, орындалатын жұмыстар мен қызметтердiң көлемiн;
4) жұмыстардың орындалу немесе тауарларды жеткізу мен қызметтердi көрсету орнын;
5) талап етiлетiн тауарларды жеткiзу, жұмыстарды орындау немесе қызметтердi көрсету мерзiмдерiн;
6) төлем шарттарын;
7) жеңiп шыққан конкурстық өтiнiмдi анықтау негiзделетiн бағадан басқа, барлық өлшемдердің сипаттауы, соның ішінде мұндай әрбiр өлшемдердің салыстырмалы мәнiн, конкурстық өтiнiмдердi бағалау мен салыстыру тәсiлiн сипаттауды;
8) егер тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң балама сипаттамаларына жол берiлсе, балама конкурстық өтiнiмдерге баға беру мен салыстыру әдiсiнiң тиiстi нұсқауы мен сипаттамасын, шарттың ережелерi немесе конкурстық құжаттамада айтылған басқа талаптарды;
9) тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің өздерiнің құнынан басқа, баға басқа элементтердi (тасымалдауға және сақтандыруға, кеден баждарын, салықтар мен алымдарды және т.б. төлеуге арналған шығыстар) қамтуы тиiстiлiгiне не тиiсті еместiгiне қатысты нұсқамаларды қоса алғанда, конкурстық өтінімнiң бағасын есептеу тәсiлiн;
10) конкурстық өтiнiмнiң бағасы көрсетiлуi тиiс валютаны немесе валюталарды және конкурстық өтiнiмдердiң бағаларын салыстыру мен бағалау мақсатында оларды бiрыңғай валютаға келтiру үшiн қолданылатын бағамды;
11) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңына сәйкес конкурстық өтiнiмдердi жасаудың, мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасудың және ұсынудың тiлiне қойылатын талаптарды;
12) конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзудiң шарттарын, мазмұнын және нысанын;
13) ықтимал өнiм берушiнiң конкурстық өтiнiм берудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн өзiнiң конкурстық өтiнiмiн өзгерту немесе қайтарып алу құқығына тиiстi нұсқаманы;
14) конкурстық өтiнiмдер беру тәсiлiн, орнын және соңғы мерзiмiн (бiрақ жұмыс күнгi жергiлiктi уақыт бойынша 14-00 сағаттан кеш емес) және олардың қолданылу мерзiмiн;
15) конкурстық құжаттамаға байланысты ықтимал өнiм берушiлер түсiндiрме сұрата алатын тәсiлдердi және конкурсты ұйымдастырушының сол кезеңде ықтимал берушiлермен кездесу өткiзу ниетi туралы мәлiмдемесiн;
16) конкурстық өтiнiмдер салынған конверттер ашылатын орынды, күндi және уақытты (бiрақ конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi өткен сәттен бастап екi сағаттан кеш емес);
17) конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу және конкурстық өтiнiмдердi қарау үшiн пайдаланылатын рәсiмдердi;
18) конкурсты ұйымдастырушының конкурсты дайындау және өткiзу кезiнде конкурсты ұйымдастырушыны бiлдiруге уәкiлеттiк берiлген лауазымды тұлғалары туралы деректердi;
19) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу шарттарын, нысанын, көлемiн және тәсiлiн;
20) осы Заңға сәйкес отандық ықтимал өнiм берушiлерге басымдық беру шарттары мен тәртiбiн қамтитын конкурстық құжаттаманы ұсынуға мiндетті.
2. Тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң бiртектi түрiн сатып алуға конкурс өткiзу кезiнде конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi оларды жеткiзу (орындау, көрсету) орны бойынша бөлiктерге (лоттарға) бөлуге мiндеттi. Бiрнеше бiртектi тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алуға конкурс өткiзу кезiнде конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi оларды бiртекті түрлерi мен жеткiзу (орындау, көрсету) орны бойынша бөлiктерге (лоттарға) бөлуге мiндеттi. Бұл ретте тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң әрбiр лоты бойынша конкурс жеңiмпазы анықталады.
3. Құрылыс мерзiмi 12 айдан астам объектiлердi салуға арналған және (немесе) күрделі сипаты бар мердiгерлiк жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жүргiзiлген жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада сатып алу үшiн көзделген ең жоғары соманы көрсетуi мүмкiн.
4. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы бергенi үшiн конкурсты ұйымдастырушының оны дайындауға, басып шығаруға және таратуға арналған шығыстарынан аспайтын мөлшерде Қазақстан Республикасының Yкiметi белгілейтiн тәртiппен және шарттарда ақы алуға құқылы. Егер конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттiк мекеме болса, мұндай ақы тиiстi бюджеттiң кiрiсiне аударылады.
5. Ықтимал өнiм берушi конкурстық құжаттама ережелерiне түсiндiрме беру туралы сұрау салуға құқылы, бiрақ ол конкурстық өтiнiм берудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiнгі 10 күннен кешiктiрiлмеуi тиiс. Конкурсты ұйымдастырушы ықтимал өнiм берушiнiң мұндай сұрау салуына үш күн мерзiм iшiнде жауап қайтаруға және сұрау салудың кiмнен түскенiн көрсетпестен, конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама ұсынған барлық ықтимал берушiге осы түсiндiрулердi хабарлауға тиiс.
6. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiм ұсынудың соңғы мерзiмi өткенге дейiн 7 күннен кешiктiрмей өзiнiң жеке бастамасымен не қандай да бiр ықтимал өнiм берушiнiң тарапынан түскен түсiндiрме беру туралы сауалға жауап ретiнде толықтыру шығару арқылы конкурстық құжаттаманы өзгертуге құқылы. Толықтыру конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы ұсынған барлық ықтимал өнiм берушiге дереу хабарланады және оның осындай ықтимал өнiм берушiлер үшiн мiндеттi күшi болады. Бұл ретте конкурсты ұйымдастырушы ықтимал өнiм берушiлерге осындай толықтыруларды өздерiнiң конкурстық өтiнiмдерiнде ескеру үшiн уақыт бере отырып, конкурстық өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмiн кемiнде 10 күн мерзiмге ұзартады.
7. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру үшiн конкурстық құжаттамада көрсетiлген белгiлi бiр жерде және тиiстi уақытта ықтимал өнiм берушілермен кездесу өткiзуге құқылы. Бұл ретте конкурсты ұйымдастырушы осы кездесу барысында ұсынылған олардың көзiн көрсетпестен, конкурстық құжаттаманы түсiндiру туралы сұрау салуларды, сондай-ақ осы сұрау салуларға жауаптарды қамтитын хаттама жасайды. Хаттама конкурстық құжаттаманы конкурсты ұйымдастырушы ұсынған барлық ықтимал өнiм берушiге дереу жiберiледi.
8. Конкурстық құжаттама уәкiлеттi орган бекiтетiн үлгiлiк конкурстық құжаттама негiзінде жасалады.
13-бап. Конкурстық өтiнiмдердің қолданылу, табыс
етілу, өзгертiлу және қайтарып алыну мерзiмi
1. Конкурсқа қатысуға тілек білдiрген ықтимал өнiм берушi конкурстық өтiнiмдердi берудің соңғы мерзiмi өткенге дейiн конкурстық құжаттамаға сәйкес конкурстық өтiнiмдi желiмделген конвертке салып конкурсты ұйымдастырушыға табыс етуге мiндеттi.
Ықтимал өнiм берушi өзiнiң конкурстық өтiнiмiн дайындауға және беруге, сондай-ақ оның осы Заңның 12-бабының 7-тармағына сәйкес конкурсты ұйымдастырушы өткiзетiн кездесуге қатысуына байланысты барлық шығысты көтередi. Конкурсты ұйымдастырушы, тапсырыс берушi және конкурстық комиссия конкурстың нәтижесiне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөнiнде мiндеттеме алмайды.
2. Конкурстық өтiнiмдер конкурстық құжаттамаға сәйкес конкурстық өтiнiмде көрсетiлген мерзiм бойы күшiнде қалады.
3. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiнгі 10 күннен кешiктiрмей ықтимал өнiм берушiлерден осы мерзiмдi қосымша нақты уақыт кезеңiне ұзартуды өтiне алады. Ықтимал өнiм берушi өзi берген конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтып алу құқығын жоғалтпай, мұндай сауалдан бас тарта алады және оның конкурстық өтiнiмiнің қолданылу мерзiмi ұзартылмаған қолданылу мерзiмi өткенде аяқталады.
4. Ықтимал өнiм берушi өзi берген конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтарып алу құқығын жоғалтпай, конкурстық өтiнiмдердi тапсырудың соңғы мерзiмi өткенге дейiн өзiнiң конкурстық өтiнiмiн өзгертуi немесе оны қайтарып алуы мүмкiн. Осындай қайтарып алу туралы өзгерiс немесе хабарлама, егер оны конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердi тапсырудың соңғы мерзiмi өткенге дейiн алса, жарамды болып табылады.
14-бап. Конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз ету
1. Конкурсқа қатысуға тiлек-білдiрген ықтимал өнiм берушi осы баптың 2-тармағында айтылған жағдайларды қоспағанда, шарттың жалпы ұсынылған сомасының 3 пайызынан 5 пайызына дейiнгі көлемде, конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, тәсiлмен және шарттарда конкурстық өтiнiмдердi тапсырудың соңғы мерзiмi өткеннен кейiн өзiнiң конкурстық өтiнiмiн қайтарып алмайтынына немесе өзгертпейтiнiне, сондай-ақ оның конкурстық өтінімі жеңіп шыққан деп танылған жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа қол қоятынына кепiлдiк беретiн конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзуге мiндеттi.
2. Ықтимал өнiм берушiлер, егер:
1) олар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болса және егер олар ұсынатын конкурстық өтiнiмдерде тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң көлемi құндық түрде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған айлық есептiк көрсеткіштiң екi мың еселенген мөлшерiнен аспайтын жағдайда ғана;
2) мемлекеттiк сатып алу нысанасы iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер, әзiрлеулер жүргiзу болса;
3) олар екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып конкурстың бiрiншi кезеңiне қатысса, конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгізбейдi.
3. Конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз ету:
1) ақшалай қаражат кепiлi;
2) банктiң кепiлдiгi түрiнде берiлуi мүмкiн.
4. Конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi конкурстық өтiнiмнiң өзiнiң әрекет ету мерзiмiнен кем болмауы тиiс.
5. Конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз ету, егер ықтимал өнiм берушi:
1) конкурстық өтiнiм берудiң соңғы мерзiмi өткеннен кейiн конкурстық өтiнiмдi қайтарып алса немесе өзгертсе;
2) конкурстың жеңiмпазы ретiнде анықтала отырып, мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа қол қоймаса;
3) конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғаннан кейiн мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзбесе, конкурстық өтiнiмдi және тиiстi қамтамасыз етудi ұсынған ықтимал өнiм берушiге қайтарылмайды.
Бұл ретте, мемлекеттiк сатып алу мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен жүзеге асырылған жағдайда, конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз ету сомасы тиiстi бюджеттiң кiрiсiне есепке алынады.
6. Конкурстың ұйымдастырушысы ықтимал өнiм берушiге мына жағдайларда:
1) конкурстық өтiнімдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi өткенде;
2) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енгенде;
3) конкурстың жеңiмпазы анықталмай, мемлекеттiк сатып алу туралы рәсiмдер тоқтатылғанда;
4) конкурстық өтiнiмдердi табыс етудің соңғы мерзiмi өткенге дейiн конкурстық өтiнiм қайтарылып алынғанда;
5) конкурстық құжаттаманың талаптарына сай емес деп табылып, конкурстық өтiнiм қабылданбағанда;
6) конкурстың жеңiмпазы болып басқа ықтимал өнiм берушi анықталғанда, енгiзген конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтарып бередi.
7. Осы баптың 6-тармағының 1)-5) тармақшаларында айтылған жағдайларда, конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтарып беру осы жағдайлар күшiне енген сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi. Осы баптың 6-тармағының 6) тармақшасында айтылған жағдайларда ықтимал өнiм берушiлердiң, конкурс жеңiмпазынан басқа, конкурстық өтiнiмдерiн қамтамасыз етудi қайтарып беру осы жағдай басталған кезден бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.
15-бап. Конкурстық өтінімдер салынған конверттердi ашу
1. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi конкурстық құжаттамада көрсетiлген мерзiмде, уақытта және орында ашады. Конкурстық өтiнiм берген ықтимал өнiм берушi немесе оның уәкiлеттi өкiлi конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан кезде қатысуға құқылы.
2. Конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан кезде конкурстық комиссия қатысушы тұлғаларға ықтимал өнiм берушiлердiң атауын және орналасқан жерiн, олар ұсынған бағаларды, конкурстық өтiнiмдердi қайтарып алуды және өзгертудi, егер бұл орын алған болса, конкурстық өтiнiмдi құрайтын құжаттардың бар екендiгi немесе жоқ екендiгi туралы ақпаратты хабарлайды және конкурстық өтiнiмдердi ашу хаттамасын жасайды.
Конкурстық өтiнiмдердi ашу хаттамасының көшiрмесi олардың сұраулары бойынша конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан кезде қатыспаған ықтимал өнiм берушiлерге жiберiледi.
16-бап. Конкурстық өтiнiмдердi қарау, бағалау және
салыстыру әрi конкурсты қорытындылау
1. Конкурстық өтiнiмдердi қарау, бағалау және салыстыру кезiнде:
1) конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдердi қарау, бағалау және салыстыруды жеңiлдету үшiн ықтимал өнiм берушiлерден конкурстық өтінім берулеріне байланысты түсіндірмелерді сұратуға құқығы бар;
2) конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап бермейтiн конкурстық өтінімдi осы талаптарға сәйкес келтiру үшiн ешқандай да сұрау салуға, ұсыныстарға немесе рұқсаттарға жол берiлмейдi.
2. Егер конкурстық өтiнiмдi конкурстық құжаттамада айтылған сипаттамаларды, шарттар мен басқа талаптарды айтарлықтай өзгертпейтiн немесе олардан елеулi ауытқушылық болып табылмайтын болмашы ауытқулар болғанда немесе онда конкурстық өтiнiмнiң мәнiсiн өзгертпей түзетуге келетiн грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдi конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретiн ретiнде қарайды.
3. Конкурстық комиссия, егер:
1) осы конкурстық өтінімдi берген ықтимал өнiм берушi бiлiктiлiк талаптарына сай келмесе;
2) ықтимал өнiм берушi осы Заңның 14-бабының 2-тармағында айтылған жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзбесе;
3) осы конкурстық өтінім конкурстық өтiнімдерді тапсырудың соңғы мерзiмi өткеннен кейiн тапсырылса немесе ол осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап бермесе, конкурстық өтiнiмдi қабылдамайды.
4. Егер конкурсқа қатысуға біліктiлiк талаптарды қанағаттандыратын кемiнде екi ықтимал берушi конкурстық өтiнiм бермесе, онда конкурстық комиссия осы лот бойынша конкурсты өтпедi деп таниды.
Тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң бiртекті түрлерiн сатып алуға конкурс өткiзу кезiнде, егер қандай да бiр лот бойынша бiлiктiлiк талаптарды қанағаттандыратын кемiнде екi ықтимал берушi конкурстық өтiнiм бермеген болса, конкурстық комиссия осы лот бойынша конкурс өтпеген деп таниды.
Егер ұсынылған барлық конкурстық өтiнiмдер конкурстық құжаттаманың талаптарына сай емес деп танылып қабылданбаса, конкурстық комиссия конкурсты өтпеген деп таниды.
5. Егер конкурс тұтастай алғанда немесе әлдебiр лот бойынша өтпеген деп танылса, онда тапсырыс берушi:
1) конкурстық құжаттаманың мазмұнын өзгертуге және қайтадан конкурс өткiзуге;
2) екi кезеңдi рәсiмдi пайдалана отырып конкурс өткiзуге құқылы.
6. Конкурстық комиссия осы баптың 7-тармағында айтылған жағдайларды
қоспағанда, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап бередi деп танылған
конкурстық өтiнiмдердi бағалайды және салыстырады, тауарлардың,
жұмыстардың және қызметтердiң ең аз бағасы негiзiнде бағалық фактормен
қатар мынадай өлшемдердi ескере отырып, жеңiп шыққан конкурстық өтiнiмдi
анықтайды:
1) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге
және жөндеуге арналған шығыстар;
2) тауарларды жеткiзу, жұмыстарды аяқтау немесе қызметтердi көрсету
мерзiмдерi;
3) тауарлардың функционалдық сипаттамалары;
4) төлем шарттары;
5) тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге кепiлдiк беру шарттары;
6) неғұрлым жоғары экономикалық тиiмдiлiктi қамтамасыз ететiн басқа
да өлшемдер (қосымша инвестициялар, жұмыспен қамтуды ынталандыру,
технологияны беру және басқарушылық, ғылыми және өндiрiс кадрларын
даярлау);
7) осы Заңның 25-бабына сәйкес отандық тауар өндiрушi - ықтимал өнiм
берушiлердi қолдау;
8) ықтимал өнiм берушiнiң бiлiктiлiгі туралы мәлiметтер.
7. Консультациялық қызметтердi тарту мемлекеттік сатып алудың мәнiсi
болып табылған жағдайда:
1) конкурстық өтiнiмнiң бағасы;
2) консультациялық қызметтердiң сапалық сипаттамалары;
3) ықтимал өнiм берушiлердiң осы қызметтердiң рыногындағы жұмыс
тәжiрибесi;
4) ықтимал өнiм берушiнiң және қызмет көрсетумен айналысатын ықтимал өнiм берушi қызметкерлерi құрамының бiлiктiлiк деректерi, беделi, сенiмдiлiгi, кәсiптiк және басқарушылық құзыретi таңдау өлшемдерi болып табылады.
8. Конкурстық комиссия, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан күннен бастап 10 күннен аспайтын мерзiмде конкурстың қорытындыларын шығарады.
9. Конкурстың қорытындылары отырысқа қатысқан конкурстық комиссияның мүшелерi қол қоятын осы Заңның 17-бабына сәйкес хаттама түрiнде ресiмделедi.
10. Конкурстың қорытындысы шыққан күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде конкурсты ұйымдастырушы конкурстың атауын, конкурс жеңiмпазының атын және мекен-жайын, тауарлардың (жұмыстар мен қызметтердiң) атауын және конкурс жеңiмпазы ұсынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бiрлігiнiң бағасын көрсете отырып, жүргiзілген таңдау туралы мерзiмдi баспасөзде жарнамаларды жариялау жолымен барлық қатысқан ықтимал өнiм берушiнi хабардар етедi.
Конкурсты ұйымдастырушы конкурстың қорытындысы туралы хабарландыруды жариялаумен бiрге бiр мезгiлде уәкiлеттi органға конкурстың қорытындысы туралы хаттаманың көшiрмесiн ұсынады.
17-бап. Конкурс қорытындылары туралы хаттама
1. Конкурс арқылы мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылған кезде конкурстың қорытындылары туралы хаттаманы оны ұйымдастырушы ресiмдеуге мiндетті, онда мынадай ақпарат болуға тиiс:
1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң қысқаша сипаттамасы мен атауы;
2) конкурстық өтiнiмдер ұсынған ықтимал өнiм берушiлердiң атаулары мен орналасқан жерi, сондай-ақ конкурс жеңiмпазының атауы, орналасқан жерi және оның жеңiмпаз деп танылған шарттары;
3) конкурстық өтiнiмдер ұсынған ықтимал өнiм берушiлердiң бiлiктілiк деректерi туралы ақпарат немесе осындай деректердің болмауы туралы ақпарат;
4) әрбiр конкурстық өтiнiмнің бағасы және басқа негiзгі жағдайларының қысқаша мазмұны;
5) конкурстық өтiнiмдердi бағалау мен салыстырудың мазмұны;
6) конкурстық өтiнiмдердi қабылдамаудың тиiстi себептерiн көрсету;
7) егер конкурс нәтижесiнде жеңiмпаз анықталмаса, тиiстi себептердi көрсету;
8) конкурстық құжаттаманы түсiндiру туралы сұрау салулардың, оларға берiлген жауаптардың қорытылған мазмұны, сондай-ақ конкурстық құжаттамадағы өзгерiстер мен толықтырулардың қорытылған мазмұны;
9) мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа қол қойылуға тиiстi
(конкурстың жеңiмпазына хабарлаған кезден бастап үш күннен аспайтын)
мерзiмде көрсетiледi.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген ақпарат конкурсқа қатысуға
конкурстық өтiнiм берген кез келген ықтимал өнiм берушiнiң талап етуi
бойынша конкурстың қорытындысы шығарылғаннан кейiн табыс етiледi. Егер бұл
ақпарат Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын құрайтын болса,
онда ол Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы
заңнамасында көзделген тәртiппен берiледi.
3-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТIК САТЫП АЛУДЫ БАСҚА ТӘСIЛДЕРМЕН
ЖYЗЕГЕ АСЫРУ
18-бап. Жабық конкурс
1. Жабық конкурс тауарлар, жұмыстар және қызметтер олардың күрделi немесе мамандандырылған сипаты себебiне байланысты ықтимал өнiм берушiлердiң шектеулi санында ғана болған және осындай ықтимал өнiм берушiлер алдын ала хабарландырылған жағдайда өткiзiледi.
2. Жабық конкурсты өткiзу туралы хабарлама сатып алынатын тауарлары, жұмыстары және қызметтерi бар барлық ықтимал өнiм берушіге осы конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдағанға дейiн бiр айдан кешiктiрмей жiберілуi тиiс.
Хабарлама жiберiлетiн ықтимал өнiм берушiлердiң тiзiмiн конкурсты ұйымдастырушының басшысы бекiтедi.
3. Конкурсты ұйымдастырушы ықтимал өнiм берушiлерге хабарлама жiберумен бiр уақытта өткiзiлетiн конкурс туралы уәкiлеттi органды хабардар етедi және оған хабарламаның мәтiнiн жiбередi.
4. Жабық конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Заңның 2-тарауында айтылған нормалар қолданылады.
19-бап. Екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылатын конкурс
1. Екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылатын конкурс:
1) тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің ерекшелiктерiн толық қалыптастыру қиын болғанда және тапсырыс берушi ықтимал өнiм берушiлердiң конкурстық ұсыныстарын сұрауы және олармен келiссөз жүргiзуi қажет болғанда;
2) ғылыми зерттеулер, эксперименттер, iздестiрулер немесе әзiрлеулер жүргiзу қажет болғанда;
3) бiр кезеңдi ашық конкурс немесе жабық конкурс оның жеңiмпазын анықтамаған жағдайда өткiзiледi.
2. Екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылатын конкурс мынадай кезеңдердiң:
1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң техникалық, сапалық немесе өзге сипаттарына, оларды берудiң (орындаудың) шартты талаптарына қатысты ұсыныстарды ықтимал берушiлердiң конкурстық құжаттаманың негiзiнде сұраудың; конкурстық құжаттамаға сәйкес бағаларын көрсетусiз ықтимал өнiм берушiлер ұсынатын бастапқы конкурстық өтінімдердi қараудың; ықтимал өнiм берушiлердің бiлiктiлiк деректерін қараудың; қажет болған кезде тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң техникалық, сапалық немесе өзге сипаттарына, оларды берудiң (орындаудың) шартты талаптарына қатысты мәселелердi ықтимал берушiлермен талдаудың;
2) ықтимал өнiм берушiлер ұсынған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң техникалық, сапалық немесе өзге сипаттарының негiзiнде конкурстық құжаттамаға конкурсты ұйымдастырушының өзгерiстер енгiзуi; конкурстың бiрiншi кезеңiнен өткен ықтимал өнiм берушiлерге түпкiлiктi конкурстық өтiнiмдердi беру; олардың бағасы және бағалық ұсыныстарды және бағалау өлшемдерiн ескере отырып салыстыру, конкурс қорытындыларын шығарудың жиынтығын бiлдiредi.
3. Екi кезеңдi рәсiмдердi пайдаланып өткiзiлетiн конкурс арқылы мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде бастапқы конкурстық құжаттама осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 2), 7)-9) тармақшаларында айтылған ақпаратты қамтымайды.
4. Ықтимал өнiм берушiнiң конкурстық өтінімдi қамтамасыз етудi қайтару құқығын жоғалтпастан түпкi конкурстық өтінімдi ұсынбауға құқығы бар.
5. Конкурстық комиссия түпкі конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап 10 күннен аспайтын мерзімде екi кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурстық қорытындысын шығарады.
6. Екi кезеңдi рәсімдердi пайдалана отырып, ашық конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Заңның 2-тарауында айтылған нормалар қолданылады.
Екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, ашық конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Заңның 18-бабында айтылған нормалар қолданылады.
20-бап. Баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып,
өнiм берушiнi таңдау
1. Баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып, өнiм берушіні таңдау егжей-тегжейлi ерекшелiктерiнiң тапсырыс берушi үшiн елеулi маңызы жоқ, елеулi шарты оның бағасы болатын нақты тауар, жұмыс және қызмет көрсетуге жүргізiледi.
2. Баға ұсыныстарын сұрауды пайдалана отырып, өнiм берушiнi таңдау егер тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң қандай болса да бiрыңғай түрiн сатып алу көлемi құны жағынан Қазақстан Республикасының заңдарында тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына белгіленген айлық есептiк көрсеткіштiң екi мың еселенген мөлшерiнен аспаған жағдайда ғана қолданылады.
3. Баға ұсыныстарын пайдалана отырып, өнiм берушiнi таңдау тәсiлiн қолдану мақсатында қаржы жылы ішінде тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң бiрыңғай түрлерiн сатып алудың жылдық көлемiн ең болмағанда бiреуiнiң мөлшерi осы баптың 2-тармағында белгiленгеннен кем болатын бөлiктерге бөлшектеуге жол берiлмейдi.
4. Тапсырыс берушi кем дегенде екi қосылмаған ықтимал өнiм берушiден сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге жазбаша баға ұсыныстарын сұратады және белгiленген мерзiмде түскен барлық баға ұсыныстарын қарайды. Тапсырыс берушi ең төмен баға ұсынысын тапсырған ықтимал өнiм берушiден тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алады.
Ескерту: ықтимал берушiнiң үлес тұлғасы - шешімдердi тiкелей және (немесе) жанама анықтауға және (немесе) осы ықтимал өнiм берушi қабылдайтын шешiмдерге, оның iшiнде шарттың немесе өзге де мәмiленiң күшiне ықпал етуге құқығы бар жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзiне қатысты осы ықтимал өнiм берушінiң осындай құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға.
21-бап. Бiр көзден мемлекеттiк сатып алу
1. Бiр көзден мемлекеттiк сатып алу конкурсты қолданбай сатып алуды бiлдiредi және мынадай жағдайларда:
1) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және қызметтер табиғи монополист болып табылатын өнiм берушiде ғана болғанда немесе қандай да бiр нақты ықтимал берушiнiң осы тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге қатысты айрықша құқығы болғанда, балама жоқ болғанда;
2) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайдың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген хабарлануы салдарынан конкурстың өткiзiлуiне мүмкiндiк бермейтiн тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге шұғыл қажеттiлiк туындағанда;
3) тапсырыс берушi қандай да бiр өнiм берушіден тауарларды, жабдықтарды технологияларды немесе қызметтердi сатып ала отырып, сол берушіден сәйкестендiру, стандарттау немесе қажетiне қарай қолдағы тауарлармен, жабдықтармен, технологиямен немесе қызметтермен қосылуын қамтамасыз ету жөнiнде басқа сатып алуды жүргiзуi тиiс екендiгiн анықтайды;
4) конкурсты өтпей қалды деп танылған кезде тапсырыс берушi осы Заңның 16-бабының 5-тармағында көзделген шараларды мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға әкеп соқтырмағанда ғана жүргізiледi;
5) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша осы баптың 3-, 4-тармақтарына сәйкес нақты өнiм берушілер белгiленетiн маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк сатып алу жүргiзiледi.
2. Егер тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң бiртектi түрлерiн сатып алудың жылдық көлемi құндық мәнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған айлық есептiк көрсеткiштiң екi мың еселенген мөлшерiнен асып түссе, табиғи монополиялардың тауарларын (жұмыстарын, қызметтерiн) субъектiлерін қоспағанда, осы баптың 1), 3) және 4) тармақшаларында айтылған жағдайларда мемлекеттiк сатып алу уәкілеттi органмен келiсiм бойынша жүзеге асырылады. Қаржы жылы iшiнде тауардың, (жұмыстың, қызмет көрсетудiң) бiртектi түрлерiн сатып алу көлемiнiң ең болмағанда бiреуiнiң мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамасында тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң екi мың еселенген мөлшерiнен кем болатын бөлiктерге ұсақтауға жол берiлмейдi.
3. Мемлекеттiк сатып алуды бiр көзден жүзеге асыру кезiнде тапсырыс берушi осындай ықтимал өнiм берушiден тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң осы ықтимал өнiм берушi ұсынып отырған бағасының барлық қажетті негiздемелерiн сұратады.
4. Мемлекеттiк сатып алуды бiр көзден жүзеге асыру кезiнде ықтимал өнiм берушi осы Заңның 8-бабында көзделген бiлiктiлiк талаптарды қанағаттандыруы тиiс.
5. Бiр көзден сатып алуды жүзеге асыру кезiнде тапсырыс берушi сатып алу туралы хаттама жүргiзуi тиiс, онда мынадай ақпараттар:
1) бiр көзден мемлекеттік сатып алу әдiсiн қолданудың негiздемесi;
2) бiр көзден сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң қысқаша сипаттамасы;
3) өзiмен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасалатын өнiм берушiнiң атауы және орналасқан жерi және осындай шарттың құны қамтылуы тиiс.
22-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу
1. Тапсырыс берушi конкурс жеңiмпазы болып танылған ықтимал өнiм берушiге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасын жiбередi.
2. Конкурстың жеңiмпазы оның конкурстық өтiнiмiн жеңiп шықты деп тануы туралы хабарламаны және мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын алған кезден бастап үш күн iшiнде осы шартқа қол қоюға немесе тапсырыс берушiнi келiспеушiлiктер туралы немесе шартқа қол қоюдан бас тарту туралы жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
3. Егер конкурс жеңiмпазы деп танылған ықтимал өнiм берушi осы баптың 2-тармағында белгiленген мерзiмде мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа қол қоймаса, тапсырыс берушi ұсынысы тапсырыс берушi үшiн конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес жеңiмпаздың ұсынысынан кейінгi ең қолайлы конкурсқа басқа қатысушымен шарт жасасуға құқылы.
4. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына немесе мемлекеттiк сатып алу туралы қол қойылған шартқа, өнiм берушiнi таңдауға негiз болған ұсыныстың мағынасын өзгертетiн қандай да болсын өзгерiстер мен жаңа шарттарды енгiзуге тараптарға жол берiлмейдi.
5. Тапсырыс берушi өнiм берушiден Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерде және тәртiппен мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзудi талап етуге құқылы. Өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, егер ол конкурстық құжаттамада көзделген жағдайда ғана енгiзедi.
6. Тапсырыс берушi шартта оның тиiстi түрде атқарылуы үшiн айыппұл санкцияларын көздеуге мiндеттi.
4-тарау. АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР
23-бап. Қорғаныс, құқықтық тәртiп және ұлттық
қауiпсiздiк қажеттерiн қамтамасыз етуге
арналған мемлекеттiк сатып алудың ерекше
шарттары
Қорғаныс, құқықтық тәртіп және ұлттық қауіпсiздiк қажеттерiн қамтамасыз етуге арнап мемлекеттiк сатып алу құпиялылық режимiн мемлекеттiк сатып алу процесi үшiн сақтауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабілетінің кепiлдiгiн қамтамасыз етудiң айрықша тәртiбiн белгілеу талап етілетiн жағдайларды қоспағанда, осы Заңға сәйкес жүргiзіледi. Осындай сатып алуды жүргiзудiң ерекше тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейдi.
24-бап. Жеке тұлғалар үшiн мемлекет кепiлдiк берген
қызметтердi сатып алудың ерекше шарттары
Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң актілерiмен мемлекет кепiлдiк берген қызметтердi берушiнi сайлау құқығы тiкелей жеке тұлғаға берiлген жағдайда, тапсырыс берушi Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтайтын тәртiппен белгiленген бағалар (тарифтер) бойынша жеке тұлға таңдаған өнiм берушіден осы қызметтердi мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.
25-бап. Отандық тауар өндiрушiлердi қорғау шарттары
1. Отандық тауар өндiрушi - ықтимал өнiм берушiлер жеңiп шыққан конкурстық өтiнiмдi анықтаған кезде тәртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасының Yкіметi белгiлейтiн басымдыққа ие болады.
2. Отандық тауар өндiрушi - ықтимал өнiм берушiлерге басымдық беру шарты конкурстық құжаттамада айтылуы тиiс.
3. Егер Қазақстан Республикасының аумағында орындалатын жұмыстар немесе қызметтер мемлекеттiк сатып алудың мәнiсi болса, тапсырыс берушi отандық (қазақстандық) шикiзат пен материалдарды, жергілiктi (қазақстандық) еңбек және өндiрiс ресурстарын пайдалана отырып, сатып алынатын жұмыстар мен қызметтердiң орындалуын талап етуге құқылы. Осындай талап конкурстық құжаттамада айтылуы тиiс.
26-бап. Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде
шағын кәсiпкерлiк субъектілерiн қолдау
1. Шағын кәсіпкерлiк субъектiлерiнен сатып алынатын тауарлардың,
жұмыстардың, қызметтер көрсетудiң номенклатурасы мен көлемiн (пайыздық
көрсеткіште) Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын белгiлейдi.
2. Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң жекелеген түрлерiн
мемлекеттiк сатып алу бойынша конкурс ұйымдастыру кезiнде шағын
кәсiпкерлiк субъектiлерiнен конкурстық өтiнiмдер түспеген жағдайда
ұйымдастырушы сатып алуды заңдарда көзделген тәртіппен жалпы негiзде
жүзеге асыруға құқылы.
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
27-бап. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың
орындалуын бақылау
Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың орындалуын бақылауды
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес тапсырыс
берушi жүзеге асырады.
28-бап. Конкурсты ұйымдастырушының, тапсырыс
берушiнiң және конкурстық комиссияның iс-
әрекеттерi мен шешiмдерiне шағым жасау
1. Мемлекеттiк сатып алу туралы заңнама бұзылған жағдайда, кез келген ықтимал өнiм берушiнiң мемлекеттiк сатып алу процесiнiң өткiзiлу барысында конкурсты ұйымдастырушының немесе тапсырыс берушiнiң iс-әрекетi мен шешiмдерiне шағым беруге құқығы бар. Бұл ретте, мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру тәсiлiн таңдау шағым жасалу объектiсi бола алмайды.
2. Мемлекеттік сатып алу туралы заңдардың бұзылу фактiсi анықталған жағдайда, уәкiлетті орган конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс берушi) шешiмдерiнiң жарамсыздығы туралы немесе конкурстық комиссияның мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуы туралы шешiм қабылдауға, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу процесiн тоқтату туралы шешiм қабылдауға құқығы бар.
Бұл ретте, егер мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасалған болса,
уәкiлеттi орган осы мәмiленi жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен сотқа
жүгiнуге құқығы бар.
29-бап. Дауларды шешу
Мемлекеттiк сатып алу процесiнде туындайтын барлық дау Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.
30-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы
бұзғаны үшін жауапкершілік
Конкурсты ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің, ықтимал өнім
берушінің және өнім берушінің лауазымды тұлғалары, сондай-ақ конкурстық
комиссияның төрағасы мен мүшелері мемлекеттік сатып алу туралы заңдардың
бұзылғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.
31-бап. Өзге ұйымдардың мемлекеттік сатып алу рәсімдерін қолдану
мүмкіндігі
Осы Заңның іс-әрекетіне жатпайтын ұйымдардың меншік иесінің шешімі
бойынша осы Заңның нормаларына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және
қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға құқығы бар.
32-бап. Осы Заңды қолдануға енгізу тәртібі
Осы Заң 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолдануға енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші
жойылды деп тану туралы
1-бап.
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы
16 шілдедегі
Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің
Жаршысы, 1997 ж., N 17-18, 216-құжат; 1998 ж., N 23, 415-құжат; 1999 ж., N
23, 932-құжат) күші жойылды деп танылсын.
2-бап.
Осы Заң 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.