"Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 2002 жылға арналған даму жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 9 қаңтар N 12

 


     Қазақстан Республикасының темір жол саласын тиімді дамыту мақсатында

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан темір жолы" республикалық

мемлекеттік кәсіпорнының 2002 жылға арналған даму жоспары бекітілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


                                            Қазақстан Республикасы

                                                 Үкіметінің

                                           2002 жылғы 9 қаңтардағы

                                              N 12 қаулысымен

                                                 бекітілген


             "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік

              кәсіпорнының 2002 жылға арналған даму жоспары


     Кiрiспе



 
       Осы Жоспар Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2002 жылға арналған индикативтiк жоспары туралы" 2001 жылғы 14 қыркүйектегi N 1199 P011199_ қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 4 маусымдағы N 756 P010756_ қаулысымен бекiтiлген Темiржол көлiгін қайта құрылымдаудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы негiзiнде және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 қыркүйектегi N 1237 қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан темiр жолы" РМК-ның 2001-2005 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес әзiрленген.

 

     Өндiрiстiк-шаруашылық қызмет көрсеткiштерiнiң есептеулерi 2001-2005

жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Экономика және сауда

министрлiгiнiң және шетелдiк сарапшылардың ("Рlаn Есоn Review аnd Outlook

for the Ғоrмеr Soviet Republics" басылымы) Қазақстанның макроэкономикалық

көрсеткiштерiнiң болжамына негiзделген


     1. 2000 жылдың өндiрiстiк-қаржылық қызметiн талдау, 2001 жылдың

нәтижелерiне баға беру


     1.1. 2000 жыл


     2000 жылы "Қазақстан темiр жолы" РМК жүк жөнелтушiлер ұсынған барлық

өнiмдердiң дер кезiнде тасымалдануын қамтамасыз еттi. 2000 жылдың жұмыс

қорытындысы жүк және жолаушы тасымалдарының 1999 жылға қарағанда

айтарлықтай артқанын куәландырады.


                          Өндiрiстiк көрсеткiштер

Көрсеткiштер              Өлшем бiрлiгi           1999        2000    %


Жүктердiң жалпы тиелiмі   мың тонна           123 911   156 306    126,1

Жүк айналымы              млн. т-км            91 700   124 983    136,3

Жолаушы айналымы          млн. жолаушы-км       8 859    10 215    115,3

Жолаушылар жөнелтiлдi     мың адам             14 282    15 891    111,3

Келтiрiлген өнiм          млн. т-км           100 559   135 198    134,4



 
       Жүк айналымының артуының себебi негiзiнен ірi отандық тауар өндiрушiлердiң жүк жөнелтулерiнiң артуына әкелген Қазақстан Республикасының өндiрiстiк өндiрiсiнiң өсуiмен түсiндiріледi. 2000 жылы транзиттiк қатынастағы жүк айналымының көлемi 1999 жылдың деңгейіне қарағанда 952 млн. т-км-ге, немесе 12,4% артық.
      Жөнелтiлген жолаушылар санының өсуi Алматы-Астана бағытындағы поездың жол жүру кезеңдiлігінiң артуынан, құрамдарды қосымша вагондармен толықтыру (әсiресе оңтүстiк бағытта), қаламаңындық поездардың қосымша маршруттарын енгiзу есебiнен қол жеткiзiлдi. Сонымен қатар жолаушылар айналымы көлемiнiң артуына жолаушы вагондарын пайдалануды жақсарту да айтарлықтай әсер еттi, осының нәтижесiнде жолаушы вагондарының сыйымдылығы 3,2 адам/вагонға өстi.
      Жүк айналымы мен жолаушылар айналымы артқанда 2000 жылы тасымалдардан түсетiн кiрiстер 115 879 млн. теңгенi құрады, 1999 жылы олар 73 983 млн. теңге болған, яғни 41 896 млн. теңгеге (56,6 %-ға) көбейдi. Мұның өзiнде жүк тасымалынан түсетiн кiрiстер 39 084 млн. теңгеге, немесе 60%, ал жолаушы тасымалынан - 2 812 млн. теңгеге, немесе 31,8%-ға артқан.
      Тасымалдардан түсетiн кiрiстер 2000 жылы бiрқатар сыртқы және iшкi факторлармен:
      - экономикалық өсумен байланысты тасымал көлемдерiнiң артуына;
      - iшкi және экспорттық-импорттық қатынастарда бiрқатар жүк тасымалдарына тарифтердi көтеруге;
      - жүк тасымалдары құрылымын өзгертуге (тасымал тарифтерiне арзандату коэффициенттерiн қолданбай тасымалданатын жүк үлесiнiң артуы);
      - тұрғындардың сатып алу қабiлеттiлiгiнiң артуына байланысты жолаушы ағынының өсуiне;
      - валюта тарифi - швейцар франкiнiң қайта есептеу коэффициентiнiң өзгеруiне сәйкес жолаушылар тасымалына тарифтердi көтеруге байланысты болды.
      Негiзгi қызметтер бойынша шығыстар (тасымалдар мен қосалқы-көмекшi қызмет) 2000 жылы 107 382 млн. теңгенi құрады, ол 1999 жылғы деңгейден 38 186 млн теңгеге, немесе 55,2%-ға жоғары.
      Операциялық шығыстар (тасымалдардың шығыстары) 2000 жылы 87 417 млн. теңгенi құрады. 1999 жылмен салыстырғанда олар 30 327 млн. теңгеге, немесе 53,1%-ға өстi. Бұл өсу:
      - тасымалдау жұмысы көлемiнiң артуымен;
      - жолды, ғимараттар мен құрылыстарды, локомотивтер мен вагондарды күрделi және ағымдық жөндеу көлемiнiң артуымен;
      - отын мен материалдарға бағаның өсуiмен;
      - қызметкерлердiң жекелеген санаттарына еңбек ақысын көтерумен және тиiсiнше әлеуметтiк аударымдардың артуымен түсiндiрiледi.
      Сонымен бiрге ауа-райының қатаң болуымен байланысты құрылғылардың зақымдануы көбейген, оларды қалпына келтiру үшiн жоспармен көзделмеген қосымша шығындар қажет болды.
      "Қазақстан темiр жолы" РМК бойынша дебиторлық борыш бiр жыл iшiнде 15 880 млн теңгеге азайып, 01.01.01-ге қарағандағы жағдай бойынша 9 920 млн теңгенi құрады. 01.01.01-ге қарағандағы жағдай бойынша кредиторлық борыш 20 237 млн. теңгенi құрады, 01.01.2000-мен салыстырғанда 6 109 млн. теңгеге азайған.
      2000 жылы "Қазақстан темiр жолы" РМК мемлекеттiк бюджетке 30 796 млн. теңге сомасында салық аударды, соның iшiнде:
      - заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы - 12 425 млн. теңге;
      - қосымша құнға салынатын салық - 10 376 млн. теңге;
      - әлеуметтiк салық - 4 936 млн. теңге;
      - жер салығы - 1 034 млн. теңге.
      Аудит жүргiзiлмеген қаржылық есепке сәйкес "Қазақстан темiр жолы" РМК-ның таза кiрiсi 2000 жылы әлеуметтiк саланы күтiп ұстауға шығындарды (1 099,7 млн теңгеге жуық) және Салалық тарифтiк келiсiмге сәйкес әлеуметтiк және материалдық жеңiлдiктер беруге шығындарды (1 506,5 млн теңге) ескергенде 8 710,1 млн. теңгенi құрады. Аталған кiрiстiң барлығы 2001 жылы "Қазақстан темiр жолы" РМК-ның инвестициялық қажеттiлiктерiн қаржыландыруға жұмсалады.
 
      1.2. 2001 жыл
 
      Жүк айналымы ағымдағы жылы 134 153 млн т-км деңгейiнде болады деп күтiлуде, ол 2000 жылдың деңгейiнен 7,3%-ға жоғары. Қатынас түрлерi бойынша жүк айналымы: ішкi тасымалдар - 60 285,7 млн т-км (өткен жылға қарағанда 11,0%-ға өскен), экспорттық тасымалдар - 57 696,9 млн т-км (2,6%-ға өскен), импорттық тасымалдар - 7 185,5 млн т-км (23,7%-ға өскен) және транзит - 8 985,2 млн т-км. (4,3%-ға өскен) құрайды.
      2001 жылы жолаушылар айналымы 10 674 млн жолаушы-км деңгейiнде күтіліп отыр, 2000 жылдың деңгейiнен 4,5%-ға жоғары.
      Жүк және жолаушы тасымалдары көлемiнiң ағымдағы жылы өткен жылмен салыстырғанда болжанып отырған өсуi макроэкономикалық көрсеткiштердiң өсуiмен байланысты, оның салдары ретiнде кәсiпорындар мен тұрғындардың төлем қабiлеттiлiгiнiң артуы және экономикалық белсендiлiлiгi.
      2001 жылы кiрiстердiң деңгейiнiң күтiлiп отырған өсуi 140 190 млн теңгенi құрайды (жүк тасымалдары бойынша 127 132 млн теңге, жолаушылар тасымалдары бойынша 13 058 млн теңге) құрайды, ол 2000 жылдың деңгейiнен 18,9% артық. Кiрiстердiң артуы тасымалдардың көбеюiмен, швейцар франкi бағамының өсуiмен (экспорттық, импорттық және транзиттік жүк тасымалдары мен жолаушылар тасымалы үшiн есеп айырысу валютасының), қатынас түрлерi бойынша жүк айналымы құрылымының өзгеруiмен түсiндiрiледi.
      2001 жылы операциялық шығындардың жалпы көлемi күтіліп отырғандай 117 587 млн теңгенi құрайды, ол 2000 жылдың деңгейiнен 30,2%-ға жоғары. Бұл арту локомотив және вагон паркiн күрделi жөндеуге шығындардың артуымен, сондай-ақ сатып алынатын отын-энергетикалық ресурстар мен тауар-материалдық құндылықтарға бағалардың өсуiмен байланысты.
      2001 жылдың ішiнде кәсiпорын 28 816 млн теңге сомаға күрделi салымдар жасауды жоспарлап отыр, соның iшiнде өз қаржысы есебiнен - 25 353 млн. теңге, сыртқы көздер есебiнен - 3 463 млн. теңге.
      2001 жылдың қорытындысы бойынша кәсiпорынның таза кiрiсi болжаммен алғанда 19 038 млн. теңгенi құрайды (2000 жылғы деңгейден 2,2 есе жоғары). Республикалық және жергіліктi бюджеттерге аударымдар 15 128 млн теңгеге жуық болады, оның iшiнде заңды тұлғалардан алынатын кiрiс салығы - 8 908 млн теңге.
 
      2. 2002 жылдың перспективасы
 
      2002 жылдың негiзгi өндiрiстiк-қаржылық көрсеткiштерiнiң болжамы 1-НК нысаны бойынша қоса беріліп отырған кестеде келтiрiлген.
 
      2.1. Өндiрiстiк-қаржылық қызмет, күтiлетін нәтижелер
 
      Қайта құрылымдау бағдарламасына сәйкес 2002 жылдың iшiнде "Қазақстан темiр жолы" ЖАҚ (кәсiпорынды акционерлендiру жылдың ортасына дейiн жүргiзiледi) "Жүк тасымалдары" ЖАҚ, "Темiржолмашинажөндеу" ЖАҚ, "Локомотивжөндеу" ЖАҚ, "Вагонжөндеу" ЖАҚ, "Темiржолсужылужабдықтау" ЖАҚ акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн уәкiлеттi мемлекеттiк органдарына тапсыруды жүзеге асырады, сондай-ақ бiрқатар бөлiмшелердi бәсекелес секторға шығаруды аяқтайды.
      "Жолаушылар тасымалы" ЕМК 01.01.02-ге қарай жабық акционерлiк қоғам болып қайта құрылады.
      01.01.02-ден 01.01.03-ке дейiнгi кезеңде жолаушылар тасымалдарына жәрдем қаражаттар бөлу "Жолаушылар тасымалы" ЖАҚ-қа "Қазақстан темiр жолы" ЖАҚ-тың (тартым күш қызметi және инфрақұрылымға қол жеткiзу) қызметiн пайдаланғаны үшiн арзандатылған тариф қолдану арқылы жүзеге асырылады. "Қазақстан темiр жолы" ЖАҚ холдингтiк құрылым болады, оған "Локомотив" ЖАҚ пен "Инфрақұрылым" ЖАҚ кiредi.
      Жолаушылар тасымалдарының бөлiнуiне байланысты "Қазақстан темiр жолы" ЖАҚ Алматы вагон жөндеу зауытын салуға арналған ОЕСҒ қорының (JВIС - Jараn Ваnк fоr International Cooperation) жапон заемының, герман АКА банкi кредитiн (жолаушылар вагондарын сатып) алу және IСО кредитiнiң (Алматы - Астана желiсiнде жолаушылар поездарының жол жүру уақытын 12-14 сағатқа дейiн қысқарту жобасы") бiр бөлiгiмен байланысты мiндеттемелердi "Жолаушылар тасымалы" ЖАҚ-қа тапсыратын болады.
      Жоғарыда аталған құрылымдық қайта ұйымдастырулар "Қазақстан темiр жолы" ЖАҚ холдингiнiң кiрiстер құрылымының өзгеруiне әкелiп соғады, олар инфрақұрылымға қол жеткiзгенi және локомотив тартым күшiнiң қызметтерi үшiн төленетiн ақыдан қалыптасатын болады.
      Құрылымдау бағдарламасына сәйкес тасымалдау қызметiне бәсекелестiктi жылжымалы құрам операторларын құру жолымен енгiзу көзделiп отырғандығын атап өту керек.
      Жүк айналымының болжамдық деңгейi 141 228 млн. т-км (2001 жылға қарағанда өсiмi 5%) құрайды, оның iшiнде iшкi тасымалдар - 65 214 млн. т-км, экспорттық тасымалдар - 59 146 млн. т-км, импорттық тасымалдар - 7 594 млн. т-км, транзит - 9 274 млн. т-км.
      Жолаушылар айналымы 10 635 млн. жолаушы-км деңгейiнде күтiлiп отыр.
      Толықтай алғанда "Қазақстан темiр жолы" ЖАҚ бойынша кiрiстер деңгейiнiң жалпы деңгейi 122 614 млн теңге деңгейiнде болжанып отыр, оның iшiнде жүк тасымалдары бойынша - 114 830 млн теңге және "Жолаушылар тасымалы" ЖАҚ-қа қызмет көрсетуден - 7 784 млн теңге.
      Оның өзiнде операциялық кiрiстердiң сомасы толықтай алғанда "Қазақстан темiр жолы" ЖАҚ бойынша 104 221 млн теңгенi құрайды, бұл 2001 жылғы осындай көрсеткiштен 11% төмен.
      Операциялық шығындардың төмендеуi холдингтiң құрамынан "Жолаушылар тасымалы" ЖАҚ-тың, "Жылжымалы құрам" ЖАҚ-тың, "Темiржолмашинажөндеу" ЖАҚ-тың, "Локомотивжөндеу" ЖАҚ-тың, "Вагонжөндеу" ЖАҚ-тың, "Темiржолсужылужабдықтау" ЖАҚ-тың, "Қазкөлiксервис" ЖАҚ-тың және басқа да құрылымдық бөлiмшелердiң шығуымен, сондай-ақ инвестициялық жобаларды жүзеге асырумен байланысты оларды оңтайландырумен байланысты.
      Жоғарыда аталған құрылымдардың бөлiнiп шығуына байланысты "Қазақстан темiр жолы" ЖАҚ холдингiнiң құрамынан тиiстi негiзгi құралдар шығарылатын болады. Сондықтан бухгалтерлiк есептiң қолданылып жүрген стандарттарына сәйкес холдингтiң қаржылық есебiнде 45 112 млн теңге сомасындағы терiс қаржылық нәтиже көрсетiлетiн болады. Холдингтiң практикалық қызметiндегi бұл "қағаз жүзiндегi" қорытындының терiс әсерi болмайды: "Қазақстан темiр жолы" ЖАҚ-тың қаржылық жағдайы тұрақты, ал оның операциялық қызметi кiрiстi болады. Таза кiрiстен жасалатын аударымдардың нормативi есептеулерде нөлге тең деп алынған.
      Акционерлiк қоғамдар "Қазақстан темiр жолы" ЖАҚ-тың құрамынан бөлiнiп шыққанда бөлiну теңгерiмдерi жасалады. Оның өзiнде бөлiнiп шығатын кәсiпорындарға дебиторлық және кредиторлық борыштарды тапсыру механизмi қолданылып жүрген заңнаманың талаптарына сәйкес әр жағдай бойынша нақты белгiленетiн болады.
 
      2.2. Тарифтiк саясат
 
      Жүк тасымалдарына тарифтер
 
      01.07.02 дейiн, бiрнеше операторлар құру есебiнен тасымалдау қызметiне бәсекелестiк енгiзгеннен кейiн жүктердiң санатын енгiзу ұсынылып отыр:
      1-санат: көмiр, рудалар, энергетикалық газдар, тыңайтқыштар үшiн шикiзат, ағаштар мен дөңгелек ағаштар, құм, қиыршық тас және темiржолмен тасымалдауға баламасы жоқтар, икемдiлiк коэффициентi төмен, көлiк шығындары 20-дан 70%-ға дейiн болатын.
      2-санат: мұнай, қара май, битум, гудрон, асфальт, минералдық тыңайтқыштар, астық, жемiс-жидек-көкөнiс өнiмдерi, қара металдар, цемент, ауылшаруашылық машиналары мен жабыдқтары, ағаш материалдары, үй заттары мен басқалары икемдiлiк коэффициентi орташа және көлiк шығындары 8-ден 20%-ға дейiн болатын.
      3-санат: машина шығару, химия өнiмдерi, қағаз, түстi металдар мен олардың қорытпалары, бензин, керосин, дизель отыны, басқа да мұнай өнiмдерi және майлар, қара металл прокаты, машиналар мен жабдықтар, аспаптар, темiр-бетон конструкциялары, мақта талшықтары, қосалқы бөлшектер, акциздiк тауарлар, темекi өнiмдерi, азық-түлiк, тоқыма, жеңiл, злектроника, злектротехника, парфюмерия және жиhаз өнеркәсiбiнiң өнiмдерi, ағаштан жасалған бұйымдар мен т.б. икемділік коэффициентi жоғары, көлiктiң басқа түрi жағынан бәсекелестiгi жоғары және көлiк шығындары 8%-дан аз болатын.
      Аталған жүйенi бiрнеше жылдан берi қолданып келе жатқан Ресейдiң тәжiрибесi рынокты икемділік коэффициентi бойынша бөлуге негiзделген бұл тәсіл тиiмділігiнiң жоғарылығын көрсеттi.
      2001 жылы Монополияға қарсы агенттiк тарифтердi 1 сәуiрден 7%-ға ғана көтердi, бұл тарифтi жыл басынан берi 5%-ға көтергенге тең. Сондықтан 2002 жүк тасымалдарына тарифтердi көтеру есептеулер көрсетiп отырғандай 8%-ды құрауы тиiс. Мұның өзiнде бiрiншi санатқа жатқызылған жүк тасымалдарына тарифтер өзгермейдi деп жоспарлануда. Екiншi санат жүк тасымалдарының тарифтерiн 2002 жылы болжанып отырған инфляция қарқынының шегiнде, яғни жылына 5-7 % көтеру керек. Yшiншi санатқа жатқызылған жүк тасымалдарына тарифтердi көтеру 2002 жылы 24% құрауы тиiс.
      Қайта құрылымдаудың екiншi кезеңiнде мемлекеттiк баға реттеуiне жылжымалы құрам операторларының "Қазақстан темiр жолы" ЖАҚ-тың қызметiн пайдаланғаны үшiн төленетiн ақы (тариф) ("Локомотив" ЖАҚ үшiн локомотив-км және "Инфрақұрылым" ЖАҚ үшiн тонна-км) ғана жатады.
      Басқа операторлардың инфрақұрылым қызметiне қол жеткiзуi қамтамасыз етiлгеннен кейiн баға бәсекелестігі iшкi, экспорттық және транзиттiк тасымалдар үшiн айтарлықтай маңызды болады. Бiрақ өткен жылдар iшiнде шоғырланып қалған негiзгi қорлардың тозуы айтарлықтай инвестицияларды қажет етедi. Бәсекелестiк және Қайта қүрылымдау бағдарламасы саланың дамуына қажет инвестициялар мен тарифтердiң артуын айтарлықтай жұмсартуға көмектеседi, жылжымалы құрамды жаңартуға жекеменшiк капиталын тартуға, көрсетiлетiн қызметтiң сапасын көтеруге көмектеседi.
      Бәсекелестiк жалпы iшкi тасымалдар үшiн бiркелкi болады, ол тарифтердiң артуын шектей алар едi, бiрақ көп шығындар жаңа тасымалдаушылардың бағаны төмендетуiне шек қояды. Саланың осындай тасымалдардың бағаларын қолдай алу мүмкiндiгi болуы тиiс.
 
      Жолаушылар, багаж және жүк багажы тасымалдарына тарифтер
 
      Тарифтердiң қолданылып жүрген деңгейi жолаушылар тасымалдарының шығындарын жаппауына байланысты, Қайта құрылымдау бағдарламасында жолаушылар тасымалының "Қазақстан темiр жолы" ЖАҚ-тан бөлiнуi және "Жолаушылар тасымалы" ЖАҚ-тың құрылуы көзделген, ол мемлекеттiк бюджеттен дотацияланатын болады. Мемлекет республика аумағында, облыстардың iшiнде, қаламаңындық қатынаста жалпы, плацкарт және купелi вагондарда тасымалдарға әлеуметтiк тапсырыс белгiлейтiн болады. Жолаушылар тасымалдарының тиiстi түрлерiне тарифтердi уәкiлеттi орган реттейтiн болады. Тиiсiнше бұл тасымалдар темiржол инфрақұрылымын және локомотив тартым күшiн пайдаланғаны үшiн бекiтiлген тарифтер ескерiлiп республикалық және жергiлiктi бюджеттерден жәрдем қаржы бөлiнетiн болады.
      Жайлылығы жоғары вагондарда жолаушылар тасымалының, багаж бен жүк багажының тарифтерi заңнамаға сәйкес реттеледi. Аталған тарифтер заңнамаға сәйкес мемлекеттiк баға реттеуге жататын болған жағдайда, тарифтердi қызметтер құнынан төмен белгiлегенде жәрдем қаржы бөлу тиiстi бюджеттерден жүргiзiлетiн болады.
      "Қазақстан темiр жолы" ЖАҚ мемлекеттiк құзырлы орган бекiткеннен кейiн "Жолаушылар тасымалы" ЖАҚ-қа темiржол инфрақұрылымын және локомотив тартым күшiн пайдаланғаны үшiн тариф әзiрлейдi және ұсынады, ал уәкiлеттi мемлекеттiк орган оны бекiтедi.
 
      2.3. 2002 жылға арналған инвестициялық бағдарлама
 
      2002 жылдың iшiнде "Қазақстан темiр жолы" РМК бойынша толықтай алғанда инвестициялар деңгейi 31 406 млн. теңгенi құрайды.
      2002 жылы мына жобалар жүзеге асырылады:
      - жылжымалы құрамды және вагондарды жаңарту (өз және заем қаржылары есебiнен) - 9 616 млн теңге, соның iшiнде локомотивтер - 493 млн теңге (4 магистральды тепловоздар сатып алу), жүк вагондары - 9 123 млн теңге (1 501 ашық вагондар, 450 цистерналар, 300 басқа вагондар сатып алу, сондай-ақ 1 522 вагонды күрделi-қалпына келтiрiп жөндеу);
      - Алтынсарин - Хромтау жаңа темiржол желiсiнiң құрылысын жалғастыру. Аталған жобаны қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң, кредиттер мен "Қазақстан темiр жолы" РМК-ның өз қаржылары - 1 926 млн теңге есебiнен жүзеге асырылады деп болжамданып отыр. Егер "Қазақстан темiр жолы" РМК-ның (ЖАҚ-тың) таза кiрiсi 2002-2003 жылдары осы Жоспарда көрсетiлген сомадан артық болса, жоспардан тыс таза кiрiс жаңа темiржол желiсiнiң құрылысына бағытталады. Тиiсiнше мемлекеттiк бюджет қаржысынан қаржыландыру көлемi азайтылады;
      - Отар - Алматы телiмiн электрлендiрудi аяқтау (iске қосу кешенiне кiрмеген екiншi кезек жұмыстарын жүргiзу) - "Қазақстан темiр жолы" РМК-ның 169 млн. теңге өз қаржысы есебiнен;
      - жобалау-iздестiру, ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар - "Қазақстан темiр жолы" РМК-ның 462 млн теңге өз қаржысы есебiнен;
      - Дружба станциясын дамыту (қолда бар қуаттылықтарды қайта құру және кеңейту, сондай-ақ әлеуметтiк және табиғат қорғау маңыздағы объектiлер құрылысын салу) - "Қазақстан темiр жолы" РМК-ның 400 млн. теңге өз қаржысы есебiнен;
      - ақпараттандыру және байланысты дамыту - өз және заем қаржылары

 

есебiнен 3 128 млн. теңге;

     - "Тrаnsроrt Тоwеr" әкiмшiлiк ғимаратының құрылысы - "Қазақстан темiр

жолы" РМК-ның 1 772 млн теңге өз қаржысы есебiнен;

     - диспетчерлiк басқару жүйесiн енгiзу - өз және заем қаржылары

есебiнен 416 млн теңге;

     - және т.б.


     Күрделi салымдарды қаржыландыру:

     - тасымал тарифтерін көтеруден;

     - жұмыс тиiмділiгiн арттыру есебiнен пайдалану шығыстарын қысқартудан;

     - мемлекеттiк қолдаудан (жолаушылар тасымалы, жаңа темiр жол

құрылысы);

     - жекеменшiк инвестициялар тартудан түскен ақшалай қаржы есебiнен

жүзеге асырылады.


     2.4. Бюджетпен өзара қарым-қатынас



 
       "Қазақстан темiр жолы" ЖАҚ-тың республикалық және жергiлiктi бюджеттерге салықтық аударымдары 2002 жылы есептеулерге сәйкес 18 386 млн. теңгенi, оның iшiнде заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы - 4 317 млн. теңгенi құрайды.
 
      2.5. Инвестициялық саясат
 
      Инвестициялық саясат саланы мыналар арқылы 2002 жылы жаңа сапалық техникалық деңгейге шығаруға бағытталған:
      негiзгi магистральдарда қазiргi заманғы жол техникасын қолданып инфрақұрылымды оңалту;
      жаңа темiржол желілерiнiң құрылысы;
      саланы толық ақпараттындыру, автоматтандырылған диспетчерлiк басқару орталығы (АДБО) енетiн қазiргi заманғы тасымалдау процесiн басқару орталығын құру, талшықты-оптикалық байланыс желiсiнiң құрылысы;
      жылжымалы құрамды қалпына келтiру және жаңарту үшiн отандық зауыттық жөндеу базасын, локомотив пен вагон шығару және жаңа импорт алмастырушы өндiрiстер құру;
      отандық салалық ғылымды қалыптастыру;
      өндiрiстiк процестерге жаңа ресурс үнемдеушi технологияларды енгiзу негізгi қорларды жоспарлы-алдын-ала жөндеу жүйесiнен олардың жағдайы және орындалған жұмыс бойынша жөндеу жүйесiне көшу мақсатында қазiргi заманғы диагностикалық құралдарды қолдану.
      Инвестициялық бағдарламада көзделген жобаларды жүзеге асыру жылжымалы құрамды қазiргi заманғы талаптарға сәйкес техникалық-экономикалық өлшемдерiн арттырып және инфрақұрылым элементтерiн жаңарту парктi отандық локомотивтермен және вагондармен жинақтау жолымен жоспарлы ауыстыру арқылы бұдан әрi саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
 
      2.6. Пайдадан аударым жасаудың нормативi
 
      Бекiтiлген Кәсiпорынның инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыру қажеттiлiгiне байланысты "Қазақстан темiр жолы" РМК-ның 2001 жылдың нәтижесi бойынша алынған барлық таза кiрiсiн, 2002 жылы инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бағыттау көзделiп отыр.
 
      2.7. Әлеуметтік бағдарлама
 
      Темiржол көлiгiнiң өзгешiлiгiне байланысты поездар қозғалысының қауiпсiздiгін қамтамасыз ету және темiр жолдарды тиiстi жай-күйде күтiп-ұстау үшiн Қазақстан аумағында 800 станциялар мен бөлу бекеттерiнiң болуы қажет. Кәсiпорын ең алыс және кiшi-гiрiм айырыспаларда темiржолшылар мен олардың отбасыларының тұруына жағдай жасайды. "Қазақстан темiр жолы" РМК кәсiпорынның теңгерiмiнде тұрмайтын объектiлердi (оқу орындары, балалар мекемелерi, денсаулық сақтау мекемелерi) қоса қаржыландырады, сондай-ақ ведомстволық бағыныста жоқ темiржол желiсiнiң маңында орналасқан білім және денсаулық сақтау мекемелерiне де демеушiлiк көмек көрсетiп тұрады. "Қазақстан темiр жолы" РМК тарапынан аталған iс-қимылдардың қажеттiлiгi республикалық және жергiлiктi бюджеттерден бөлiнетiн қаржыландыру көлемi олардың қалыпты жұмыс iстеулерiн толықтай қамтамасыз ете алмайтындығынан болып отыр.

 

     2000 жылы "Қазақстан темiр жолы" РМК әлеуметтiк сипаттағы мәселелердi

шешуге (денсаулық сақтау, бiлiм беру, тұрғын үй қоры, коммуналдық

шаруашылық, мәдениет, спорт, демалыс, қоғамдық тамақтандыру) 1 099 7 млн.

теңге бағыттады.

     2001 жылы әлеуметтiк саланы күтiп-ұстауға акционерленуiне және

коммуналдық меншiк объектiлерiнiң бiр бөлiгiн тапсыруға байланысты тиiстi

залалдар "Қазақстан темiр жолы" РМК-ның таза кiрiсi есебiнен

қаржыландырылатын 739 млн. теңге мөлшерiнде болады деп күтiлуде.

     2002 жылы әлеуметтiк саланы күтiп-ұстауға төлемдер Қайта құрылымдау

бағдарламасында және Даму жоспарында көзделмеген.


     Қорытынды


     2002 жылы "Қазақстан темiр жолы" РМК/ЖАҚ-тың Даму жоспарын табысты

жүзеге саланың нарық жағдайында тиiмдi қызмет етуiне әсер етедi. Саланың

мүлiктiк және қаржылық жағдайы өседi.


     1-ҰК нысаны


      "Қазақстан темір жолы" РМК-ның 2000 жылға арналған даму жоспары


---------------------------------------------------------------------------

N !               !Өлшем!2001   !2002   !          оның ішінде      !2002

п/п!               !бір. !жыл,   !жыл,   !---------------------------!ж.  

   !               !лігі !бағалау!болжам !1 -   !2 -   !3 -   !4 -   !%  

   !               !     !       !       !тоқсан!тоқсан!тоқсан!тоқсан!2001

   !               !     !       !       !      !      !      !      !ж.

---!---------------!-----!-------!-------!------!------!------!------!-----

1.  Негізгі

    құралдардың     млн.

    алғашқы құны    теңге 260472  185362 230309 230309 185362 185362  71,2%


    Негізгі   

    құралдардың

    қалдық құны     "-"   152628  112664 132591 123378 115963 112664  73,8%


2.  Өндірілген

    өнімнің көлемі

    (келтірілген    млрд. 

    тонна-          келт.

    километрлер)    т-км   144,8   151,9   35,5   34,9   38,3   43,2 104,9%


3.  Қаржыландырудың

    барлық  

    көздерінен     

    негізгі        

    капиталға            

    жасалған

    инвестициялар   млн.

    - барлығы       теңге  28816   31406   7332   7218   7913   8942 109,0%


    оның ішінде   

    сыртқы қарыздар

    есебінен         "-"    3463    6981   1630   1605   1759   1988 201,6%


    меншік    

    қаражаттарынан    "-"  25353   24425   5702   5614   6154   6955  96,3%


4.  Өнімдерді

    (жұмыстарды,

    қызметтерді)   

    сатудан

    түскен кіріс -  млн.

    барлығы:        теңге 140190  122614  28625  28181  30895  34913  87,5%


    Жүк тасымал.

    дарынан түскен

    кіріс            "-"  127132  114830  26808  26392  28934  32696  90,3%


    Жолаушы тасымал.

    дарынан түскен

    кіріс             "-"  13058    7784   1817   1789   1961   2216  59,6%


5.  Сатылған     

    өнімдердің   

    (жұмыстардың,

    қызметтердің)

    өзіндік құны -

    негізгі қызмет   млн.

    бойынша барлығы: теңге117587  104222  24331  23954  26261  29676  88,6%


    оның ішінде:


    Жалақы қоры       "-"  19969   18966   4428   4359   4779   5400  95,0%


    Әлеуметтік        "-"   4573    4343   1014    998   1094   1237  95,0%

    аударымдар


    Материалдар       "-"   8946    7822   1826   1798   1971   2227  87,4%


    Отын              "-"  18578   20824   4861   4786   5247   5929 112,1%


    Электрмен         "-"   5007    5928   1384   1362   1494   1688 118,4%

    жабдықтау


    Жұмыстар мен

    қызметтерге       "-"  42042   30933   7221   7110   7794   8808  73,6%

    төлемдер


    Амортизация       "-"   7301    5197   1213   1194   1309   1480  71,2%


    Басқалар          "-"   2031    1708    399    393    430    486  84,1%


    Салықтар мен   

    айыппұлдар

    (табыс салығынан

    басқалары)        "-"   3065    2993    699    688    754    852  97,7%


    Әкімшілік және

    жалпышаруашылық  

    шығындар          "-"   6075    5508   1286   1266   1388   1568  90,7%


6.  Заңды тұлғалардан

    алынған табыс   млн.

    салығы          теңге   8908    4317      0   1934      0   2383  48,5%


7.  Таза кіріс      млн.

    (залал)         теңге  19038  -45142 -22975   7121 -37419  8131 -237,1%


8.  Әлеуметтік

    салаға жұмсалған млн.

    шығындар         теңге   739       0      0      0      0      0   0,0%


9.  Дебиторлық      млн.

    берешек         теңге  12984    5939   1386   1365   1496   1691  45,7%


10. Кредиторлық     млн.

    берешек         теңге  40083   38606   9013   8873   9728  10993  96,3%


11. Қызметкерлердің

    саны            адам  125347   83123  98984  83564  83123  83123  66,3%

---------------------------------------------------------------------------






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады