"Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне азаматтық авиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 6 қараша N 1406

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:     

     "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне азаматтық авиация

мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан

Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті

Мәжілісінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


                                                               жоба


    "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық кесiмдерiне азаматтық

   авиация мәселелерi жөніндегі өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"

                       Қазақстан Республикасының Заңы


     1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық кесiмдерiне

өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсiн:

     1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Советiмен 1994 жылғы 27

желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiне



K941000_


  (Жалпы бөлiмi) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Советінің Жаршысы,

1994 ж., N 23-24 (қосымша), 1995 ж. N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат;

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N

14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N

12, 183, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжат; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N

5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжат; N 23,


429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжат; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; 2001 жылғы 13 наурыздағы "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 2 наурыздағы "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне банк қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Z010162_ Заңы; 2001 жылғы 3 тамызда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 2 тамызда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілерiне банкроттық мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Z010239_ Заңы):
      1-баптың 3-тармағы келесi редакцияда жазылсын:
      "3. Осы баптың 1-тармағында аталған белгiлерге сай келетiн отбасылық, еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөнiндегi қатынастарға, сондай-ақ азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу жөніндегi қатынастарға азаматтық заңдар бұл қатынастар тиiсiнше отбасылық, еңбек заңдарымен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау, сондай-ақ азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда қолданылады.
      2. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Z952200_ Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Советiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжат; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжат; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжат; N 21,787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1 7-құжат; N 8, 52, 54-құжат; 2001 жылғы 13 маусымдағы N 140 "Казахстанская правда" және 2001 жылғы 15 маусымдағы N 119-120 "Егемен Қазақстан" газеттерiнде жарияланған Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 11 маусымдағы N 207-II "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне бiлiм мәселелерi жөнiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Z010207_ Заңы; 2001 жылғы 23 маусымда N 149-150 "Казахстанская правда" және 2001 жылғы 26 маусымда N 129 "Егемен Қазақстан" газеттерiнде жарияланған Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне туристік қызмет мәселелерi жөнiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы және Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiнiң күшi жойылғанын мойындау туралы" Z010212_ Заңы):
      9-баптың 1-тармағында:
      20-тармақшасында "және қызметтер" деген сөздермен толықтырылсын;
      22-тармақшасындағы "әуе кемелерiн, әуежайлардағы жолаушылар мен жүктерге қызмет көрсетуге байланысты" деген сөздер мына сөздермен ауыстырылсын: "сондай-ақ техникалық қызмет көрсету және авиациялық техниканы жөндеу жөнiндегi қызметтер".
      3. "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінiң 1995 жылғы 20 желтоқсандағы заң күшi бар N 2697 U952697_ Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 148-құжат):
      1) 1-баптың:
      үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Авиакомпания - азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушысының қолданыстағы сертификаты және жолаушыларды, теңдеменi, жүктер мен поштаны және/немесе авиациялық жұмыстарды әуеде тасымалдауды орындауға мемлекеттiк лицензиясы бар заңды тұлға";
      жиырма алтыншы бөлiгi алынып тасталсын;
      келесi мазмұндағы бөлiктерiмен толықтырылсын:
      "Әуежайлық қызмет - әуежайларда, "әуеайлақтарда әуе тасымалдауымен, авиациялық қауiпсiздiкпен және ұшу қауіпсiздiгiмен байланысты заңды және жеке адамдармен жүзеге асырылатын қызмет";
      "Әуе трассасы - әуе қозғалысын басқару жүйесiн әуе навигациялық құрылыс жүйелерiмен бақыланатын әуе кемелерiнiң ұшуы үшiн арналған дәлiз ретiндегi әуе кеңiстiгi";
      "Ұшу салмағы сертификацияланған 2700 кг аспайтын жеңiл ұшу аппараттарын пайдаланатын азаматтық авиация, басқа да спорттық тағайындалған әуе кемелерi, әуесқойлық құрастырылған әуе кемелерi, аэростаттық аппараттар мен қосымша құрылғыларды пайдаланатын азаматтық авиация өте жеңiл авиация болып танылады";
      "Әуежайдың бақыланатын аумағы - әуежайдың, әуеайлақтың, ұшуды аэронавигациялық қамтамасыз ететiн объектiлерiнiң жұмыс алаңы және авиациялық қауiпсiздiк қызметiмен енуi бақыланатын аумақ, қызметтiк ғимараттар, құрылыстар, қоймалар";
      "Үлгi сертификаты - азаматтық әуе кемесi, авиациялық двигателi және жаңа үлгiдегi әуе винтi сертификациялау рәсiмдерiнен өткен, ұшуға жарамдылық талаптарына сәйкес, және олардың құрылымы сапаға үлгiлi әзiрлеушiлер және өндiрушiлермен танылғандығын растайтын, авиациялық өкiлеттi органмен берiлетiн құжат";
      "Азаматтық әуе кемесiн пайдаланушының сертификаты - азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушылар қызметтерiн сертификациялау бойынша белгiленген тәртіппен пайдаланушының сәйкестiгiн куәландырушы авиациялық өкiлеттi органмен берiлетiн құжат";
      "Әуеайлақтың жарамдылық сертификаты - азаматтық әуеайлағын сертификациялау ережесiнiң талаптарына әуеайлақтың сәйкестiгiн куәландыратын және авиациялық өкiлеттi органмен берілетiн құжат";
      "Ұшуға жарамдылық сертификаты - үлгi сертификаты негiзiнде ұшуға жарамдылық сертификатының берiлуi туралы белгiленген ережелердiң талаптарына сәйкестiгi жайындағы азаматтық авиацияның өкiлеттi органымен берiлген құжат";
      "Уәкiлеттi орган - азаматтық және эксперименталды авиация қызметiн басқару, бақылау мен реттеу және азаматтық авиация саласында әуе кеңiстiгiн пайдалану оның мiндеттерi мен қызметтерi болып табылатын мемлекеттiк орган";
      2) 5-бап келесi мазмұндағы үшiншi бөлiгiмен толықтырылсын:
      "Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу мәселелерi азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы заңнама кесiмдерiнде бекiтiлген ерекшелiктерi есепке алынып, осы Жарлықпен реттеледі";
      3) 6-баптың бiрiншi бөлiгiнде, 19-баптың үшiншi бөлiгiнде, 22-баптың екiншi бөлiгiнде, 42-баптың екiншi бөлігiнде, 55-баптың үшiншi бөлiгiнде, 55-баптың екiншi бөлiгiндегi "көлiк жөнiндегi орталық атқарушы орган" деген сөздер "уәкілеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 22-баптың бесiншi бөлiгiн "Қазақстан Республикасының Үкiметiмен бекiтiлетiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 23-бапта:
      екiншi бөлiгiндегi "көлiк жөнiндегi орталық атқарушы орган" деген сөздер "уәкiлеттi органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiгi алынып тасталсын;
      6) 24-бап келесi редакцияда жазылсын:
      "24-бап. Өте жеңiл авиацияны сертификаттау
      Өте жеңiл авиацияны сертификаттау дайындаушының және тиiстi федерациялар мен ассоциациялардың қатысуымен уәкілеттi органмен жүзеге асырылады.
      Ұшу жарамдылығын куәландыру мақсатында сертификат беру, сондай-ақ пайдалану процесiнде ұшу жарамдылығын қолдауды бақылау осы бапта көрсетілген әуе кемелерiн Қазақстан Республикасының Үкiметiмен бекiтілген сертификаттау ережесiнде қарастырылған тәртiппен жүзеге асырылады".
      7) 26-баптың үшiншi бөлiгi келесi редакцияда жазылсын:
      "Азаматтық әуе кемелерiнiң құқықтары мен олармен жасалатын мәмiлелер азаматтық авиацияны мемлекеттiк тiркеу туралы заңнамаларына сәйкес уәкiлеттi органмен мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатады. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiн Мемлекеттiк реестрiн жүргiзу тәртiбi мен тiркеу туралы куәлiктi беру тәртiбi Қазақстан Республикасының Үкiметiмен белгіленедi.
      Қазақстан Республикасы мемлекеттiк әуе кемелерiнiң Реестрiн жүргiзу тәртiбi және тiркеу туралы куәлiгiн беру тәртiбi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен белгiленеді";
      8) 27-баптың төртiншi бөлiгiнде, 30-баптың бiрiншi және бесiншi бөлiгiнде, 36-баптың бiрiншi бөлiгiнде, 53-баптың екiншi бөлiгiнiң екiншi абзацында, 59-баптың үшiншi бөлiгiнде, 63-баптың бiрiншi бөлiгiнде, 69-баптағы "көлiк жөнiндегi орталық атқарушы орган" деген сөздер "уәкiлеттi органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 29-бапта:
      екiншi бөлiгi келесi редакцияда жазылсын:
      "Азаматтық әуе кемелерiнiң ұшу жарамдылығының нормалары уәкiлеттi органмен белгiленедi. Ұшу жарамдылығының сертификатын беру тәртiбi Қазақстан Республикасының Yкiметiмен белгiленедi.";
      бесiншi бөлiктегi "көлiк жөнiндегi орталық атқарушы орган" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 30-бапта:
      баптың тақырыбында және мәтiнiндегi "куәлiгi", "куәлiктi", "куәлiгiн" деген сөздер "сертификаты", "сертификатты", "сертификатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бiрiншi бөлiгiндегi "сондай-ақ" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Үкiметiмен бекiтiлген ұшу және техникалық жұмыстарын, басқару құрамы мен құжаттарды қамтамасыз ететiн авиациялық қызметкерлердiң болуы" деген сөздермен толықтырылсын:
      екiншi бөлiгi келесi редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Үкiметiмен бекiтiлген сертификация ережелерiн сақтамаған жағдайда, сертификация иесiне сертификат беруден бас тартуға, қайтарып алуға, тоқтата тұруға және iс-әрекетiн шектеуге уәкiлетті орган құқылы. Пайдаланушыға куәлiк беруден бас тарту мақсатқа сай келмеушiлiктi себеп етуге тыйым салынады";
      үшiншi бөлiгi алынып тасталсын;
      алтыншы бөлiгiндегi "көлiк жөнiндегi орталық атқарушы орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Yкiметi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 31-бапта:
      31-баптың тақырыбындағы "куәлiгiн", "куәлiгi" деген сөз "сертификатын", "сертификаттары" деген сөздерге ауыстырылсын;
      екiншi бөлiгiндегi "көлiк жөнiндегi орталық атқарушы органы" деген сөздер "Үкiметпен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 31-1 және 31-2-баптардың келесi мазмұнда толықтырылсын:
      "31-1-бап. Азаматтық авиацияның авиациялық техникасын, жұмыстары мен қызметтерiн сертификациялау
      1. Мiндеттi сертификацияға жататын азаматтық авиацияның авиация техникасы, жұмыстары мен қызметтерiнiң өзге тiзiмдерi, сондай-ақ оны сертификациялау ережелерi Қазақстан Республикасы Yкiметiмен бекiтiледi.
      2. Осы баптың 1 тармағында белгiленген азаматтық авиацияның авиация техникасы, жұмыстары мен қызметтерiн сертификациялау уәкiлеттi органмен жүзеге асырылады.
      31-2-бап. Сертификациялық жұмыстарды жүргiзу үшiн ақы
      Осы Жарлықта белгiленген сертификацияны және сертификациялық жұмыстарды жүргiзу ақы төлеу негiзiнде жүзеге асырылады, одан түскен кiрiс республикалық бюджетке аударылады. Сертификацияны жүргiзу жөнiндегi қызметтерге бағалар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес бекiтіледі";
      13) 34-бапта:
      екiншi бөлiгiндегi "куәлiгi (сертификат)" деген сөздер "уәкiлеттi органмен берiлетiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      келесi мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Ұшу қауiпсiздiгiмен тiкелей байланысты азаматтық және эксперименталды авиацияның авиация қызметкерлерiнiң жұмыс уақыты тәртiптемесiнiң ерекшелiктерi уәкiлеттi органмен белгiленедi.
      Аттестацияға жататын азаматтық және эксперименталды авиацияның авиация қызметкерлерінің тiзiмiн, сондай-ақ форма киімiн және тиiстi айырым белгiсiн киюге құқы бар азаматтық және эксперименталды авиацияның авиация қызметкерлерiнiң тiзiмiн, сонымен қатар олардың берiлу тәртiбiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
      Аттестация кезiнде азаматтық және эксперименталды авиацияның авиация қызметкерлерiне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Үкiметiмен бекiтiледі";
      14) 39-1-бапты келесi мазмұнмен толықтырылсын:
      "39-1-бап. Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн азаматтық авиация ұйымдарының жетекшi қызметкерлерiне қойылатын талаптар
      Уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша тағайындалатын ұшу қызметінің жетекшiсi, аға пилот, ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi инспекция бастығы, инженерлiк-авиациялық қызмет жетекшiсi ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн азаматтық авиация ұйымдарының жетекшi қызметкерлерi болып танылады.
      Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жетекшi қызметкерлер өз мiндеттерiн уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз үш айдан аспай атқарулары мүмкiн";
      15) 52-баптың үшінші және бесiншi бөлігiндегі "көлiк жөнiндегi орталық атқарушы орган", "көлiк жөнiндегi орталық атқарушы органмен" деген сөздер "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi орган" деген тиiстi сөздермен ауыстырылсын;
      16) 64-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "орталық атқарушы органның құрамындағы арнайы орган" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      17) 70-баптың мәтiнiндегi "қолданыстағы куәлiк", "куәлiкпен", "көлiк жөнiндегi орталық атқарушы органмен", "Қазақстан Республикасының көлiк жөнiндегi орталық атқарушы органы", "тиiстi мемлекет берген куәлiгiн" деген сөздер "қолданыстағы сертификат", "куәлiгi", "уәкiлеттi органмен", "уәкілеттi орган", "тиiстi мемлекет берген сертификат" деген сөздерге ауыстырылсын;
      18) 82-баптың екiншi абзацы келесi редакцияда жазылсын:
      "Акционерлiк қоғам түрiндегi заңды тұлға ғана халықаралық рейстерге қызмет көрсететін әуежай (әуеайлақ) пайдаланушылары бола алады";
      19) 82-1-бап келесi мазмұнда толықтырылсын:
      "82-1-бап. Әуеайлақ қызметi
      Әуеайлақ қызметi Қазақстан Республикасының заңнамаларында бекiтiлген тәртiппен мiндеттi лицензиялауға жатады.
      Әуеайлақ қызметiнiң құрамына:
      1) азаматтық әуе кемелерiн, жолаушыларын қабылдау, шығару және қызмет көрсету, теңдеме жүктi, жүктердi, поштаны өңдеу, оларды тексеру және бақылау;
      2) әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектiлерiн ұстау, жөндеу және пайдалану;
      3) әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектiлерiн күзету, бақыланатын аймақта бақылау-өткiзу тәртiптемесiн қамтамасыз ету және өртке қарсы қамсыздандыру;
      4) азаматтық әуе кемелерiн ұшуды жарықтық-техникалық қамтамасыз ету және әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектiлерiн энергиямен жабдықтау;
      5) азаматтық әуе кемелерiнiң, әуежай объектiлерi мен қызметтерiн жанар-жағар майлар мен арнайы сұйықтықтармен қамтамасыз ету олардың сапасын тексеру;
      6) азаматтық әуе кемесiнің пайдаланушыларына және басқа тұтынушыларға арнайы автокөлiк құралдарын беру;
      7) әуежайлар мен азаматтық әуе кемелерiнде жолаушылар мен экипажды тағаммен қамтамасыз ету;
      8) жолаушыларға, экипажға, халыққа азаматтық авиация саласындағы қажеттi мәлiметтер жөнiнде анықтамалық-ақпарат беру қызметiн көрсету;
      20) 84-бапта:
      84-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "көлiк жөнiндегi орталық атқарушы органмен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Yкiметiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiгi алынып тасталсын;
      21) 96-бапта:
      бiрiншi және екiншi бөлiгi келесi мазмұнда толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясына заңсыз араласу кесiмдерiнен қорғауды қамтамасыз ететiн заңдар, ереже және рәсiмдердiң сақталуына бақылауды уәкiлеттi орган және өзге мемлекеттiк орган өз құзыретiне сәйкес жүзеге асырады.
      Әуе кемелерiн пайдаланушылар, әуе кемелерiн қабылдауды, шығаруды немесе қызмет көрсетудi жүзеге асыратын ұйымдар және азаматтар авиациялық қауiпсiздiк ережелерiне сәйкес, оның қызметiне заңсыз араласудан қорғау жөнiнде шара қолдануға мiндеттi".
      үшiншi бөлiгiнiң 7-тармақшасындағы "көлiк жөнiндегi орталық атқарушы органмен" деген сөздер "уәкiлеттi органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      келесi мазмұндағы бөлiктермен толықтырылсын:
      "Авиациялық қауiпсiздiк азаматтық авиация ұйымдарындағы авиациялық қауiпсiздiк қызметтерiмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес осы құқықтарға ие уәкілеттi мемлекеттiк органдармен қамтамасыз етiледi.
      Авиациялық қауiпсiздiк қызметтерiнiң функциясын Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылмайтын заңды және (немесе) жеке тұлғаларға, сондай-ақ шетел қатысуындағы ұйымдарға беруге тыйым салынады.".
      4. "Акционерлiк қоғам туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Z980281_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 17-18, 223-құжат; 1998 ж., N 20, 727-құжат; 1999 ж., N 24, 1072-құжат):
      1-баптағы екiншi бөлiгiнiң "туралы заң актiлерi" деген сөздер "азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу" деген сөздермен толықтырылсын.
      5. "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Z980304_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 22, 309-құжат; 2001 ж., N 1, 5-құжат; 2001 ж., N 1, 75-құжат):
      16-баптың 2-1-тармағы келесi мазмұнда толықтырылсын:
      "2-1. Азаматтық авиация ұйымдарының аудитi үшiн аудит стандарты азаматтық авиация саласында уәкiлеттi органның мiндеттi келiсiмiмен бекiтiледi".
      6. "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан

 

Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегi 


Z947000_


  Заңына (Қазақстан

Республикасы Жоғарғы Советiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 15, 201-құжат;

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 186-құжат;

1998 ж., N 24, 447-құжат):

     9-баптың төртiншi бөлiгiнде:

     бiрiншi абзацта "жәрдем қаржы" деген сөздер "жәрдем ақы бөлу" деген

сөздермен ауыстырылсын;

     төртiншi абзац алынып тасталсын.

     7. "Сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16

шiлдедегi 


Z990434_


  Заңына, (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы,

1999 ж., N 20, 725-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат):

     2-баптың 1-тармағы келесi мазмұндағы екiншi бөлiммен толықтырылсын:

     "Азаматтық авиацияны сертификаттау мәселелерi азаматтық авиацияны

мемлекеттiк реттеу туралы заңнамаларға қарама-қайшы келмейтiн осы Заңның

бөлiмдерiмен реттеледi".

     2-бап. Осы Заң 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.


     Қазақстан Республикасының

            Президенті



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады