Ақтөбе қаласын күзгі-қысқы кезеңге дайындауға Ақтөбе облысының бюджетін несиелендірудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2001 жылғы 29 желтоқсан N 1762

      "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 10 қарашадағы Z010254_ заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Ақтөбе қаласын күзгi-қысқы кезеңге дайындауға Ақтөбе облысының бюджетiн несиелендiру ережесi бекiтiлсiн.
      2. Ақтөбе облысының әкiмi:
      1) 2001 жылға арналған облыстық бюджетте осы қаулының 3-тармағына сәйкес бөлінетiн несие бойынша түсiмдi көздейтiн облыстық мәслихаттың шешiмiн, сондай-ақ көрсетiлген қаражатты пайдалану жөнiндегi жергілiктi бюджеттiң бағдарламасын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне ұсынсын;
      2) 2003 жылға арналған облыстық бюджеттiң жобасын қалыптастыру кезінде осы қаулының 3-тармағына сәйкес алынған несиенi өтеуге қаражат көздесiн.
      3. Осы қаулының 2-тармағының 1-тармақшасын орындаған жағдайда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Ақтөбе облысының бюджетiне Ақтөбе қаласын күзгi-қысқы кезеңге дайындауға, осы қаулымен бекiтiлген ережелермен айқындалған шарттарда, 2001 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражаттан 100000000 (жүз миллион) теңге сомасында несие бөлсiн.
      4. Ақтөбе облысының әкiмi осы қаулының 3-тармағына сәйкес алынған

 

несиенi республикалық бюджетке 2003 жылғы 1 наурызға дейiн өтеудi

қамтамасыз етсiн.

     5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлінген қаражаттың

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

     6. Осы қаулы 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



                                            Қазақстан Республикасы

                                                 Үкіметінің

                                          2001 жылғы 29 желтоқсандағы

                                              N 1762 қаулысымен

                                                   бекiтiлген


      Ақтөбе қаласын күзгi-қысқы кезеңге дайындауға Ақтөбе облысының

                 бюджетiн несиелендiру ережесi



 
       1. Осы ереже "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Z000131_ Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 10 қарашадағы Z010254_ Заңында көзделген 217 "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі" әкiмшiсiнiң 87 "Ақтөбе қаласын күзгi-қысқы кезеңге дайындауға Ақтөбе облысының бюджетiн несиелендiру" бюджеттiк бағдарламасы бойынша 100000000 (жүз миллион) теңге сомасында несие (бұдан әрi - Несие) беру тәртiбi мен шарттарын айқындайды.
      2. 100000000 (жүз миллион) теңге сомасындағы несие Ақтөбе облысының бюджетiне Ақтөбе қаласын күзгi-қысқы дайындау үшiн 2003 жылғы 1 наурызға дейiн қайтару мерзiмiмен бөлiнедi.
      3. Ақтөбе облысының әкiмияты бөлiнген Несиенiң мақсатты пайдаланылуын және оның республикалық бюджетке уақытылы қайтарылуын қамтамасыз етедi.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Ақтөбе облысының әкiмиятымен тиiстi Несие келiсiмiн жасасады.
      5. 87 "Ақтөбе қаласын күзгi-қысқы кезеңге дайындауға Ақтөбе облысының бюджетiн несиелендiру" бюджеттiк бағдарламасы бойынша қаражаттың есебiнен Ақтөбе облысының бюджетiне несие бөлудi 601601 "Республикалық бюджеттен несиелер" кодына Ақтөбе облысының облыстық бюджетiнiң кiрiс шотына көрсетiлген қаражатты аудару жолымен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жүзеге асырады.
      6. Ақтөбе облысының әкiмияты 2003 жылға арналған облыстық бюджеттi қалыптастырған кезде республикалық бюджетке Несиенi 2003 жылғы 1 наурызға дейiн өтеудi көздейдi.
      7. Несие белгiленген мерзiмде қайтарылмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi өтелмеген борыштың сомасын есептен шығаруды жүзеге асыру үшiн Ақтөбе облысының облыстық бюджетiнiң ағымдағы шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi айқындаған тәртiппен тоқтата тұрады.
      8. Несиенің мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке

 

уақытылы қайтарылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi

жүзеге асырады.

     9. Несиенің мақсатсыз пайдаланылғаны анықталған жағдайда заңнамада

белгіленген тәртіппен санкциялар қолданылады.

     10. Несиені республикалық бюджетке қайтаруды осы ереженің

2-тармағында белгіленген мерзімде Ақтөбе облысының әкімияты жүргізеді.



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады