"Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау және күзет қызметі мәселелері бойынша толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 қарашадағы N 1464 қаулысы

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау және күзет қызметі мәселелері бойынша толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі

                                                          Жоба

                    Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау және күзет қызметі мәселелері бойынша толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы заң күші бар N 2337 U952337_ Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат; 2001 ж., N 8, 50-құжат; 2001 ж., N 8, 54-құжат):
      6-бап мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Шетел азаматтары күзет қызметінің барлық түрін жүзеге асыруға, жеке күзет ұйымдарын құруға немесе олардың құрылтайшылары (қатысушылары) болуға, сенімгерлік басқарудағы жеке күзет ұйымын ұстауға, жеке кәсіпкердің және заңды тұлғаның күзет бөлімшесін құруға құқығы жоқ.".
      2. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы N 339-І Z980339_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 24, 448-құжат):
      1) 6-бапта:
      төртінші абзацтағы "Ерекше жарғылық міндеттері бар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалар пайдаланатын қаруды қоспағанда," деген сөздер алынып тасталсын;
      2) 14-бапта:
      1-тармақтағы "азаматтық және" деген сөздер алынып тасталсын;
      3) 15-бапта:
      2-тармақтың екінші абзацындағы "Рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзарту осы заңда көзделген тәртіппен жүргізіледі." деген сөйлем "Рұқсаттың нысаны мен оның қолданылу мерзімін ұзарту тәртібін қарудың айналымын бақылау саласындағы уәкілетті орган айқындайды." деген сөйлеммен ауыстырылсын.
      3. "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Z000085_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 14-15, 281-құжат):
      1) 5-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жеке күзетшілерді, жеке күзет ұйымдарының, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелерінің, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшелерінің күзетші қызметін атқаратын қызметкерлерін даярлау мен қайта даярлау (арнайы оқыту курсы) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелерінің мамандандырылған оқу орталықтарында жүргізіледі.";
     4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "4. Шетелдік заңды тұлғалардың, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалардың, шетелдіктердің, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардың:
     1) күзет қызметінің барлық түрін жүзеге асыруға;
     2) жеке күзет ұйымдарын құруға немесе олардың құрылтайшылары (қатысушылары) болуға;
     3) сенімгерлік басқарудағы жеке күзет ұйымын ұстауға;
     4) жеке кәсіпкердің және заңды тұлғаның күзет бөлімшесін құруға құқығы жоқ.";
     2) 9-бапта:
     1-тармақтағы "Заңдарға сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;
     3-тармақтағы сөйлемнің қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
     3) 10-бапта:
     4-тармақтағы "кәмелетке толған" деген сөздер "әскери қызмет немесе ішкі істер органдарында немесе өзге де арнаулы органдарда қызмет өткерген, жасы 21-ден төмен емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
     4) 14-бапта:
     3) тармақшадағы ", оқыту" деген сөз алынып тасталсын;
     4) тармақша алынып тасталсын;
     5) 21-бапта:
     "және мемлекеттік емес оқу орындарын" деген сөздер "білім беру ұйымдарын" деген сөздермен ауыстырылсын.
     2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

     Қазақстан Республикасының
             Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады