"Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қырғыз Республикасы Yкiметінiң арасындағы Әуе қозғалысын ұйымдастыру мен басқару үшiн жауапкершіліктi беру туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 қараша N 1544

 


     Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

     1. "Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қырғыз Республикасы

Yкiметiнің арасындағы Әуе қозғалысын ұйымдастыру мен басқару үшiн

жауапкершiлiктi беру туралы келiсiмдi бекiту туралы Қазақстан Республикасы

Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына

енгiзiлсiн.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



                         ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

                                   ЗАҢЫ


          Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қырғыз Республикасы

      Yкiметінiң арасындағы Әуе қозғалысын ұйымдастыру мен басқару үшiн

            жауапкершіліктi беру туралы келiсiмдi бекiту туралы    


     2000 жылғы 14 желтоқсанда Бішкек қаласында жасалған Қазақстан

Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы Әуе

қозғалысын ұйымдастыру мен басқару үшін жауапкершілікті беру туралы

келісім бекітілсін.


     Қазақстан Республикасының

          Президенті



         Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасы

       Үкiметiнiң арасындағы әуе қозғалысын ұйымдастыру мен басқару

                     үшiн жауапкершiлiктi беру туралы

                                КЕЛІСІМ


     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен

Қырғыз Республикасының Yкiметi,

     - халықаралық әуе қатынасын дамытудың маңыздылығын тани отырып,

     - әуе қозғалысын басқарудың қазiргі бар құралдары мен қызметтерiнiң

мүмкiндiктерiне сүйене отырып,

     - Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ХААҰ) стандарттары мен

ұсынымдарын басшылыққа ала отырып,

     мына төмендегiлер жөнінде келiстi:


                                 1-бап


     Осы Келiсiмдi орындау мәселелерiндегі Тараптардың құзыреттi органдары:

     - Қазақстан Республикасына қатысты - Қазақстан Республикасының Көлiк

және коммуникациялар министрлiгi;

     - Қырғыз Республикасына қатысты - Қырғыз Республикасының Көлiк және

коммуникациялар министрлігі болып табылады.

     Құзыреттi органдардың ресми атаулары өзгерген жағдайда Тараптар бұл

туралы бiр-бiрiн тез арада хабардар етедi.


                                 2-бап


     Қазақстан Республикасы өзiнiң ұлттық егемендiгіне нұқсан келтірместен:


 
       - Бiшкек әуеайлағы (Манас) ауданында 0-ден 6000 метрге дейiнгi биiктiктердi қамтитын 43 02 34се 073 36 02шб, 43 34 20се 073 54 29шб, 43 22 18се 075 07 15шб, 42 50 00се 075 18 00шб географиялық координаттармен шектелген аудан үстiндегі, одан әрi Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының мемлекеттiк шекарасы бойынша 43 02 34се 073 36 02шб координаттары бар г.н. дейiнгі әуе кеңiстiгiнде ұшу кезiнде маневрлер орындау мақсатында;
      - Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетiн әуе трассаларында, 0-ден 12100 м биiктiктерде, 42 40 00се 072 35 00шб, 42 47 49се 073 30 30шб географиялық координаттармен шектелген аудан үстiндегi, одан әрi Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының мемлекеттiк шекарасы бойынша 42 40 00се 072 35 00шб, координаттары бар г.н. дейiнгi әуе кеңiстiгiнде әуе қозғалысын басқару мақсатында әуе қозғалысын ұйымдастыру мен басқару үш жауапкершiлiктi Қырғыз Республикасының құзыреттi органдарына бередi.
 

                                 3-бап



 
 
       Қырғыз Республикасы өзiнiң ұлттық егемендiгiне нұқсан келтiрместен: - Тараз (Әулие-Ата) әуеайлағы ауданында, 0-ден 4200 метрге дейiнгі биiктiктердi қамтитын, 42 47 07се 071 41 44шб, 42 37 43се 071 36 17шб, 42 35 35се 071 26 23шб, 42 36 04се 071 10 34шб географиялық координаттармен шектелген аудан үстiндегi, одан әрi Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы бойынша 42 47 07се 071 41 44шб координаталары бар г.н. дейiнгi әуе кеңiстiгiнде ұшу кезiнде маневрлер орындау мақсатында әуе қозғалысын басқару мен ұйымдастыру үшiн жауапкершiлiктi Қазақстан Республикасының құзыреттi органдарына бередi.
 

                                 4-бап



 
 
       Осы Келiсiмнiң 2 және 3-баптарында көрсетiлмеген әуе қозғалысын ұйымдастыру мен басқару үшiн жауапкершiлiк аудандары уағдаласушы Тараптардың мемлекеттiк шекарасына сәйкес бөлiнедi.
 

                                 5-бап



 
 
       Тараптардың әрқайсысы осы Келiсiмнiң 2 және 3-баптарында көрсетiлген аудандар шегiнде ұшу қауiпсiздiгі мен әуе қозғалысын бұзушылық әуе кемелерi экипаждарының немесе ұшу қауіпсiздiгiне қатер төндiретiн iс-қимыл жасаған Тараптар мемлекеттерiнiң заңды немесе жеке тұлғаларының кiнәсінен болған жағдайларды қоспағанда, әуе қозғалысын ұйымдастыру мен басқару үшiн жауапты болады.
 

                                 6-бап



 
 
       Егер ведомстволық әуе кемелерi екiншi Тараптың әуе кеңiстiгiнiң белгiленген шекараларын кесiп өтпесе, Тараптар олардың ұшуына қатысты дербес шешiм қабылдайды және ұшу шарттарын әзiрлейдi.
 

                                 7-бап



 
 
       Әуе қозғалысын ұйымдастыру мен басқару үшiн өзiне жауапкершiлiк алған Тараптар техникалық және пайдалану тұрғысындағы пайымдаулармен шектеледi және осы Келiсiмнiң 2 және 3-баптарында көрсетiлген әуе кеңiстiгiн пайдаланатын әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты мәселелердiң шегiнен шықпайды.
 

                                 8-бап



 
 
       Тараптардың әрқайсысы осы Келiсiмнiң 2 және 3-баптарында көрсетiлген

 

аудандар шегiнде әуе қозғалысын ұйымдастырады және басқарады, мұны екiншi

Тараптың талаптарына сәйкес жүргiзедi, осы Келiсiмдi iске асыру үшiн қажет

болатын құралдар мен қызметтердi пайдалану үшiн жағдай жасайды және екiншi

Тараппен алдын ала кеңесусiз осындай құралдарды алып қоймайды немесе

жаңғыртпайды.


                                 9-бап


     Органдары әуе қозғалысына қызмет көрсетудi жүзеге асыратын Тарапқа

аэронавигациялық алымдар халықаралық нормаларға сәйкес, Тараптардың

мемлекеттерi белгiлеген мөлшер мен тәртiп бойынша төленедi.


                                 10-бап


     Осы Келiсiмнiң уағдаластықтарын iске асыру үшiн жауапкершiлiк

Тараптардың құзыреттi органдарының басшыларына жүктеледi.


                                 11-бап



 
       Тараптардың ұлттық ережелерi, сондай-ақ ХААҰ стандарттары мен ұсынымдары өзгерген әрбiр жағдайда осы Келiсiм екi Тараптың қайта қарауына жатады.
      Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жекелеген Хаттамалармен ресiмделедi және осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
 

                                 12-бап



 
 
       Осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға байланысты туындайтын кез келген дау Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдарының арасында тiкелей келiссөздер немесе консультациялар арқылы шешiлетін болады.
 

                                 13-бап



 
 
       Әрбiр Тарап кез келген уақытта дипломатиялық арналар арқылы екiншi Тарапқа осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтату ниетi туралы хабарлауы мүмкiн. Мұндай жағдайда Келiсiмнің қолданысы осындай хабарлама алынған күннен бастап 12 ай өткен соң, егер осы кезең аяқталғанға дейiн Келiсiмнiң қолданысын тоқтату туралы аталған хабарлама Тараптардың өзара келiсiмi бойынша керi қайтарып алынбаса, тоқтатылады.
 

                                 14-бап



 
 
       Осы Келiсiм оған қол қойылған күннен бастап уақытша қолданылатын болады және осы Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетішілiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама күнiнен бастап күшiне енедi.
 

 

     Бiшкек қаласында 2000 жылғы 14 желтоқсанда әрқайсысы қазақ, қырғыз

және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды және де барлық

мәтiндердiң күшi бiрдей.

     Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған

жағдайда Тараптар орыс тiлiндегі мәтiндi басшылыққа алатын болады.


     Қазақстан Республикасының              Қырғыз Республикасының

           Үкіметі үшін                         Үкіметі үшін  



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қобдалиева Н.М.









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады