Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі қылмыстық-атқару жүйесiнiң кейбiр ұйымдастырушылық мәселелерi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2001 жылғы 28 желтоқсан N 1751 Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.12.29. N 1443 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi қылмыстық-атқару жүйесiнiң құрылымын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының шектi штаттық санын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 8 қазандағы N 1018-74 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      "Орталық органның аппараты" деген жолдағы "1903" деген сан "1929" деген санмен ауыстырылсын;
      оның iшiнде:
      "Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi" деген жолдағы "146" деген сан "172" деген санмен ауыстырылсын;
      "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық iшкi iстер органдарының аппараты мен бөлiмшелерi" деген жолдағы "20 320" деген сан "20 514" деген санмен ауыстырылсын;
      оның iшiнде:
      "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық қылмыстық-атқару жүйесi органдарының аппараты мен бөлiмшелерi" деген жолдағы "356" деген сан "550" деген санмен ауыстырылсын;
      "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ведомстволық бағыныстағы ұйымдар" деген жолдағы "39 243" деген сан "40 314" деген санмен ауыстырылсын;
     "Түзеу мекемелерi" деген жолдағы "11 218" деген сан "11 682" деген санмен ауыстырылсын;
     "Жиыны" деген жолдағы "96 893" деген сан "97 577" деген санмен ауыстырылсын.
     2. Қосымша санды ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап республикалық бюджеттен жүргiзiлсiн.
     3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі осы қаулыны іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын.
     4. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады