Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы Темір жол көлігінің қызметін үйлестіру туралы келісімнің және Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түркіменстан және Өзбекстан Республикасы үкіметтерінің Темір жол көлігінің қызметін үйлестіру туралы хаттамасының күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 23 қазан N 1357

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 1992 жылғы 23 наурызда Орал қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы Темір жол көлігінің қызметін үйлестіру туралы келісімнің және 1992 жылғы 23 сәуірде Бішкек қаласында жасалған Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түркіменстан және Өзбекстан Республикасы үкіметтерінің Темір жол көлігінің қызметін үйлестіру туралы хаттамасының

 

күші жойылсын.

     2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі заңнамада

белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген халықаралық

шарттарға қатысушы мемлекеттерге Қазақстан Республикасының оның күшін жоюы

ниеті туралы хабардар етсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады