Ақмола облысының табиғи кешендерін сақтау және қалпына келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Ақмола облысының аумағында Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Барап" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) құрылсын.
2. Мекеменің аумағында орналасқан ормандар "ерекше құнды орман алқаптары" қорғау санатына жатқызылсын.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) екі айлық мерзімде Мекеменің жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Мекеменің қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігіне көзделген сома есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
5. "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті мен оның қарауындағы жекелеген ұйымдардың мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 ақпандағы N 198 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 74-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
"Ақкөл" орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" деген сөздерден кейін "Барап" орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" деген сөздермен толықтырылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі