Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710 Z952710_ заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан
Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы"
1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710 заң күшi бар Жарлығына
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710 Z952710_ заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы 1995 ж., N 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 10, 108-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233-құжат; N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы".
Кiрiспе алынып тасталсын.
Мәтiндегi "Жарлық", "Жарлыққа", "Жарлықтың" деген сөздер тиiсiнше "Заң", "Заңға", "Заңның" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзетудi және қорғауды қамтамасыз ету.".
5-баптың 4-тармағындағы "мен олардың" деген сөздер ", олардың әскери қызметшiлерiмен" деген сөздермен ауыстырылсын.
7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"7-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүйесi
Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының бiрыңғай жүйесiн: Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитеті, оның ведомстволары, аумақтық және өзге де ұлттық қауiпсiздiк органдары, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң әскерлерi, арнайы мақсаттағы бөлiмшелер, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелерi және басқа да ведомстволық бағыныстағы ұйымдары құрайды.".
8-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволарына басшылық жасауды жүзеге асырады: Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген тәртiппен ұлттық қауiпсiздiктiң аумақтық және өзге де органдарын, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын құрады, таратады және қайта ұйымдастырады және оларды басқарады;".
8-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"8-1-бап. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволары
1. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволары ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң жекелеген бағыттары бойынша оларға жүктелген мiндеттердi іске асыру үшiн құрылады.
2. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволарын:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, таратады және қайта ұйымдастырады;
2) директорлар басқарады, оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңды тұлғалар болып табылады, нақты және шартты атаулары, тиiстi мөрлерi мен мөртаңбалары, банктерде шоттары, негiзгi қорлары болады.".
10-1-баптағы "үкiметтiк байланыс әскерлерi мен басқа да әскерлерден құралады" деген сөздер алынып тасталсын.
12-бапта:
7) тармақшадағы "мемлекеттiк және әскери құпия" деген сөздер "мемлекеттiк құпия" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзетудi және қорғауды қамтамасыз етуге";
17) тармақшадағы "мемлекеттiк, әскери және қызметтiк құпия" деген сөздер "мемлекеттiк құпия" деген сөздермен ауыстырылсын.
17-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Әскери қызметшiлердi ұлттық қауiпсiздiк органдарының әрекет етушi резервiне есепке алу және олардың әскери қызметтi өткеру тәртiбiн Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы белгiлейдi.".
20-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. "Ұлттық қауiпсiздiк комитетi белгiлеген тәртiппен Комитет төрағасы ұлттық қауiпсiздiк органдары әскери қызметшiлерiнiң жекелеген санаттарына әскери қызметке алынғанға дейiнгi еңбек қызметiнiң стажын қызмет өткерген жылдарына есептеуi мүмкiн.".
Қазақстан Республикасының
Президентi