Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасындағы мереке күндерi туралы" Қазақстан
Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығының күшi жойылды деп тану
туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының
Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
"Қазақстан Республикасындағы мереке күндерi туралы" Қазақстан
Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығының күшi
жойылды деп тану туралы
1-бап. "Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы" Қазақстан
Республикасы Президентінің 1995 жылғы 18 қазандағы N 2534
заң
күші бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жаршысы,
1995 ж., N 21, 25-құжат) күші жойылды деп танылсын.
2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Жұманазарова А.Б.