Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 13 тамыздағы N 697 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 26 қараша N 1518

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының "Аграрлық-өнеркәсiптiк кешен салаларына кредит беру және мемлекеттiк шараларды қаржыландыру туралы" B931900_ Заңын күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 13 тамыздағы N 697 P930697_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 32, 372-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      1-тармақтағы "және жануарлардың аса қауiптi жұқпалы ауруларының" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жаппай зиянкестердiң, өсiмдiктер

 

кеселдерiнiң және малдың аса қауiптi жұқпалы ауруларының тiзбесi, оларды

жою жөнiндегi мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен қаржыландырылатын шараларда:

     тақырыптағы "малдың аса қауiптi жұқпалы ауруларының" деген сөздер

алынып тасталсын;

     1-тармақтағы "тасбақа-қандала," деген сөздерден кейiн "гессен шыбыны,

астық қоңыздары, өрмекшi кене, мақта көбелегi," деген сөздермен

толықтырылсын;

     2-тармақ алынып тасталсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Жұманазарова А.Б.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады