2001 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерді несиелендіру бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 23 қазан N 1354


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған 2001 жылғы көктемгі егіс және егін жинау 
жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерді несиелендіру 
бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесі бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының 
     Премьер-Министрі    
     
     
                                      Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                          2001 жылғы 23 қазандағы
                                             N 1354 қаулысымен
                                                 бекітілген
     
       2001 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді
      ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерді несиелендіру бойынша сыйақы
                      (мүдде) ставкасын өтеу ережесі
     


      1. Осы Ереже "2001 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезеңінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттерді несиелендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 сәуірдегі N 503 P010503_ қаулысына сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2001 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерді несиелендіру бойынша (бұдан әрі - Жергілікті бюджеттерді несиелендіру) сыйақы (мүдде) ставкасын өтеудің тәртібі мен шартын айқындайды.
      2. Жергілікті бюджеттерді несиелендіру бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу 46 "Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерді несиелендіру бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу" бағдарламасы бойынша (бұдан әрі - бюджеттік бағдарлама) тиісті облыстар әкімдерінің жергілікті бюджеттерді несиелендіру бойынша сыйақыны (мүдде) және республикалық бюджетке нақты аударған мөлшерде және негізгі борышты өтегеннен кейін 2001 жылға арналған республикалық бюджетте Z000131_ көзделген қаражат есебінен жүргізіледі.
      3. Облыстар әкімдері өздерінің несие бойынша негізгі борышты өтеу жөніндегі төлемдердің жүргізілгенін және ол бойынша есептелген сыйақыны растайтын құжаттарды (төлем тапсырыстарын) Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне береді.
      4. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі облыстардың әкімдері берген құжаттар негізінде, осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген шарттарды сақтай отырып, жергілікті бюджеттерді несиелендіру бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу сомасын облыстық бюджеттерге аударуға арналған өтінімді жасайды және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жібереді.
      46 "Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерді несиелендіру бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу" бюджеттік бағдарламасының есебінен облыстық бюджеттерге қаражат бөлуді жоспарлы тағайындауларды, көрсетілген бюджеттік бағдарламадан әкімшілері тиісті облыстардың әкімдері болып белгіленетін тиісті бюджеттік бағдарламаларға көшіру және осы бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру лимиттерін ашу жолымен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүзеге асырады. <*>

     Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.26. N 1699        
              қаулысымен.  

P011699_

 
     5. Облыстар әкімдері тиісті облыстық бюджеттерде жергілікті 
бюджеттерді несиелендіру бойынша сыйақылар (мүдде) ставкасын өтеу сомасын 
есептейді.
     6. Облыстар әкімдерінің алынған несие ресурстары бойынша қаражатты 
және олар бойынша республикалық бюджетке сыйақы (мүдде) төлеудің 
дұрыстығын және уақытылығын бақылауды Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мен 
Қаржы министрлігі жүзеге асырады.
  
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады