Қазақстан Республикасының "Аграрлық-өнеркәсiптiк кешен салаларына кредит беру және мемлекеттiк шараларды қаржыландыру туралы" Заңын күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысын жүзеге асыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 13 тамыз 1993 ж. N 697 Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.12.10. N 1295 қаулысымен.

       "Аграрлық-өнеркәсiптiк кешен салаларына кредит беру және мемлекеттiк шараларды қаржыландыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңын күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 12 сәуiрдегi N 2116-XII қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

       1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi ұсынған, Қаржы министрлiгiмен және Экономика министрлiгiмен келiсiлген Өсiмдiктердiң жаппай зиянкестерiнiң, ауруларының Тiзбесi, оларды жою жөнiндегi мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен қаржыландырылатын шаралар бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.26. N 1518
қаулысымен .

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң, Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң және Ұлттық банкiнiң 1993 жылы, меншiк нысандарына қарамастан, ауыл шаруашылығының тауар өндiрушiлерiне қосымшаға сәйкес тәртiппен жеңiлдiк қысқа мерзiмдi кредит берудiң тиiмдiлiгi туралы ұсынысы қабылдансын.
      Осыған байланысты үстiмiздегi жылы "Аграрлық-өнеркәсiптiк кешен салаларына кредит беру және мемлекеттiк шараларды қаржыландыру туралы" Заңда көзделген кредит шарттары қолданылатын аграрлық-өнеркәсiптiк кешенi кәсiпорындарының тiзбесi белгiленбесiн.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1994 жылға арналған бюджеттi қалыптастыру кезiнде Ұлттық банкпен және Экономика министрлiгiмен келiсу бойынша:
      жеңiлдiк жағдайлармен қысқа мерзiмдi кредит берiлетiн аграрлық-өнеркәсiптiк кешенi кәсiпорындарының тiзбесi жөнiндегi ұсыныстарды қарап, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн;
     энергия көздерi, техника және материалдық-техникалық құралдар бағаларының өсуiне байланысты мемлекеттiк мұқтаждықтар үшiн берiлетiн ауыл шаруашылығы өнiмiнiң қымбаттауына жұмсалатын шығындарды өтеу жөнiнде қаражат көздейтiн болсын.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы     
Министрлер Кабинетiнiң     
1993 жылғы 13 тамыздағы     
N 697 қаулысымен       
Бекiтiлген           

    Жаппай зиянкестердiң, өсiмдiктер кеселдерiнiң және
   тiзбесi, оларды жою жөнiндегi мемлекеттiк бюджеттiң
            есебiнен қаржыландырылатын шаралар

          Ескерту. Тақырып өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.26. N 1518
қаулысымен.

             1. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң аурулары мен зиянкестерi: шегiртке (азиялық, марокколық және прус), комстока құрты, тұт-жаукөбелегi, тасбақа-қандала, гессен шыбыны, астық қоңыздары, өрмекші кене, мақта көбелегі, саршұнақтар, тышқан тәрiздес кемiргiштер, колорад қоңызы, калифорниялық бiте, ақегiн көбелегi, тат кеселi, дән септориозы, жүзiм филлоксерасы, жабайы өскен сора және басқа оңашаландыратын зиянкестер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады