Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі мен Армения Республикасының Әдiлет министрлiгi арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 19 желтоқсан N 1655


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. 2001 жылғы 23 мамырда Ереван қаласында жасалған Қазақстан 
Республикасының Әділет министрлігі мен Армения Республикасының Әділет 
министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
      
            Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі мен
         Армения Республикасының Әдiлет министрлiгi арасындағы
                         ынтымақтастық туралы
                              КЕЛIСIМ
     
     Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Әділет 
министрлігі мен Армения Республикасының Әділет министрлiгi, 
     екi мемлекеттің әдiлет министрлiктерi арасындағы ынтымақтастық қажет 
деп тани отырып,
     төмендегiлер туралы келiстi:
     
                               1-бап
     
     Тараптар ынтымақтастықты мынадай бағыттар бойынша жүзеге асыратын 
болады:


      1) заң ғылымы мен тәжірибесінің әр түрлi проблемалары бойынша екi

жақты симпозиумдар, конференциялар мен семинарларды ұйымдастыру;
     2) заңнама және құқықтық құрылымдар туралы ақпарат алмасу;
     3) бiр-бiрiнiң әдiлет органдары мен мекемелерiн ұйымдастырылуымен 
және қызметiмен танысу үшін Тараптар делегациялар алмасуы;
     4) заңгер кадрлар даярлауды жақсарту, өзара мамандар алмасу iсiне
көмектесу;
     5) Тараптардың әдiлет органдары мен мекемелерi арасында әріптестік
байланыстар орнату;
     6) заң жобаларын құқықтық сараптау үшiн тепе-теңдiк негізiнде 
мамандар тобын құру;
     7) ұлттық әдiлет жүйелерiн ақпараттандыру саласында мамандар алмасуды 
жүзеге асыру.
     
                               2-бап
     
     Осы Келiсiм шеңберiнде Тараптар бiрлескен бағдарламалар әзiрлеу және 
өзара мүдделерi ұсынылатын қатынастар саласындағы заңнаманы жетiлдiру 
жөнiндегі комиссия құра алады.
     
                               3-бап
     
     Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен 
толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар оның ажырамас бөлiгі болып табылатын 
жеке Хаттамамен ресiмделедi.
     Осы Хаттама осы Келiсiмнің 5-бабында көзделген тәртiпте күшiне енедi.
     
                               4-бап
     


      Осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыру барысында Тараптар арасында туындайтын даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер мен консультациялар арқылы шешiлетiн болады.

                                5-бап

      Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетішілiк рәсiмдерді Тараптардың орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшiне енедi және белгiленбеген мерзiм iшiнде қолданылады.
      Осы Келiсiм Тараптардың бiрi басқа Тараптан оның күшiн тоқтату ниетi

туралы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн өз 
күшiн жояды.
     Ереван қаласында 2001 жылғы 23 мамырда әрқайсысы қазақ, армян және 
орыс тiлдерiнде екi дана болып жасалды және де барлық мәтiндердің
күшi бiрдей.
     Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер 
туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

      Қазақстан Республикасының          Армения Республикасының
       Әділет министрлігі үшін           Әділет министрлігі үшін
     
     
 Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.
     
        
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады