Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігіне Қостанай облысындағы Ұзынкөл су қашыртқысының бірінші кезегінің құрылысын аяқтауға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервінен 30
(отыз) миллион теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен
бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Жуманазарова А.Б.