Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігінің арасындағы
табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден
жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны бекіту туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті
Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігінің арасындағы
табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау
және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы
конвенцияны бекіту туралы
2001 жылғы 3 сәуірде Осло қаласында жасалған Қазақстан Республикасы
мен Норвегия Корольдігінің арасындағы табыс пен капиталға қосарланған
салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы
конвенция бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігінің арасындағы
табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау
және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы
Конвенция
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Норвегия Корольдігінің Үкіметі екі
Мемлекет арасындағы экономикалық, ғылыми, техникалық және мәдени
ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға деген ниеттерін растап және табыс
пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден
жалтаруға жол бермеу туралы Конвенция жасасуды қалай отырып,
төмендегілер туралы келісті:
І тарау
Конвенцияның қолданылатын саласы
1-бап
Конвенция қолданылатын тұлғалар
Осы Конвенция Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiреуiнiң немесе екеуiнiң де
резидентi болып табылатын тұлғаларға қолданылады.
2-бап
Конвенция қолданылатын салықтар
1. Осы Конвенция, Уағдаласушы Мемлекеттiң немесе оның аймақтық немесе жергiлiктi өкiмет органдарының атынан алынатын табыс пен капиталға салынатын салықтарға оларды алу әдісіне қарамастан қолданылады.
2. Жылжитын және жылжымайтын мүлiктi шеттетуден алынған табыстарға
салынатын салықтар мен кәсіпорындар төлейтін еңбекақының немесе
жалақының жалпы сомасына салынатын салықтар табыстарға және капитал құнның
өсіміне салынатын салықтарды қоса, табыстың жалпы сомасынан, капиталдың
жалпы сомасынан, капиталдың жалпы сомасынан немесе табыстың не капиталдың
жеке элементтерiнен алынатын салықтардың барлық түрлерi табыс пен
капиталға салынатын салықтар деп есептеледi.
3. Осы Конвенция қолданылатын қазіргі салықтар атап айтқанда, мыналар
болып табылады:
а) Қазақстан жағдайында:
(i) заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
(ii) заңды және жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық;
(бұдан әрi - "Қазақстан салығы" деп аталады);
b) Норвегия жағдайында:
(i) табысқа салынатын ұлттық салық;
(іі) табысқа салынатын аймақтық қалалық салық;
(ііі) табысқа салынатын қалалық салық;
(іv) Салық Басқармасының ұлттық Қорына жарналар;
(v) капиталға салынатын ұлттық салық;
(vі) капиталға салынатын қалалық салық;
(vіі) су асты мұнай ресурстарын барлау мен игеруден, мұнай өнімдерін
құбырмен тасымалдауды қоса алғанда, соларға байланысты әрекеттер мен
жұмыстардан алынатын табыс пен капиталға қатысты ұлттық салық; және
(vііі) резидент емес әртістердің сыйақыларына салынатын ұлттық
алымдар;
(бұдан әрi - "Норвегия салығы" деп аталады).
4. Конвенция, сондай-ақ осы Конвенцияға қол қойылған күннен кейiн
қолданылып жүрген салықтарға немесе солардың орнына қосымша алынатын
бiрдей немесе iс жүзiнде ұқсас кез келген салықтарға қолданылады.
ІІ тарау
Анықтамалар
3-бап
Жалпы анықтамалар
1. Егер түпнұсқадан өзге мағына тумаса, осы Конвенцияның мақсаттары
үшін:
а) (i) "Қазақстан" Қазақстан Республикасын білдiредi. Географиялық мағынада қолданған кезде "Қазақстан" терминi халықаралық құқыққа сәйкес Қазақстан белгiлi бiр мақсаттар үшiн егемендiк құқықтары мен заңдарын жүзеге асыра алатын және Қазақстанның салықтарын реттейтін заңдар қолданылатын аумақтық суларды, сондай-ақ айрықша экономикалық аймақ пен құрлықтық шельфтi қамтиды;
(ii) "Норвегия" термині, Норвегияның заңдарына сәйкес және халықаралық құқықтарға сәйкес Норвегия Корольдігі теңіз табанына, теңіз түбіне қойнауына және олардың табиғи ресурстарына қатысты өзінің құқықтарын жүзеге асыра алатын, Норвегия Корольдігінің аумақтық сулары шегіндегі кез келген аймақты қоса, Норвегия Корольдігін бiлдiредi; термин Свалбардты, Жан Маенді және Антарктидадағы норвегиялық аумақтарды ("biland") қамтымайды;
b) "тұлға" терминi жеке тұлғаны, компанияны және тұлғалардың кез келген басқа бiрлестiгiн бiлдiредi;
c) "компания" терминi салық салу мақсаттары үшiн корпоративтiк бiрлестiк ретiнде қарастырылатын және Қазақстан жағдайында корпоративтiк бiрлестiк ретінде салық салуға жататын, акционерлік компанияны, жауапкершілігі шектеулі компанияны кез келген заңды тұлғаны қамтитын кез келген корпоративтік бірлестікті немесе кез келген экономикалық бiрлiктi бiлдiредi;
d) "Уағдаласушы Мемлекет" және "басқа Уағдаласушы Мемлекет" терминдерi түпнұсқаға қарай, Қазақстанды немесе Норвегияны бiлдiредi;
е) "Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорыны" және "басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорыны" терминдерi тиiсiнше Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқаратын кәсiпорынды және басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқаратын кәсiпорынды бiлдiредi;
f) "халықаралық тасымал" терминi теңiз немесе әуе кемесi басқа Уағдаласушы Мемлекетте тек пункттерi арасында ғана пайдаланылатын жағдайлардан басқа, Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорыны пайдаланатын кез келген теңiз немесе әуе көлiгiмен тасымалды бiлдiредi;
g) "құзыреттi орган" терминi:
(i) Қазақстанда: Қаржы министрлiгiн немесе оның уәкiлеттi өкiлiн;
(ii) Норвегияда: Қаржы және Кеден министрi немесе оның уәкiлеттi өкiлiн бiлдiредi;
h) "ұлттық тұлға" терминi:
(i) Уағдаласушы Мемлекетте азаматтығы бар кез келген жеке тұлғаны;
(ii) Уағдаласушы Мемлекеттiң қолданылып жүрген заңдары негiзiнде өз мәртебесiн алған кез келген заңды тұлғаны, серiктестiктi немесе қауымдастықты - бiлдiредi.
2. Уағдаласушы Мемлекет кез келген уақытта осы Конвенцияны қолданған кезде, онда айқындалмаған кез келген термин, егер түпнұсқадан өзге мағына тумаса, осы Конвенция қолданылатын салықтарға қатысты осы Мемлекеттiң заңдары бойынша ол қандай мағынада пайдаланылса, сондай мағынаға ие және оның осы мемлекеттің салық заңдарына қолдану жөніндегі кез келген мағынасы осы мемлекеттің басқа заңдары бойынша терминге берілетін мағынадан басым болады.
4-бап
Резидент
1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн "Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi" терминi өзiнiң тұрғылықты орны, резиденттiгi, басқару орны, құрылу орны немесе осындай сипаттағы кез келген басқа өлшемнiң негiзiнде, осы Мемлекеттiң заңдары бойынша онда салық салынуға тиiстi кез келген тұлғаны бiлдiредi, сондай-ақ осы Мемлекеттi және оның кез келген аймақтық немесе жергiлiктi өкiмет органын қамтиды. Ол, сондай-ақ зейнетақылық немесе жұмыс істеушілерге арналған жәрдемақылардың басқа да бағдарламасын, сондай-ақ Уағдаласушы Мемлекеттің заңдарына сәйкес құрылған кез келген қайырымдылық ұйымды қамтиды.
Алайда, бұл термин тек осы Мемлекеттегi көздерден алынатын табысқа немесе онда орналасқан капиталға қатысты осы Мемлекетте салық салынуға жататын кез келген тұлғаны қамтымайды.
2. Егер 1-тармақтың ережелерiне сәйкес жеке тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болып табылса, оның мәртебесi мынадай тұрғыдан айқындалады:
а) ол өзiнiң меншiгiне жататын тұрақты баспанасы орналасқан Мемлекеттiң резиденті болып есептеледi; егер оның Уағдаласушы Мемлекеттердің екеуiнде де тұрақты баспанасы болса, ол барынша тығыз жеке және экономикалық қатынасы (өмiрлiк мүдделер орталығы) бар Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi;
b) егер оның өмiрлiк мүдделер орталығы бар Мемлекеттi айқындау мүмкiн болмаса немесе оның Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiреуiнде де өзінің иелігіндегі тұрақты баспанасы болмаса, ол өзi әдетте тұрып жатқан Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi;
с) егер ол әдетте Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнде де тұратын болса немесе олардың бiреуiнде де тұрмаса, ол өзi азаматы болып отырған Мемлекеттiң резиденті болып есептеледi;
d) егер ол екі Мемлекеттің не немесе олардың бірде-бірінің де азаматы
болып табылмаса Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары мәселенi
өзара келiсiм бойынша шешедi.
3. Егер 1-тармақтың ережелерiне сәйкес, жеке тұлғадан өзге тұлға
Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болып табылса, ол онда
тиімді басқару орны бар мемлекеттiң резидентi болып саналады.
5-бап
Тұрақты мекеме
1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн "тұрақты мекеме" терминi
кәсiпорынның кәсiпкерлiк іс-әрекетi толық немесе iшiнара жүзеге асырылатын
тұрақты iс-әрекет орнын бiлдiредi.
2. "Тұрақты мекеме" терминi, атап айтқанда, мыналарды:
а) басқару орнын;
b) бөлiмшенi;
с) кеңсенi;
d) фабриканы;
е) шеберхананы; және
g) шахтаны, мұнай немесе газ ұңғыма, кенiштi немесе табиғи ресурстар өндiретiн басқа да кез келген кен орынын - қамтиды.
3. "Тұрақты мекеме" терминi, сондай-ақ мыналарды қамтиды:
а) құрылыс алаңқайын немесе құрылыс салу немесе монтаждау немесе құрастыру объектiсiн, немесе соларға байланысты көрсетiлген байқау қызметтерін, егер тек мұндай алаң немесе объект 12 айдан астам уақыт әрекет етсе немесе мұндай қызметтер 12 айдан астам уақыт бойы көрсетілсе ғана;
b) табиғи ресурстарды барлау үшiн пайдаланылған қондырғыны немесе құрылыс-жайын, немесе соларға байланысты байқау қызметiн, немесе бұрғылау қондырғысын, егер тек мұндай пайдалану 6 айдан астам уақытқа созылса немесе мұндай қызметтер 6 айдан астам уақыт бойы көрсетілсе ғана;
с) осындай мақсаттар үшін жалдап алынған, қызметшілер немесе басқа қызметкерлер арқылы, консультациялық қызметтер қоса алғанда, қызметтер көрсетуді, егер тек мұндай сипаттағы іс-әрекет елдің көлемінде 12 айдан астам уақытқа жалғасса ғана.
4. Осы Баптың алдыңғы ережелерiне қарамастан "тұрақты мекеме" терминi мыналарды:
а) құрылыстарды тек сақтау, көрсету немесе кәсiпорынға тиесiлi тауарларды немесе бұйымдарды сақтау, көрсету не жiберiп тұру мақсаттары үшiн пайдалануды;
b) кәсiпорынға тиесiлi тауарлар немесе бұйымдар қорын тек сақтау, көрсету немесе жiберiп тұру мақсаттары үшiн ғана ұстауды;
с) кәсiпорынға тиесiлi тауарлар немесе бұйымдар қорын тек өзге кәсiпорынның ұқсату мақсаттары үшiн ұстауды;
d) тұрақты қызмет орынын тек тауарлар немесе бұйымдар сатып алу мақсаттары үшiн немесе кәсiпорынға арналған ақпарат жинау үшiн ғана ұстауды;
е) тұрақты қызмет орынын тек кәсiпорын үшiн дайындық немесе көмекшi сипаттағы кез келген басқа қызметтi жүзеге асыру үшiн ғана ұстауды;
f) тұрақты қызмет орнының осындай амал нәтижесiнде туындаған жиынтық қызметi дайындық немесе көмекшi сипатта болған жағдайда тұрақты қызмет орынын а) тармақшасынан е) тармақшасына дейiн көрсетiлген қызмет түрлерiнiң кез келген амалын жүзеге асыру үшiн ғана ұстауды - қамтиды деп қарастырылмайды.
5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерiне қарамастан, егер оған 6-тармақ қолданылатын, тәуелсiз мәртебесi бар агенттен өзге тұлға кәсiпорынның атынан iс-әрекет етсе және Уағдаласушы Мемлекетте кәсiпорын атынан келiсiм-шарттар жасау өкiлеттiгiне ие болса және оны әдетте пайдаланып жүрсе, тек егер осындай тұлғаның әрекетi 4-тармақта айтылған ережелермен шектелсе, ол егер және тұрақты қызмет орыны арқылы жүзеге асырылса да, осы тұрақты қызмет орынын осы тармақтың ережелерiне сәйкес тұрақты мекемеге айналдырмаса, онда бұл кәсiпорын осы тұлғаның кәсiпорын үшiн жүзеге асыратын кез келген әрекетiне қатысты осы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар кәсiпорын ретiнде қарастырылады.
6. Кәсiпорын осы Мемлекеттегi кәсiпкерлiк қызметiн делдал, бас комиссионер немесе тәуелсiз мәртебесi бар кез келген басқа агент арқылы жүзеге асырғаны үшiн ғана, егер осындай тұлғалар өздерiнiң әдеттегi қызметi шеңберiнде әрекет жасаған жағдайда, Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар кәсiпорын ретiнде қарастырылмайды.
7. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның
басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияны
бақылауы немесе оның бақылауында болуы немесе осы басқа Мемлекетте
кәсiпкерлiк қызметпен айналысуы (не болмаса тұрақты мекеме арқылы немесе
басқа жолмен айналысуы) фактiсiнiң өзi-ақ осы компаниялардың бiрiн
екiншiсiнiң тұрақты мекемесiне айналдырмайды.
ІІІ тарау
Кіріске салық салу
6-бап
Жылжымайтын мүлiктен алынатын табыс
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен алған табысқа (ауыл шаруашылығынан немесе орман шаруашылығынан алған табысты қосқанда) осы басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. "Жылжымайтын мүлiк" терминi қаралып отырған мүлiк орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттiң заңы бойынша қандай мағынаға ие болса, сондай мағынаға ие болады. Термин кез келген жағдайда жылжымайтын мүлiкке қатысты қосалқы мүлiктi, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында пайдаланылатын мал мен құрал жабдықтарды, жер меншiктiлiгiне қатысты жалпы құқықтың ережелерi қолданылатын құқықтарды, жылжымайтын мүлiк узуфруктын және минералдық ресурстарды, қорларды және басқа табиғи қазбаларды игеру үшiн берiлетiн өтемақы ретiндегi өзгермелi немесе кесiмдi төлемдерге арналған құқықтарды және жоғарыда аталғандарды игеру құқығын қамтиды. Теңiз және әуе кемелерi жылжымайтын мүлiк ретiнде қарастырылмайды.
3. 1-тармақтың ережелерi жылжымайтын мүлiктi тiкелей пайдаланудан, жалға беруден немесе кез келген басқа тұрғыда пайдаланудан алынған табысқа қолданылады.
4. 1, 3 тармақтардың ережелерi, сондай-ақ кәсiпорынның жылжымайтын мүлкiнен алынатын табысқа және тәуелсiз жеке қызметтер көрсету үшiн пайдаланылатын жылжымайтын мүлiктен алынатын табысқа қолданылады.
7-бап
Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын табыс
1. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорыны басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекемесі арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналыспаса, кәсiпорынның пайдасына тек осы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер кәсiпорын жоғарыда айтылғанындай, кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын немесе айналысқан болса, онда кәсiпорынның табысына басқа Мемлекетте тек мыналарға:
а) осындай тұрақты мекемеге;
б) осындай тұрақты мекемелер арқылы сатылатын тауарлар мен бұйымдарға сай келетін тауарлар мен бұйымдардың осы басқа Мемлекетте сатылыстарына; және
с) осындай тұрақты кәсіпорын арқылы жүзеге асырылатын, өзінің сипаты жөнінен кәсіпкерлік іс-әрекетпен сай келетін, осы Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асырылатын басқа кәсіпкерлік әрекетке - қатысты тұрғыдан ғана салық салынуы мүмкін.
2. 3-тармақтың ережелерiн ескере отырып, егер Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорыны басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын болса, онда ол осы тұрақты мекеме нақ осындай немесе осыған ұқсас жағдайларда дәл осындай немесе соған ұқсас қызметпен айналысып, өзi тұрақты мекемесi болып табылатын кәсiпорыннан мүлдем дербес әрекет жасағанда алуы мүмкiн пайда әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттегi осы тұрақты мекемеге жатқызылады.
3. Тұрақты мекеменiң пайдасын айқындау кезiнде төмендегi шығындар тұрақты мекеме орналасқан Мемлекетте немесе одан тысқары жерде жұмсалғанына қарамастан басқару және жалпы әкiмшiлiк шығындарын қосқанда, тұрақты мекеменiң мақсаттары үшiн жұмсалған шығындарды шегерiп тастауға болады. Уағдаласушы Мемлекетте шегерiм ретiнде рұқсат етiлген шығындар, тек осы Уағдаласушы Мемлекеттiң iшкi заңдары бойынша шегерiлетін шығындарды ғана қамтиды. Алайда, мұндай шегерiм тұрақты мекеме немесе оның кез келген басқа офисi роялти, гонорарлар немесе басқа ұқсас төлемдердi төлеу жолымен патенттердi немесе басқа құқықтарды пайдаланғаны үшiн орнын толтыру есебiнен басқа ұқсас төлемдердi немесе нақты қызметтер көрсеткенi үшiн немесе менеджмент үшiн комиссиялық ақы төлеу арқылы немесе тұрақты мекемеге қысқартылған сомаға проценттер төлеу арқылы банктiк кәсiпорындар жағдайларынан басқа жағдайларда, төленген сомаларды тұрақты мекемеге шегерiп тастауға болмайды.
4. Бұл әдетте Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемеге қатысты пайданы айқындау кәсiпорынның әртүрлi бөлiмшелерi бойынша оның пайдасының жалпы сомасын тепе-тең бөлу арқылы негiзделетiн болса, 2-тармақта ештеңе де осы Уағдаласушы Мемлекетте әдетте қабылданғанындай, осылай бөлу арқылы айқындауға тыйым салмайды; алайда тепе-тең бөлудiң таңдап алынған әдісі осы Бапта айтылған қағидаттарға сәйкес келетін нәтижелер беруге тиіс.
5. Тұрақты мекеменің кәсіпорын үшін тауарларды немесе бұйымдарды сатып алуының ғана негізінде осы тұрақты мекемеге қандай да бір пайда есептелмейді.
6. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органына қол жетерлік және оңай алынатын тұрақты ақпарат тұрақты мекеменің пайдасы мен шығыстарын айқындау үшін жеткіліксіз болып табылса, пайданың осы Мемлекеттің салық заңдарына сәйкес есептелуі мүмкін. Осы тармақтың мақсаттары үшін, егер құзыретті орган мұндай ақпаратты жазбаша сұратқан күннен бастап 91 күннің ішінде салық төлеуші сұратып отырған құзыретті органға ақпаратты берсе, ақпарат жеңіл алынған ретінде саналады.
7. Мұның алдындағы тармақтардың мақсаттары үшін тұрақты мекемеге жататын пайда, егер мұндай тәртіпті өзгерту үшін жеткілікті және дәлелді себептері болмаса жылдан жылға біркелкі тәсілмен айқындала береді.
8. Егер пайда осы Конвенцияның басқа баптарында айтылған табыстардың түрлерін қамтитын болса, онда бұл баптардың ережелерін осы баптың ережелері қозғамайды.
8-бап
Теңіз және әуе көлігі
1. Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорыны теңіз немесе әуе кемелерін халықаралық тасымалдауда пайдаланудан алған пайдаға тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.
2. 1-тармақтың ережелері, сондай-ақ тұлға бірлескен кәсіпорындарға немесе көлік құралдарын пайдалану жөніндегі халықаралық ұйымдарға қатысудағы пайдаға қолданылады.
3. 1 және 2 тармақтардың ережелері Норвегия, Дания және Швеция бірлестігі Скандинавия Авиажелілері (SAS) жүйесінің автокөлік консорциумы ретінде алған пайдаға, бірақ Dct Norske Luftfartssclskap А\S (DNL), Скандинавия Авиажелілері (SAS) жүйесінің Норвегиялық қатысушысы осы ұйымдағы оның үлесіне сай пайдасына ғана қолданылады.
9-бап
Ассоциацияланған кәсіпорындар
Егер
а) Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорыны басқа Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорынның басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына тікелей немесе жанама түрде қатысса, немесе
b) белгілі бір тұлғалар Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорынын және басқа Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорнын басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына тікелей немесе жанама түрде қатысса; немесе
және кез келген жағдайда, екі кәсіпорынның арасында олардың коммерциялық немесе қаржылық қатынастарында тәуелсіз екі кәсіпорынның арасында орын алуы мүмкіндігінен өзгеше ақуал пайда болса немесе орнаса, онда олардың біріне есептелуі мүмкін, бірақ осы жәйттердің орын алуына байланысты оған есептелмеген кез келген пайда осы кәсіпорынның пайдасына қосылуы және, тиісінше, оған салық салынуы мүмкін.
10-бап
Дивидендтер
1. Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын компаниялардың басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төлейтін дивидендтеріне осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
2. Алайда, мұндай дивидендтерге дивидендтерді төлейтін компания резиденті болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте де осы Мемлекеттің заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкін, ал егер аларман дивидендтердің іс жүзіндегі иесі болып табылса, онда осындай жолмен алынатын салық мыналардан:
а) егер іс жүзіндегі егер дивидендтерді төлейтін компанияның капиталының кемінде 10 процентіне тікелей ие болса - дивидендтердің жалпы сомасының 5 процентінен;
b) барлық басқа жағдайларда - дивидендтердің жалпы сомасының 15 процентінен - аспауы керек.
Осы тармақтың ережелері дивидендтер төленетін пайдаға қатысты компанияға салық салуды қарастырмайды.
3. "Дивидендтер" терминi осы Бапта пайдаланылғанда борыш талаптары болып табылмайтын акциялардан және басқа да құқықтардан алынатын табысты, сондай-ақ резидентi табысты бөлетiн компания болып табылатын, Мемлекеттiң заңдарына сәйкес акциялардан алынатын табыс ретiнде, дәл сондай салық реттеуiне жататын басқа да корпоративтiк құқықтардан алынатын табысты бiлдiредi.
4. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын, дивидендтердiң iс жүзiндегi иесi дивидендтердi төлейтiн компания резидентi болып отырған басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемесi арқылы онда кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса немесе осы басқа Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты базадан тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және төленiп жүрген дивидендтерге қатысы бар холдинг шын мәнiнде осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болса, онда 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретiне қарай 7-баптың (Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда) немесе 14-баптың (Тәуелсiз жеке қызметтер) ережелерi қолданылады.
5. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компания басқа Уағдаласушы Мемлекеттен пайда немесе табыс алып тұрған болса, осы басқа Мемлекет, мұндай дивидендтер осы басқа Мемлекеттiң резидентiне төленетiн немесе өзiне қатысты дивидендтер төленетiн холдинг шын мәнiнде осы басқа Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болатын жағдайды қоспағанда, компания төлейтiн дивидендтерге қандай да болсын салық сала алмайды, егер төленетін дивидендтер немесе бөлінбеген пайда осындай басқа Мемлекетте туындайтын пайдадан немесе толық не болмаса ішінара алып тұрған күннің өзінде де компанияның бөлінбеген пайдасына салық сала алмайды.
6. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын және басқа Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар компанияға, осы тұрақты мекемеге жататын, табысқа салынатын салыққа қосымша, осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн. Бiрақ осындай салық басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуға тиiс компания пайдасы үлесiнiң 5 процентiнен аспауы керек. Осы тармақтың мақсаттары үшін "табыстар" термині, құн өсімінен алынатын кез келген табыстарды қоса, осы Мемлекетте осындай пайдадан алынатын, осында аталған қосымша салықтан өзге барлық салықтар шегерілген жылы алдындағы жылы Уағдаласушы Мемлекеттегі тұрақты мекемеге қатысты пайданы білдіреді.
11-бап
Проценттер
1. Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн проценттерге осы басқа мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Алайда, мұндай проценттерге, сондай-ақ олар пайда болатын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер, алушы проценттердiң іс жүзіндегі иесi болса, онда мұндай жолмен алынған салық проценттердiң жалпы сомасының 10 процентiнен аспайтын болады.
3. "Проценттер" терминi осы Бапта пайдаланылған кезде кепiлдiкпен қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етiлмеген борыштық талаптардың кез келгенiнен алынған табысты, iшiнара үкiметтiң бағалы қағаздарынан алынатын табысты және облигациялардан немесе борыштық мiндеттемелерден алынатын табысты, осы бағалы қағаздар, облигациялар немесе борыштық мiндеттемелер бойынша төленетiн сыйақылар мен ұтыстарды бiлдiредi. Төлемдердiң уақытында жасалмағаны үшiн салынатын айыппұлдар осы Баптың мақсаттары үшiн проценттер ретiнде қарастырылмайды.
4. 2-тармақтың ережелерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын проценттер, егер:
а) проценттер осы Уағдаласушы Мемлекет Үкiметiнің немесе оның аймақтық немесе жергiлiктi өкiмет органының облигацияларына, борыштық міндеттемелеріне немесе басқа да міндеттемелеріне байланысты, проценттердің іс жүзіндегі иесі басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылған жағдайда төленетін болса;
b) проценттер Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары арасында келісіліп отыруы мүмкін, Норвегияның орталық банкі, Норвегияның Экспорттық несиелерді кепілдендіру институты немесе А/S Экспортфинанс немесе кез келген басқа мекеме заемға, берген кепілдендірген немесе сақтандырған берген немесе несиеге қатысты Қазақстан резидентінің Норвегияның резидентіне берешегі бойынша төленетін болса;
с) проценттер Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары арасында келісіліп отыруы мүмкін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе Эксимбанк немесе басқа мекеме берген, кепілдендірген немесе сақтандырған заемға, берген немесе кепілдендірген немесе сақтандырған несиеге қатысты Норвегия резидентінің Қазақстанның резидентіне берешегі бойынша төленетін болса - осы Мемлекетте салықтан босатылады.
5. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын проценттердiң нақты иесi проценттер пайда болатын басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысса немесе осы басқа Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты базадан тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе, ал проценттер төлеуге негiз болып отырған борыш талабы шын мәнiнде осы тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болса 1, 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретiне қарай 7-баптың (Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда) немесе 14-баптың (Тәуелсiз жеке қызметтер) ережелерi қолданылады.
6. Егер төлеушi осы Мемлекеттің резидентi болса проценттер Уағдаласушы Мемлекетте пайда болған болып саналады. Егер алайда, проценттер төлеушi тұлға Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi ме, жоқ па осыған қарамастан Уағдаласушы Мемлекетте проценттер төленетiн қарыз пайда болған тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы болса және осындай проценттердi осындай тұрақты мекеме немесе тұрақты база төлейтiн болса, онда мұндай проценттер осындай тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан Мемлекетте пайда болды деп есептеледi.
7. Егер проценттер төлеушi мен оның іс жүзіндегі иесi арасында немесе сол екеуi мен қандай да болсын басқа бiр тұлғаның арасындағы арнаулы қатынастардың себебінен, борыштық талаптардың негізінде төленетін проценттердің сомасы осындай қатынастар болмаған кезде проценттердi төлеушi мен оның іс жүзіндегі иесi арасында келiсiлген сомадан асып кетсе, онда осы Баптың ережелерi тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда төлемнiң артық бөлiгiне осы Конвенцияның басқа да ережелерiн ескере отырып, әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуы тиiстi.
8. Егер проценттер төленетін борыштық қатынастарды туғызумен немесе жүктеумен байланысты кез келген тұлғаның негізгі мақсаты немесе негізгі мақсаттарының бірі осындай борыштық талаптарды туғызу немесе жүктеу жолымен осы Баптан пайда табу болса, осы Баптың ережелері қолданылмайды.
12-бап
Роялти
1. Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн роялтиге осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Алайда, мұндай роялтиге, сондай-ақ ол пайда болатын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Мемлекеттiң заңына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ роялти алушы және оның нақты иесi басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, онда осылай алынатын салық роялтидiң жалпы сомасының 10 процентiнен аспауға тиiстi.
3. Осы баптың 2-тармағына қарамастан, осы Баптың 4-тармағында айқындалғанындай, лизингке қатысты роялтидің іс жүзіндегі иесіне, егер осындай роялтиді төлеуге қатысты құқық немесе мүлік іс жүзінде осы Уағдаласушы Мемлекеттегі тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, өзінің қалауы бойынша роялти пайда болатын Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін. Мұндай жағдайда осындай құқық пен мүлікке қатысты табыс пен шегерімдерге (негізгі құралдарды сатып алуға байланысты күрделі шығындардың шегерімдерін қоспағанда) жағдайларға байланысты осы Конвенцияның 7-бабының (Кәсіпкерлік қызметтен алынған пайда) немесе 14-бабының (Тәуелсіз жеке қызметтер) ережелері қолданылады.
4. "Роялти" терминi осы бапта пайдаланылған кезде кинематографиялық фильмдердi және фильмдердi немесе радио және телехабарларға арналған таспаларды, кез келген патенттi, сауда маркасын, дизайн немесе үлгiнi, жоспарды, құпия формуланы немесе процестi қоса, әдебиет, өнер және ғылым шығармаларына немесе өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми жабдықтарды пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергенi үшiн немесе өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми тәжiрибеге қатысты ақпараттар үшiн жасалған төлемдердiң кез келген түрiн және өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми тәжiрибенi пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергенi үшiн жасалған төлемдердi бiлдiредi.
5. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын роялтидiң нақты иесi роялти пайда болған басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысса немесе осы басқа Мемлекетте орналасқан тұрақты базадан онда тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және роялти өздерiне қатысты төленетiн құқық немесе мүлiк шын мәнiнде осындай мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретiне қарай 7-баптың (Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда) немесе 14-баптың (Тәуелсiз жеке қызметтер) ережелерi қолданылады.
6. Егер роялти төлеушi осы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, роялти Уағдаласушы Мемлекетте пайда болды деп есептеледi. Егер алайда, роялти төлеушi тұлға Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi ме, жоқ па осыған қарамастан Уағдаласушы Мемлекетте роялти төлеу мiндеттемесiнiң пайда болуына қатысты тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы болса және осындай роялти осы тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, онда мұндай роялти тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан Мемлекетте пайда болды деп есептеледi.
7. Егер роялти төлеушi мен оның нақты иесi арасындағы немесе сол екеуi мен қандай да болсын басқа тұлғаның арасындағы ерекше қатынастардың себебінен, құқықты немесе ақпаратты пайдалануға қатысты төленетiн роялтидiң сомасы осындай қатынастар болмаған кезде роялтиді төлеушi мен оның іс жүзіндегі иесi арасында келiсілген сомадан асып кетсе, онда осы Баптың ережелерi тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда төлемнiң басы артық бөлiгiне, осы Конвенцияның басқа ережелерiн ескере отырып, әрбір Уағдаласушы Мемлекеттiң заңына сәйкес салық салынуға тиiстi.
8. Егер Қазақстан осы Конвенцияға қол қойылған уақытта Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымына (ЭЫДҰ) мүше болып табылатын, үшінші мемлекетпен жасасқан қосарланған салықты болдырмау туралы кез-келген Конвенцияда Қазақстан уақыттан кейін осы баптың 4-тармағында айтылған анықтамадан құқық пен мүліктің кез келген түрін алып тастауға келіссе, немесе Қазақстанда пайда болған роялтиді роялтиге салынатын Қазақстан салығынан босатса немесе 2-тармақта қарастырылған салықтың ставкасын шектесе, онда мұндай айқындау немесе босату, немесе төменірек ставка, автоматты түрде, тиісінше 4-тармақта немесе 2-тармақта қарастырылғаны сияқты, қолданылады.
9. Егер роялти төлеуге қатысты құқықтарды тудыруға және жүктеуге байланысты кез-келген тұлғаның негізгі мақсаты немесе негізгі мақсаттарының бірі осындай құқықтарды тудыру немесе жүктеу арқылы осы Баптан пайда табу болса, бұл баптың ережелері қолданылмайды.
13-бап
Мүлiк құнының өсiмiнен алынатын табыстар
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi 6-бапта (Жылжымайтын мүлiктен алынатын табыстар) айтылған және басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктi шеттетуден алған табыстарға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті:
а) ресми танылған қор биржасында елеулі және тұрақты негізде саудаланатын акциялардан өзге, құнын немесе олардың құнының көпшілік бөлігін Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүліктен тікелей немесе жанама алынатын акцияларды шеттетуден, немесе
b) активтері басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан негізінен жылжымайтын мүліктен, немесе жоғарыдағы а) тармақшасында айтылған акциялардан тұратын әріптестікке немесе сенімгерлік қорына (трастқа) қатысудан - алынатын табыстарға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
3. Бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорыны басқа Уағдаласушы Мемлекетте иелiк етiп отырған тұрақты мекемесiнiң кәсiпкерлiк мүлкiнiң бiр бөлiгiн құрайтын жылжымалы мүлiктi шеттетуден немесе тәуелсiз жеке қызметтер көрсету мақсаттары үшiн Уағдаласушы Мемлекеттiң басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне тиесiлi тұрақты базаға қатысты жылжымалы мүлiктен алатын табыстарына, осындай тұрақты мекеменi (бүкiл кәсiпорынмен жеке немесе бiрге алғанда) немесе осындай тұрақты базаны шеттетуден алынған осындай табыстарға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
4. Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті халықаралық тасымалдауда пайдаланылатын теңiз немесе әуе кемелерiн немесе теңiз және әуе кемелерiн пайдалануға байланысты жылжымалы мүлікті шеттетуден табыстарға тек осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
5. Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын компанияның акцияларын немесе басқа да корпоративтік құқықтарын шеттетуден алынатын табыстар және осы Мемлекеттің резиденті болған және осындай акцияларды, құқықтарды немесе бағалы қағаздарды алғаннан кейін басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне айналған жеке тұлға алған осындай акцияларды немесе құқықтарды шеттетуден алынатын табыстар сияқты осы Мемлекетте салықтық реттеуге түсетін кез-келген бағалы қағаздарды шеттетуден алынған табыстарға, егер акцияларды, құқықтарды немесе бағалы қағаздарды шеттету жеке тұлға бірінші аталған Мемлекеттің резиденті болуын тоқтатқан сәттен кейінгі бес жылдың ішінде кез-келген уақытта жүргізілсе, бірінші аталған Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
6. Мұның алдындағы тармақтарда көрсетiлгеннен өзге кез келген мүлiктi шеттетуден алынған табыстарға мүлiктi шеттетушi тұлға резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
14-бап
Тәуелсiз жеке қызметтер
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын жеке тұлғаның кәсіби қызмет көрсетуге немесе тәуелсіз сипаттағы басқа да қызметтерге қатысты алған табысына осы Мемлекетте ғана салық салынады. Алайда мұндай табысқа егер:
а) жеке тұлға кез келген 12 айлық кезеңде жалпы алғанда 183 күннен асатын кезеңнің немесе кезеңдердің ішінде басқа Мемлекетте болатын болса; немесе
б) жеке тұлғаның өз қызметтерін жүзеге асыру үшін осы басқа Мемлекетте ол ұдайы қатыса алатын тұрақты базасы болса;
ал бірақ оның осы басқа Мемлекетте жүзеге асырылатын қызметтерге қатысты бөлігінде ғана - басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
2. "Кәсiби қызметтер" терминi, iшiнара, тәуелсіз ғылыми, әдеби, әртiстiк, бiлім беру немесе оқытушылық қызметтi, сондай-ақ дәрiгерлердiң, заңгерлердiң, инженерлердiң, сәулеткерлердiң, тiс дәрiгерлерiнiң және бухгалтерлердiң қызметтерiн қамтиды.
15-бап
Тәуелдi жеке қызметтер
1. 16 (Директорлардың сыйақылары), 18 (Зейнетақылар, аннуитеттер, әлеуметтік сақтандыру жүйесінің төлемдері және алименттер) және 19 (Мемлекеттiк қызмет) баптардың ережелерiн ескере отырып, Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi жалданып істеген жұмысына байланысты алған ырыздық ақысына, жалақысына және басқа да осындай сыйақыларына, егер тек жалданып істеген жұмыс басқа Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асырылмаса, осы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер жалданып iстейтiн жұмыс осылайша жүзеге асырылса, онда осындай жұмысқа байланысты алынған осындай сыйақыға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. 1-тармақтың ережелерiне қарамастан, басқа Уағдаласушы Мемлекетте орындалатын, жалдау жұмыстарына байланысты Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi алған сыйақыға тек бiріншi аталған Мемлекетте ғана салық салынады, егер:
а) алушы басталатын немесе аяқталатын тиiстi күнтiзбелiк жылдың 12 айлық кезеңiнiң iшiнде жалпы алғанда 183 күннен аспайтын кезең немесе кезеңдер бойы басқа Мемлекетте тұрған болса; және
b) сыйақыны алушы резиденті болып табылатын және іс-әрекеті жұмыс күшін жалдап алуға қатысты емес мемлекеттің резиденті болып табылатын жалдаушы төлесе немесе жалдаушының атынан төленсе; және
сыйақыны басқа Мемлекеттiң резидентi болып табылмайтын жалдаушы төлесе немесе жалдаушының атынан төленсе; және
с) сыйақыны жалдаушының басқа Мемлекетте ие болып отырған тұрақты мекемесi төлемесе.
3. Осы Баптың мұның алдындағы ережелерiне қарамастан, халықаралық тасымалдарда пайдаланылатын теңiз немесе әуе кемелерiнiң бортында орындалатын, жалдама жұмыстарға қатысты алынған сыйақыларға кәсiпорын резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
4. Егер Норвегияның резиденті Скандинавия Авиа желілері Жүйесінің консорциумы халықаралық тасымалдауда пайдаланатын ұшақтардың бортында жүзеге асырған жалдамалы жұмысына қатысты сыйақы алса, онда мұндай сыйақы алушы резиденті болып табылатын сол Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
16-бап
Директорлардың сыйақылары
Басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын, компанияның директорлар Кеңесінің немесе осындай органының мүшесi Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті алған директорлардың сыйақыларына және басқа да сондай төлемдерге осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
17-бап
Әртiстер мен спортшылар
1. 14 (Тәуелсiз жеке қызметтер) және 15 (Тәуелдi жеке қызметтер) баптардың ережелерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi театр, кино, радио немесе теледидар әртiсi ретінде немесе сазгер, немесе спортшы ретiнде, оның басқа Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асырған жеке қызметiнен алған табысына осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Егер өнер қызметкерiнің немесе спортшының өзiнiң осы сипатында жүзеге асыратын жеке қызметiне алған табысы өнер қызметкерiнiң немесе спортшының өзiне емес, басқа тұлғаға есептелсе, онда бұл табысқа, осы Конвенцияның 7 (Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда), 14 (Тәуелсiз жеке қызметтер) және 15 (Тәуелдi жеке қызметтер) баптарының ережелерiне қарамастан, өнер қызметкерiнің немесе спортшының қызметi жүзеге асырылған Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
3. Егер осы Мемлекетте сапарды едәуiр дәрежеде Уағдаласушы Мемлекеттiң қоғамдық қорлары немесе олардың әкiмшiлiк бөлiмшелерi немесе жергiлiктi өкiмет органдары қаржыландыратын болса, өнер қызметкерiнің немесе спортшының Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асыратын қызметінен алынған 1 және 2-тармақтардың ережелері қолданылмайды. Мұндай жағдайда өнер қызметкерi немесе спортшы резидентi болып табылатын Мемлекетте ғана салық салынады.
18-бап
Зейнетақылар, аннуитеттер, әлеуметтік сақтандыру
жүйесінің төлемдері және алименттер
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн зейнетақыларға (үкіметтік зейнетақылары мен әлеуметтік сақтандыру жүйесінің төлемдерін қоса) және аннуитеттерге осы Мемлекетте ғана салық салынады.
2. Алименттерге және Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн бағып-күтуге арналған басқа да төлемдерге (балаларды бағуға арналған төлемдердi қоса) осы Мемлекетте ғана салық салынады. Алайда, кез келген алиментке және бір Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне, төлеушіге рұқсат етілген жәрдемақы ретінде саналмайтын мөлшерде төлейтін, бағып-күтуге арналған басқа да төлемдерге бірінші аталған Мемлекетте ғана салық салынады.
19-бап
Мемлекеттiк қызмет
1. а) Ырыздықақыға, жалақыға немесе кез-келген жеке тұлғаға Уағдаласушы Мемлекет немесе оның жергiлiктi өкiмет органы осы Мемлекет немесе жергілiктi өкiмет органы үшін жүзеге асырған қызметiне төлейтiн зейнетақыдан өзге, басқа да ұқсас сыйақыға тек осы Мемлекетте салық салынады.
b) Алайда, мұндай ырыздықақыға, жалақыға немесе басқа да ұқсас
сыйақыға, егер қызмет осы Мемлекетте жүзеге асырылса және жеке тұлға осы
Мемлекеттiң резидентi болып табылса, ол:
(i) осы Мемлекеттiң азаматы болып табылса, немесе
(ii) қызметтi жүзеге асыру мақсатымен ғана осы Мемлекеттiң резидентi
болмаған болса,
тек Мемлекетте ғана салық салынады.
2. 15 (Тәуелдi жеке қызметтер) және 16 (Директорлардың сыйақылары)
Баптардың ережелерi ырыздықақыға, жалақыға және Уағдаласушы Мемлекет
немесе оның жергiлiктi өкімет органы жүзеге асыратын кәсіпкерлік әрекетке
байланысты қызметке қатысты басқа да ұқсас сыйақы мен зейнетақыға
қолданылады.
20-бап
Студенттер
Уағдаласушы Мемлекетке нақты келгенге дейін басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылған және бiрiншi аталған Мемлекетте бiлiм алу немесе тәжірибеден өту үшiн ғана тұрып жатқан студент немесе тәжірибеден өтушi алатын, олардың сонда тұруына, бiлiм алуына немесе тәжірибеден өтуіне арналған төлемдер, егер бұл төлемдердің көздерi осы Мемлекеттен тысқары орналасса, осы Мемлекетте салық салынбайды.
21-бап
Оффшорлық қызмет
1. Осы Конвенцияның басқа ережелерiне қарамастан, осы Баптың ережелері мыналарға қолданылады.
2. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын тұлға басқа Уағдаласушы Мемлекетте теңiздің түбiн және оның қойнауларын, басқа да табиғи ресурстарды барлауға немесе игеруге байланысты оффшорлық қызметі жүзеге асырса, осы баптың 3 және 4-баптарына сәйкес осы Мемлекеттегі тұрақты мекемесі немесе тұрақты базасы арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырады деп саналады.
3. Егер ұзақтығы ен екі айлық кез келген кезеңнің 30 күнінен аспайтын уақытта әрекет етсе, 2 тармақтың ережесi қолданылмайды. Алайда, осы тармақтың мақсаты үшiн:
a) басқа кәсіпорын мен бірлескен кәсіпорынның қызметі, егер ол соңғы аталған кәсіпорын арқылы жүзеге асырылса;
b) егер бiреуi немесе екеуі де үшінші тұлғаның немесе тұлғалардың бақылауында тікелей немесе жанама тұрғыда болса, екі кәсіпорын бірлескен болып саналады.
4. Уағдаласушы Мемлекетте теңіздің түбін және оның қойнауларын барлауға немесе игеруге байланысты әрекеттерді жүзеге асыру арқылы, не тіркеме және басқа кемелерді пайдалану арқылы Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті алған пайдаға кәсіпорын резиденті болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
5. а) Осы тармақтың b) тармақшасын ескере отырып, басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан теңiз түбiн және теңіз түбінің қойнауларын және олардың табиғи ресурстарды барлауға немесе игеруге байланысты жалдама жұмысқа қатысты Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті алған ырыздықақыға, жалақыға және сол сияқты сыйақыларға бұл әрекет осы басқа Мемлекеттегі оффшорда қалай жүзеге асырылғанына қарай осы басқа Мемлекетте салық салынады. Алайда, егер басқа мемлекеттiң резидентi болып табылмайтын жалдаушы үшін жалдамалы жұмыс оффшорда және кез-келген 12 айлық кезеңде жалпы алғанда 30 күннен аспайтын кезеңнің немесе кезеңдердің ішінде жүзеге асырылса, мұндай сыйақы тек бiрiншi аталған Мемлекетте салық салуға жатады;
b) теңiз түбi мен қойнауларын және олардың табиғи ресурстарды барлауға немесе игеруге байланысты әрекет басқа Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асырылған, запастарды немесе қызметкерлерді орналасқан жеріне немесе орналасқан жерлері арасында тасымалдаумен айналысатын кеменің немесе ұшақтың бортында орындалатын жалдамалы жұмысқа байланысты немесе осындай әрекетке қосымша пайдаланылатын тіркеме немесе басқа кемелердің бортында орындалатын жалдамалы жұмысқа байланысты Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті алған ырыздықақыға, жалақыға және сол сияқты сыйақыларға осындай әрекетті жүзеге асырушы кәсіпорын резиденті болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
6. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi:
а) барлау немесе игеру құқықтары; немесе
b) басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан мүліктерді және осы басқа Мемлекетте орналасқан теңiздің түбiн және оның қойнауларын, басқа да табиғи ресурстарды барлауға немесе игеруге байланысты пайдаланылатын мүлiктерді;
с) осындай құқықтардан немесе осындай мүліктен, не қосып алғандағы осындай құқықтардан немесе осындай мүліктен өз құнын өзiнiң құнын немесе оның көпшілік бөлігін тікелей немесе жанама алатын акцияларды - шеттетуден алатын табыстарға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
Осы тармақтағы "барлау немесе игеру құқықтары", активтердің проценттері мен жеңілдіктерін қоса, басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан теңiздің түбiн және оның қойнауларын, басқа да табиғи ресурстарды барлаудың және игерудің нәтижесiнде алынатын активтерді игеру құқықтарын бiлдiредi.
22-бап
Басқа табыстар
1. Осы Конвенцияның бұрынғы баптарында айтылмаған, пайда болу көздерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекет резиденті табыстарының түрлеріне тек осы Мемлекетте салық салынады.
2. 6-баптың (Жылжымайтын мүлiктен алынатын табыс) 2-тармағында айқындалған, жылжымайтын мүлiктен алынатын табыстан өзге табысқа, егер мұндай табысты алушы Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi бола отырып, басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан соңғы тұрақты мекеме арқылы осы қызметпен айналысса немесе осы басқа Мемлекетте сонда орналасқан соңғы
тұрақты базадан тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және алынған табысқа
қатысты құқық немесе мүлiк iс жүзiнде осындай тұрақты мекемеге немесе
тұрақты базаға қатысты болса, 1-тармақтың ережесi қолданылмайды. Мұндай
жағдайда, ретiне қарай 7-баптың (Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда)
немесе 14-баптың (Тәуелсiз жеке қызметтер) ережелерi қолданылады.
IV тарау
Капиталға салық салу
23-бап
Капитал
1. Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң меншiгi болып табылатын және басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан, 6-бапта (Жылжымайтын мүлiктен алынатын табыс) аталған жылжымайтын мүлiк ретiнде ұсынылған капиталға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорыны басқа Уағдаласушы Мемлекетте ие болып отырған тұрақты мекеменiң кәсiпкерлiк мүлкiнiң бөлiгiн құрайтын жылжымалы мүлiктен немесе жеке тәуелсiз қызметтер көрсету мақсаттары үшін басқа Уағдаласушы Мемлекетте Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң қарамағындағы тұрақты базаға қатысты жылжымалы мүлiк түрiнде ұсынылған капиталға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
3. Бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорыны халықаралық тасымалдарда
пайдаланатын теңiз және әуе кемелерi және осындай теңiз және әуе кемелерiн
пайдалануға байланысты жылжымалы мүлік түрінде ұсынылған капиталға осы
Мемлекетте салық салынады.
4. Уағдаласушы Мемлекет резидентi капиталының барлық басқа
элементтерiне тек осы Мемлекетте салық салынады.
V Тарау
Қосарланған салықты жоюдың әдістері
24-бап
Қосарланған салық салуды болдырмау
Уағдаласушы Мемлекеттер заңдарының ережелеріне сәйкес және шектеулерін (уақыт өткен сайын, олардың негізгі қағидаларын өзгертпей, түзетулер енгізіліп отыруы мүмкін) ескере отырып:
а) егер Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн табыс тапса, бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекет:
(i) осы резиденттің табысына салынатын салықтан басқа Уағдаласушы Мемлекетте төленетін табыс салығына тең соманы шегеруге;
(іі) осы резиденттiң капиталына салынған салықтан басқа Мемлекетте төленген капиталға салынған салыққа тең соманы шегерiп тастауға рұқсат етедi.
Алайда, мұндай шегерім кез-келген жағдайда табыс салығының немесе капиталға салынатын салықтың, басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін табысқа немесе капиталға қатысты шегерім берілгенге дейін есептелген, бөлігінен аспауға тиісті.
b) Егер Конвенцияның кез-келген ережесiне сәйкес Уағдаласушы
Мемлекеттің резидентіне тиесілі алынған табыс немесе капитал осы
Мемлекетте салықтан босатылған болса, онда осы Мемлекет, алайда, осындай
резиденттің қалған табысына немесе капиталына салынатын салық сомасын
есептеген кезде салықтан босатылған табысты немесе капиталды есепке алуы
мүмкін.
VI Тарау
Арнаулы ережелер
25-бап
Кемсiтпеу
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары, әсiресе резиденттiкке қатысты ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкiн салық салудан немесе осыларға байланысты жағдайлардан өзгеше немесе бiршама ауыртпалықты кез келген салық салуға немесе осыларға байланысты кез келген жағдайға, басқа Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары сондай жағдайда да басқа Уағдаласушы Мемлекетте ұшырамауы тиiс. Осы ереже 1-баптың (Конвенция қолданылатын тұлғалар) ережелерiне қарамастан, сондай-ақ Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де резиденттерi болып табылмайтын тұлғаларға да қолданылады.
2. Уағдаласушы Мемлекеттiң резиденттерi болып табылатын азаматтығы жоқ тұлғалар сондай жағдайларда да тиiстi Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкiн салық салудан немесе осыларға байланысты жағдайлардан өзгеше немесе бiршама ауыртпалықты кез келген салық салуға немесе осыларға байланысты кез келген жағдайға Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрде-бiрiнде ұшырамауы тиiстi.
3. Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорыны басқа Уағдаласушы Мемлекетте ие болып отырған тұрақты мекемеге салық салу осындай қызметтi жүзеге асыратын осы басқа Мемлекеттiң кәсiпорындарына салық салуға қарағанда осы басқа Мемлекетте біршама қолайсыздау болмауы тиiс. Осы ереже бiр Уағдаласушы Мемлекеттi басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне оларды салық төлеуден босатудың және азаматтық мәртебе немесе өзiнiң төл резидентiне беретiн отбасы мiндеттемелерi негiзiнде салық салу бойынша қандай да бiр жеңiлдiктер, шегерiмдер мен кемiтiп көрсетулер берiлетiндей болып пайымдалмауы тиiс.
4. 9-баптың (Ассоциацияланған кәсiпорындар), 11-баптың (Проценттер) 7-тармағының немесе 12-баптың (Роялти) 7-тармағының ережелері қолданылатын жағдайларды қоспағанда Уағдаласушы Мемлекеттің басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төлейтiн проценттер, роялти және басқа төлемдер осындай кәсiпорынның пайдасын айқындау мақсаты үшін олар бiрiншi аталған Мемлекеттiң резидентiне қалай төленсе, нақ осындай жағдайлар кезiнде шегерiлiп тастауға жатады. Бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорыны басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне ұқсас кез келген борышы осындай кәсiпорынның салық салынатын капиталын айқындау мақсаты үшiн бiрiншi аталған Мемлекет резидентiнiң жағдайларындағыдай шегеруге жатады.
5. Капиталы басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң бiр немесе бiрнеше резидентiне толық немесе iшiнара тиесiлi немесе олар толық немесе жанама түрде бақылауға алып отырған бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнына бiрiншi аталған Мемлекеттiң осындай басқа кәсiпорындарына қолданылатын немесе қолданылуы мүмкiн салық салу тәртiптерiне және соған байланысты мiндеттерге қарағанда ерекшеленетiн немесе анағұрлым ауыртпалықты болып табылатын салық салу мiндеттерiне немесе соған байланысты қандай да бiр мiндеттерге бiрiншi аталған Мемлекетте қолданылмауы тиiс.
6. Осы Баптың ережелерi салықтың кез келген тектерi мен түрлерiне қолданылады.
26-бап
Өзара келiсiп алу рәсiмi
1. Егер тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де iс-әрекеттерi өзiн осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуға душар етiп отыр немесе душар ететiн болады деп есептесе, ол осы Мемлекеттердiң iшкi заңдарында көздеген қорғану құралдарына қарамастан өзінің iсiн өзi резидент болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң немесе оның бастан кешірген жағдайы 25-баптың (Кемсiтпеу) 1-тармағына қатысты болса, өзi ұлттық тұлғасы болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органдарының қарауы үшiн бере алады. Арыз Конвенцияның ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуға душар еткен iс-әрекеттер жайлы алғашқы хабар берiлген сәттен бастап үш жыл iшiнде берiлуi тиiстi.
2. Құзыреттi орган, егер ол шағымды орынды деп есептесе және өзi қанағаттанарлық шешімге келе алмаса, Конвенцияға сәйкес келмейтін салық салуды болдырмау мақсатында мәселенi басқа Уағдаласушы Мемлекеттің құзыреттi органымен өзара келiсе отырып шешуге ұмтылады. Кез келген қол жеткiзiлген уағдаластық Уағдаласушы Мемлекеттердiң iшкi заңдарында бар қандай да бiр уақытша шектеулерге қарамастан орындалуға тиiстi.
3. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыретті органдары Конвенцияны пайымдау немесе қолдану кезiнде туындайтын кез келген қиындықтарды немесе күмән-күдiктердi өзара келiсе отырып шешуге ұмтылады. Олар, сондай-ақ Конвенцияда көзделмеген жағдайларда қосарланған салық салуды жою үшiн бiр-бiрiмен консультация өткiзе алады.
4. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары мұның алдындағы тармақтарды келiсiп алуға қол жеткiзу мақсатында бiр-бiрiмен тiкелей байланыс жасай алады. Егер Конвенцияға қол жеткiзу үшiн ауызша пiкiр алысуды ұйымдастыру қажет болса, осындай пiкiр алысу Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдарының өкiлдерi арасында өткiзiлуi мүмкiн.
27-бап
Ақпарат алмасу
1. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары осы Конвенцияның ережелерiн орындауға немесе салық салу әзiрше Конвенцияға қайшы келмейтiндей дәрежеде Конвенция қолданылатын салықтарға қатысты ережелердi немесе Уағдаласушы Мемлекеттердiң iшкi қажеттi ақпарат алысып тұрады. Уағдаласушы Мемлекет алатын кез келген ақпарат осы Мемлекеттiң iшкi заңдарының шеңберiнде алынған ақпарат секiлдi құпия болып есептеледi және Конвенция қолданылатын салықтарға қатысты шағымдарды бағалаумен немесе жинаумен, күшпен жинап алумен немесе тиiстi сот қудалауымен немесе қараумен айналысып жатқан тұлғаларға немесе органдарға ғана (соттар мен әкiмшiлiк органдарды қосқанда) хабарланады. Мұндай тұлғалар немесе органдар ақпаратты осы мақсаттар үшiн ғана пайдаланады. Олар бұл ақпаратты ашық сот мәжiлiсi барысында немесе сот шешiмдерiн қабылдаған кезде аша алады.
2. Ешқандай жағдайда 1-тармақтың ережелерi Уағдаласушы Мемлекеттерге:
а) осы немесе басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдары мен әкiмшiлiк практикасына қайшы келетiн әкiмшiлiк шараларын қолдану;
b) осы немесе басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдары бойынша немесе әдеттегi әкiмшілік практикасы барысында алуға болмайтын ақпарат беру;
с) қандай да бiр сауда, кәсiпкерлiк, өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе кәсiптiк құпияны не сауда процесiн ашуы мүмкiн ақпарат немесе ашылуы мемлекеттiк саясатқа (қоғамдық практикаға) қайшы келуi мүмкін ақпарат беру мiндеттемесiн жүктейтiндей мағынада пайымдалмауы тиiс.
28-бап
Салықтарды жинауға көмектесу
1. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыретті органдары салықтарды проценттермен, шығындарымен және осы Бапта "салық талабы" деп аталған салықтарға жататын айыппұлдармен бірге жинауда бiрiне бірі көмек көрсетуге міндеттенеді.
2. Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органының салық талабын жинауда көмек көрсету туралы тілек-талабы мұндай органның осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық талабы түпкiлiктi белгіленгенін растауын қажет етеді. Осы баптың мақсаты үшiн салық талабы, егер Уағдаласушы Мемлекет өзінің ішкі заңдарына сәйкес салық талабын жинауға құқығы болса және салық төлеушi мұндай алымды тежеуге бұдан әрi құқықсыз болса, салық талабы түпкілікті белгіленген болып табылады.
3. Көмек көрсету туралы тілектің мазмұны болып табылатын талап осындай көмек көрсететін Уағдаласушы Мемлекетте есептелетін салықтардан басым болмайды және 26-баптың 1-тармағының ережелерi, осы Бапқа сәйкес, сондай-ақ Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органы беретін кез-келген ақпаратқа қолданылады.
4. Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органы жинау үшiн қабылдаған Уағдаласушы Мемлекеттiң табыс талабы басқа мемлекетте осы Мемлекеттің өз заңдарының ережелерiне сәйкес оның салықтарын жинауға қатысты түпкілікті белгіленген, өзінің табыс талабы сияқты талаппен жиналады.
5. Уағдаласушы Мемлекеттiң өкілетті органы жинаған салықтардың сомасы осы Бапқа сәйкес басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органына жіберiледi. Алайда, Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыретті органдары өзгеше келіспеген болса, салықтарды жинауға көмек көрсетуге байланысты ұшыраған әдеттегі шығыстарды бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекет жабады және осындай тұрғыда ұшыраған, кез келген болжамсыз шығыстарды басқа Мемлекет жабады.
6. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің салық талабы, оның арыздануға немесе сотта тексерілуге жататындығынан, түпкілікті белгіленбеген болса, онда бұл Мемлекет табыстарын қорғау үшін, басқа Мемлекеттің билігінде бар доғару жөніндегі уақытша шараларды, осы басқа Мемлекеттің заңдарына сай, өзінің атынан қолдану туралы басқа Уағдаласушы Мемлекетке тілек білдіре алады. Егер басқа Мемлекет мұндай тілекті қабыл алса, онда мұндай уақытша шараларды осы басқа мемлекет, бірінші аталған Мемлекетке тиесілі салықтар осы басқа Мемлекеттің өз салықтары болғаны сияқты, қолданады.
7. Осы Бапқа сәйкес, егер салықтық борыштары бар салық төлеушінің есептелген салықты алу үшін осы Мемлекетте жеткілікті мүлігі болмаған жағдайда ғана, Уағдаласушы Мемлекет талап-тілек жасай алады.
8. Осы Бапқа сәйкес, егер салық талабы салық төлеуші бірінші немесе басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылмаған кезеңге жататын болса, Уағдаласушы Мемлекетке салық төлеушіге қатысты көмек көрсетілмейді.
9. Осы Конвенцияның 2-бабының (Конвенция қолданылатын салықтар)
ережелерiне қарамастан осы баптың ережелері кедендік алымдар мен баждардан
басқа салықтардың кез келген түрлеріне қолданылады.
10. Осы Бапта ештеңе Уағдаласушы Мемлекеттердiң ешқайсысына, өзінің
меншікті салықтарын жинаған кезде қолданатындағыдан өзгеше немесе оның
мемлекеттік саясатына (қоғамдық тәртібіне) қайшы келетін сипаттамадағы,
әкімшілік шараларды қолдану туралы міндеттемелерді тану ретінде
пайымдалмайды.
29-бап
Дипломатиялық қызметтер және консулдық мекемелер
Осы Конвенцияның ешқандай ережесi дипломатиялық қызметтердiң немесе
консулдық мекемелердiң халықаралық құқықтың жалпы нормаларымен немесе
арнаулы келiсiмдердiң ережелерiне сәйкес берiлген салықтық артықшылықтарын
қозғамайды.
VII Тарау
Қорытынды ережелер
30-бап
Күшiне енуi
1. Уағдаласушы Мемлекеттердiң әрқайсысы, осы Конвенцияның күшіне енуi үшін, оның заңдарында талап етілетін рәсімдердің аяқталғаны туралы басқасына хабарлайды.
2. Конвенция осы хабарламалардың соңғысы алынған күннен бастап күшiне енедi және осыған байланысты:
а) Конвенция күшiне енген айдан соңғы екінші айдың бірінші күнінен бастап немесе кейін төленетін немесе есептелетін сомаларға қатысты, дивидендтерден, проценттерден немесе роялтиден алынатын, табыстардың көзінен ұсталатын салықтарға қатысты;
b) Конвенция күшіне енген жылдан соңғы күнтiзбелiк жылдың бірінші қаңтарынан бастап немесе кейiн басталатын салық салу кезеңі ішіндегі басқа салықтарға қатысты - қолданылады.
31-бап
Қолданылу күшін тоқтату
Осы Конвенцияның қолдану мерзіміне шек қойылмайды, бірақ ол күшіне енген күннен соңғы бес жылдық кезең біткеннен кейін басталатын кез келген күнтізбелік жылдың 30 маусымында немесе соған дейін әрекетті тоқтату туралы басқа Уағдаласушы Мемлекетке дипломатиялық арналар бойынша жазбаша хабар бере алады. Мұндай жағдайда Конвенция хабарлама берілгеннен соңғы күнтізбелік жылға байланысты (осы жылы басталатын есепті кезеңді қоса) табыс немесе капиталға салынатын салықтарға қатысты әрекетін тоқтатады.
Осыны куәландыру ретінде тиісті дәрежеде өкілеттік берген, төменде
қол қоюшы өкілдер осы Конвенцияға қол қойды.
Осло қаласында 2001 жылғы 3 сәуірде қазақ, норвег, орыс және ағылшын
тілдерінде екі дана етіп жасалды. Мәтіндерді түсіндіру кезінде
келіспеушіліктер туындаған жағдайда ағылшын мәтіні басшылыққа алынатын
болады.
Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігінің
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.