Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Египет Араб Республикасының Денсаулық сақтау және халық министрлiгi арасында Денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика өнеркәсiбi саласындағы ынтымақтастық жөнiнде келiсiм жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 5 желтоқсан N 1573

 


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

     1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау

министрлiгi мен Египет Араб Республикасының Денсаулық сақтау және халық

министрлiгi арасындағы Денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика

өнеркәсiбi саласындағы ынтымақтастық жөнiндегі келісiмнің жобасы

мақұлдансын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



       Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен

        Египет Араб Республикасының Денсаулық сақтау және халық

         министрлiгi арасындағы Денсаулық сақтау, медицина және

       фармацевтика өнеркәсiбi саласындағы ынтымақтастық жөнiндегi

                                КЕЛIСIМ


     Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Денсаулық

сақтау министрлiгi мен Египет Араб Республикасының Денсаулық сақтау және

халық министрлiгi

     денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика өнеркәсiбi саласындағы

ынтымақтастықты кеңейтудi қалай отырып,

     төмендегiлер туралы келiстi:


                                 1-бап


     Тараптар денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика өнеркәсiбi

саласындағы ынтымақтастықты теңдiк пен өзара тиiмдiлiк негiзiнде дамытатын

болады.


                                 2-бап


     Тараптар мемлекеттерiнiң денсаулық сақтау ұйымдары, ғылыми-зерттеу

және медицина институттары арасында тiкелей ынтымақтастық орнауына

Тараптар ықпал ететiн болады.


                                 3-бап


     Тараптар денсаулық сақтау мен медицинаның мынадай салаларында

ынтымақтастықты дамытатын болады:

     - дәстүрлi медицина;

     - денсаулық сақтау экономикасы;

     - ана мен бала денсаулығын сақтау;

     - фармацевтика;

     - эпидемиология;

     - медицина ғылымы;

     - медициналық және ғылыми кадрларды даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн

көтеру.


                                 4-бап


     Тараптар медициналық конференциялар мен көрмелерде iндет аурулары

туралы ақпараттармен және деректермен алмасатын болады.


                                 5-бап


     Тараптар арасындағы ынтымақтастық мынадай нысандарда жүретiн болады:

     - бiрлескен ғылыми зерттеулер;

     - сарапшылардың және мамандардың сапарларымен алмасу;

     - денсаулық сақтау түрлi тақырыптар бойынша ғылыми зерттеулердi,

жетiстiктердi, кездесулердi, семинарларды және жұмыс топтарын қоса

алғанда, медицина саласындағы ақпараттармен алмасу.


                                 6-бап


     Тараптар науқастарды емделу үшiн екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына

Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасында белгiленген ережелерге сәйкес

жолдай алады.


                                 7-бап


     Тараптар Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы мен басқа да халықаралық

ұйымдар жүргiзетiн қызмет шеңберiнде ынтымақтасуға келiседi.


                                 8-бап


     Мамандармен және сарапшылармен өзара алмасу жолдаушы және қабылдаушы

ұйымдардың құқықтары, мiндеттерi әрi жауапкершiлiгi анықталатын Тараптар

мемлекеттерiнiң мүдделi ұйымдары арасындағы тiкелей шарттарға сәйкес

жүзеге асырылады.


                                 9-бап


     Қабылдаушы Тарап, адамдар қабылдаушы Тарап мемлекетiнiң аумағында

болу кезеңiнде кенеттен ауырған немесе жазатайым оқиғаға ұшыраған

жағдайда, оларға уақытша келген мемлекеттiң заңнамасына сәйкес қажеттi

медициналық көмек көрсететiн болады.


                                 10-бап


     Тараптар фармацевтикалық өнiм мен оның өндiрiсiн дамыту, вакциналар,

серологиялық және биологиялық препараттар сапасын бақылау саласында

ынтымақтасуға келіседi.


                                 11-бап



 
       Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша жеке хаттамалармен ресiмделетiн әрi осы Келiсiмнің ажырамас бөлiктерi болып табылатын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
 

                                 12-бап



 
 
       Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк

 

рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламасы алынған күннен

бастап күшiне енедi.

     Осы Келісiм бес жыл мерзiмге жасалады және егер Тараптардың

бiрде-бiрi кезектi бесжылдық кезең аяқталғанға дейiн кемiнде алты ай бұрын

өзiнiң оның қолданысын тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарлама жолдамаса,

келесi бесжылдық кезеңге өздiгiнен ұзартылады.


     ___________ 200_ жылғы "___" ________ әрқайсысы екi түпнұсқа данада

қазақ, араб, орыс және ағылшын тілдерiнде жасалды әрi барлық мәтiннің

бiрдей күшi бар. Осы Келiсiм ережелерiн түсiнуде келiспеушілік туындаған

жағдайда, Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiндi басшылыққа алатын болады.


     Қазақстан Республикасының             Египет Араб Республикасының

         Денсаулық сақтау                      Денсаулық сақтау және

         министрлігі үшін                      халық министрлігі үшiн



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Жуманазарова А.Б.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады