"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне табиғи монополиялар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 қарашадағы N 1407 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне табиғи монополиялар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба 

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне
табиғи монополиялар мәселелерi бойынша өзгерiстер
мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2198 Z952198_   заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63-64-құжаттар; 2001 ж., N 8, 52-құжат):

      14-баптың төртiншi бөлiгiнде "тұлғаны" деген сөзден кейiн "немесе заңды тұлға - табиғи монополия субъектiсiн" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Z980272_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 16, 214-құжат; 1999 ж., N 19, 646-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат):
      1) кiрiспесiндегi "табиғи монополиялардың iс-әрекетiн" деген сөздер "табиғи монополия саласындағы iс-әрекеттi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) мәтiндегi "бағалар мен тарифтердiң", "бағалардың, тарифтердiң", "бағалар мен тарифтерге", "бағаларды (тарифтердi)", "бағалар мен тарифтер" деген сөздер тиiсiнше "тарифтердiң", "тарифтердiң", "тарифтерге", "тарифтерді", "тарифтер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 1-бап мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) тұтынушылар мен табиғи монополия субъектiлерi мүдделерiнiң теңдестiрілуiне қол жеткiзу";
      4) 3-бапта:
      2) тармақшада "дауыс беретiн акциялардың, үлестердiң" деген сөздер "табиғи монополия субъектiсiнiң дауыс беретiн акцияларының, үлестерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2), 5-3), 5-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "5-1) табиғи монополия саласы - жеке немесе заңды тұлға табиғи монополия субъектiсi болып танылуы мүмкiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) рыногында туындайтын қоғамдық қатынастар саласы;
      5-2) тариф - уәкiлеттi орган белгiленген тәртiппен бекiткен, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен төмендету (көтеру) коэффициенттерiн қолдану жолымен табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн тұтыну көлемдерiне қарай өзгеруi мүмкiн табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiне қойылатын баға (алым ставкасы);
      5-3) уақытша өтемдiк (төмендету) тарифтер - уәкiлеттi орган белгіленген тәртiппен бекiткен, табиғи монополия субъектiсi қызметтерiнiң тарифтерiн заңсыз көтере отырып, тұтынушыларға келтiрiлген залал мен шығындарды өтеу үшiн қолданылатын тарифтер;
      5-4) тарифтiк смета - Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген үлгi нысанға сәйкес жасалған және тарифтердi бекiту кезiнде табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға ұсынатын табиғи монополия субъектiсiнiң кiрiсi мен шығысының баптары туралы жиынтық деректер;";
      6) тармақшада "монополиялар субъектiлерiнiң iс-әрекетiн" деген сөздер "монополия саласындағы iс-әрекеттi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 4-баптың 1-тармағында:
      1) тармақшада "және" деген шылаудан кейiн "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) бөлушi труба құбырлары арқылы тасымалдау, газ бөлушi қондырғыларды және олармен байланысты газ бөлушi газ құбырларын пайдалану;";
      3) тармақша "электр және", "беру мен" деген сөздерден кейiн "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3-1) жылу энергиясын жылу қазандықтарында, өндiрiстiң аралас үлгiдегi станцияларында өндiру;
      3-2) электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi қызметтер;";
      4) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) магистральдық темiр жол желiлерi мен кiрме жолдардың қызметтерi;
      6) жалпы қол жетер байланыс қызметтерiн ұсыну;";
      7) тармақша "және" деген сөзден кейiн "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;
      6) 5-бапта:
      1), 2), 3), 6) тармақшалар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) егер бұл табиғи монополия субъектiсiнің қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) тарифтерiнiң көтерiлуiне әкеп соғатын болса, ұсынылып отырған қызметтерге (өндiрілiп отырған тауарларға, жұмыстарға) байланысты талап ету құқығын үшiншi тұлғаларға беруге тыйым салынады.";
      7) 6-бапта:
      "Табиғи монополия субъектісiнiң:" деген сөздердiң алдынан "1." деген санмен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
      "2. Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен уәкілеттi органмен келiсiм бойынша табиғи монополия субъектiсi:
      1) табиғи монополия субъектiсiнiң негiзгi қызметiне қатысы жоқ қызметтер көрсетуге және өзге де қызметтi жүзеге асыруға;
      2) табиғи монополия субъектiсiнің өнiм өндiруi мен қызметтер ұсынуына байланысы жоқ мүлiктi меншiгiнде және (немесе) шаруашылық жүргiзу құқығында ұстауға;
      3) мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларынан басқа коммерциялық ұйымдардың акцияларын (үлестерiн) иеленуге немесе олардың қызметiне өзгеше түрде қатысуға;
      4) негiзгi құралдарға жататын мүлiктi иелiктен айыруға және онымен өзге де мәмiлелер жасауға құқылы.";
      8) 7-бапта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) шығындары табиғи монополия субъектiсiнің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер қалыптастыру кезiнде ескерілетiн материалдық, қаржылық ресурстарды (халықаралық қаржы ұйымдары беретiн гранттар, заемдар және несиелерiнен басқа), қызметтер мен жабдықтарды тендерлік (конкурстық) негiзде сатып алуды жүзеге асыруға. Тендердi (конкурсты) өткiзу тәртiбiн және табиғи монополия субъектiсiне тендер (конкурс) өткiзбестен қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) олардан төмен сатып алуға рұқсат етiлетiн шектi сомаларды Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi;";
      6) тармақша "қоғамдық" деген сөзден кейiн ", экологиялық" деген сөзбен толықтырылсын;
      7), 8) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) қаржы жылы аяқталғаннан кейiнгi 90 күннен кешiктiрмей, аудиторлық ұйымдардың (аудиторлардың) қаржы тексерулерiн (мiндеттi аудит) уәкiлетті органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген аудит жүргiзу шартына қосымша талаптарға сәйкес жүргiзуi; тексеру нәтижелерiн және жылдық қаржы есептiлiгiн заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген сәттен бастап 30 күннен кешiктiрмей, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялауға құқығы бар мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялауға;
      8) тұтынушылармен қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынуға арнап Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен үлгi шартқа сәйкес шарттар жасасуға;
      9) көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi есепке алу аспаптарын сатып алуға және тұтынушыларға орнатуға; тұтынушылар сатып алған және орнатқан есепке алу аспаптарына техникалық қызмет көрсету мен салыстырып тексерудi жүргiзуге мiндеттi.
      Көрсетiлген мақсаттарға жұмсалған шығындарды уәкiлеттi орган реттейдi және табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiнiң тарифiне енгiзедi;";
      мынадай мазмұндағы 10), 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
      "10) тарифтiк сметада көзделген шығыстар баптарынан асырмауға;
      11) тарифтердi көтеру туралы өтiнiммен уәкілетті органға жүгiнерден 10 күн бұрын Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялауға құқығы бар мерзiмдi баспасөз басылымдарында осы жүгiнiмдi жасау ниетi туралы хабарды жариялауға;
      12) тарифтердi бекiту кезiнде ескерiлетiн өзiнiң инвестициялық бағдарламаларын және даму жоспарларын, сондай-ақ есепке алу саясатын, негiзгi құралдарды қайта бағалау жүргiзудi уәкiлеттi органмен келiсуге мiндеттi.";
      9) 8-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мүлiктiң иелiктен айрылуы, сонымен бiрге мүлiкпен жасалған басқа мәмiле тұтынушылармен жасалған шарттардың бұзылуына немесе қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуге немесе тауарларды, жұмыстарды өндiру, қызметтердi ұсыну көлемiнiң тоқтауына не елеулi төмендеуiне әкеп соқпайтын жағдайда уәкілеттi органмен келiсе отырып, табиғи монополия субъектiсiнiң мүлкiн толық немесе iшiнара иелiктен айыруға болады.";
      10) 9-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Табиғи монополия субъектiсi қайта құру немесе тарату заңды күшiне енген сот шешiмiне сәйкес жүргiзiлген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi органның келiсiмiн алғаннан кейiн ғана Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қайта құрылуы немесе таратылуы мүмкiн.".
      2-тармақ алынып тасталсын;
      11) 11-баптың 2-тармағы "Табиғи монополия субъектiсiнiң" деген сөздерден кейiн "(мемлекеттiк органдардан басқа)" деген сөздермен толықтырылсын;
      12) 12-бапта:
      1-тармақ алынып тасталсын;
      2-тармақта:
      "тәртiбi мен оның құрылымын" деген сөздер "тәртiбiн" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "бекiтедi" деген сөз мемлекеттiк тілдегi нұсқада өзгерiссiз қалады;
      13) 13-бапта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) табиғи монополия саласында тарифтер белгiлеудің кемсiтпейтiн әдiстемелерiн әзiрлейдi, бекiтедi және қолданады;";
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) табиғи монополиялар туралы заңдарды қолдану практикасын қорытады, соның негiзiнде әдiстемелiк ұсынымдар шығарады.";
      14) 14-бапта:
      1-тармақта:
      5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) табиғи монополиялар субъектiлерiне Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда, табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылармен шарттар жасасуы туралы, жасалған шарттарға өзгерiстер енгiзу туралы, олардың осы Заңды бұзатын әрекеттерiнiң (әрекетсiздiктерiнiң) нәтижесiнде алған табысын мемлекеттiк бюджетке аудару туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар енгiзуге;
      6) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда, табиғи монополия субъектiсiнiң мүлкiн меншiктенушiге немесе меншiктенушi уәкiлдiк берген органға, құрылтайшыларға (қатысушыларға), сондай-ақ табиғи монополия субъектiсiнiң құрылтай құжаттарында осыған уәкiлдiк берiлген органдарға бөлiп шығару, бөлу нысанында қайта ұйымдастыру жүргiзу туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар енгiзуге;";
      мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2) және 9-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "9-1) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тұтынушылармен жасасатын үлгi шарттарын әзiрлеуге және оларды Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң бекiтуiне ұсынуға;
      9-2) табиғи монополия субъектiсiн тексеру нәтижелерi бойынша оның қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi қайта қарау және бекiту туралы шешiм қабылдауға;
      9-3) белгiленген тәртiппен табиғи монополия субъектiлерiнiң тендерлер өткiзуiн бақылауға, табиғи монополиялар туралы заңдар бұзылған жағдайларда оларға тендерлер (конкурстар) нәтижелерiнiң күшiн жою талаптарымен нұсқамалар енгiзуге;";
      15) 15-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) тарифтердi және тарифтiк сметаны бекіту;";
      3) тармақшада "заңдарында" деген сөз "заң актiлерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16) 16-бапта:
      2-тармақта "45" деген сан "60" деген санмен ауыстырылсын;
      3-тармақта "30" деген сан "45" деген санмен ауыстырылсын;
      17) 18-бапта 3-тармақта "тоқсанына" деген сөз "2 тоқсанда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      18) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:

      "18-1-бап. Тарифтердi бекiтудiң ерекше тәртiбi

      1. Уәкілеттi органның жаңадан құрылған табиғи монополия субъектiсi үшiн тарифтер бекiтуi Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген оңайлатылған тәртiппен жүргiзiледi. Бұл ретте табиғи монополия субъектiсi жарты жылдан кейiн тарифтердi қайта қарау үшiн жалпы тәртiпте өтiнiммен жүгiнуге міндетті.
      2. Уәкiлеттi орган өзi жүргiзген тексеру материалдарының негiзiнде табиғи монополия субъектiсi үшiн уақытша өтемдiк (төмендету) тарифтердi енгiзу туралы не жаңа тарифтердi бекiту туралы шешiм қабылдауға құқылы.
      3. Осы баптың 2-тармағында көзделген тарифтердi енгiзу осы Заңның 18-бабының 2 және 4-тармақтарында көзделген хабарлау мерзiмдерiн сақтай отырып, келесi айдың бiрiншi күнiнен бастап жүзеге асырылады.";
      19) 20-бапта:
      тақырыпта "Табиғи монополия субъектiсi басшысының" деген сөздер "Табиғи монополия субъектiсiнiң және оның басшысының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бiрiншi бөлiкте "Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң басшылары" деген сөздер "Табиғи монополиялар субъектiлерi және олардың басшылары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Z980304_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 22, 309-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 5-құжат; N 8, 52-құжат):
      14-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Табиғи монополия субъектiсiне аудит жүргiзу шарты табиғи монополиялар туралы заңдарда белгiленген қосымша талаптарға да сәйкес болуға тиiс.".

      4. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегi Азаматтық Кодексiне  K990409_ (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 16, 17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2000 ж., N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат):
      483-баптың 1-тармағы "шарты" деген сөзден кейiн "табиғи монополия саласындағы қызметтi реттейтiн заң актiлерiнде көзделгеннен басқа жағдайларда" деген сөздермен толықтырылсын.

      2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады