1. "2001 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерді несиелендіру бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 қазандағы N 1354 P011354_ қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 2001 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерді несиелендіру бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі облыстардың әкімдері берген құжаттар негізінде, осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген шарттарды сақтай отырып, жергілікті бюджеттерді несиелендіру бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу сомасын облыстық бюджеттерге аударуға арналған өтінімді жасайды және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жібереді.
46 "Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерді несиелендіру бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу" бюджеттік бағдарламасының есебінен облыстық бюджеттерге қаражат бөлуді жоспарлы тағайындауларды, көрсетілген бюджеттік бағдарламадан әкімшілері тиісті облыстардың әкімдері болып белгіленетін тиісті бюджеттік
бағдарламаларға көшіру және осы бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру лимиттерін ашу жолымен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүзеге асырады.". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.