Теңіз, өзен кемелерін және шағын өлшемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 7 желтоқсан N 1597. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.04.10. N 285 қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы  Кодексін  (Салық кодексін) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қоса беріліп отырған Теңіз, өзен кемелерін және шағын өлшемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі бір ай мерзімде өзінің бұрын қабылданған нормативтік құқықтық кесімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
      3. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.     

                                   Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                       2001 жылғы 7 желтоқсандағы
                                          N 1597 қаулысымен
                                              бекітілген

Теңіз, өзен кемелерін және шағын өлшемді кемелерді
мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары

       1. Теңіз, өзен кемелерін және шағын өлшемді кемелерді тіркеген кезде мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкасы мыналарды құрайды: 
      1) теңіз кемелері үшін - алымды төлеу күніне қолданыстағы алпыс есе айлық есептік көрсеткіш; 
      2) өзен кемелері үшін - алымды төлеу күнінен қолданыстағы он бес есе айлық есептік көрсеткіш; 
      3) шағын өлшемді флот кемелері үшін: 
      қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүзетін шағын өлшемді кемелер үшін - алымды төлеу күніне қолданыстағы үш есе айлық есептік көрсеткіш; 
      қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейінгі өздігінен жүзетін шағын өлшемді кемелер үшін - алымды төлеу күнінен қолданыстағы екі есе айлық есептік көрсеткіш; 
      өздігінен жүзбейтін шағын өлшемді кемелер үшін - алымды төлеу күнінен қолданыстағы бір жарым есе айлық есептік көрсеткіш.
      2. Теңіз, өзен кемелерін және шағын өлшемді кемелерді қайта тіркеген кезде мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкасы, осы қосымшаның 1-тармағында белгіленген ставканың 50 пайызын құрайды.
      3. Теңіз, өзен кемелерін және шағын өлшемді кемелердің мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын берген кезде мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкасы, осы қосымшаның 1-тармағында белгіленген ставканың 25 пайызын құрайды.     

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады