Қазақстан Республикасы аймақтық саясатының 2002-2006 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 7 желтоқсан N 1598

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы аймақтық саясатының

 

2002-2006 жылдарға арналған тұжырымдамасы мақұлдансын.

     2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар тиісті шешімдер дайындау

кезінде осы Тұжырымдаманың негізгі ережелерін басшылыққа алсын.

     3. "Қазақстан Республикасы аймақтық саясатының тұжырымдамасы туралы"

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 9 қыркүйектегі N 1097 


P961097_



қаулысының күші жойылды деп танылсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



                                             Қазақстан Республикасы

                                                         Үкіметінің

                                         2001 жылғы 7 желтоқсандағы

                                                  N 1598 қаулысымен

                                                  мақұлданған


                  Қазақстан Республикасы

                   Аймақтық саясатының

                2002-2006 жылдарға арналған

                        Тұжырымдамасы


                        Астана, 2001 ж.



                           Кіріспе



 
       Әлемнiң барлық елдерiнде - географиялық, табиғи-климаттық жағдайлардан, демографиялық ахуалдан, даму тарихы және басқа да факторлар айырмашылықтарына қарай - аймақтар әлеуметтiк-экономикалық дамудың әртүрлi деңгейiнде келедi. Бұл көптеген елеулi әлеуметтiк-экономикалық проблемалар туғызуда. Сондықтан әрбiр мемлекет артта қалған аймақтардағы тұрмыс деңгейiн жақсартуға, яғни, олардың жағдайларын теңестiруге және даму деңгейiн арттыруға бағытталған аймақтық саясат жүргiзуге ұмтылады.
      Бұл Қазақстанға да қатысты: 14 облыс әртүрлi табиғи-климаттық аймақтарда орналасқан, әртүрлi даму тарихы, экологиясы бар және сондықтан олардың әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейi айтарлықтай өзгеше. Осыған байланысты, алдымен, бұрынғы кеңес республикасында, ал содан кейiн егемен Қазақстанда да белгiлi бiр аймақтық саясат жүргiзiлiп келдi. Дегенмен, реформа жылдары саралану күшейдi, ал әлеуметтiк-проблемалар шиеленiстi.
      Кеңес кезеңiнде әлеуметтiк-экономикалық дамуды теңестiру үшiн, негiзiнен, материалдық өндiрiстiң сол бiр салаларын және (немесе) өндiрiстiк емес аяның салаларын дамытуға орталықтандырылған күрделi қаржы арқылы проблемалық аймақтарға берiлетiн демеулiк қаржы пайдаланылды. Қаражат салыстырмалы бай аймақтардың ресурстары есебiнен құралды және тиiстi бюджетте басқарудың әрбiр деңгейiнде жинақталды.
      Қайта бөлудiң осы тетiгi проблемалық аймақтарды дамытуда белгiлi бiр оң рөл атқарса да, олардың орталыққа тәуелдiлiгiн арттыра түсiп, халықта масылдық көңiл-күй орнықтырып, олардың өзiн өзi қаржыландырудың және өзiндiк жеткiлiктiгiн қалыптастырудың тиiмдi саясатын жүргiзуге мүмкiндiк бермедi.
      Кеңес кезеңiнде де және нарықтық реформалар жүргiзу процесiнде де оларды өкiметтiң қандай деңгейi жүргiзгенiне қарамастан, аймақтардың дамуы үшiн қолданылған барлық қайта құрулар аймақтық саясат болып ұғынылды. Тиiсiнше, аймақтардағы барлық өзгерiстер, сондай-ақ аймақаралық экономикалық қатынастар мемлекеттiң аймақтық саясатының нәтижелерiне жатқызылды.
      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 9 қыркүйектегi қаулысымен мақұлданған Тұжырымдамада да аймақтық саясат ұғымы осындай болып табылады. Осыған байланысты, жаңа аймақтық саясатқа аса қажеттiлiк туындады.
      Жаңа Тұжырымдамада аймақтық саясат деп, аймақтардың тиiмдi және үйлесiмдi дамуы үшiн мемлекет қолданатын экономикалық, құқықтық, әлеуметтiк және басқа да шаралар кешенi, проблемалық аймақтарға басқаларымен бiрге тұрмыстың, жұмыспен қамтудың және басқаларының тең жағдайларына қол жеткiзу үшiн тең мүмкiндiктер берiлуi түсiндiрiледi.
 
         1. Аймақтардың қазiргi заманғы әлеуметтiк-экономикалық
                          жағдайын талдау
 
                  1.1. Демографиялық өзгерiстер
 
      Халықтың саны 2001 жылғы 1 қазанға 1999 жылғы санақ қорытындыларымен салыстырғанда 0,9% төмендедi және 14810 мың адамды құрады. Бұл ретте, қала халқының үлесi - 56,1%, ауылдiкi - 43,9% құрайды. Yстiмiздегi жылы тұрақты халық өсiмi тек төрт облыста: Оңтүстiк Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау облыстарында және Астана қаласында байқалған.
      Әсiресе, солтүстiк және орталық: Ақмола, Қостанай, Солтүстiк Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында халық саны қысқарды. Негiзгi себебi, халықтың өз өзiнен кемуi - республикадан тысқары жерлерге көшуi болып табылды.
      2001 жылдың 9 айында халықтың табиғи өсу коэффициентi 5,05 промилленi құрады. Туылу коэффициентiнiң жалпы республикалық деңгейi тек бес облыста асқан: Оңтүстiк Қазақстанда - 24,08, Қызылордада - 22,09, Маңғыстауда - 19,24, Атырауда - 17,85, Жамбылда - 17,49 промилле.
      2001 жылдың 8 айында халық көшi-қонының терiс сальдосы 71,9 мың адамды құрады. Көшi-қон ТМД елдерiне мейлiнше қарқынды болды, оларға Қазақстаннан тысқары жерлерге кеткендердiң жалпы санының 70%-ға жуығы көшкен. Сыртқы көшi-қон бойынша: Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстары белсендi болып қалып отыр. Көшушiлер iшiнде орыстардың (56,7%) және немiстердiң (22,2%) үлес салмағы едәуiр болып отыр.
      Iшкi облыстық жылжуда ауылдық жерден қалаға әлеуметтiк ықтиярсыз көшi-қон басым болуда, сол арқылы қалалардың еңбек рыноктарындағы шиеленiс және олардағы қылмыстық жағдай тереңдей түсуде. Қоныс аударушылар қағаз жүзiнде қала тұрғыны мәртебесiн ала тұрып, әлеуметтiк, өндiрiстiк және мәдени өмiр саласына тартылмай келедi.
 
                   1.2. Еңбектi аумақтық бөлу
 
      Тәуелсiздiк және табанды экономикалық реформалар жылдары аймақтарды мамандандыру бағыттары елеулi өзгерiстерге ұшырамады, салалардың даму деңгейi ғана өзгердi. Мұнда, қазақстандық экспорттың дәстүрлi тауарлары бөлiгiнде әлемдiк рынок конъюнктурасы мейлiнше әсер етуде.
      Мұнай өндiру, мұнай өңдеу және мұнай химиясы өнеркәсiбi экономикасының негiзгi салалары болып табылатын Атырау және Маңғыстау облыстары едәуiр дамыған, олардың үлесiне облыстардың барлық өнеркәсiп өнiмiнiң 90%-нан астамы келiп отыр.
      Ақтөбе облысында хром кенi, мұнай мен газ өндiрiлуде. Құрылыс материалдары өнеркәсiбiн кеңейту үшiн мүмкiндiктер бар. Қазiргi уақытта Қызылорда облысы өнеркәсiбiнiң негiзi мұнай өндiру болып табылуда.
      Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары экономикасының негiзгi салалары түстi және қара металлургия болып табылады. Осы облыстардың аумақтарында түстi және қара металдар кен орындарының барланған қорларының көпшiлiгi орналасқан. Мыс Қазақстанның минерал-шикiзат ресурстары тiзiмiнде алдыңғы орындардың бірiн алады, оның едәуiр қоры Қарағанды облысының кен орындарында орналасқан.
      Павлодар облысы елдегi көмiр өндiру жөнiндегi көш басшысы болып табылады. Оның үлесi елде көмiр өндiрудiң 72,3%-ын құрайды. Бұдан әрi 23,9% көрсеткiшiмен Қарағанды облысы және 3,4% көрсеткiшiмен - Шығыс Қазақстан облысы келедi.
      Жоғары ғылыми-техникалық, санаткерлiк әлеует, моральдық және табиғи тозған құрал-жабдық басым түрде Батыс Қазақстан және Солтүстiк Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Алматы қаласының қорғаныс кәсiпорындарында орналасқан.
      Алматы қаласы елдiң мәдени және санаткерлiк орталығы болып қалуда, оның мамандануының салмағы бiртiндеп қаржы орталығына ауысуда. Елдiң жаңа астанасы - Астана қаласында iскерлiк және мәдени орталық белсендi қалыптасуда.
      Республиканың астық өндiрiсi тауарлық бидай, жарма және тұқымдық дақылдар өндiрiсiне бағдарланған солтүстiк - Қостанай, Солтүстiк Қазақстан, Ақмола облыстарында шоғырланған.
      Ауыл шаруашылығы өндiрiсiне, басым түрде көкөнiс пен жидек, техникалық дақылдар өсiруге мамандану республиканың аграрлық оңтүстiк өңiрi - Алматы, Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарында сақталған.
 
                  1.3. Жалпы аймақтық өнiм
 
      Еңбектi аумақтық бөлу және аймақтар экономикасының құрылымы жалпы аймақтық өнiм (ЖАӨ) көлемi және оның жан басына шаққандағы өндiрiсi сияқты жалпылама көрсеткiштермен мейлiнше толық сипатталады. Елдiң облыстары арасында жан басына шаққандағы ЖАӨ өндiрiсi бойынша едәуiр алшақтықтар бар. Мысалға, 2000 жылы жан басына шаққанда ЖАӨ-нiң ең жоғары (Атырау облысы - 581,7 мың теңге) және ең төменгi (Жамбыл облысы - 50,2 мың теңге) шамасы арасындағы айырмашылығы 11,6 есенi құрады.
      2000 жылы Атырау және Маңғыстау облыстары жан басына шаққандағы ЖАӨ өндiрiсi бойынша көш басында болған, олар соңғы жылдар iшiнде осы көрсеткiштер бойынша облыстар арасында тиiсiнше бiрiншi және екiншi орындарда келедi.
      Осы екi облыстың ЖАӨ өндiрiсiндегi үлесi 17% құрайды. Өнеркәсiп қосылған құнның негiзгi денiн өндiруде (Атырау облысында - 72,3%, Маңғыстау облысында - 65,4%).
      Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары бiрлесiп ЖАӨ-нiң 26,8% өндiруде. Олар 2000 жылы жан басына шаққандағы ЖАӨ өндiрiсi бойынша, тиiсiнше, жетiншi, алтыншы және оныншы орындарды иелендi.
      Астаналық тұрпаттағы қалалар - Алматы мен Астана жалпы аймақтық өнiмнiң 19,5%-ын өндiруде. Олар, тиiсiнше, жан басына шаққандағы ЖАӨ өндiрiсi бойынша үшiншi және төртiншi орындарда. Алматы қаласында қосылған құнның негiзгi денi қызмет секторында өндiрiлуде (86,7%), Астана қаласында қосылған құн өндiрiсiнде 35,9% құрап отырған құрылыс қызу дамуда.
      Облыстардың орта тобын Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары құрайды. Олар бiрлесiп ЖАӨ-нiң 19,0% өндiруде; жан басына шаққандағы ЖАӨ өндiрiсi бойынша, тиiсiнше, бесiншi, сегiзiншi, тоғызыншы және он бiрiншi орындарда. Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстарының ЖАӨ құрылымында ЖҚҚ-ның 23,0 және 36,1% ауыл шаруашылығында өндiрiлген.
      Жан басына шаққандағы ЖАӨ өндiрiсi бойынша едәуiр төмен көрсеткiштер Ақмола, Қызылорда, Алматы, Оңтүстiк Қазақстан және Жамбыл облыстарында болып отыр. Бес облыс бiрлесiп ЖАӨ-нiң небары 17,8% өндiруде. Бұл облыстар жан басына шаққандағы ЖАӨ өндірiсi бойынша, тиiсiнше, соңғы - он екiншi, он үшiншi, он төртiншi, он бесiншi, он алтыншы орындарда.
 
               1.4. Өнеркәсiптегi құрылымдық өзгерiстер
 
      Егер 1995 жылы өнеркәсiп өнiмiнiң негiзгi көлемi Қарағанды (республикалық көлемнiң 21,6%), Павлодар (16,3%), Шығыс Қазақстан (9,65%) облыстарында өндiрiлсе, перспективада, бағалау бойынша, Атырау, Қарағанды және Маңғыстау облыстары алдыңғы орындарда болмақ.
      Мұнай өндiрудiң едәуiр өсуi аумақтық құрылым өзгерiсiнде негiзгi рөль атқарды. Қарағанды облысының мәнi оның зор өнеркәсiп әлеуетiмен және экспортқа бағдарланған өндiрiстерiнiң болуымен айқындалуда.
      Мамандандырылуын өндiрушi салалар құрап отырған облыстардың үлес салмағының едәуiр артуы Қазақстан экономикасының жалпы "салмақтануына" әкелдi. Мысалға, Атырау облысында мұнай-газ өнеркәсiбiнiң облыстың өнеркәсiп өндiрiсiнiң жалпы құрылымындағы үлес салмағы 94,2% құрап отыр. Қызылорда облысында мұнай-газ өндiру өнеркәсiбiнiң үлес салмағы 1990 жылғы 2,7%-дан 2000 жылы 89,5%-ға дейiн өсiп, ал жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнде, тиiсiнше, 14,5-тен 0,7%-ға және 18,8-тен 3,8%-ға дейiн төмендеген. Қарағанды облысында жеңiл өнеркәсiптiң 1990 жылы 6,4%-дан 0,5%-ға, тамақ өнеркәсiбiнде 9,2%-дан 5,9%-ға дейiн төмендеуi кезiнде металлургияның үлесi 78%-ға дейiн артқан.
 
            1.5. Ауыл шаруашылығындағы құрылымдық өзгерiстер
 
      Қазақстанның ауыл шаруашылығында айқын аймақтылық бiлiнедi, табиғи фактор құрылымдық айырмашылықтардың ерекшелiгiн айқындайды.
      1997 жылдан бастап республикада, іс жүзiнде, барлық ауыл шаруашылық дақылдары бойынша егiс алаңдары тұрақталды, ал мақталық, күнбағыс және қант қызылшасы сияқты кейбiр дақылдар бойынша егiс алаңдарының өсуi байқалуда.
      1995 жылдан 2000 жыл кезеңiнде республика бойынша ауыл шаруашылығы жалпы өнiмiнiң кемуi 6,3%-ды құрады. Өнiм көлемдерiнiң едәуiр қысқаруы Маңғыстау (68,8%-ға), Павлодар (45,0%-ға), Қарағанды (31,7%-ға), Атырау (31,1%-ға) және Шығыс Қазақстан облысында (27,5%-ға) байқалды.
      Аграрлық сектордың ЖIӨ-ге үлесi 1995 жылғы 12,3%-дан 2000 жылы 8,6%-ға дейiн төмендедi.
      1999 жылдан бастап республика ауыл шаруашылығының дамуында оң үрдiстер байқалуда. Реформа жылдарында алғаш рет ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң өсуiне қол жеткiзiлдi, ол 1998 жылдың тиiстi кезеңiне 28%-ды, соның ішiнде өсiмдiк шаруашылығы - 66,2%-ды, мал шаруашылығы өнiмi - 1%-ды құрады. Аймақтық бөлiнiсте ауыл шаруашылығы жалпы өнiмi көлемдерi республиканың негiзгi астық себушi аймақтарында мейлiнше өскен.
      2000 жылы үлестерiне ауыл шаруашылығы өндiрiсi жалпы көлемiнiң 64,9% келiп отырған Ақмола, Алматы, Қостанай, Солтүстiк Қазақстан және Оңтүстiк Қазақстан облыстары негiзгi ауыл шаруашылық облыстары болып табылды.
 
                   1.6. Инфрақұрылымды дамыту
 
      1995 жылдан бастап жалпы пайдаланудағы пайдаланылатын темiр жолдарының ұзақтығы (Қазақстанның аумағымен өтетiн басқа республикалардың жолдарын және басқа республикалардың аумағымен өтетiн Қазақстан жолдарын қоса алғанда) тұтастай республика бойынша 184 километр өстi және 14,5 мың километрдi құрады. Темiр жолдардың мейлiнше ұзақтығы Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Ақтөбе облыстарына келедi. Осы облыстарда іс жүзiнде қолда бар темiр жолдарды пайдалануда сақтау сәттi болды. Солтүстiк Қазақстан және Оңтүстiк Қазақстан облыстарында темiр жолдардың пайдаланудан едәуiр шығып қалуына жол берiлген.
      Осы жылдары жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының ұзақтығы 2,7 мың километрге өскен. Алайда, қаражат жетiспеушiлiгi олардың техникалық жағдайының барлық жерде бiрдей төмендеуiне, нормативтiк талаптарға сәйкессiздiгiне әкелген.
      Құбыр көлiгiнен басқа, көлiктiң барлық түрiмен жүк тасымалдау көлемдерi ел экономикасы дамуының жалпы серпiнiнiң көрiнiсi ретiнде 1995-1999 жылдары мүлтiксiз төмендеген. Тек 2000 жылғы экономикалық өсу көлiктегi жағдайды айтарлықтай өзгертуге мүмкiндiк бердi.
      Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан, Атырау, Оңтүстiк Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында автомобиль көлiгiмен тасымалдау көлемдерiнiң едәуiр қысқаруына жол берiлген.
      1995 жылдан бастап әуе көлiгiндегi жүк тасымалының көлемдерi 43%-ға кемiген, аймақтық бөлiкте Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында мейлiнше едәуiр қысқару болды.
      Жүк тасымалдары ауқымын тұрақты өсiрген көлiктiң бiрден бiр түрi құбыр тасымалы болды (өсу 1995 жылмен салыстырғанда 3 еседен аса). Көлiктiң осы түрiмен тасымалдаудың негiзгi көлемi Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Павлодар облыстарында жүзеге асырылды, бұл осы аймақтардың көмiрсутегi шикiзатын өндiруге және өңдеуге мамандануымен байланысты. 1997 жылдан бастап көлiктiң осы түрi бойынша статистикаға Өзбекстан мен Түрiкменстаннан газ транзитi енгiзiлдi, бұл Батыс Қазақстан облысы бойынша көрсеткiштердiң күрт өсуiне әкелдi.
      Телекоммуникациялар саласында "Қазақтелеком" ААҚ негiзгi телефон аппараттары санының көрсеткiштерi 1995 жылы 1962,9 мың данадан 2000 жылы 1834,2 мың данаға дейiн төмендеген. 2000 жылы 5 жылда алғаш рет негiзгi телефон аппараттары санының 74,5 мың дана немесе 4,2%-ға, соның iшiнде ауыл бойынша 20,4 мың дана немесе 7,6%-ға таза өсуi тiркелген. Сонымен бiрге, телекоммуникациялардың (бiрiншi кезекте Астана және Алматы қалаларында), сондай-ақ халық аз қоныстанған шалғай аудандарды, аймақтарды телефондандыру әдiстерiнiң сапалық өзгеруiн атап өткен жөн.
 
                    1.7. Инвестициялық қызмет
 
      Соңғы жылдары Қазақстанның аймақтық инвестициялық саясаты негiзiнен өндiру, бiрiншi кезекте, мұнай өнеркәсiбiне бағдарланған болатын. Осылайша, инвестициялардың едәуiр үлесi мұнай-газ өндірудің перспективалы аймақтары болып табылатын бес аймаққа салынған (Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда облыстары). Инвестициялық әлеуеттiң небары 18%-ын ғана шоғырландыра отырып, бұл облыстар соңғы екi жылда республиканың барлық инвестициясының 51%-нан астамын жинақтаған.
      Керiсiнше, инвестициялық әлеуеттiң 57% шоғырланған аймақтарға (Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары) соңғы екi жылда Қазақстан экономикасына барлық инвестицияның үштен бiрiнен кемi салынған болатын. Мұндай инвестициялық саясаттың жалғасуы жақын жылдарда-ақ Қазақстан шаруашылығының аумақтық құрылымында елеулi өзгерiстерге және әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейiнде аймақаралық сәйкессiздiктерге әкелуi мүмкiн.
      "Ескi өнеркәсiптiк" аймақтарға жете инвестиция салынбауы оларды бiртiндеп тоқыраған аймақтарға айналдыруы ықтимал.
 
             1.8. Халықтың ақшалай табыстары мен шығыстары
 
      Жан басына орташа есеппен халықтың ақшалай табыс деңгейi бойынша аймақтар арасындағы айырмашылық 3,2 есеге жетедi. 2000 жылы Алматы қаласының тұрғындары ең көп, Алматы облысы тұрғындары - ең төмен, 2001 жылдың қаңтар-тамыз кезеңiнде, тиiсiнше, Атырау және Оңтүстiк Қазақстан облыстары осынша ақшалай табыс алған. Тек аймақтар арасында емес, олардың iшiнде де ақшалай табыстың едәуiр саралануы сақталуда. Батыс облыстарда табыстың ең көп және ең аз деңгейлерi арасындағы алшақтық 3,4; солтүстiк облыстарда - 2,1; шығыс облыстарда - 1,4 есе.
      Сонымен бiрге, орташа республикалық көрсеткiштермен салыстырғанда жоғары ақшалай табысты аймақтарда ең төменгi күнкөрiс мөлшерi жоғары, ақшалай табысы төмендерiнде - тиiсiнше, төмен. Мысалға, 2000 жылдың екiншi тоқсанында бiр айға есептегенде ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы Атырау облысында - 5517 теңге, Оңтүстiк Қазақстанда - 3767 теңге құрағанда, ел бойынша 4761 теңге болған.
      Сондай-ақ, аймақтардың орташа жалақы деңгейi бойынша саралануы едәуiр. Ең жоғары деңгей Маңғыстау және Атырау облыстарында, ең төменi - Ақмола, Жамбыл, Алматы және Оңтүстiк Қазақстан облыстарында қалыптасқан.
      Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Ақмола және Солтүстiк Қазақстан және Қызылорда облыстарында жалақы орташа республикалық деңгейге жетпейдi. 2001 жылғы тамызда жалақының ең жоғары деңгейi (Атырау облысы) мен ең төмен деңгейiнiң (Ақмола облысы) арасындағы алшақтық 4 еседен аса болған. Бұл ретте Атырау және Маңғыстау облыстарының кен өндiрушi салалары мен селолық жерлерiнде жалақы арасындағы айырмашылық 6-9 есеге жеткен.
      Орташа есеппен, республика бойынша халық шығыстарының құрылымында оның 85,2% тұтыну шығыстарына келген. Бұл ретте олардың аймақтар бойынша мәнi Солтүстiк Қазақстан облысында 78,1%-дан Маңғыстау облысында 97,4%-ға дейiн өзгерiп тұрады.
      Республиканың аймақтары бойынша тұтыну шығыстары құрылымында ақылы қызметтер үлесi бойынша да, азық-түлiк тауарларын сатып алу шығыстары бойынша да елеулi саралану байқалуда.
 
                   1.9. Жұмыспен қамту, жұмыссыздық
 
      Аймақтар арасында жұмыссыздық деңгейiнде және жұмысқа орналастыру мүмкiндiктерiнде айырмашылықтар сақталуда.
      Республика бойынша орташа есеппен 9,2% жұмыссыздық деңгейiнде, 2001 жылдың үшiншi тоқсанында жұмыссыздықтың ең үлкен деңгейi Қызылорда облысында (12,3%), ең төменi - Шығыс Қазақстан облысында (6,9%) байқалған.
      Қазақстанның аймақтарында жұмыссыздарды орналастыру мүмкiндiктерi әртүрлi. Қарағанды, Солтүстiк Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан, Ақтөбе облыстарында және Алматы қаласында жұмыс іздегендердiң 54-тен 75%-ға дейiнгiсi жұмысқа орналасқан. Сонымен бiрге, Атырау, Жамбыл және Қызылорда облыстарында азаматтардың жұмысқа орналасу пайызы республикалықтан төмен - 13,8-ден 22%-ға дейiн.
 
          1.10. Шағын қалалардың, тоқыраған селолық және шекара
                    өңiрi аудандарының проблемалары
 
      Қазақстанда республика қала халқының 23%-ға жуығы тұратын 7 орташа және 58 шағын қала бар.
      Басым түрде өндiру бағдарындағы өнеркәсiбi бар шағын қалаларда республика қала халқының 7,5%-ы, агроөнеркәсiптiк бағыттағы кәсiпорындар бар қалаларда - 6,1, өңдеу өнеркәсiбi бар қалаларда - 5,6, тыңалдырушы маңызы бар қалаларда - 1, әскери-өнеркәсiп кешенi орталықтарында - 0,8, көлiк тораптарында - 1,9%-ы тұрады.
      Iс жүзiнде республиканың барлық шағын қалаларының негiзгi проблемалары: өндiрiстiң құлдырай түсуi және соның салдары ретiнде жұмыссыздықтың жоғары деңгейi; тұрмыс деңгейiнiң едәуiр төмендеуi; осы қалалардан тұрғындардың кетуi; бюджет қаражатының және инвестициялардың жеткiлiксiздiгi; әлеуметтiк сала объектiлерiн ұстау проблемасы; нашар көлiктiк байланыс; тұтынушылардың төмен төлем қабiлетiнен электр энергиясымен және жылумен жеткiлiксiз қамтамасыз ету болып табылады.
      Шахталардың көпшiлiгi ендiгi таусылған Абай, Сарань, Шахтинск - "көмiрлi" қалаларында, фосфор тыңайтқыштарын өндiру жөнiндегi кәсiпорындар қала құрайтын объектiлер қызметiн атқарған Қаратау және Жаңатас қалаларында; қорғасын-мырыш кенiштерi қаласы - Текелiде күрделi экономикалық және әлеуметтiк ахуал қалыптасты. Минералдық шикiзат ресурстарын өндiрудiң төмендеуi немесе тоқтауы нәтижесiнде бұл қалаларда жұмыс орындарының саны едәуiр қысқаруда, әлеуметтiк және өндiрiстiк инфрақұрылымның дағдарысты жай-күйiмен байланысты проблемалар кешенi шиеленiсуде.
      Әртүрлi деген себептермен шағын және орташа қалалар бойынша барлық тiркелген шаруашылық субъектiлерiнiң 40%-ға жуығы тоқтап тұр.
      Әскери-өнеркәсiп кешенi орталық - қалаларында бiлiктi кадрлардың кетуi қала құрайтын кәсiпорындарды қамтыған экономикалық дағдарыстың салдары болды. Сондай-ақ, экологиялық апат аймағында орналасқан Алға, Темiр, Шалқар, Арал, Қазалы, Аягөз, Шар сияқты қалаларда қолайсыз жағдай қалыптасты.
      Экономикасының негiзiн ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу жөнiндегi кәсiпорындар құрайтын қалалар қиын жағдайда тұр. Оларда дамыған инфрақұрылым, құрылыс базасы, бiлiктi кадрлар болмай отыр.
      Елдiң 1024,5 мың адам тұратын, 159 селолық ауданының 27 ауданы (ауыл халқының 15,6%-ы) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 11 мамырдағы N 561 P990561_ қаулысымен оларға мемлекеттiк көмек көрсету жөнiндегi бiрқатар шаралар қабылдана отырып, экономикасы тоқыраған аудандарға жатқызылған болатын. Бұл аудандар республиканың барлық облыстарында орналасқан, соның iшiнде Солтүстiк аймақта - 9, Батыс аймақта - 5, Шығыс Қазақстанда - 3, Қарағанды облысында - 2, Оңтүстiк аймақта - 8.
      Тоқыраған селолық аудандар тауарлар өткiзу рыноктарынан алыс жатыр, әлеуметтiк және өндiрiстiк инфрақұрылымы нашар, табиғи, климаттық және экологиялық жағдайлары қолайсыз.
      Шекара өңiрi аудандары үшiн де экономиканың одан әрi дамуы, халықты жұмыспен қамтамасыз ету және тұрмыс деңгейiн жақсарту проблемалары сипатты, осының нәтижесiнде олардан халық едәуiр дәрежеде кетуде, бұл елдiң экономикалық әлеуетiн және шебiн әлсiрететiн болады.
 
             1.11. Аумақтық айырмашылықтар және аймақтардың

 

                            тұрпатталуы


     Объективтiк табиғи-климаттық, географиялық жағдайлардан,

демографиялық ахуалдан, сондай-ақ, ұзақ уақыт бойы сақталған субъективтiк

факторлардан аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейлерiнде

аумақтық айырмашылықтар қалыптасты. Аймақтар топтарының

әлеуметтiк-экономикалық жағдайын сипаттайтын көрсеткiштер кестеде

келтiрiлген.


        Қазақстан Республикасы аймақтарының 2000 жылғы

          әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

__________________________________________________________________________

Аймақтар мен !Аймақтың!Аймақтың!Халықтың!Аймақтың!Аймақтың!Аймақтың!Аймақ.

  топтардың  !респуб. !ЖАӨ-ге  !жан ба. !өнеркә. !ауыл ша.!негізгі !тың ба.

    атауы    !лика    !үлесі, %!сына ша.!сіп өн. !руашылы.!капитал.!стапқы

             !халқы   !        !ққандағы!дірісі. !ғының   !ға ин.  !орташа

             !санында.!        !ЖАӨ, мың!нің жал.!жалпы   !вести.  !жан ба.

             !ғы үле. !        !теңге   !пы көле.!өнімін. !циялар  !сылық

             !сі, %   !        !        !міндегі !дегі    !игеруде.!табыс.

             !01.10.  !        !        !үлесі, %!үлесі, %!гі үле. !тарының

             !01 ж.   !        !        !        !        !сі, %   !орташа

             !        !        !        !        !        !        !респуб.

             !        !        !        !        !        !        !ликалық

             !        !        !        !        !        !        !деңгей.

             !        !        !        !        !        !        !ге ара

             !        !        !        !        !        !        !қатына.

             !        !        !        !        !        !        !сы,

             !        !        !        !        !        !        !2001 ж.

             !        !        !        !        !        !        !қаңтар-

             !        !        !        !        !        !        !тамыз.

             !        !        !        !        !        !        !ға,%

__________________________________________________________________________

Қазақстан       100      100     157,0     100     100       100     100

Республикасы

__________________________________________________________________________

1-топ

__________________________________________________________________________

Астана қ.       3,3      3,5     254,0     1,0     0,2       10.8    170.6

__________________________________________________________________________

Алматы қ.       7,6      16,0    329,9     3.9     0,4       9,5     184.4

__________________________________________________________________________

2-топ

__________________________________________________________________________

Атырау          3,0      11,0    581,7     22.3    1,1       18.0    241.6

__________________________________________________________________________

Маңғыстау       2,2      6,0     432,1     11,1    0,2       5.9     221.9

__________________________________________________________________________

3-топ

__________________________________________________________________________

Шығыс

Қазақстан       10,1     9,2     143,3     8,1     9,4       7.1     103,5

__________________________________________________________________________

Қарағанды       9,3      11,7    197,2     15,9    4,9       6.2     112.0

__________________________________________________________________________

Павлодар        5,1      5,9     175,2     7,2     4,2       4,2     107.5

__________________________________________________________________________

4-топ

__________________________________________________________________________

Ақтөбе          4,5      4,7     162,5     5,3     4,2       7.1     103.8

__________________________________________________________________________

Жамбыл          6,6      2,1     50,2      1,5     4,5       0,4     54.9

__________________________________________________________________________

Қостанай        6,3      6,0     144,1     3,3     16.5      2.2     82.2

__________________________________________________________________________

Оңтүстік

Қазақстан       13,8     5,2     61,1      5,4     10,0      2,1     49.3 

__________________________________________________________________________

5-топ

__________________________________________________________________________

Батыс

Қазақстан       4,1      5,3     203,4     4,6     3,9       21.6    120.9

__________________________________________________________________________

Солтүстік      

Қазақстан       4,7      3,0     98,8      1,3     12.7      0.6     77.8

__________________________________________________________________________

6-топ

__________________________________________________________________________

Алматы          10,5     4,8     72,0      3,8     13,4      1,6     57.8 

__________________________________________________________________________

Қызылорда       4,1      2,4     93,4      3,6     2,2       2.3     72.1

_________________________________________________________________________

Ақмола          4.9      3,3     94,7      1,5     12.2      0,4     75,2

__________________________________________________________________________



 
       Аймақтар проблемалық деп аталатын үрдiс бойынша топтастырылған, яғни, экономикалық әлеуетi мен экономикалық құрылымына байланысты ұқсас проблемалары және экономикалық көрсеткiштерi бар аймақтардың топтары бөлiнiп көрсетiлген; олардың кестеде орналасу ретi сондай-ақ, аймақтардың ЖАӨ және халықтың тұрмыс деңгейi бойынша орташа көрсеткiштерiмен айқындалады.
      Орташа республикалық деңгейге 163,1 және 187,9% - орташа жан басы кiрiстерiнiң едәуiр жоғары деңгейiмен бiрiншi топқа салаланған өнеркәсiбi (негiзiнен машина құрылысы), дамыған қаржы секторы және жоғары ғылыми-техникалық әлеуетi бар республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалалары жатады.
      2001 жылдың 1 қазанына осы қалалардың үлесi: республика халқы санында 10,9%-ды; жалпы аймақтық өнiмде - 19,7%-ды; өнеркәсiп өндiрiсi көлемiнде - 5%-ды құрады.
      Дегенмен, мұндай деңгейдегi қалалар үшiн жеткiлiктi өткiр проблемалар: Астана қаласының инфрақұрылыммен нашар жабдықталуы, өнеркәсiптiк орындарындағы ескiрген техника мен технологиялар және басқалары болып қалып отыр; Алматы қаласында газбен жабдықтауда проблемалар бар, сондай-ақ атмосфералық ауаның ластануының деңгейi жоғары.
      Екiншi топты көмiрсутегi минералдық ресурстарына бай: Атырау және Маңғыстау облыстары құрайды.
      2001 жылдың 1 қазанына облыстардың осы тобының үлесi республика халқы санында 5,2%-ды; жалпы аймақтық өнiмде - 17,4%-ды; өнеркәсiп өндiрiсi көлемiнде - 33,4%-ды; ауыл шаруашылығы жалпы өнiмiнде 1,3%-ды құрады. Халықтың жан басына орташа табыстары басқа облыстарға қарағанда жоғары.
      Негiзгi проблемалар: өнеркәсiп өндiрiсiнiң шикiзаттық бағыттылығы және негiзiнен мұнай өндiруге мамандануы; салаландырылмаған дерлiк өнеркәсiп және дамымаған ауыл шаруашылығы. Селолық аудандарда табыстың төмендiгi, жұмыссыздықтың көбеюi, артта қалған инфрақұрылым, аудан орталықтарының шалғайлығы, қоршаған ортаға зор ауыртпалық және басқалары.
      Yшiншi топ - негiздерiнде жергiлiктi шикiзатты пайдаланатын iрi кен өндiрушi және қайта өңдеушi кәсiпорындар салынған және жұмыс iстейтiн, табиғи минералдық шикiзат ресурстарына бай өнеркәсiптiк облыстар. Осы облыстарда, сондай-ақ, өңдеу өнеркәсiбiнiң кейбiр өндiрiстерi (машина жасау, жеңiл және тамақ өнеркәсiбi) белгiлi бiр дәрежеде дамыды. Бұл - Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары.
      Бұл топтағы облыстардың орташа жан басылық табыстары жоғары, олар орташа республикалық деңгейге қатысты алғанда, тиiсiнше, 117,4, 133,5 және 111,4%-ды құрайды.
      2001 жылдың 1 қазанына облыстардың осы тобының үлесi республика халқы санында 24,2%-ды, жалпы аймақтық өнiмде - 26,6%-ды, өнеркәсiп өндiрiсi көлемiнде - 31,2%-ды, ауыл шаруашылығында - 18,5%-ды құрады.
      Негiзгi проблемалар: шикiзаттық бағыттылығы, шикiзат базасының пайдаланудың жоғары дәрежесi, өнеркәсiптiң салаландырылмауы.
      Төртiншi топ табиғи ресурстарға бай, сондай-ақ едәуiр ауыл шаруашылық егiс жерлерi бар. Бұл - Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстары. Бұл ретте Ақтөбе және Қостанай облыстарында халықтың орташа жан басына шаққандағы табыстары орташа республикалық деңгейден бiршама жоғары, ал Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарында - орташа республикалық деңгейден төмен. Сонымен бiр мезгiлде, олардың барлығының, шамамен, бiрдей экономикалық базасы, бiрдей бағытталған құрылымы бар. Сонымен бiрге, Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының өнеркәсiп сияқты, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн, қызмет көрсетулер саласын, шекаралық сауданы дамыту есебiнен де орташа жан басына шаққандағы табыстарды арттыруға жеткiлiктi резервтерi бар.
      2001 жылдың 1 қазанына облыстардың төртiншi тобының үлесi республика халқы санында 31,2%-ды; жалпы аймақтық өнiмде - 17,2%-ды; өнеркәсiп өндiрiсi көлемiнде - 15,5%-ды; ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнде 35,2%-ды құрады.
      Негiзгi проблемалар: өнеркәсiптiң бiрқатар iрi кәсiпорындарында дағдарыстық ахуалды өткерудiң уақытша күрделiлiгi; ауыл шаруашылығына қызмет көрсететiн өндiрiстердiң жеткiлiксiз дамуы.
      Бұдан басқа, Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарында газбен, электр энергиясымен, сумен жабдықтауда iркiлiстер бар.
      Батыс Қазақстан және Солтүстiк Қазақстан облыстары кiретiн бесiншi топтың басым дамыған, соның iшiнде қорғаныс бағытындағы машина құрылысы және олардың өнеркәсiптiк-аграрлық бағыттылығын айқындайтын ауыл шаруашылық егiс жерлерi бар. Бұдан басқа, Батыс Қазақстан облысында өнеркәсiп өндiрiсi құрылымында 80%-дан аса болып отырған мұнай-газ өндiрушi өнеркәсiп даму үстiнде.
      Осы облыстар халқының табыстары орташа республикалық деңгейден төмен. 2001 жылдың 1 қазанына республика халқы санында бесiншi топтың үлесi 8,7%-ды; жалпы аймақтық өнiмде - 8,3%-ды; өнеркәсiп өндiрiсi көлемiнде - 4,4%-ды; ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнде - 16,6%-ды құрады.
      Негiзгi проблемалар: машина құрылысы, бiрiншi кезекте қорғаныс кәсiпорындарындағы күрделi жағдай, ілеспе газды жарату қажеттiлiгi, қуаң егiншiлiк, ауыз судың өткiр тапшылығы, мұнай-газ саласын дамытудың және әскери полигондар қызметiнiң экологиялық салдары.
      Алтыншы топ - Қызылорда облысындағы Құмкөлде мұнай өндiрудi есептемегенде, экономикалық қызметi, негiзiнен, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнен танылатын Ақмола, Алматы және Қызылорда облыстары кiретiн аграрлық облыстар:
      Ақмола және Алматы облыстарында халықтың табыстары өте төмен. Олар Қызылорда облысында Қызылорда қаласындағы Құмкөлдiң табыстары есебiнен орташа республикалық деңгейден жоғары.
      2001 жылдың 1 қазанына республика халқы санында алтыншы топтың үлесi 19,4%-ды; жалпы аймақтық өнiмде - 10,8%-ды; өнеркәсiп өндiрiсi көлемiнде - 9%-ды; ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнде - 27,8%-ды құрады.
      Халықтың орташа жан басына шаққандағы табыстары орташа республикалық деңгейден едәуiр төмен.
      Негiзгi проблемалар: тұрмыстың төмен деңгейi, ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтудың жоғары үлесi, нашар инфрақұрылым, үлкен аумақ, елдi мекендердiң өткiзу рыноктарымен нашар байланысы, iлеспе газды жарату қажеттiлiгi, көптеген аудандардың орталықтан шалғайлығы, қоршаған ортаға

 

жоғары ауыртпалық, Арал проблемасы, ауыз судың өткiр тапшылығы.

     Аймақтардың ұсынылған тұрпатталуы стратегиялық мiндеттердi шешуге

бағытталған. Жекелеген облыстардың немесе облыстар тобының проблемалық

мәселелерi оқшау сипатты және тиiстi салаларды және аймақтарды дамыту

бағдарламаларында шешiмiн табуға тиiс.


         2. Аймақтық саясаттың мақсаты, қағидаттары, мiндеттерi

                         және басымдықтары


                   2.1. Аймақтық саясаттың мақсаты


     Аймақтық саясаттың мақсаты проблемалық аймақтарды таңдап қолдау

саясатымен ұштастыра отырып, инфрақұрылымды, шаруашылық қызметтi нығайтуға

және халықтың тұрмыс деңгейiн жақсартуға ықпал ететiн маңызды

инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жолымен аймақтар арасындағы

әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейiндегi айырмашылықтарды төмендету болып

табылады.


             2.2. Аймақтық саясаттың негiзгi қағидаттары


     Аймақтық саясаттың негiзгi қағидаттары:

     республикалық мүдделердiң аймақтық, перспективалық мүдделердiң

ағымдық алдындағы басымдылығы;

     аумақтық орналасу ерекшелiктерi ескерiле отырып, аймақтардың табиғи

байлықтарын тиiмдi пайдалану;

     сол аумақта шаруашылық субъектiлерiнiң кәсiпкерлiк қызметiн

мемлекеттiк ынталандыру тетiктерiн құру арқылы проблемалық аймақтардың

экономикалық таңдап, қолдау;

     мемлекет үшiн айрықша маңызды стратегиялық мәнi бар аймақтарды басым

дамыту болып табылады.


                  2.3. Аймақтық саясаттың мiндеттерi


     Аймақтық саясат мiндеттерiне:

     аймақтардың қарқынды және теңдес әлеуметтiк-экономикалық дамуын

қамтамасыз ету;

     проблемалық шағын қалаларға және тоқыраған шалғайдағы селолық

аудандарға мемлекеттiк қолдау көрсету;


 
       ел қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн шекара өңiрi аудандарының, әсiресе, оңтүстiк аудандардың экономикалық әлеуетiн нығайту жөнiндегi мемлекеттiк саясатты әзiрлеу және жүргiзу;
      орталық және жергiлiктi басқару органдары арасында қатынастарды одан әрi жетiлдiру;
      Қазақстан аумағында халықты ұтымды қоныстандыру жатады.
 
                 2.4. Аймақтық саясат басымдықтары
 
      Проблемалық аймақтарға қолдау және ынталандыру қаражаты бағытталатын, аймақтық саясат басымдықтары:
      мемлекеттiк және аймақтық экономикалық дамудың таңдалған

 

стратегиясына сәйкес проблемалық аймақтарда жүргiзiлетiн, құрылымдық қайта

құрулар;

     жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыспен қамтуды арттыру және аймақ iшiнде

және одан тысқары жерлерде өндiрiстiң өсуiне және өнiмдер өткiзуге

әкелетiн кәсiпкерлiктi дамыту;

     өндiрiстiк, әлеуметтiк және тыңалдыру инфрақұрылымын сақтау, қайта

жаңарту және дамыту Қазақстан Республикасының аумағында қызметтiң барлық

түрiнiң экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

     кедейлiктi және жұмыссыздықты төмендету болып табылады.


          3. Қазақстан Республикасы аймақтық саясатының негiзгi

                                бағыттары


          3.1. Аймақтардың одан әрi әлеуметтiк-экономикалық дамуы


     1.11-бөлiмшесiнде айқындалған аймақтарды тұрпаттандыру аймақтық даму

бағдарламаларын әзiрлеу үшiн негiз болуға тиiстi.


 
       Қазiргi уақытта аймақтардың бiрiншi тобы - Астана және Алматы қалалары үшiн даму бағдарламалары мейлiнше анық жасалған. Осылайша, Астана қаласы бойынша Ел Президентiнiң Жарлығымен Мемлекеттiк бағдарлама бекiтiлдi, мұнда өңдеу өнеркәсiбiн, инфрақұрылымды, ғылыми, мәдени және өзге де орталықтарды жедел дамыту болжанып отыр. Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi Аймақтық қаржы орталығын құру жөнiнде тұжырымдама және іс-шаралар жоспарын бекiттi. Оның жұмсақ климаты, төңiрегiндегi ерекше табиғи объектiлердiң болуы ескерiле отырып, осы құжатпен туризм мен демалыстың қуатты инфрақұрылымын қалыптастыру көзделуде. Осының есебiнен шағын және орта бизнестiң кеңiнен дамуын қамтамасыз ету болжанып отыр. Өңдеу өнеркәсiбiнiң көптеген кәсiпорындарын жаңғырту, оның салалылығын кеңейту көзделуде.
      Екiншi топ аймақтары үшiн өндiрiстiң салаландырылуын жүзеге асыру мұнай өңдеу және мұнай химиясы өндiрiстерiн құрумен, ауыл шаруашылығында кәсiпкерлiктi дамытумен және ауыл шаруашылығы өнiмiн өңдеу жөнiндегi шағын бизнес кәсiпорындарын құрумен, сондай-ақ көлiк пен байланыс инфрақұрылымын дамытумен байланысты. Бұл ретте қоршаған ортаны, әсiресе, Каспий теңiзi қайраңындағы экологиялық қорғау жөнiндегi iс-шараларға ерекше назар аударылатын болады.
      Yшiншi топ аймақтары үшiн, негiзiнен, өнiмнiң ғылыми жұмсалымды түрлерiнiң ең жоғары деңгейiмен түпкi және бәсекелес қабiлеттi өнiм шығаратын өңдеу салаларында өнеркәсiп өндiрiсiн кеңiнен салаландыру басты мiндетке айналады. Бұл ретте, олар басым түрде шағын және орта қалаларда дамуға тиiстi. Сонымен қатар, мұнда, ортаны экологиялық қорғау жөнiнде iс-шаралар көздеу қажет.
      Төртiншi топ аймақтары үшiн бiрқатар ірi кәсiпорындардың әлеуетiн одан әрi пайдалану жөнiндегi шаралар, сондай-ақ ауыл шаруашылығына қызмет ететiн өндiрiстердi дамыту қажет.
      Бесiншi топ аймақтары үшiн машина құрылысын, бiрiншi кезекте қорғаныс кәсiпорындарын түбiрлi жаңарту және жаңғырту басты стратегиялық бағытқа айналады.
      Алтыншы топ аймақтарында ауыл шаруашылық өнiмiн өңдейтiн шағын және орта, сондай-ақ, дайындау, өткiзу және басқа өндiрiстерi кәсiпорындарын дамытуға негiзгi назар аударылатын болады. Бұл аймақтардың тұрмыс деңгейi бойынша соңғы орында тұрғаны ескерiле отырып мұнда, өнеркәсiп өндiрiстерiн құру және дамыту жөнiнде жекелеген жобалар әзiрлеу және жүзеге асыру қажет.
      Тұрпаттандыру облыстық бөлiнiстен басқа, шағын және орта қалаларға, аудандарға қатысты да жүргiзiлуге тиiстi.
      Артта қалған аумақтар облыстардың барлық топтарында болғандықтан, олардың даму стратегиясын айқындау қажеттiлiгi туындайды, соның негiзiнде оларды қолдау шаралары қабылданатын болады.
 
               3.2. Проблемалық аймақтарды мемлекеттiк қолдау
 
      Қолдауға жататын нақты әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердi, соның iшiнде тоқыраған қалалар мен аудандарды iрiктеу межелерiн таңдау-маңызды және ең күрделi мiндет болып табылады. Межелерде оларды кез-келген деңгей аймақтары: облыстар, қалалар, аудандар үшiн пайдалануға болатын экономикалық, қаржылық, әлеуметтiк, экологиялық қырлары көзделуi қажет.
      Бұл үшiн межелер орташа жан басына санаумен есептеледi. Әрбiр аймақ үшiн есептелген меже негiзiнде көрсеткiштерi стандарт ретiнде қабылданатын, орташа есептеулерден едәуiр төмен аймақтар айқындалады. Мұқият талдау және бағалау негiзiнде олардың аймақтық саясатқа сәйкес қолдауға жататын аймақтары таңдалады.

 

     Межелер ретiнде мынадай көрсеткiштер мейлiнше қонымды болып табылады:

     халықтың жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнiм орташа

республикалық деңгейден 75% төмен;

     соңғы үш жылдағы жұмыссыздықтың орташа деңгейi орташа республикалық

деңгейден 50 пайыз және одан да жоғары;

     республика бойынша орташа есеппен салыстырғанда өнеркәсiпте

iстейтiндердiң орташа табысы;

     халықтың ауыл шаруашылығындағы табыстарының төмен деңгейi;

     республикадағы орташа санымен салыстырғанда экономикада жұмыс

істейтiндердiң жалпы санында ауыл шаруашылығында жұмыс iстейтiндердiң

мейлiнше жоғары үлесi;

     экономикалық қызметтiң iрi орталықтарына қатысты алғанда аймақтың

шеткерi орналасуы;

     аймақтың мемлекеттiк, әсiресе, оңтүстiк шекараға тiкелей жақындығы;

     ауылдық ортаның өнiм өткiзудiң iрi рыноктарынан алыстығы;

     өндiрiстiк инфрақұрылыммен нашар жабдықталуы;

     ресурс базасының болмауы және сарқылуы;

     қолайсыз экологиялық жағдайлар.

     Бұдан басқа, аймақтарды мемлекеттiк қолдау үшiн таңдау кезiнде, соның

iшiнде ел қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және мемлекеттiк, әсiресе,

оңтүстiк шекараны нығайтуға әсер ететiн басқа да факторлар ескерiлуi

мүмкiн.

     Yкiмет құрған арнайы комиссия қолдауға алынатын аймақтарды түпкiлiктi

ірiктеудi жүзеге асыруға тиiс, ол межелер құрамына әрбiр үш жылда өзгерiс

енгiзуi мүмкiн.


          3.3. Республикалық және жергiлiктi басқару деңгейлерi

                    арасындағы қатынастарды жетiлдiру



 
       Мемлекеттiк басқару органдары арасындағы қазiргi қатынастар жүйесi аймақтар дамуының әлеуметтiк-экономикалық жағдайларын қалыптастыруда едәуiр рөль атқарады. Республикалық және жергiлiктi басқару деңгейлерi арасындағы функциялар мен өкiлеттiктердi ұтымды бөлу негiзiнде осы қатынастарды одан әрi жетiлдiру экономикалық өсу және халықтың тұрмыс деңгейi мен сапасын арттыру үшiн аймақтар мүдделерiнiң өзiндiк ерекшелiгiн ескеруге және олардың ресурстық әлеуетiн тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк бередi.
      Басқарудың жергiлiктi органдарының халықтың тұрмыс деңгейi мен сапасына, минералдық-шикiзаттық, жер, су және басқа да ресурстарды ұтымды пайдалануға, өсiмдiк және жануарлар дүниесiн молайтуға жауапкершiлiгi артады.
      Басқарудың әрбiр деңгейiнде оларға бекiтiлген функциялардың толық қанды орындалуы үшiн қаржыландырудың жеткiлiктi көздерi заңдық негiзде бекiтiлуi жетiлдiрiлетiн болады.
      Тұтастай алғанда, республикалық және жергiлiктi басқару деңгейлерiнiң арасындағы функциональдық өкiлеттiктердi межелеу мемлекеттік функцияларды орталықсыздандыру және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру саласындағы мемлекеттiк саясат бағыттарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
 
              3.4. Халықты қоныстандыру және жұмыспен қамтуды
                        ынталандыру бағдарламалары
 
      Қазақстанда реформалар басталғаннан бастап, халықтың Қазақстаннан басқа елдерге сияқты, республикаға да күштi көшi-қон ағыны келуде.
      Осы ағындарды ұтымды реттеу мақсатында жұмыссыздықтың үлкен деңгейiмен, кедейлiкпен, проблемалық және тоқыраған аймақтарда жұмыстың болмауымен байланысты процесс мемлекеттiк бақылауға алынуы қажет. Қазақстан жағдайларында республикадан көшi-қон ағынының үлкен бөлiгi әртүрлi ұлт азаматтарының тұратын аймақтарға және олардағы жағдайларға қарамастан, өздерiнiң тарихи отанына қайту еркiмен байланысты. Бұл, ең алдымен, немiстерге, iшiнара орыстарға, украиндықтарға және басқа ұлттарға қатысты, бұл тұрлаулы процесс болып табылады.
      Алайда, жоғары жұмыссыздықтан, тоқыраған аймақтардан жұмысшылардың, бiлiктi мамандардың жылжуын толық болдырмау мүмкiн емес. Бұдан басқа, қоныс аудару процесi көптеген, қонысталған, бiрақ тоқыраған ауылдарда, кенттерде және тiптi кейбiр шағын қалаларда өмiр сүрудiң сенiмдi жүйесiн (электр жарығы, жылу, су, рынокпен байланыс және басқалары) құрудың мүмкiн болмайтындығынан, қажеттiлiк ретiнде туындайды.
      Адамдардың кеңiстiк тұрғысындағы жылжуы тоқыраған аймақтар халқының ерiктiлiгi, әртүрлi аймақтардағы - әсiресе, "өсу нүктелерiндегi" әлеуметтiк-экономикалық ахуал туралы, экономикалық өсу, еңбек және тұрғын үй рыногы және басқалары, жұмысшылар мен мамандардың өтемақылығы (толық немесе iшiнара) және отбасылық көшу туралы барынша хабардар болуы қағидаттарына құрылған мемлекеттiк көшi-қон саясатына сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.
      Қоныстанудың ұтымды схемасын құруға:
      мемлекеттiк көшi-қон саясатын жетiлдiру;
      еңбектiң аймақтық рыноктарындағы ахуал ескерiле отырып, Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға жыл сайын квота белгiлеу;
      проблемалық аймақтар мен қалалардың өсу нүктелерiне жоғары бiлiктi кадрлар, жоо-ның, колледждердiң түлектерiн және басқаларды тарту үшiн ынталандыруды дамыту және басқалары;
      кепiлдiктер мен жеңiлдiктер бере отырып, шағын қалаларға және тоқыраған ауылшаруашылық аудандарға жоо-ның түлектерiн iшiнара мемлекеттiк бөлудi қалпына келтiру ықпал ете алады.
      Ел аумағы бойынша халықтың реттелмелi көшi-қоны бiрқатар мiндеттердi шешуге:
      еңбек рыногында, әсiресе, жастар, мектеп пен жоо түлектерi арасындағы шиеленiстi төмендетуге;
      тұрғындар тығыз қоныстанған аймақтардан қоныстану тығыздығы төмен аймақтарға; тұруға экологиялық қауiптi аймақтардан өмiр сүру үшiн қолайлы жағдайлары бар аймақтарға оларды қоныстандырудың ұтымды схемасын айқындауға;
      халықтың аумақтық оңтайлылығын және еңбек белсендiлiгiн арттыруға;
      проблемалық аймақтарды, шағын қалаларды, ауылдық елдi мекендердi тоқырау жағдайынан шығаруға, оларда өндiрiстi жандандыруға;
      елдiң шекара өңiрi аудандарын нығайтуға және шекаралардың қауiпсiздiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi.
 
              4. Аймақтық саясаттың тетiктерi
 
      Әкiмшiлiк-құқықтық тетiк - басқару деңгейлерi арасында мемлекеттiк функциональдық өкiлеттiктердi шектеудi қамтамасыз ететiн заңдар қабылдау және іске асыру, тұрақты және әдiл бюджетаралық қатынастар белгiлеу көмегiмен барлық аймақтардың тиiмдi дамуы үшiн жағдайлар мен мүмкiндiктер жасалуы мүмкiн. Нақ осындай жүйе аймақтардың тиiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамуы үшiн ынталандырулар туғызады және жергiлiктi атқарушы органдардың аймақтардағы iстердiң жағдайына жауапкершiлiгiн күшейтедi.
      Бұл проблемалық аймақтар үшiн экономиканы дамыту үшiн тең жағдайлар және халық тұрмысы үшiн теңдес жағдайлар жасауға мүмкiндiк бередi. Бiрақ олар барлық аймақтарда жеткiлiктi бола бермейтiндiктен, артта қалған аймақтарды қолдаудың және ынталандырудың экономикалық тетiктерi қосымша пайдаланылатын болады.
      Проблемалық аймақтарды ынталандыру және қолдау тетiгiнде инвестицияларға негiзгi орын берiледi.
      Инвестициялар бiрiншi кезекте:
      аймақтардың өткiзу рыногымен және ресурс рыногымен байланысын қамтамасыз ететiн көлiк инфрақұрылымын құруға;
      электр энергиясымен тұрақты жабдықтауға;
      сумен, отынмен және жылумен қамтамасыз етуге;
      бiлiктi қызметкерлер даярлайтын бiлiм беру жүйесiн дамытуға;
      денсаулық сақтау қызметтерiмен қамтамасыз етуге;
      ғылыми зерттеулерге, жобалық жұмыстарға, инновацияларға және технологияларға қол жеткiзудi қамтамасыз етуге, ақпарат орталықтарын, ҒЗТКЖ және басқаларын құруға бөлiнетiн болады.
      Егер бұл ретте, олар:
      аймақ үшiн қосымша кiрiстер жасаса, бұл ретте бұдан аймақтың жалпы кiрiсi тұрақты артуы тиiс, бұдан, егер, өнiмнiң аймақтан тыс өткiзiлуi мүмкiн болса;
      өндірісті ұтымды етіп, сол арқылы кәсіпорнына еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуiн қамтамасыз етсе және оның бәсекелестiк қабiлетiн арттырса;
      аймақтарда импорт алмастырудың одан әрi дамуын қамтамасыз етсе, бiрiншi кезекте, аймақ экономикасын дамыту және құрылымдық қайта құрулар бағдарламасына енгiзiлген салаларда кәсiпорындарды инвестициялау жүзеге асырылатын болады.
      Инвестициялық қолдауға жататын салаға туризм де жатады, ол аймақтардың кiрiстерiн арттырудың және жұмыспен қамтуды ұлғайтудың маңызды көздерi болып табылады.
      Инвестициялық жобаларды әзiрлеу кезiнде қаржыландырудың барлық көздерiнен жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған еңбектi көп қажет ететiн жобаларға көңiл аударылатын болады.
      Бұдан басқа, проблемалық аймақтар аумақтарында аймақтық, аймақаралық, аймақтық-салалық проблемаларды шешуге бағытталған жекелеген жобалар мен бағдарламаларды; тоқыраған шағын және орташа қалаларды қолдаудың арнайы жобалары мен бағдарламаларын және басқаларын бюджет қаражаты есебiнен қаржыландыру жүзеге асырылатын болады.
      Аймақтық саясат тетiктерi проблемалық аймақтарды тiкелей қаржыландыру сияқты, тоқыраған аймақтарды қолдау үшiн арнайы мемлекеттiк бағдарламалар арқылы да қолданылуы мүмкiн.
      Мемлекеттiк бюджет қаражаты және басқалары, заңмен тыйым салынбаған қаражат көздерi проблемалық аймақтарды қолдауда инвестицияларды қаржыландырудың негiзгi көздерi болып болжануда.
      Ұсынылған тетiктер әрбiр аймақтағы объектiлердi iрiктеу, қолдау межелерiнiң нақты мәндерi ескерiле отырып, саралы түрде пайдаланылатын болады. Олардың проблемалық және тоқыраған аймақтар үшiн "бәрiне бiрдей сеп" бола алмайтынын және егер, жергiлiктi атқарушы органдар тарапынан қолданылатын басқа да бастамашылық шаралармен, кәсiпкерлердiң, әсiресе, шағын және орта кәсiпорындар иелерiнiң бастамашылығымен қолдау көрсетiлгенде, ойдағыдай нәтижелер беруi мүмкiн екендiгiн атап өткен жөн.
      Жергiлiктi атқарушы органдар өз тарапынан:

 

     аймақтың инвестициялық тартымдылығын қалыптастыру, инвестициялар

ағыны үшiн жағдайлар жасау;

     осы кәсiпорындар санының өсуi тұрақты өсетiн экономика үшiн сенiмдi

негiз құрауы мүмкiн болғандықтан, шағын және орта кәсiпорындарды нығайту;

     осылардың көмегімен кез келген кәсіпкер қажетті технологияларды,

жобаларды жедел алуы мүмкін болатын, шағын және орта қалаларда ақпарат

орталықтарын және бизнес-инкубаторлар құра отырып, зерттеулерді,

инновацияларды, ҒЗТКЖ-ны және трансферт-технологияларды инвестициялық

қолдау жөнінде саясат жүргізуі тиіс.



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады