Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан
Республикасының
Заңына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi
Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
"Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына
өзгерiстер енгiзу туралы
1-бап. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi Z952368_ Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 13; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 18, 367-құжат; 1997 ж., N 11, 144-құжат; N 12, 189-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 46-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 20, 717-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 142-құжат; N 10, 244-құжат; N 18, 338-құжат, 2001 ж., N 15-16, 224-құжат; 2001 жылғы 16 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне әскери қызметшiлердiң, құқық қорғау органдары және басқа да мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнің еңбегiне ақы төлеу және
оларды әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 10 қазандағы N 247-11
Заңы) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
149-бапта:
бiрiншi бөлiгiндегi 12) тармақша алынып тасталсын;
үшiншi бөлiгiндегi "12)" деген сан алынып тасталсын.
2-бап. Осы Заң 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Жұманазарова А.Б.