Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне бағалы қағаздар
рыногы және акционерлiк қоғамдардың мәселелерi бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне бағалы қағаздар
рыногы және акционерлiк қоғамдардың мәселелерi бойынша
толықтырулар мен өзгерістер енгiзу туралы"
Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер
мен толықтырулар енгізiлсiн:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда
қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексiне (Жалпы
бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1994 ж., N
23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-бап; Қазақстан
Республикасы Парламентiнiң Ведомостары, 1996 ж. N 2, 187-құжат; N 14,
274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12,
183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N
5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23,
429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 335-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат):
1) 40-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Заңды тұлғаның құрылтайшылары оның құрылтайшылары болып табылмайтын осы заңды тұлғаның басқа қатысушыларының алдында заң актілерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда қандай да болмасын артықшылықтарға ие бола алмайды.";
2) 41-бапта:
1-тармақтың бiрiншi азатжолы мынадай мазмұнда жазылсын:
"1. Егер осы Кодексте және заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, заңды тұлға жарғының және осы заңды тұлғаны құру туралы шарттың (құрылтай шартының) немесе осы заңды тұлғаны бiр тұлға құрса жарғының және жазбаша түрде ресiмделген осы тұлғаның осы заңды тұлғаның құру туралы шешiмiнiң негізiнде құрылады және өзiнiң қызметiн жүзеге асырады. Коммерциялық ұйым болып табылмайтын заңды тұлға заң актiлерiнде көзделген жағдайларда осы түрдегi ұйымдар туралы жалпы ережелердiң негiзiнде iс-әрекет жасай алады.";
мынадай мазмұнды 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Жалғыз құрылтайшының заңды тұлғаны құру туралы шешiмiнiң мазмұнында заңды тұлғаны құру туралы, заңды тұлғаның тiркеу жөнiндегi іс-әрекеттердi жүзеге асыратын тұлғаларды тағайындау туралы шешiм, мүлiктi меншiкке өткiзiп берудiң (шаруашылық жүргізу, жедел басқару) шарттары және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де нормалар болу керек.
Егер заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы басқа заңды тұлға болып табылса, онда осы заңды тұлғаны құру туралы шешiмдi заңға немесе оған (оларға) берiлген өкiлеттiктерге сәйкес осындай шешiм қабылдауға құқықты иеленген құрылтайшы - заңды тұлғаның органы, лауазымды тұлғасы (лауазымды
тұлғалары) немесе қызметкерi (қызметкерлерi) қабылдайды.";
3) 42-бапта:
6-тармақта:
1) тармақшадағы "және акционерлiк қоғамның жарияланған жарғылық
капиталы" деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақшадағы "және жабық акционерлiк қоғамдардың" деген сөздер
алып тасталсын;
4) 58-баптың 9-тармағы алып тасталсын;
5) 77-баптың 2-тармағының бiрiншi азатжолы мынадай редакцияда
жазылсын:
"Жауапкершілігі шектеулi серiктестiк қатысушыларының саны
шектелмейдi.";
6) 86-бап алып тасталсын;
7) 87 және 88-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"87-бап. Акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттары
1. Құрылтай шарты (жалғыз тұлғаның акционерлiк қоғамды құру туралы шешiмi) және жарғы акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттары болып табылады.
Акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттарының мазмұнында осы Кодексте
және өзге де заң актiлерiнде айқындалған мәлiметтер болу керек.
Акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттары нотариалдық куәландыруға
жатады.
2. Жарияланған акциялар шығарылымы мемлекеттiк тiркелген күннен
бастап акционерлiк қоғамды құру туралы құрылтай шартын (жалғыз
құрылтайшының шешiмiн) қолдану тоқтатылады.
3. Акционерлiк қоғамның жарғысын бекiтудiң ерекшелiгі заң актiлерiмен
белгiленедi.
88-бап. Акционерлiк қоғамның жарғылық капиталы
Акционерлiк қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыру және өзгерту
тәртiбi заң актiлерiмен айқындалады.";
8) 89 және 90 баптар алып тасталсын;
9) 91-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жарияланған акциялардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеудiң және оларды орналастырудың ерекшелiктерi бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарда айқындалады.";
3-тармақтағы "қоғамның белгiлi бiр мүлкi" деген сөздер "мүлкi" деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "эмиссиясының (шығарылым шарттарының)" деген сөздер "шығарылымының" деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Акционерлiк қоғам:
1) өз капиталының керi мөлшерi болған кезде немесе қоғамның өз
капиталының мөлшерi оның акциялары бойынша дивидендтер төлеу нәтижесiнде
керi болса;
2) егер онда Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңдарына
сәйкес төлем қабілетсiздiк немесе дәрменсiздiк белгілерi болса не аталған
белгілер қоғамда оның акциялары бойынша дивидендтер төлеудiң нәтижесiнде
пайда болса;
3) егер сот немесе қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы оны тарату
туралы шешiм қабылдаса, қоғамның акциялары бойынша дивидендтер төлеуге
құқылы емес.
Заң актiлерiнде акционерлiк қоғамдарға акциялар бойынша дивидендтер
төлеуге тыйым салынатын өзге де негіздер көзделуi мүмкiн.";
10) 92-бапта:
4-тармақтың екiншi бөлiгi алып тасталсын;
6-тармақтың бiрiншi бөлiгі алып тасталсын;
8-тармақ алып тасталсын;
11) 93-баптың 2-тармағындағы "жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк"
деген сөздер "шаруашылық серiктестiгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 94-баптың 1-тармағындағы "(шығарылған жарғылық капитал)" деген
сөздер алып тасталсын;
13) 110-баптың 1-тармағы мынадай мазмұнды екiншi азатжолмен
толықтырылсын:
"Қаржы рыногында қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғалардың
қауымдастығын құрудың және оларға қатысудың ерекшелiгі заң актiлерiнде
белгіленедi.";
14) 129 және 130 баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"129-бап. Бағалы қағаздар
1. Бағалы қағаз - белгiлi бiр жазбалардың және мүлiктiк құқықтарды
куәландыратын басқа да белгілердiң жиынтығы.
2. Бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар және бағалы қағаздардың
осы Кодексте және өзге де заң актiлерiнде айқындалған өзге де түрлерi
жатады.
3. Бағалы қағаздар шығарылу нысаны бойынша:
1) құжаттандырылған және құжатсыздандырылған;
2) эмиссиялық және эмиссиялық емес;
3) атаулы, ұсынушыға арналған және ордерлiк бағалы қағаздарға
бөлiнедi.
4. Құжаттандырылған бағалы қағаздар - құжаттандырылған нысанда (қағаз немесе бағалы қағаздың мазмұнын арнайы техникалық құралдарды пайдаланусыз тiкелей көрiп оқу мүмкiндiгiмен өзге де заттық тасымалдағышта) шығарылған бағалы қағаздар.
Құжатсыздандырылған бағалы қағаздар - құжатсыздандырылған нысанда (электрондық жазбалар жиынтығы түрiнде) шығарылған бағалы қағаздар.
5. Эмиссиялық бағалы қағаздар - :
1) бiр шығарылымның шегінде бiртектi сипаттарға ие болатын (олардың жекелеген түрлерге және санаттарға бөлiну мүмкiндiгін ескерумен);
2) осы шығарылымның барлық қағаздары үшiн бiрдей шарттарда шығарылатын, айналыста болатын және өтелетiн (егер бағалы қағаздардың осы түрi олардың өтелуiн көздесе) (олардың жекелеген түрлерге және санаттарға бөлiну мүмкiндiгін ескерумен);
3) олардың әрқайсысы осы шығарылымның басқа бағалы қағаздарымен салыстыру бойынша мүлiктiк құқықтардың тең көлемiн куәландыратын (олардың жекелеген түрлерге және санаттарға бөлiну мүмкiндiгін ескерумен) бағалы қағаздар.
Эмиссиялық емес бағалы қағаздар - осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетiлген белгілерге сәйкес келмейтiн бағалы қағаздар.
6. Атаулы бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға тиесiлігін растайтын бағалы қағаз.
Ұсынушыға арналған бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың бағалы қағазды ұсынушыға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.
Ордерлiк бағалы қағаз - онымен куәландыратын құқықтардың онда аталған тұлғаға, ал ол аталған құқықтарды осы Кодекстiң 132-бабының 3-тармағында көзделген тәртiпте өткiзiп берген жағдайда басқа тұлғаға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.
7. Осы Кодексте және заң актiлерiнде қандай да болмасын бағалы қағаздардың белгiлi бiр түрiн шығару мүмкiндiгі алып тасталуы мүмкiн.
130-бап. Бағалы қағазға құқықтарды растау
1. Құжаттандырылған бағалы қағазға құқықты растау бағалы қағаздың өзi болып табылады. Бағалы қағаздар рыногының тиiстi лицензияға сәйкес бағалы қағаздарды сақтауға уәкiлеттiлiк берiлген кәсiпқой қатысушыға құжаттандырылған бағалы қағаз өткiзiлiп берген жағдайда оны есепке алу мақсатында осы кәсiпқой қатысушы ашқан шоттан үзiндi-көшiрме осы бағалы қағазға құқықты растау болып табылады. Құжаттандырылған бағалы қағаздың және аталған шоттан берiлген үзiндi-көшiрменiң арасында алшақтық болған. кезде үзiндi-көшiрме басымды болады.
2. Берілген лицензияға сәйкес бағалы қағаздармен жасалған мәмілелердi тiркеуге уәкiлеттi бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысында бағалы қағазды есепке алу мақсатында ашылған шоттан үзiндi-көшiрме құжаттандырылған бағалы қағазға құқықты растау болып табылады.
3. Бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушының бағалы қағаздарға есеп жүргiзуге арналған шоттарды ашу және жүргізу тәртiбi, сондай-ақ осындай шоттардан берілетiн үзiндi-көшiрмелердiң мазмұнына және ресiмделуiне қойылатын талаптар заңдарда айқындалады.";
15) 132-бапта:
2-тармағының екiншi бөлiгi алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды өткiзiп беру және олар бойынша құқықтарды растау тәртiбi заң актілерiнде айқындалады.";
16) 135-бап алып тасталсын;
17) 136-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"136-бап. Облигация
1. Облигация - оны шығару кезiнде алдын-ала белгіленген айналыс мерзiмi бар, оны шығару шарттарына сәйкес облигацияны шығарған тұлғадан ақшалай немесе өзге де мүлiктiк балама түрде ол бойынша сыйақы және оның айналыс мерзiмiнiң аяқталуы бойынша облигацияның атаулы құнын алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз.
2. Облигациялар тек атаулы эмиссиялық бағалы қағаздар ретiнде шығарылады.
3. Облигацияларды тек коммерциялық ұйымдар, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және жергiлiктi атқарушы органдар шығара алады.
4. Облигациялардың түрлерi және оларды шығару тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленедi.";
18) 139-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"139-бап. Акция
1. Акция - акционерлiк қоғам шығаратын және акционерiнiң акционерлiк қоғам табысының бір бөлiгін дивиденд түрiнде алуға, қоғамның iстерiн басқаруға қатысуға және оның қоғам таратылғаннан кейiн қалған мүлкiнiң бiр бөлiгін алуға құқықтары куәландырылатын бағалы қағаз.
2. Акциялар тек атаулы эмиссиялық бағалы қағаздар ретiнде шығарылады.
3. Акциялардың түрлерi және санаттары заң актiлерiнде белгіленедi.
Акцияларды шығару тәртiбi бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарда белгіленеді.
4. Акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар өз акциялары бойынша дивидендтер төлеудi жүзеге асырмайды.
5. Заң актілерiнде өзiнiң әрекеттерiмен немесе әрекетсiздігімен акционерлiк қоғамның мүддесiн бұзған акционерден сот шешiмi бойынша акцияларды сатып алу мүмкiндiгі көзделуi мүмкiн.
Заң актілерiнде банктердiң және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының оларда заңда белгiленген тәртiппен есептелген өз капиталының керi мөлшерi бар болған жағдайда акцияларды мәжбүрлеп сатып алу мүмкiндiгі және негіздерi көзделуi мүмкін.";
19) 156-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Биржалық мәмiлелер - мән-мағынасы биржадағы айналысқа жiберілген мүлiк болып табылатын және биржада ол өткiзетiн сауда-саттықта тиiстi биржалар (тауарлық, қор және басқа) туралы заңдарға және биржалық сауда ережелерiне сәйкес қатысушылар жасайтын мәмілелер.
2. Биржалық мәмілелер осы мәмiлелердiң жасалғандығын растау ретiнде биржа беретiн құжаттармен ресiмделедi.";
4-тармақтағы "биржалық жарғыларда" деген сөздер "биржалық сауда ережелерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы N 2350 U952350_ Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1995 ж., N 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Ведомостары, 1997 ж., N 11, 150-құжат; 1999 ж., N 21, 787-құжат):
1-баптың отыз үшiншi бөлiгiндегi "жабық" деген сөз алып тасталсын.
3. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банктiк қызмет туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Z952444_ Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Ведомостары, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат):
1) 8-баптың 2-тармағының а) тармақшасындағы "шығарылған" деген сөз "орналастырылған" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 12-бапта:
1-тармақтағы "жабық" деген сөз алып тасталсын;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтағы "ол ашық акционерлiк қоғам болып қайта құрылғаннан кейiн" деген сөздер алып тасталсын;
3) 14-баптың 2-тармағының үшiншi азатжолындағы "атаулы құны" деген сөздер "орналастыру бағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 16-баптың 4-тармағындағы "тек қана олардың атаулы құнынан төмен емес баға бойынша жүргізiлуi мүмкiн" деген сөздер "орналастыру бағасы бойынша жүргізіледi" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 22-баптың 1-тармағының а) тармақшасындағы "сомалық жарияланған", "жарияланған" деген сөздер алып тасталсын;
6) 26-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы "жарияланған" деген сөз алып тасталсын;
7) 30-бапта:
2-тармақтың и) тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын:
"и) сенiмгерлiк операциялар: сенiмгердiң мүддесiнде және тапсырмасы бойынша ақшаны және аффилиирленген бағалы металдарды басқару;";
4-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) бағалы қағаздарды басқару;".
8) 31-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлігіндегі және ж) тармақшасындағы "(жабық қоғамда осы орган болмаған жағдайда - акционерлердiң жалпы жиналысында)" деген сөздер алып тасталсын;
9) 34-баптың 2-тармағындағы "(жабық қоғамда осы орган болмаған жағдайда - акционерлердiң жалпы жиналысында)" деген сөздер алып тасталсын;
10) 40-баптың 7-тармағындағы "(жабық қоғамда осы орган болмаған жағдайда - акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша)" деген сөздер алып тасталсын;
11) 49-баптың 2-тармағының в) тармақшасындағы "жарияланған" деген сөз алып тасталсын;
12) 54-баптың 1-тармағының үшiншi бөлiгіндегi "(жабық қоғамда осы орган болмаған жағдайда - акционерлердiң жалпы жиналысында)" деген сөздер алып тасталсын.
4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 U952721_ Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Ведомостары, 1995 ж., N 24, 163-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Ведомостары, 1997 ж., N 12, 189-құжат; 1999 ж., N 21, 786-құжат; N 23, 916-құжат):
1) 10-баптың 2-тармағындағы "эмиссия" деген сөз "шығарылым" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 12-баптың 2-тармағы "акционерлiк қоғамға" деген сөздерден кейiн "немесе шаруашылық серiктестiкке" деген сөзбен толықтырылсын;
3) 16-баптың 1-тармағы "акционерлiк қоғамға" деген сөздерден кейiн "немесе шаруашылық серiктестiкке" деген сөзбен толықтырылсын.
5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 U962828_ Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Ведомостары, 1996 ж., N 2, 182-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; N 21, 787-құжат):
1-баптың 27-1) тармағындағы "жабық" деген сөз алып тасталсын.
6. "Валюталық реттеу туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Z960054_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Ведомостары, 1996 ж., N 20-21, 404-құжат; 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; 1999 ж., N 20, 722-құжат; 2000 ж., N 4, 23-құжат):
11-баптың 3-тармағындағы "Атаулы құны ұлттық немесе шетелдiк валютада көрсетiлген," деген сөздер алып тасталсын.
7. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Z970077_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Ведомостары, 1997 ж., N 5, 52-құжат; N 12, 184-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 15-16, 238-құжат):
1) 2-бапта:
екiншi-тоғызыншы азатжолдар 1)-8) тармақшалар болып саналсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң аффилиирленген тұлғасы - шешiмдi тiкелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) осы тұлғаның қабылдаған шешiмiне, оның ішiнде ауызша шартты қоса отырып, шарттың немесе өзге де мәмiленiң күшiне әсер етуге мүмкiндiгі бар тұлға (өзiне берiлген өкiлеттiк шегінде осы тұлғаның қызметiн бақылауды жүзеге асыратын немесе оның қызметiн реттейтiн мемлекеттiк органдарды қоспағанда, сондай-ақ осы тұлғаның сол жөнiнде, осындай құқығы бар кез келген тұлға;";
3) тармақшадағы "делдал" деген сөз "кәсiпқой қатысушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы "бұрын шығарылған" деген сөздер алып тасталсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) бағалы қағаз ұстаушы - бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмдерiн жүргiзу жүйесiнде тiркелген және осы бағалы қағазбен куәландырылған мүлiктiк құқықтарды иеленген тұлға;";
оныншы азатжол алып тасталсын;
он бiрiншi-отыз екiншi азатжолдар 9)-30) тармақшалар болып саналсын;
9) тармақша "дилер -" деген сөзден кейiн "бағалы қағаздардың
ұйымдасқан рыногында және бұқаралық ақпарат құралдарында баға кесудi
жариялау арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақшадағы "өз" деген сөз алып тасталсын;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) институциональдық инвестор - өзi тартқан ақшаларды заңға сәйкес
бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына инвестициялайтын заңды
тұлға;";
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) кастодиан - бағалы қағаздар бойынша құқықтарды белгiлеу және
есеп жүргiзу құжаттандырылған бағалы қағаздарды сақтау және клиенттердiң
ақшаларына есеп жүргiзу жөнiндегі қызметтi жүзеге асыратын кәсiпқой
қатысушы;";
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"16) листинг - бағалы қағаздарды сауда-саттық ұйымдастырушының бағалы
қағаздар тiзiмiне сауда-саттық ұйымдастырушының ережелерiнде белгіленген
тәртiпте енгізу;";
17) тармақшадағы "бiр эмиссияның" деген сөздер алып тасталсын;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"облигацияның атаулы құны - облигация құнының оны шығару кезiнде
айқындалған ақшалай көрiнiсi;";
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"24) бағалы қағаздар портфелi - бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң
меншiгiндегі не сенiмгерлiк басқаруындағы әртүрлi бағалы қағаздардың және
өзге де қаржы құралдарының жиынтығы;";
26) тармақшадағы "эмиссиясының" деген сөз "шығарылымының" деген
сөзбен ауыстырылсын;
29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"29) тiркеушi - бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiлiмдерiн жүргізу
жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын кәсiпқой қатысушы;";
30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"30) өзiн-өзi реттейтiн ұйым - бағалы қағаздар рыногында кәсiби
қызметтi жүзеге асырудың бiрыңғай қағидаларын (стандарттарын) әзiрлеу және
қабылдау мақсатында бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушылары құрған
ұйым;";
отыз үшiншi азатжол алып тасталсын;
отыз төртiншi және отыз бесiншi азатжолдар 31) және 32) тармақшалар
болып саналсын;
32) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"32) бағалы қағаздар шығарылымының құрылымы - шығарылатын бағалы қағаздар, олардың түрi, сондай-ақ орналастыру бағалы (атаулы құны) туралы мәлiметтер;";
мынадай мазмұндағы 33) тармақшамен толықтырылсын:
"33) трансфер-агент - бағалы қағаздар рыногында азаматтық-құқықтық мәмiлелердi жүзеге асыру процесiнде ақпарат (құжаттар) қабылдау және беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын кәсiби қатысушы;
отыз алтыншы азатжол 34) тармақша болып саналсын және мынадай редакцияда жазылсын:
"34) бағалы қағаздар портфелiн басқарушы - бағалы қағаздарды, өзге де қаржы құралдарын, сондай-ақ оларды сатып алуға арналған ақшаларды сенiмгерлiкпен басқару жөнiндегі қызметтi жүзеге асыратын кәсiпқой қатысушы;";
мынадай мазмұндағы 35) тармақшамен толықтырылсын:
"35) қаржы құралы - тұтыну құны оны айналыс және (немесе) төлем құралы ретiнде пайдалану мүмкiндiгімен айқындалатын және ұлттық валютаға айырбасталу қабілеттілігін иеленген актив түрi;";
отыз жетiншi - қырық бiрiншi азатжолдар 36) - 40) тармақшалар болып саналсын;
37) тармақшадағы "эмиссия" деген сөз "шығарылым" деген сөзбен, "эмиссияға" деген сөз "шығарылымға" деген сөзбен ауыстырылсын;
38) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"38) эмиссия - эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және оларды орналастыру мақсатында жасайтын iс-әрекетi;";
2) 3-бап мынадай мазмұнды 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылар уәкілеттi орган белгілеген пруденциялық нормативтердi сақтауға мiндеттi. Пруденциялық нормативтердiң құрамына бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушының жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi, өз капиталының жеткiлiктiлiк коэффициентi, сондай-ақ өзге де нормалар және уәкiлеттi органның айқындауы бойынша лимиттер кiредi.";
3) 6-баптың 2-тармағында:
бiрiншi азатжолдағы "Бағалы қағаздар портфелiн қалыптастыру үшiн" деген сөздер "Бағалы қағаздарға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де қаржы құралдарына инвестициялау үшiн. Институциональдық инвесторларға:" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi азатжолдағы "мемлекеттiк емес" деген сөздер "жинақтаушы" деген
сөзбен ауыстырылсын;
4) 7-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Эмиссиялық бағалы қағаздар заң актiлерiнде белгiленген шектеулер
ескерiле отырып құжаттандырылған немесе құжатсыздандырылған нысанда
шығарылуы мүмкiн.";
2 және 3 тармақтар алып тасталсын;
4-тармақтағы "эмиссия" деген сөз "шығарылым" деген сөзбен
ауыстырылсын;
5) 8-тармақ алып тасталсын;
6) 9-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұнды бөлiкпен толықтырылсын:
"Уәкiлеттi орган бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының ұйымдаспаған бағалы қағаздар рыногында бағалы қағаздармен мәмiлелер жасауларына шектеу белгiлеуге құқылы.";
5-тармақтағы "ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстейтiн ұйымдардың ережелерiмен айқындалады." деген сөздер "ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында сауда-саттық ұйымдастырушылардың ережелерiмен айқындалады." деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 10-бапта:
екiншi-тоғызыншы азатжолдар 1)-8) тармақшалар болып саналсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдарын мемлекеттiк тiркеу, сондай-ақ олардың шығарылым, айналыс және өтеу шарттарын эмитенттердiң сақтауына бақылауды жүзеге асыру;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) заңға сәйкес сауда-саттық ұйымдастырушылардың және институциональдық инвесторлардың қызметiн лицензиялау;";
6) тармақша "бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының" деген сөздерден кейiн ", сауда-саттық ұйымдастырушылардың" деген сөздермен толықтырылсын;
8) 12-баптың атындағы "эмиссиясы" деген сөз "шығарылымы" деген сөзбен ауыстырылсын;
9) 13-бап алып тасталсын;
10) 14-баптың атындағы және мәтiндегі "эмиссия", "эмиссиясының" деген сөздер "шығарылым", "шығарылымының" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 15-бап алып тасталсын;
12) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"16-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тіркеу
1. Жарияланған акциялар шығару туралы шешiм акционерлiк қоғам құрылтайшыларының жиналысында (акционерлердiң жалпы жиналысында) қабылданады.
Акционерлiк қоғам ол әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей құрылтайшылардың арасында орналастырылған акцияларды олардың төленгендiгi расталатын құжаттарды қоса бере отырып жарияланған акциялардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге арналған құжаттарды уәкiлеттi органға ұсынуға мiндеттi.
Жарияланған акциялардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеу құрылтайшыларды акциялар ұстаушылардың тiзiлiмдерiн жүргізу жүйесiнде акциялар ұстаушылар ретiнде тiркеу үшiн негiз болып табылады.
2. Эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге:
1) ұсынылған құжаттарды қарау және оларды қолданылып жүрген заңдарға сәйкестілігін сараптау;
2) эмитенттiң аудиторлық ұйым (аудитор) растаған қаржылық есебiн қарау;
3) бағалы қағаздарға ұлттық бiрiздендiру нөмiрiн беру және Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымы туралы және эмитент туралы мәлiметтер енгізу;
4) эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәландыратын құжат беру кiредi.
3. Бағалы қағаздарға ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерiн беру тәртiбi бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарда белгіленедi.
4. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудiң ерекшелігі, сондай-ақ оларды шығару айналысы және өтеу тәртiбi бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарда белгіленедi.
5. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн эмитент ұсынған құжаттарды уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге арналған құжаттар ұсынылған күннен бастап отыз күн iшiнде қарайды.
Мемлекеттiк тiркеу үшiн қосымша құжаттар ұсынылған жағдайда
құжаттарды қарау мерзiмi жаңарады.
6. Эмитенттiң лауазымды тұлғасына эмиссиялық бағалы қағаздар
шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн уәкілеттi органға құжаттар ұсынбағаны
немесе құжаттарда анық емес, нақты емес және толық емес мәлiметтер
ұсынғаны үшiн заңда көзделген жауапкершiлiк жүктеледi.";
13) 17-бапта:
баптың атындағы "эмиссияларының" деген сөз алып тасталсын;
2-тармақтағы "эмиссиялары" деген сөз "шығарылымдары" деген сөзбен
ауыстырылсын;
3-тармақтағы "эмиссиялары туралы" деген сөз "шығарылымы туралы" деген
сөзбен ауыстырылсын;
14) 13-бап алып тасталсын;
15) 19-бапта:
атындағы "эмиссиясын" деген сөз "шығарылымын" деген сөзбен
ауыстырылсын;
1-тармақтағы "эмиссиясын" деген сөз "шығарылымын" деген сөзбен
ауыстырылсын, "қаржы" деген сөз алып тасталсын;
3-тармақтағы "эмиссиясын" деген сөз "шығарылымын" деген сөзбен
ауыстырылсын;
16) 20-бапта:
атындағы "эмиссиясын" деген сөз "орналастыруды" деген сөзбен
ауыстырылсын;
1-тармақта:
1-тармақтың бiрiншi бөлiгіндегі "эмиссиясын" деген сөз
"орналастыруды" деген сөзбен ауыстырылсын;
екiншi-бесiншi азатжолдар 1)-4) тармақшалар болып саналсын;
1)-2) тармақшалардағы "эмиссиясын" деген сөздер "шығарылымын және
орналастыруды" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы "эмиссиясының" деген сөз "шығарылымын" деген сөзбен
ауыстырылсын;
2-тармақта:
бiрiншi азатжолдағы "эмиссиясын" деген сөз "орналастыруды" деген
сөзбен ауыстырылсын;
екiншi-төртiншi азатжолдар 1)-3) тармақшалар болып саналсын;
3-тармақтағы "эмиссиясын" деген сөз "орналастыруды" деген сөзбен
ауыстырылсын;
4 және 5 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Уәкілеттi органның бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмiн алған сәттен бастап эмитент осы баптың 2-тармағының талаптарын сақтай отырып баспасөз басылымында бұл туралы хабар жариялауға және анықталған заң бұзушылықтарды уәкілеттi орган белгілеген мерзiмде жоюға міндеттi.
Эмитенттiң бағалы қағаздарын орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмдi уәкiлеттi орган эмитенттiң бағалы қағаздарын ұстаушылар тiзілiмiндегi дербес шоттармен операцияларды тоқтата тұру мақсатында тiркеушiге жiбередi. Тiзiлiмде нақтылы ұстаушының дербес шоты бар болған кезде тiркеушi оны уәкiлеттi орган қабылдаған шешiм туралы ескертуге
мiндеттi.
5. Эмитент бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру үшiн себеп
болып табылған негіздердi жойғаннан кейiн уәкiлеттi орган орналастыруға
шектеулердi алып тастау туралы шешiм қабылдағаннан кейiн ғана бағалы
қағаздарды одан кейiн орналастыруға болады.";
6-тармақ алып тасталсын;
7-тармақтағы "эмиссиясын" деген сөз "орналастыруды" деген сөзбен
ауыстырылсын;
17) 21-бапта:
аты мынадай редакцияда жазылсын:
"21-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын жарамсыз деп тану";
1-тармақта:
бiрiншi азатжолда:
"эмиссиясын" деген сөз "шығарылымын" деген сөзбен ауыстырылсын;
екiншi-бесiншi бөлiктер 1)-4) тармақшалар болып саналсын;
1) және 2) тармақшаларда:
"эмиссиясын" деген сөз "шығарылымын" деген сөздермен ауыстырылсын;
"(тiркелген шығарылым шарттарына)" деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақшада:
"шығарылымы және" деген сөздер алып тасталсын;
"эмиссиясына (тiркелген шығарылым шарттарына)" деген сөздер
"шығарылымына" деген сөзбен ауыстырылсын;
"осындай эмиссияның" деген сөздер "осындай шығарылымның" деген
сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы "эмиссиясын" деген сөз "орналастыруды" деген
сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын жарамсыз деп тану туралы шешiмдi уәкiлеттi орган эмитентке және осы эмитенттiң бағалы қағаздарын ұстаушылардың тiзілімдерiн жүргiзу жүйесiндегi дербес шоттармен жасалған операцияларды тоқтата тұру мақсатында тiркеушiге жiбередi.
Тiзілiмде нақтылы ұстаушының дербес шоты бар болған кезде тiркеушi оны уәкілеттi орган қабылдаған шешiм туралы ескертуге мiндеттi.
Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын жарамсыз деп тану туралы мәлiмет Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiпте енгiзiледі.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Облигациялардың шығарылымы жарамсыз деп танылған жағдайда осы шығарылымның облигациялары эмитентке қайтарылуға жатады. Инвесторларға облигациялардың атаулы құнын өтеу қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2 тармақтармен толықтырылсын:
"2-1. Акциялардың шығарылымы жарамсыз деп танылған жағдайда акционерлiк қоғамның директорлар кеңесi уәкілеттi органның акциялар шығарылымын жарамсыз деп тану туралы ескертпесiн алған күннен бастап екi ай iшiнде мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдау мақсатында акционерлердiң кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруға және өткiзуге мiндеттi:
1) акциялардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы;
2) шаруашылық серiктестiк (өндiрiстiк кооператив) етiп қайта құру туралы;
3) акционерлiк қоғамды тарату туралы.
Акционерлердiң жалпы жиналысында акциялардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы шешiм қабылданғаннан кейiн акционерлiк қоғам акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi қабылданған күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттар ұсынуға мiндеттi.
2-2. Осы баптың 2-1-тармағының талаптарын сақтамаған жағдайда акционерлiк қоғам уәкiлеттi органның талап-арызы бойынша сот тәртiбiмен таратылуға жатады.";
3 және 4 тармақтар алып тасталсын;
5-тармақтағы "эмиссиясын" деген сөз "шығарылымын" деген сөзбен ауыстырылсын;
18) 22-бапта:
аты "бағалы қағаздардың" деген сөздердiң алдында "Эмиссиялық" деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Эмитент орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздар туралы
мәлiметтi олардың шығарылымы мемлекеттiк тiркелген күннен бастап отыз күн
ішiнде баспасөз басылымында жариялауға мiндеттi.
Мемлекеттiк тiркелгенге дейiн шығарылым туралы мәлiметтер жариялауға
тыйым салынады.";
2-тармақтағы "эмиссия (шығарылым шарттарына)" деген сөздер
"шығарылым" деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақта:
"орналастыру" деген сөзден кейiн "және айналымы" деген сөздермен
толықтырылсын;
"әлуеттi инвесторлардың" деген сөздерден кейiн "және бағалы қағаздар
ұстаушылардың" деген сөздермен толықтырылсын;
"эмиссия (тiркелген шығарылым шарттарына)" деген сөздер "шығарылым"
деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақта:
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Әлуеттi инвесторлардың және бағалы қағаздар ұстаушылардың
мүддесiн қозғайтын мәлiметтер мыналар болып танылады:";
2) тармақшада:
"шығарылған (төленген)" деген сөздер "төленген" деген сөзбен
ауыстырылсын;
"ашық" деген сөз алып тасталсын;
3) және 4) тармақшалардағы "ашық" деген сөз алып тасталсын;
10) тармақ "әлуеттi инвесторлардың" деген сөздерден кейiн "және
бағалы қағаздар ұстаушылардың" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтағы "эмиссия (шығарылым шарттарына)" деген сөздер
"шығарылым" деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақта:
"эмиссия (шығарылым шарттарына)" деген сөздер "шығарылым" деген
сөзбен ауыстырылсын;
"әлуеттi инвесторлардың" деген сөздерден кейiн "және бағалы қағаздар
ұстаушылардың" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтағы "эмиссия (шығарылым шарттарына)" деген сөздер
"шығарылым" деген сөзбен ауыстырылсын;
19) 23-бапта:
1-тармақтағы "эмиссия" деген сөз "шығарылым" деген сөзбен
ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтағы "Ашық қоғам" деген сөздер "Эмитент" деген сөзбен
ауыстырылсын;
20) 24-бапта:
баптың аты мынадай редакцияда жазылсын:
"24-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу
қорытындылары туралы есептер";
1-тармақта:
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Эмитент уәкiлеттi органға бағалы қағаздар толық орналастырылғанға дейiн әрбiр алты айдың қорытындысы бойынша (есептi жартыжылдықтың аяқталуы бойынша бiр айдың iшiнде) не олар толық орналастыру аяқталғаннан кейiн бағалы қағаздарды орналастырудың қорытындылары туралы есеп, сондай-ақ уәкiлеттi орган белгіленген тәртiпте облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есеп ұсынуға мiндеттi.";
екiншi бөлiктегі "Ашық халықтық" деген сөз "Халықтық" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтағы "акцияларды шығару және орналастыру" деген сөздер "эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
"шығару және" деген сөздер алып тасталсын;
"осы эмиссияны жарамсыз" деген сөздер "шығарылымды жарамсыз" деген сөздермен ауыстырылсын;
6 және 7 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Егер эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi қарау кезiнде ұсынылған мәлiметтердiң немесе эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын тiркеу үшiн ұсынылған мәлiметтердiң анық еместiгі анықталса, уәкiлеттi орган бағалы қағаздарды одан әрi орналастыруды және айналысын тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға құқылы.
7. Бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту
үшiн ұсынылған мәлiметтердiң анық еместiгi анықталған жағдайда, уәкiлеттi
орган есептi бекiту туралы ескертпе хабарламаны қайтарып алу туралы және
эмиссиялық бағалы қағаздардың айналысын тоқтата тұру туралы шешiм
қабылдауға құқылы.";
21) 24-1-бапта:
1-тармақта:
екiншi-төртiншi азатжолдары 1)-3) тармақшалар болып саналсын;
1) тармақшадағы "жарамсыз эмиссия" деген сөздер "жарамсыз шығарылым"
деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 24-2-бапта:
1-тармақта:
екiнші азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
"Тексерiс жүргiзу кезеңiнде және тексерiстiң нәтижесi бойынша
уәкiлеттi орган мыналарға құқылы:";
екiншi-төртiншi азатжолдар 1)-3) тармақшалар болып саналсын;
1) тармақша "эмитенттерi" деген сөзден кейiн ", сауда-саттық
ұйымдастырушылар" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы "тiзiлiмнiң" деген сөздер "тiзiлiмдегі" деген сөзбен
ауыстырылсын;
2-тармақта:
екiншi - төртiншi азатжолдар 1)-3) тармақшалар болып саналсын;
3) тармақша "эмитенттiң" деген сөзден кейiн ", сауда-саттық
ұйымдастырушының" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұнды 2-1 және 2-2 тармақтармен толықтырылсын:
"2-1. Тексерiс жүргiзу процесiнде эмитент, кәсiпқой қатысушы және сауда-саттық ұйымдастырушы уәкілеттi органның тексерiс үшiн қажеттi құжаттарды ұсыну туралы талабын орындауға мiндеттi.
Қажет болған жағдайда уәкілеттi орган тексерiс актiсiне қоса тiркеу үшiн қажеттi құжаттардың көшiрмелерiн талап етуге құқылы.
Уәкiлеттi орган эмитенттен, кәсiпқой қатысушыдан және сауда-саттық ұйымдастырушыдан тексерiс жүргізу процесiнде және тексерiс нәтижелерi бойынша жазбаша түсiнiк берудi талап етуге құқылы.
2-2. Эмитенттiң, сауда-саттық ұйымдастырушының және кәсiпқой қатысушының қолданылып жүрген заңды бұзғандығын куәландыратын тексерiс нәтижелерi бойынша уәкілеттi орган эмитенттiң бағалы қағаздарының айналысын тоқтата тұру лицензияны қолдануды тоқтата тұру немесе кәсiпқой қатысушының және сауда-саттық ұйымдастырушының лицензиясын қайтарып алу туралы шешiм қабылдауға құқылы.";
23) 25-бапта:
1-тармақтың екiншi-бесiншi азатжолдары 1)-4) тармақшалар болып саналсын;
мынадай мазмұнды 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi акционерлiк қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ұйым жүзеге асыруға құқылы.
Бағалы қағаздар рыногындағы қызметiн жүзеге асыруға лицензия алу үшiн уәкiлеттi органға құжаттарын ұсынған ұйымның, бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушысының және сауда-саттық ұйымдастырушының жарғылық капиталын қалыптастыру тек қана ақшамен жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұнды 4 және 5 тармақтармен толықтырылсын:
"4. Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыру тәртiбi заңдарда және өзiн-өзi реттейтiн ұйымдардың уәкiлеттi органмен келiсiлген ережелерiнде белгiленедi.
5. Бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушысының өзiн-өзi реттейтiн ұйымның қызметiне қатысуы мiндеттi болып табылады.";
24) 26-бапта:
2-тармақта:
"кәсiпқой қатысушы өз капиталының уәкiлеттi орган белгілеген ең төменгi деңгейiнiң" деген сөздер "уәкілеттi орган белгілеген пруденциялық нормативтердi сақтау жөнiндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұнды сөйлеммен толықтырылсын:
"Пруденциялық нормативтердiң құрамына бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерi, өз капиталының жеткілiктілiк коэффициентi, сондай-ақ өзге де нормалар және уәкілеттi органның айқындауы бойынша лимиттер кiреді.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Уәкілеттi орган осы заңда және өзге заң актілерiнде белгіленген тәртiпте лицензия беруден бас тартуға, лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға немесе лицензияны қайтарып алуға құқылы.";
мынадай мазмұнды 3-1, 3-2 тармақтармен толықтырылсын:
"3-1. Уәкілеттi орган:
1) лицензия алу немесе лицензиаттың қызметi туралы есептi қарау үшiн ұсынылған құжаттардың мазмұнында анық емес немесе нақты емес ақпарат анықталған;
2) лицензия алу үшiн ұсынылған құжаттардағы өзгерiстер туралы ақпарат берiлмеген;
3) лицензиат уәкiлеттi орган белгілеген пруденциялық нормативтердi сақтамаған;
4) лицензиат бағалы қағаздармен операциялар жасау тәртiбiн белгiлейтiн ережелер мен стандарттарды орындамаған немесе бұзған;
5) лицензиат өзiнiң қызметi туралы есептi ұсыну тәртiбiн сақтамаған;
6) өзiн-өзi реттейтiн ұйымға мүше болмаған, сондай-ақ лицензиат
өзiн-өзi реттейтiн ұйымнан шыққан немесе оны шығарған;
7) лицензиат бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi реттейтiн заңдарды
бұзған;
8) лицензиат лицензиялық талаптарды бұзған;
9) лицензиат уәкiлеттi органның ұйғарымын орындамаған жағдайларда
лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға құқылы.
3-2. Уәкiлеттi орган лицензияны тоқтата тұру себептерi жойылмаған
жағдайларда немесе заңда белгіленген өзге де негіздер бойынша лицензияны
қайтарып алуға құқылы.";
25) 27-бапта:
3-тармақтағы "шығарылған" деген сөз "орналастырылған" деген сөзбен
ауыстырылсын;
4-тармақта:
екiншi - төртiншi азатжолдар 1)-3) тармақшалар болып саналсын;
1) тармақшадағы "басқару" деген алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетiлген тұлғалардың
аффилиирленген тұлғалары.";
26) 28-бапта:
1-тармақта:
екiншi-тоғызыншы бөлiктер 1) - 8) тармақшалар болып саналсын;
8) тармақшадағы "мемлекеттiк емес" деген сөздер "жинақтаушы" деген
сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) трансфер-агент қызметi.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызмет және қаржы құралдарымен сауда жасауды ұйымдастыру жөнiндегі қызмет, қаржы рыногындағы қызметтi қоспағанда және заңда белгіленген өзге де жағдайларда, кәсiпкерлiк қызметтiң өзге түрлерiмен қоса атқарылмайды.";
27) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"31-бап. Бағалы қағаздар портфелiн басқару және жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызмет
1. Бағалы қағаздар портфелiн басқару және жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегі қызмет - бағалы қағаздар және зейнетақы жинақтары портфелiнiң меншiк иесiнiң жекелеген өкілеттiктерiн жүзеге асыру жөнiндегі қызмет.
2. Бағалы қағаздар портфелiн басқару және жинақтаушы зейнетақы
қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегі қызметтi
жүзеге асыру тәртiбi, басқарушының құқықтары мен мiндеттерi заңдарда
айқындалады.";
28) 32-баптың 2-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
келiсiм бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
29) 34-бапта:
1-тармақтағы "иесiн" деген сөздер "ұстаушысын" деген сөзбен
ауыстырылсын;
2-тармақта:
"иелерiнiң" деген сөз "ұстаушылардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргізудi эмитентпен
жасасқан шартқа сәйкес тiркеушi жүзеге асырады.";
5-тармақ алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Бағалы қағаздар ұстаушы туралы деректер бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарда белгіленген тәртiпте дербес шоттардың тiзiлiмiне енгізiлуге жатады.";
8-баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiндегі "тiзiлiмнен" деген сөз "дербес шоттан" деген сөздермен ауыстырылсын;
9 және 10 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргізудiң тәртiбiн, дербес шоттардан берiлетiн үзiндi-көшiрмелердiң нысандарын, бағалы қағаздар бойынша құқықтарға қатысты бұйрықтардың нысандарын және оларда көрсетiлетiн мәлiметтердiң тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
10. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргізу жөнiндегі шарттың күшi тоқтатылған жағдайда барлық деректердi және шарттың күшi тоқтатылған күнге жасалған бағалы қағаздар тiзiлiмiн жүргізу жүйесiн құрайтын құжаттарды басқа тiркеушiге өткiзiп беру бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарда белгіленген тәртiпте жүзеге асырылады.
Шарттың күшi тоқтатылған күннен кейiн тiзілiмінің барлық дербес шоттарынан тiркеушi берген үзiндi-көшiрмелер жарамсыз болады. Шарттың күшi тоқтатылған күннен кейiн бағалы қағаздар ұстаушылардың бұйрықтарын орындауға қабылдауға тiркеушi құқылы емес.";
30) 35-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Кастодиандық қызмет - банктердiң бағалы қағаздар бойынша құқықтарды белгілеудi және есепке алуды, құжаттандырылған бағалы қағаздарды сақтау және клиенттердiң ақшаларын есепке алу жөнiнде бағалы қағаздар рыногында атқаратын қызметi.";
4-тармақтағы "және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және
уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерiмен" деген сөздер алып
тасталсын;
31) мынадай мазмұнды 35-1-баппен толықтырылсын:
"35-1-бап. Трансфер-агент қызметі
Трансфер-агент қызметi - бағалы қағаздар рыногында азаматтық-құқықтық
мәмiлелердi жүзеге асыру процесiнде ақпарат (құжаттар) қабылдау және
өткiзiп беру жөнiндегі қызмет.
Лицензиялар беру және қызметтiң осы түрiн жүзеге асыру тәртiбi
заңдарда белгіленедi.";
32) 36-бапта:
аты мынадай редакцияда жазылсын:
"36-бап. Бағалы қағаздар бланкiлерiн шығару";
4-тармақ алып тасталсын;
5-тармақтағы "және оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге"
деген сөздер алып тасталсын;
33) 37-баптың 1-тармағындағы "жабық" деген сөз алып тасталсын;
34) 38-баптың екiншi-сегiзiншi азатжолдары 1)-7) тармақшалар болып
саналсын;
35) 42-баптың екiншi-алтыншы азатжолдары 1)-5) тармақшалар болып
саналсын;
36) 43-баптың екiншi-төртiншi азатжолдары 1)-3) тармақшалар болып
саналсын;
37) 44-баптың 3-тармағының екiншi-он екiншi азатжолдары 1)-11)
тармақшалар болып саналсын;
38) 46-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Бағалы қағаздары қор биржасындағы листингтiң рәсiмiнен өткен
эмитенттердiң өз қызметi туралы ақпаратты ашу жөнiндегі мiндетi, сондай-ақ
осындай ақпаратты беру тәртiбi мен мерзiмi қор биржасының уәкілеттi
органмен келiсілген ережелерiнде белгiленедi.
Бағалы қағаздары қор биржасындағы листингтiң рәсiмiнен өткен
эмитенттер қор биржасына:
1) жылдың және ағымдағы тоқсанның қорытындысы бойынша қаржылық есептi;
2) бағалы қағаздардың алдағы болатын шығарылымдары туралы ақпаратты;
3) эмитенттiң орналастырылған акцияларды сатып алуы туралы ақпаратты;
4) акционерлердiң жалпы жиналыстары хаттамаларының көшiрмелерiн;
5) алдағы болатын дивиденд төлеу туралы ақпаратты;
6) осы Заңның 22-бабының 4-тармағында көрсетілген ақпаратты ұсынуға
мiндеттi.";
2-тармақтағы "қор биржасындағы айналысқа жiберiлгендердiң қатарынан"
деген сөздер "қор биржасы бағалы қағаздарының тiзiмi" деген сөздермен
ауыстырылсын;
39) 49-баптың 1-тармағының екiншi-төртiншi азатжолдары 1)-3)
тармақшалар болып саналсын;
40) 50-баптың 1-тармағындағы "жабық" деген сөз алып тасталсын;
41) 57-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Бағалы қағаздар рыногының белгілi бiр қызмет түрiн жүзеге асыратын
кәсiпқой қатысушысы тек бiр ғана өзiн-өзi реттейтiн ұйымын құруға құқылы.";
2-тармағында:
екiншi-төртiншi азатжолдар 1)-3) тармақшалар болып саналсын;
2) тармақшадағы "бағалы қағаздар иеленушiлер мен" деген сөздер алып
тасталсын;
42) 58-баптың 2-тармағының екiншi-он үшiншi азатжолдары 1)-12)
тармақшалар болып саналсын.
8. "Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi
тiркеу туралы" 1997 жылғы 05 наурыздағы Қазақстан Республикасының
Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Ведомостары, 1997 ж. N 5,
53-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 17-18, 224-құжат; 2001 ж., N 8,
52-құжат; N 15-16, 238-құжат):
1) 2-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi бөлiктегі "эмитент немесе" деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағалы қағаздарға құқықтардың бiр тұлғадан басқасына өтуiне байланысты бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi тiркеу клиенттердiң шоттары бойынша нақтылы ұстаушының немесе бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзілiмiндегі дербес шоттар бойынша тiркеушiнiң жазбалар енгізулерi арқылы мәмiленiң жасалу фактiсiн бекiтуi.";
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Бағалы қағаздарға құқықтар мәмiле тiркелген сәттен бастап туындайды";
2) 3-бапта:
1 және 2 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстау - нақтылы ұстаушы мен оның клиентiнiң арасында жасасқан бағалы қағаздарды нақтылы ұстау туралы шарттың негізiнде және бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарда белгіленген, оларға сәйкес нақтылы ұстаушы оған иеленуге, пайдалануға және жұмсауға өткiзiп берiлген бағалы қағаздарды өзiнiң атынан бағалы қағаздарды сенімгерлiкпен басқарудың құрылтайшының немесе мүддесiнде басқару жүзеге асырылатын өзге де тұлғаның мүддесiнде басқаруға мiндеттенетiн өзге де
негiздер бойынша туындаған қатынастар.
Бағалы қағаздарды нақтылы ұстау шартына тиiсiнше азаматтық заңдарда
белгіленген мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты туралы қағидалар
қолданылады.
2. Нақтылы ұстаушының бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу
тәртiбi осы заңда және бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарда
белгiленедi.";
5-тармақ алып тасталсын;
3) 4-бапта:
1-тармақтың а)-в) тармақшалары 1)-3) тармақшалар болып саналсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Бағалы қағаздарға құқықтарды нақтылы ұстаушының растауы бағалы
қағаздар рыногы туралы заңдарда белгіленген тәртiпте жүзеге асырылады.";
4) 5-бапта:
мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:
"1) әрбiр клиентке шот ашу арқылы клиенттердiң бағалы қағаздарына
және ақшаларына есеп жүргiзу;";
а)-е) тармақшалары 2)-7) тармақшалар болып саналсын;
5) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
"5-1-бап. Нақтылы ұстау туралы шарт
1. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстау туралы шарт жасасар алдында
нақтылы ұстаушы клиенттi оның нақтылы ұстаушы ретіндегi қызметін орындау
шартымен таныстыруға мiндеттi.
2. Нақтылы ұстау туралы шартта:
1) шарттың мән-мағынасы;
2) нақтылы ұстаушының клиенттiң шоттары туралы коммерциялық құпияны
сақтау жөнiндегі мiндеттемесiн қоса отырып, тараптардың құқықтары мен
мiндеттерi;
3) нақтылы ұстаушының қызметiне ақы төлеу мөлшерi және тәртiбi;
4) нақтылы ұстаушының клиент алдындағы есеп беруiнiң нысаны және
кезеңдiлiгі;
5) шарттың талаптарын бұзғандық үшiн тараптардың жауапкершілiктерi;
6) бағалы қағаздар бойынша табыстар алу және оларды клиенттiң (пайда табушының) шотына есепке алу шарттары және тәртiбi болу керек.
Жоғарыда аталған ережелермен қатар шартта Қазақстан Республикасының
заңдарына қайшы келмейтiн басқа да талаптар болады.";
6) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"7-бап. Тiркеушi
1. Эмитенттердiң бағалы қағаздарын ұстаушылардың тiзiлiмдерiнiң
жүйесiн жүргiзу жөнiндегі қызмет бағалы қағаздар рыногындағы айрықша
қызмет түрi болып табылады және заң актілерiнде белгіленген жағдайларды
қоспағанда, бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтiң өзге түрлерiмен
қоса атқарылмайды.
2. Уәкiлеттi орган тiркеушiнiң эмитентке және бағалы қағаздар
ұстаушыларына көрсеткен қызметiне ақы төлеудiң ең жоғары мөлшерiн,
тәртiбiн және принциптерiн белгілеуге құқылы.";
7) 8-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi бөлiктегі ", нақтылы құнын" деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiкте:
"эмиссиясы" деген сөз "шығарылымы" деген сөзбен ауыстырылсын;
"бағалы қағаздардың тiркелген ұстаушылары" деген сөздердiң алдында
"белгiлi бiр күнге" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта:
"эмиссиясы" деген сөз "шығарылымы" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 9-баптың 1-тармағында:
а)-ж) тармақшалары 1)-7) тармақшалар болып саналсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) айналыстағы бағалы қағаздар көлемiнiң шығарылымның тiркелген
өлшемдерiне сәйкес келуiне бақылауды жүзеге асыру;";
9) 10-бапта:
3-тармақтағы "Уәкiлеттi орган белгіленген тәртiпке сәйкес" деген
сөздер "Эмитент" деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақ "және бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарға сәйкес" деген
сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргізуге шарттың күшi
тiркеушiнiң лицензиясын қайтарып алған жағдайда және шартта және Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзілiмiн жүргізуге шарттың күшiн
тоқтату тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленедi.";
10) 11-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Тiркеушi лицензия алу үшін ұсынған құжаттарына енгізілген барлық
өзгерiстер мен толықтырулар жөнiнде уәкiлеттi органды жазбаша хабардар
етуге мiндеттi.";
11) 13-бапта:
а)-д) тармақшалары 1)-5) тармақшалар болып саналсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) клиенттердiң бағалы қағаздары бойынша құқықтарды белгілеу және
есеп жүргізудi, құжаттандырылған бағалы қағаздарды сақтауды және
ақшаларына есеп жүргізудi қамтамасыз ету;";
12) 14-бапта:
1-тармақтағы "ақша қаражаты", "ақша қаражатын" деген сөздер "ақшасы",
"ақшасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы а)-з) тармақшалары 1)-8) тармақшалары болып саналсын;
13) 15-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
2-тармақта:
екiншi бөлiктегi "және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген
сөздер алып тасталсын;
үшiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Кастодиан лицензия алу үшiн ұсынған құжаттарына енгізiлген барлық өзгерiстер мен толықтырулар жөнiнде уәкiлеттi органды жазбаша хабардар етуге мiндеттi.";
14) 18-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Брокер - дилер лицензия алу үшiн ұсынған құжаттарына енгiзiлген
барлық өзгерiстер мен толықтырулар жөнiнде уәкiлеттi органды жазбаша
хабардар етуге мiндеттi.";
15) 19-бапта:
1-тармақтың екiншi сөйлемiндегi "қатысушылары" деген сөз
"акционерлерi" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Кастодиандар, нақтылы ұстаушылар болып табылатын брокер-дилерлер,
сондай-ақ бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметiн жүзеге асыратын
шетелдiк ұйымдар депозитарийдiң депоненттерi болып табылады.";
16) 20-бапта:
бiрiншi бөлiктiң а)-и) тармақшалары 1)-9) тармақшалар болып
саналсын;
екiншi бөлiктегi "Ашық халықтық" деген сөздер алып тасталсын;
17) 22-бап алып тасталсын;
18) 23-бапта:
1-тармақтың а)-г) тармақшалары 1)-4) тармақшалар болып саналсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Депозитарий материалдық өндiрiстiк саладағы қызметтi жүзеге
асыруға, жылжымайтын және жылжымалы мүлiктi (мемлекеттiк бағалы қағаздарды
қоспағанда) сатып алу-сату мәмілелерiн жасауға, сондай-ақ заңды
тұлғалардың (бағалы қағаздар рыногында клирингтiк қызметтi жүзеге асыратын
ұйымдарды қоспағанда) жарғылық капиталына қатысуға құқылы емес.";
19) 24-баптың 3-тармағының а)-и) тармақшалары 1)-9) тармақшалар болып
саналсын;
20) 25-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi бөлiк мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
"Бағалы қағаздарды кепілдікке салуға қатысты мәмiлелердi тiркеудi тараптардың осы мәмiленi тiркеу үшiн барлық қажеттi мәлiметтер бар бұйрықтарының негізiнде тiркеушi және (немесе) нақтылы ұстаушы жүзеге асырады. Ұйымдаспаған бағалы қағаздар рыногында бiржақты мәмiле жасалған жағдайда мәміленi тiркеу сатып алушының бағалы қағаздарға қатысты құқығы расталатын құжаттар ұсыныла отырып оның бұйрығының негізiнде жүзеге асырылады.";
екiншi бөлiктегі "немесе бұйрықты қабылдау мен тiркеуге уәкілеттi
тұлға" деген сөздер "бағалы қағаздар рыногы туралы заңда белгiленген
тәртiпте" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "бағалы қағаздар рыногына қатысушылар уәкiлеттi органмен
келiсе отырып" деген сөздер алып тасталсын.
21) 26-баптың 2-тармағында:
бiрiншi бөлiктегi "тiзiлiм/шот" деген сөздер "бағалы қағаздар
ұстаушының бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмдерiн жүргізу жүйесiндегi
дербес шотының немесе нақтылы ұстаушының клиентi шотының" деген сөздермен
ауыстырылсын;
екiншi бөлiктегі "тiзiлiм/шот" деген сөздер алып тасталсын.
9. "Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы" 1997
жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының
Заңына (Қазақстан
Республикасы Парламентiнiң Ведомостары, 1997 ж., N 5, 57-құжат; N 13-14,
205-құжат; 1998 ж., N 17-18, 224-құжат):
1) 1-бапта:
1-тармақтағы "ашық" деген сөз алып тасталсын;
2-тармақтың екiншi бөлiгіндегі "Ашық акционерлiк" деген сөздер
"Акционерлiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 3-баптың 1-тармағындағы "ашық" деген сөз алып тасталсын;
3) 10-бапта:
1-тармақтағы "эмиссиясын" деген сөз "шығарылымның" деген сөзбен
ауыстырылсын;
3-тармақтағы "эмиссиясын" деген сөз алып тасталсын;
4) 12-баптың атындағы және бiрiншi азатжолындағы "эмиссиясын" деген
сөз "шығарылымын" деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 20-баптың 2-тармағындағы "эмиссиялары" деген сөз "шығарылымы"
деген сөзбен ауыстырылсын.
10. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Z970136_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Ведомостары, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат;):
1) 1-баптың екiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
"кастодиан-банктiң, жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы
активтерiн басқару жөнiндегі компаниялардың аффилиирленген тұлғасы -
шешiмдi тiкелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) аталған
ұйымдардың қабылдаған шешiмiне, оның iшiнде ауызша шартты қоса отырып,
шарттың немесе өзге де мәмiленiң күшiне әсер етуге мүмкiндiгі бар тұлға
(өзiне берiлген өкiлеттiк шегінде осы тұлғаның қызметiн бақылауды жүзеге
асыратын немесе оның қызметiн реттейтiн мемлекеттiк органдарды
қоспағанда), сондай-ақ оған қатысты аталған ұйымдардың осындай құқығы бар
кез келген тұлға;";
2) 32-баптың 1-тармағындағы "жабық" деген сөз алып тасталсын;
3) 34-баптағы "жабық" деген сөз алып тасталсын;
4) 52-баптың 1-тармағындағы "жабық" деген сөз алып тасталсын.
11. "Жауапкершiлiгі шектеулi және қосымша жауапкершiлiктерi бар
шаруашылық серiктестiктер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22
сәуiрдегi
Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Ведомостары, 1998 ж., N 5-6, 49-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат):
1) 8-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
2) 9-бап алып тасталсын;
3) 26-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;
4) 69-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақ алып тасталсын.
12. "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы
20 қарашадағы
Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Ведомостары, 1998 ж., N 22, 309-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж.,
N 1, 5-құжат; N 8, 52-құжат):
1) 4-баптың 2-тармағы екiншi бөлiгiнiң сегізiншi азатжолы мынадай
редакцияда жазылсын:
"халықтық акционерлiк қоғамдар";
2) 6-баптың 1-тармағында:
бiрiншi бөлiгiндегi "ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамды" деген сөздер
алып тасталсын;
екiншi бөлiгіндегі "жабық үлгiдегi" деген сөздер алып тасталсын.
13. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шiлдедегі Азаматтық K990409_ кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Ведомостары, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2000 ж., N 10, 244-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат):
1) 886-баптың 1-тармағы мынадай мазмұнды азатжолмен толықтырылсын:
"Егер заң актілерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартының қолданылу кезеңiнде сенiмгер басқарушы сенiмгерлiкпен басқарылудағы мүлiкке қатысты қандай да болмасын iс-әрекеттердi жүзеге асыруға құқылы емес.";
2) 892-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Эмиссиялық бағалы қағаздарды сенiмгер басқарушы туралы мәлiметтер сенiмгер басқарушы құрылтайшысының бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушы заңда белгіленген тәртiпте ашқан шот бойынша көрсетiлуге жатады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағалы қағаздарды сенiмгерлiкпен басқарудың ерекшелiгі заңдармен
белгiленедi.";
3) 1040-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен
толықтырылсын:
"4-1) енгізiлуi салымшының талап етуi бойынша үшiншi тұлғаның атына
ресiмделген құжатпен куәландырылған салымды не салымшы қайтыс болған
жағдайда салымды белгілi бiр тұлғаға беру жөнiнде салымшының нұсқауы бар
салымды алуға құқық;".
14. "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы
18 желтоқсандағы
Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Ведомостары, 2000 ж., N 22, 406-құжат):
1) 22-бапта:
2-тармақтың екiншi сөйлемi алып тасталсын;
3-тармақ алып тасталсын;
2) 25-баптың 6-тармағындағы "эмиссиясын" деген сөз шығарылымын" деген
сөзбен ауыстырылсын.
15. "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы Z010142_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Ведомостары, 2001 ж., N 1, 8-құжат):
28-баптың 4-тармағындағы "атаулы құнының" деген сөз "санының" деген сөзбен ауыстырылсын.
16. "Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының K010155_ кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Ведомостары, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат;):
1) 191-бапта:
аты мынадай редакцияда жазылсын:
"191-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тiркеуге арналған құжаттарды ұсыну мерзiмiн бұзу"
бiрiншi азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
"Эмитенттiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге арналған құжаттарды ұсыну мерзімін бұзуы -";
2) 193-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң уәкiлеттi органға эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiтуге, бағалы қағаздар рыногындағы қызметiн жүзеге асыруға лицензия (рұқсат) алуға арналған құжаттарды, өзiнiң қызметi туралы есептi ұсынбауы не нақты емес мәлiметтер ұсынуы, сондай-ақ уәкiлеттi органның ұйғарымын орындамауы -";
3) 196-баптың бiрiншi азатжолындағы "эмитент немесе" деген сөздер алып тасталсын;
4) 197-баптың атындағы және мәтiнiндегi "шығарылым және" деген сөздер алып тасталсын.
17. "Қазақстанның даму банкi туралы" Қазақстан Республикасының 2001
жылғы 25 сәуiрдегi
Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Ведомостары, 2001 ж., N 9, 85-құжат):
1-баптағы "жабық" деген сөз алып тасталсын.
18. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Заңына "Салық
және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы"
кодексiне (Салық кодексiне) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Ведомостары, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат):
1) 29-баптың 7-тармағы "жағдайларды" деген сөздерден кейiн, сондай-ақ
салық төлеушi (акционерлiк қоғам) шығарған акцияларды мемлекет меншiгiне
өткiзiп беру арқылы салық мiндеттемесiн орындау жағдайын" деген сөздермен
толықтырылсын;
2) 49-бапта:
мынадай мазмұнды 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"салық төлеушiнiң (акционерлiк қоғамның) акциялары есебiнен";
5) тармақша алып тасталсын;
3) мынадай мазмұнды 52-1-баппен толықтырылсын:
"52-1-бап. Салық берешегін салық төлеушiнiң (акционерлiк қоғамның)
акцияларымен өтеу
Салық төлеушi (акционерлiк қоғам) салық берешегi сомаларын өтемеген жағдайда, салық органдары салық берешегін салық төлеушi (акционерлiк қоғам) шығарған (шығаратын) акциялардың есебiнен мәжбүрлеп өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқылы.";
4) 55-бап алып тасталсын;
5) 91-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "атаулы құны" деген сөздер "орналастыру бағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 93-баптың 2-тармағындағы ", тексеру комиссиясының" деген сөздер алып тасталсын.
2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібi
1. Осы Заң 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi.
2. Шаруашылық серiктестiк ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған бағалы
қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары осы Заң қолданысқа енгізiлген
күннен бастап екi жыл iшiнде акционерлiк қоғамдар болып қайта құрылуға
мiндеттi.
3. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның қызметiне қатыспайтын бағалы қағаздар
рыногының кәсiпқой қатысушылары осы Заң қолданысқа енгізiлген күннен
бастап үш ай iшiнде өзiн-өзi реттейтiн ұйымға оның мүшесi болып кiру үшiн
өтiнiш беруге мiндеттi.
Қазақстан Республикасының
Президенті