"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 25 желтоқсан N 1692

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



                                                             Жоба



 
                    Қазақстан Республикасының Заңы
 
          Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне
          "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы
                 мәселелерi бойынша өзгерiстер мен
                    толықтырулар енгiзу туралы
 
      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде 2001 жылғы 7 шiлдеде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 шiлдедегі Z010223_ Заңына:
      1-баптың 1) тармақшасында:
      "айналымдар." деген сөзден кейiн үшiншi абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Егер салық төлеушi осы тармақшада көрсетiлген айналымдармен қатар сату бойынша басқа айналымдарды жүзеге асырған жағдайда, онда мұндай салық төлеушiлер осы тармақшада көрсетiлген айналымдар бойынша және басқа да айналымдар бойынша жеке есеп жүргiзуге мiндеттi.";
      төртiншi абзацтағы "Астана қаласының аумағында тiркелген салық төлеушiлерге" деген сөздер "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық органында салық төлеушiлер ретiнде тiркелген мынадай тұлғаларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы, он бiрiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "Осы тармақшада көрсетiлген салық төлеушiлер 2002 жылғы 15 қаңтардан кешiктiрмей "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық органына мынадай мәлiметтердi беруге мiндеттi:
      2002 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша оның шегiнде "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы құрылатын аумақтағы және құрылыс процесiнде пайдаланылмаған тауарлы-материалдық қорлардың қалдықтары бойынша;
      2002 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша оның шегiнде "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы құрылатын аумақта салынып жатқан әрбір объекті бойынша тауарлы-материалдық қорлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң құнын қоса алғанда, аяқталмаған құрылыстың құны бойынша.
      Осы тармақшада көрсетiлген мәлiметтер Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлеген тәртiппен және нысан бойынша ұсынылады.";
      мынадай мазмұндағы он төртiншi абзацпен толықтырылсын:
      "1-1. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген айналымдар бойынша есептi кезең iшiнде есептелген салықтың сомасынан есепке жатқызылған салық сомасының артығы оның өтiнiшi бойынша белгiленген мерзiмдерде "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық органынан растау алынғаннан кейiн әкелiнген тауарлар мен жабдықтардың құрылысы процесiнде iс-жүзiнде пайдаланылған бөлiгiнде салық төлеушiге қайтарылады. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық органының сұрауы бойынша аймақтың аумағында құрылған атқарушы орган беретiн әкелiнген тауарлар мен жабдықтардың құрылыс процесiнде пайдаланылғандығы туралы құжат растау үшiн негiздеме болып табылады.".
      2. "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 мамырдағы Z980230_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 7-8, 79-құжат; 2001 ж., N 15-16, 228, 229-құжаттар):
      3-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 7-3), 7-4) және 7-5) тармақшалармен толықтырылсын:
      "7-3) салық органының сұрауы бойынша бiр ай мерзiмде "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағына әкелiнген тауарлар мен жабдықтардың құрылыс процесiнде пайдаланылуы фактiсiн растайтын құжаттарды бередi;
      7-4) "Астана - жаңа қала" АЭА аумағындағы құрылыс процесiне қатысатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң есебiн жүргізедi;
      7-5) шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен "Астана - жаңа қала" АЭА-ның аумағындағы қызмет жағдайлары туралы шарттар жасасады.".
      3. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы"

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы 


K010209_


  Кодексiне

(Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N

11-12, 168-құжат):

     15-баптың 3-тармағындағы "жатады." деген сөзден кейiн мынадай

мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

     "Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда бұл аймақтардың

аумағында салық комитеттері құрылуы мүмкін.".

     2-бап. Осы Заң 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.


     Қазақстан Республикасының

            Президенті



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.   





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады