Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 қарашадағы N 1499 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасына 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының төрағасы Оралбай Әбдiкәрiмұлы Әбдiкәрiмовтi Мәскеу қаласына емделуге тасымалдау үшiн Алматы - Астана - Мәскеу - Астана - Алматы бағыты бойынша чартерлiк рейс ұйымдастырумен байланысты шығыстарды қаржыландыруға 5000000 (бес миллион) теңге бөлiнсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен бөлiнетiн қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады