Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 6 қарашадағы N 1137 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 16 қараша N 1455. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Акциялардың мемлекеттiк пакетiн бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында сату тәртiбiн құқықтық регламенттеудi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Мемлекетке тиесiлi акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 6 қарашадағы N 1137 P981137_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 40, 367-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекетке тиесiлi акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесiнде:
      1) мәтiндегi "Комитет", "Комитеттiң" деген сөздер "Сатушы", "Сатушының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 1-бөлiмнiң тақырыбындағы "Қазақстан" деген сөз "Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi (бұдан әрi - Комитет)" деген сөздер "заңнамалық кесiмдерге сәйкес республикалық немесе коммуналдық меншiктi иеленуге, пайдалануға және оған билiк етуге уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк орган (бұдан әрi - Сатушы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Акцияларды сату Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтiн қор биржасының (бұдан әрi - қор биржасы) сауда жүйелерiнде Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы қолданыстағы заңнамасына және тиiстi қор биржасының Биржалық сауда ережесiне сәйкес жүргізіледi.";
      5) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Акциялардың мемлекеттiк пакетiн қор биржасы арқылы сатуға дайындау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру мен үйлестiрудi Сатушы Сатушының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдардың немесе олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң уәкiлеттi өкiлдерiнен құрған Мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiру мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) жүзеге асырады. Комиссия мүшелерiнiң саны кемiнде 5 адамды құрауы тиiс. Комиссияның төрағасы Сатушының өкiлi болып табылады.";
      6) 4-тармақтағы "шешiм, сатудың неғұрлым қолайлы кезеңiн белгiлеу

 

мақсатында, мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамдарына жүргiзiлген

мониторингтi ескере отырып қабылданады" деген сөздер "шешiмдi Комиссияның

ұсынымдарын ескере отырып, Сатушы қабылдайды" деген сөздермен ауыстырылсын;

     7) мынадай мазмұндағы 4-1-жолмен толықтырылсын:

     "Сату туралы хабарламаны Сатушы Қазақстан Республикасының

жекешелендiру туралы заңнамасында көзделген мерзiмдерде мемлекеттiк және

орыс тiлдерiнде республикалық ресми баспасөзде жариялауы тиiс және онда

мынадай мәлiметтер:

     1) сауда-саттықтың басталатын күнi мен уақыты;

     2) сауда-саттық өтетiн орын;

     3) акциялар шығарушының атауы;

     4) шығарушы туралы мәлiметтер;

     5) сатылатын акциялардың саны;

     6) Қазақстан Республикасының жекешелендiру 


U952721_


  және бағалы

қағаздар рыногы туралы 


Z970077_


  заңнамасында көзделген өзге де мәлiметтер

қамтылуы тиiс.";

     8) 5-тармақтағы "республикалық" деген сөз "тиiстi" деген сөзбен

ауыстырылсын;

     9) 2-4-бөлiмдердiң атаулары алынып тасталсын;

     10) 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:


 
       "7. Бағалы қағаздардың отандық рыногында акцияларды сату құқығына брокерлiк компанияны таңдауды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес Сатушы жүзеге асырады.";
      11) 8-10, 12-15, 20-тармақтар алынып тасталсын;
      12) 22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "22. Бағалы қағаздардың халықаралық рыногында акцияларды сату жөнiндегi менеджердi (бұдан әрi - менеджер) таңдауды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы Z970163_ заңнамасына сәйкес тендерлiк комиссия жүзеге асырады.";
      13) 23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "23. Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн тендерлiк

 

комиссияның құрамына Сатушының, Қазақстан Республикасы Қаржы

министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң, Қазақстан

Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы

Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң

және өзге де мүдделi ведомстволардың өкiлдерi кiредi.";

     14) 24-тармақтың 3) тармақшасының қазақша мәтіні өзгеріссіз сол

күйінде қалдырылсын;

     15) 28-тармақ алынып тасталсын;

     16) 29 және 30-тармақтардағы "Комитетке" деген сөз "Сатушыға" деген

сөзбен ауыстырылсын;

     17) 34-тармақтағы "республикалық" деген сөз "тиiстi" деген сөзбен

ауыстырылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады