Қырғыз Республикасына Қытай Халық Республикасынан натрий цианидінің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 19 желтоқсан N 1657

      "Экспорттық бақылау туралы" 1996 жылғы 18 маусымдағы Қазақстан Республикасының Z960009_ Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнімдер транзитінің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес санымен, 1999 жылғы 6 желтоқсандағы N С-1131 шарты және 2001 жылғы 4 қазандағы N S108950 сатып алу тапсырмасы бойынша "Кумтор Оперейтинг Компани" компаниясы үшін (Қырғыз Республикасы) "СНИЕК Ксиньянг Корпорейшн Хоргос ЛТД" (Қытай Халық Республикасы) компаниясы беретін, Қырғыз Республикасына Қытай Халық Республикасынан натрий цианидінің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне рұқсат етілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Халықаралық темір жол жүк қатынасы туралы келісімге және басқа да нормативтік құқықтық кесімдерге, жүкті жөнелту кестесіне сай қауіпсіздіктің айрықша шараларын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүкті темір жол көлігімен тасымалдауды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден

 

комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағы

арқылы натрий цианидінің транзитін бақылауды қамтамасыз етсін.

     4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі осы

қаулыны іске асыру мақсатында қажетті шаралар қабылдасын.

     5. Осы қаулы қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                             Қазақстан Республикасы

                                                  Үкіметінің

                                          2001 жылғы 19 желтоқсандағы

                                               N 1657 қаулысына

                                                  1-қосымша


        1999 жылғы 6 желтоқсандағы N С-1131 шарты және 2001 жылғы

       4 қазандағы N S108950 сатып алу тапсырмасы бойынша "Кумтор

        Оперейтинг Компани" компаниясы үшін (Қырғыз Республикасы)

    "СНИЕК Ксиньянг Корпорейшн Хоргос ЛТД" (Қытай Халық Республикасы)     

             компаниясы 2002 жылы беретін натрий цианидінің

                             Ерекшелігі


---------------------------------------------------------------------------

N !Өнімнің толық атауы!  СЭҚ ТН ! Өлшем ! Саны !Бағасы тонна.! Жалпы құны

р/с!                   !   коды  !бірлігі!      !  сына АҚШ   !    АҚШ    

   !                   !         !       !      ! долларымен  ! долларымен

---------------------------------------------------------------------------

1 !         2         !     3   !   4   !   5  !      6      !      7    

---------------------------------------------------------------------------

1.  Натрий цианиді      283711000  тонна   3600      16322        5875920

2.  Натрий цианиді      283711000  тонна   1900      15894        3019860

    Жиыны                                  5500                   8895780 

---------------------------------------------------------------------------


                                            Қазақстан Республикасы

                                                  Үкіметінің

                                          2001 жылғы 19 желтоқсандағы

                                               N 1657 қаулысына

                                                  2-қосымша  


                               Жүкті тиеу

                                Кестесі


     2002 жылғы 31 қаңтарда 19,38 тоннадан 40 контейнер = 775,2 тонна

     2002 жылғы 3 сәуірде 19,38 тоннадан 40 контейнер = 775,2 тонна

     2002 жылғы 22 мамырда 19,38 тоннадан 40 контейнер = 775,2 тонна

     2002 жылғы 10 шілдеде 19,38 тоннадан 40 контейнер = 775,2 тонна

     2002 жылғы 28 тамызда 19,38 тоннадан 40 контейнер = 775,2 тонна

     2002 жылғы 16 қазанда 19,38 тоннадан 40 контейнер = 775,2 тонна

     2002 жылғы 5 желтоқсанда 19,38 тоннадан 40 контейнер = 775,2 тонна


     Жылжу бағыты: Алашонкоу (Қытай Халық Республикасы) - Достық - Луговая

(Қазақстан Республикасы) - Балықшы (Қырғыз Республикасы).




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.    






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады