Екібастұз МАЭС-2 базасында қазақстан-ресей кәсіпорнын құрудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 24 желтоқсан N 1675

      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Президенттерiнiң уағдаластықтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қ.К.Тоқаевтың Ресей Федерациясы Үкiметi Төрағасының бiрiншi орынбасары М.М.Касьяновпен болған 2000 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы қарыздарды қайта құрылымдауды және Екiбастұз МАЭС-2 базасында қазақстан-ресей бiрлескен кәсiпорнын құруды көздейтiн келiссөздер хаттамасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен "Екiбастұз энергия орталығы" жабық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Қоғам) жарғылық капиталын арттыру үшiн 2001 жылғы 31 желтоқсанға дейiн 22 (жиырма екi) миллион теңге сомасында қаражат бөлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамамен белгiленген тәртiппен Қоғамның жарғылық капиталына Солтүстiк жүк тиеу-көлiк басқармасының мүлiктiк кешенiн берсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi заңнамамен белгiленген тәртiппен:
      1) 2001 жылғы 31 желтоқсанға дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне "Екiбастұзөнеркәсiпсервис" ашық акционерлiк қоғамының "Ударная" және "Трудовая" темiр жол станцияларының конкурстық массасын сатудың айрықша шарттары мен тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын енгiзсiн;
      2) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген қаражаттың Қоғамның жарғылық капиталына енгiзiлуiн қамтамасыз етсiн;
      3) Қоғамның жарғылық капиталын бөлiнген қаражат пен Солтүстiк жүк тиеу-көлiк басқармасының мүлкi құнының сомасына арттыруды қамтамасыз етсiн;
      4) 2002 жылғы 15 ақпанға дейiнгi мерзiмде Қоғам мүлкiн қайта бағалауды қамтамасыз етсiн;
      5) 2002 жылғы 1 сәуiрге дейiнгi мерзiмде "Екiбастұз МАЭС-2 станциясы" ашық акционерлiк қоғамы акцияларының 50 (елу) пайызын Қоғамның "Ресей БЭТ" ресейлiк акционерлiк қоғамның меншiгiне сатуын қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi заңнамамен

 

белгiленген тәртiппен 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап Қоғам үшiн салық төлеу

жөнiндегi мерзiмдi кейiнге қалдырсын.

     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және

минералдық ресурстар министрi В.С. Школьникке жүктелсiн.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады