Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 22 қазан N 1347

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы K010209_ Кодексінің қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасын сатып алғаны үшін алынатын алымның ставкасы және оны төлеудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 сәуірдегі N 358 P990358_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 12, 114-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 сәуірдегі N 358 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі N 466 P990466_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 14, 145-құжат);
      3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 сәуірдегі N 358

қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 
жылғы 2 желтоқсандағы N 1849  

P991849_

  қаулысы (Қазақстан Республикасының 
ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 526-құжат).
     2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және 
жариялануға тиіс.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады