Экономикасы тоқыраған аудандарға көрсетілетін мемлекеттік көмектің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1-қосымшаға сәйкес Экономикасы тоқыраған аудандардың тізбесі бекітілсін.
2. 2-қосымшаға сәйкес Экономикасы тоқыраған аудандарда республикалық бюджеттің қаражаты есебінен 1999-2000 жылдарда іске асыру жоспарланып отырған инвестициялық жоспарлардың тізбесі мақұлдансын.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі:
1) жоғарыда көрсетілген аудандардың шаруашылықтарын реформалауға және қаржылай сауықтыруға көмек көрсетсін;
2) 1999 жылдың 15 маусымына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы аудандарда сауда-сатып алу және дайындау ұйымдарының жүйесін, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу цехтарын құру жөнінде ұсыныс енгізсін.
4. "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" жабық акционерлік қоғамына тендерлік негізде экономикасы тоқыраған аудандарда орналасқан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуды ұйымдастыру үшін 2000 жылдың 1 қаңтарына дейін мерзіммен сыйқақының (мүдденің) нөлдік ставкасы бойынша 50000000 (елу миллион) теңге көлемінде несие қаражатын бөлу ұсынылсын.
5. Облыстардың әкімдері қаржыландырудың көзін айқындай отырып, экономикасы тоқыраған аудандардың елді мекендерін энергиямен қамтамасыз ету жөнінде бағдарлама әзірлесін және бекітсін, олардың бір бөлігін дербес жылумен және электрмен қамтамасыз етуге аударудың қажеттілігін негіздесін және 1999 жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне келісуге ұсынсын.
6.
ЕСКЕРТУ. 6-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 1999.10.08. N 1542 қаулысымен. P991542_
7. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі бірінші кезекті тәртіппен экономикасы тоқыраған аудандарға туберкулезге қарсы дәрі-дәрмектер, жаңа туған сәбилерді иммунизациялау үшін "В" гепатитіне қарсы вакциналарды, санитарлық автокөлік, медициналық жабдықтар бөлуді қамтамасыз етсін.
8. Облыстардың әкімдері заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) 1999 жылдың 1 маусымына дейін экономикасы тоқыраған аудандардағы мемлекеттік мекемелердің жалақысы бойынша және балалары бар отбасыларға жәрдемақылар бойынша борыштарды өтесін;
2) 1999 жылдың 1 маусымына дейін меншіктің коммуналдық нысанындағы қаржылық дәрменсіз ауыл шаруашылығы ұйымдарының банкроттығы, оларды оңалту және санациялау ресімдерін жүргізуді аяқтасын;
3) әлеуметтік сала объектілерін жергілікті бюджеттердің балансына беруді жалғастырсын;
4) 1999 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетімен бірлесіп 2-қосымшаға сәйкес экономикасы тоқыраған аудандарда 2000 жылы іске асыру жоспарланып отырған объектілердің құрылысын салудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуді және Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігіне ұсынуды қамтамасыз етсін;
5) 1999 жылы экономикасы тоқыраған аудандарда орналасқан тауар өндірушілерінен ауыл шаруашылығы өнімдерін басымдықпен мемлекеттік сатып алуды қамтамасыз етсін.
9. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Ж.С.Кәрібжановқа жүктелсін.
10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 11 мамырдағы
N 561 қаулысымен
бекітілген
Экономикасы тоқыраған аудандардың
Тізбесі
Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы
Жарқайың ауданы
Қорғалжын ауданы
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы
Алматы облысы Ақсу ауданы
Райымбек ауданы
Атырау облысы Қызылқоға ауданы
Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы
Тарбағатай ауданы
Үржар ауданы
Жамбыл облысы Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы
Орда ауданы
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы
Ұлытау ауданы
Қызылорда облысы Арал ауданы
Қазалы ауданы
Қостанай облысы Амангелді ауданы
Жангелдин ауданы
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы
Павлодар облысы Ақтоғай ауданы
Май ауданы
Солтүстік Қазақстан Жамбыл ауданы
Уәлиханов ауданы
Оңтүстік Қазақстан Отырар ауданы
Созақ ауданы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 11 мамырдағы
N 561 қаулысымен
мақұлданған
Экономикасы тоқыраған аудандарда 1999-2000 жылдарда республикалық
бюджеттің қаражаты есебінен іске асыру жоспарланып отырған
инвестициялық жобалардың тізбесі
________________________________________________________________________
|N | Инвестициялық жобаның атауы | Жобаның | Жобаны| Жобаны
| | | құны | әзірлеу|іске асыру
| | | | мерзімі| мерзімі
|__|______________________________________|___________ |________|_______
| |Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы: | | |
|1 |"Айырқызыл-Ырғыз-Нұра-Дүкен" желілік |20 млн.теңге|1999 жыл |2000 жыл
| |су құбыры жүйесін қайта жаңарту. | | |
| | | | |
| |Атырау облысы Қызылқоға ауданы: | | |
|2 |"Индер-Миялы" су құбыры бөлігін және |50 млн.теңге|1999 жыл |2000 жыл
| |"Миялы" "Тайсойған" ауылдарында | | |
| |орналасқан су скважиналарын қайта | | |
| |жаңарту. Шығыс Қазақстан облысы, | | |
| |Абай ауданы: | | |
|3 |Арқат, Қасқабұлақ, Құндызды, Медеу |7 млн. теңге|1999 жыл |2000 жыл
| |және Кеңгірбай ауылдарындағы су құбыры| | |
| |желілерін жөндеу. | | |
| |Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы: | | |
|4 |Жарлы суағарының құрылысын аяқтау. |8 млн. теңге|1999 жыл |2000 жыл
|5 |Қарағайлы кентінде су құбыры желісін |25 млн.теңге|1999 жыл |2000 жыл
| |қайта жаңарту. | | |
| |Қызылорда облысы, Арал | | |
| |және Қазалы аудандары: | | |
|6 |Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырын және |15 млн.теңге|жобасы |1999 жыл
| |оған жалғанған тармақтарды қайта | |бар |
| |жаңарту. | | |
|7 |Қызылорда оң жағалау топтық су құбыры.|33 млн.теңге|жобасы |1999 жыл
| |ның құрылысы | |бар |
|8 |"Жаңақазалы" кентіндегі 7 "A" сору |13 млн.теңге|жобасы |1999 жыл
| |станциясын қайта жаңарту. | |бар |
| |Павлодар облысы, Май ауданы: | | |
|9 |Май топтық су құбырын қайта жаңарту. |25 млн.теңге|1999 жыл |2000 жыл
| |Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар | | |
| |ауданы: | | |
|10|Әл-Фараби кентінде 1266 орындық мек. |30 млн.теңге|1999 жыл |2000 жыл
| |тептің құрылысын аяқтау. | | |
|11|Шәуілдір суағарының бірінші қосу |10 млн.теңге|жобасы |1999 жыл
| |кешені Оңтүстік Қазақстан облысы, | |бар |
| |Созақ ауданы: | | |
|12|"Шолаққорған"кентінде аудандық ауру. |70 млн.теңге|1999 жыл |2000 жыл
| |хананың құрылысын аяқтау | | |
| |Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов | | |
| |ауданы: | | |
|13|Беловод топтық су құбырын қайта |10 млн.теңге|жобасы |1999 жыл
| |жаңарту | |бар |
|__|______________________________________|____________|_________|_________
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.