Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Yкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының Үкiметi Тәжiкстан Республикасының Yкiметiне берген мемлекеттiк несиенi қайта құрылымдау туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Александр Сергеевич Павловқа Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат ете отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Yкiметi арасында Қазақстан Республикасының
Үкiметi Тәжiкстан Республикасының Yкiметiне берген мемлекеттiк несиенi
қайта құрылымдау туралы келiсiм жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.03.27. N 359
қаулысымен.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының
Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының Үкiметi
Тәжікстан Республикасының Үкiметiне берген
мемлекеттік несиенi қайта құрылымдау туралы
КЕЛIСIМ
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
Тәжiкстан Республикасының Yкiметi,
- Қазақстан Республикасының Үкiметi, Халықаралық Валюта Қоры, Дүниежүзілік Банк және тұтас алғанда әлемдiк қоғамдастық қолдаған Экономикалық реформалардың бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi Тәжiкстан Республикасы халқының күш-жiгерiн бөлiсе отырып;
- Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы 1992 жылдың және 1993 жылдың қаңтар-тамызының қорытындыларына қатысты техникалық несиелер бойынша берешектi Тәжiкстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк несиесiне қайта ресiмдеу туралы 1993 жылғы 26 тамыздағы келiсiмге (бұдан әрi - 1993 жылғы 26 тамыздағы келiсiм) және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы Тәжiкстан Республикасының Қазақстан Республикасының алдындағы борыштық мiндеттемелерiн қайта ұйымдастыру шарттары туралы 1995 жылғы 22 қарашадағы келiсiмге (бұдан әрi - 1995 жылғы 22 қарашадағы келiсiм) сәйкес қазақстан Тарапы оған берген мемлекеттiк несие бойынша тәжiк Тарапының берешек проблемаларын жеделдетiп реттеу қажеттiгін тани отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-БАП
Тараптар Қазақстан Республикасының Тәжiкстан Республикасының алдындағы берешектерiн ескере отырып, 1993 жылғы 26 тамыздағы келiсiмге сәйкес, сондай-ақ 1995 жылғы 22 қарашадағы келiсiмге сәйкес 1997 жылы 3 желтоқсанда корреспонденттiк шоттар ашылғанға дейiн Қазақстан Республикасы мен Тәжiкстан Республикасы банктерiнiң арасындағы 1992 жыл үшiн өзара есеп айырысуларды түпкіліктi мұқият тексеру кесiмiне сәйкес тәжiк Тарапына берiлген мемлекеттiк несиенi қайта құрылымдауды жүзеге асыруға келiстi.
2-БАП
2.1. Тараптар Қазақстан Республикасының Yкiметi Тәжiкстан Республикасының Yкiметiне берген қайта құрылымданған несие сомасы 12 136 645-80 (он екi миллион жүз отыз алты мың алты жүз қырық бес - 80) АҚШ долларын құрайды деп келiстi.
Осы сома 1995 жылғы 22 қарашадағы келiсiмнiң 2-бабына сәйкес 18 286 092-00 (он сегiз миллион екi жүз сексен алты мың тоқсан екi) АҚШ доллары сомасынан 1993 жылғы 26 тамыздағы келiсiмнiң 7-бабына сәйкес безбенделген орташа бағам бойынша 2 751 434-60 (екi миллион жетi жүз елу бiр мың төрт жүз отыз төрт - 60) АҚШ долларына баламалы 728,8 миллион рубль (жетi жүз жиырма сегiз миллион сегiз мың рубль) мөлшерiндегi соманы, сондай-ақ 1997 жылғы 3 желтоқсанда корреспонденттiк шоттар ашылғанға дейiн Қазақстан Республикасы мен Тәжiкстан Республикасы банктерiнiң арасындағы 1992 жыл үшiн өзара есеп айырысуларды түпкiлiктi мұқият тексеру кесiмiне сәйкес 3 398 011-60 (үш миллион үш жүз тоқсан сегiз мың он бiр - 60) АҚШ долларына баламалы 900 065 319-00 рубль 78 тиын (тоғыз жүз миллион алпыс бес мың үш жүз он тоғыз рубль жетпiс сегiз тиын) мөлшеріндегi соманы алып тастау жолымен анықталды.
Тәжiкстан Республикасына Халықаралық Валюта Қоры ұсынатын барлық несие берушi елдер үшiн ортақ шарттармен қайта құрылымдалатын Тәжiкстан Республикасына берген мемлекеттiк несиенiң шарттарына сәйкес тәжiк Тарапы 2001 жылғы 31 желтоқсанға дейiн қазақстан Тарапына 1997 жылдан бастап 2000 жыл кезеңiнде 29 817-59 АҚШ доллары сомасында пайыздық төлемдердiң артық төленген сомасын шегере отырып, 2001 жыл үшiн 344 545-89 (үш жүз қырық төрт мың бес жүз қырық бес-89) АҚШ доллары мөлшерiндегi есептелген пайыздық төлемдердің сомасын жылдық 2.8 (екi бүтiн оннан сегiз) пайыздық ставка бойынша төлеуге міндеттенедi және тәжiк Тарапы 314 728-30 АҚШ доллары мөлшеріндегi соманы төлеуге тиiс.
2.2. Қазақстандық Тараптың 12 136 645-80 (он екi миллион жүз отыз алты мың алты жүз қырық бес - 80) АҚШ доллары мөлшеріндегi қайта құрылымдалған несиесi тәжiк Тарапына 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап 15 (он бес) жыл мерзiмге берілдi деп есептеледi, олардың iшiнде алғашқы 5 (бес) жылы тәжiк Тарапы қайта құрылымдалған несие бойынша есептелген пайыз сомасын өтейтiн төлемдi төлеу жүргiзiлетiн жеңілдiк кезеңiн құрайды.
3-БАП
3.1. Тәжiк Тарапы қайта құрылымдалған несие бойынша 12 136 645-80 (он екi миллион жүз отыз алты мың алты жүз қырық бес - 80) АҚШ доллары мөлшерiндегi негiзгі борыш сомасын 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап 2015 жылғы 31 желтоқсан кезеңiнде өтеуге мiндеттенедi.
3.2. Негiзгi борыш сомасын өтеуге арналған төлемдер қайта құрылымдалған несие сомасының қырықтан бiр бөлiгi мөлшерiндегi тең үлестермен тоқсан сайын жүргiзiледi.
3.3. Негiзгi борыш сомасын өтеуге төлем жүргiзу күнi әр тоқсанның соңғы айының 30-шы (отызыншы) күнi болып белгiленедi.
3.4. Осы баптың 3.3-тармағында көрсетiлген мерзiмде жүргiзiлмеген төлем негізгi борыш сомасын өтеудiң мерзiмi өткен төлемi болып саналады.
Тәжiк Тарапы негізгi борыш сомасын өтеудiң алғашқы төлемiн 2006 жылғы 30 наурызда жүргiзедi.
3.5. Тәжiк Тарапы қазақстан Тарапының келiсiмiмен негiзгi борыштың сомасын мерзiмiнен бұрын өтей алады.
4-БАП
4.1. Тәжiк Тарапы қайта құрылымданған несиенi пайдаланғаны үшiн пайыздық есептелген сомасын төлеудi 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап 2015 жылғы 31 желтоқсан кезеңінде жүргiзедi.
Пайыздық төлем сомасын есептеу жылына 360 күн есебінен есептелген тоқсандағы iс жүзiндегі күндердiң саны бойынша өтелмеген негiзгi борыштың сомасына арналған жылдық 2.8 (екi бүтiн оннан сегiз) пайыздық ставка бойынша жүргiзiледi.
Төлемнiң орындалған күнi қазақстан Тарапының уәкiлеттi банкінің шотына сома түскен күн болып есептеледi.
Есептелген пайыздарды өтеуге арналған төлемдер тоқсан сайын жүргiзiледi.
Есептелген пайыздардың сомасын өтеуге арналған төлем жүргiзу күнi әрбiр тоқсанның соңғы айының 30-шы (отызыншы) күнi болып белгiленедi.
4.2. Осы баптың 4.1-тармағында көрсетiлген мерзiмде жүргiзiлмеген төлем қайта құрылымдалған несиенi пайдалану үшiн есептелген пайыздарды өтеудiң мерзiмi өткен төлемi болып саналады.
5-БАП
Негiзгi борышты өтеуге және/немесе есептелген пайыздардың сомасын өтеуге арналған мерзiмi өткен төлемдердiң сомасына жылына 360 күн есебiнен АҚШ долларындағы алты айлық депозиттер үшiн LIВОR+4 (ЛИБОР қосу төрт) жылдық пайыздық ставкасы бойынша төлемдердің әрбiр мерзiмi өткен күнi үшiн айыппұл пайызы есептеледi.
Айыппұл пайыздарын есептеу бойынша жалпы мерзiмдi санау негiзгi
борыштың және/немесе есептелген пайыздардың төлемiн жүргiзген күннен
кейiнгi күннен басталады және берешектi iс жүзiнде өтеу күнiмен (iс
жүзiндегі өтеу күнiн қоса алғанда) аяқталады.
Тәжiк Тарапы мерзiмi өткен төлем сомасына есептелген айыппұл
пайыздарын төлеудi қазақстан Тарапының жазбаша хабарламасынсыз-ақ
жүргiзедi.
6-БАП
Негiзгi борышты, пайыздық және айыппұл борыштарын өтеу төлемдерiн
тәжiк Тарапы АҚШ долларында жүргiзедi.
7-БАП
7.1. Егер осы Келiсiм бойынша белгілi бiр төлем мерзiмдерi бойынша Тараптар мемлекеттерiнің аумағында банктiк жұмыс күнi болып табылмайтын күнмен сәйкес келсе, мұндай төлем келесi жұмыс күнi жүргiзiледi.
7.2. Қосымша Келiсiмге сәйкес анықталатын Тараптардың уәкiлеттi банктерi:
- осы Келiсiмнiң шарттарынан туындайтын есеп айырысуларды жүзеге асырудың және шоттарды жүргізудiң техникалық тәртiбiн бiр айлық мерзiмде бiрлесiп әзiрлеуге және оны банкаралық келiсiм түрiнде ресiмдеуге;
- жоғарыда көрсетiлген есеп айырысуларды жүзеге асырудың және
шоттарды жүргізудiң техникалық тәртiбiн өз мемлекеттерiнің Қаржы
министрлiктерiмен келiсуге;
- есептi тоқсан аяқталған күннен бастап 10 (он) күннiң iшiнде есептi
тоқсан аяқталған күнгi Тараптар шоттарының жай-күйi туралы өз Тарапының
Қаржы министрлiгiне ресми түрде есеп берудi ұсынуға мiндеттенедi.
8-БАП
Осы Келiсiм бойынша Тараптардың мiндеттемелерi сөзсiз болып табылады
және ол бойынша барлық төлемдер Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарында
алынатын барлық салықтардан, комиссиялардан және алымдардан босатылады.
9-БАП
Осы Келiсiмнiң ережелерi олар қатысушылары болып табылатын басқа да
халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен
мiндеттемелерiн қозғамайды.
10-БАП
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсіндiруде немесе қолдануда даулар мен
келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды консультациялар мен
келiссөздер арқылы шешетiн болады.
11-БАП
Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, ол осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделедi.
12-БАП
Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшін қажеттi мемлекетішілiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшiне енедi.
Осы Келiсiм өзiнің қолданылуын Тараптар осы Келiсiм бойынша өз мiндеттемелерiн толық орындаған күннен бастап тоқтатады.
13-БАП
Осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап барлық үкiметаралық келiсiмдер және осы Келiсiмнің 1-бабында көрсетілген 1997 жылғы 3 желтоқсандағы корреспонденттен шоттар ашылғанға дейiн Тараптар мемлекеттерiнің банктерi арасындағы 1992 жыл үшiн өзара есеп айырысуларды түпкiлiктi мұқият тексеру кесiмi және сол сияқты осы келiсiмдер мен кесiм бойынша Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерi күшiн жояды және Тараптардың бiр-бiрiне
қаржылық немесе өзге де талап қоюы үшiн негiз қызметiн атқара алмайды.
__________ жылғы "____" _________ __________ қаласында әрқайсысы
қазақ, тәжік және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды және де
барлық мәтіндердiң күшi бiрдей.
Осы Келiсiмнің ережелерiн Тараптардың түсіндiруi кезiнде
келiспеушiлiктер болған жағдайда, Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге
жүгiнетiн болады.
Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасының
Yкiметi үшін Үкiметi үшiн
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.