Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі Тәжікстан Республикасының Үкіметіне берген мемлекеттік несиені қайта құрылымдау туралы келісім жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 1632 P011632_ қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәжит
Төлеубекұлы Есенбаевқа" деген сөздер "Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Александр Сергеевич Павловқа" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.