"2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы Z000131_ Заңына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1408 P991408_ қаулысына сәйкес сот шешімдерін орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне сот шешімдері
бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың
және олардың аумақтық бөлімшелерінің міндеттемелерін өтеуге Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылға арналған республикалық бюджетте
көзделген резервінен қосымшаға сәйкес сот шешімдерін орындау үшін 3 186
855 (үш миллион бір жүз сексен алты мың сегіз жүз елу бес) теңге бөлінсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 19 желтоқсандағы
N 1661 қаулысына
қосымша
Орындалуға жататын сот
шешімдерінің тізбесі
_______________________________________________________________________
Р/с ! Соттың атауы ! Сот кесімінің күні ! Мем. бажды ! Мем. баж
N ! ! ! шегергендегі ! (теңге)
! ! ! сома (теңге) !
_______________________________________________________________________
1 Шымкент А.Есіркеповтың 2972777 13946
қалалық соты пайдасына
28.12.2000 жылғы
шешім
_______________________________________________________________________
2 Астана Т.Сверлованың 24954
қаласының пайдасына
Сарыарқа 28.02.2001 жылғы
аудандық соты ұйғарым
_______________________________________________________________________
3 Астана Н.Стебельскаяның 16899
қаласының пайдасына
Сарыарқа 28.03.2001 жылғы
аудандық соты ұйғарым
_______________________________________________________________________
4 Алматы Л.Репинаның 158279
қаласының пайдасына
Жетісу 27.10.1997 жылғы
аудандық соты шешім
_______________________________________________________________________
Жалпы сомасы 3 186 855
_______________________________________________________________________
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.