Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi мен Литва Республикасының Қоршаған орта министрлігі арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмді бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 10 қаңтар N 16


     Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
     1. Вильнюс қаласында 2001 жылғы 4 сәуiрде жасалған Қазақстан 
Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгі 
мен Литва Республикасының Қоршаған орта министрлiгi арасындағы қоршаған 
ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі 
         Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған
     қорғау министрлiгi мен Литва Республикасының Қоршаған ортаны қорғау
         министрлігі арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы
                          ынтымақтастық туралы
                                КЕЛIСIМ


      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi мен Литва Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi,
      Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен принциптерiне адалдығын қуаттай отырып,
      екi мемлекеттiң арасындағы қазiргi бар достық қатынастарды және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты одан әрi дамытуды негiзге ала отырып,
      экологиялық жұтау мен апатты, табиғи ортаның азып-тозуын болдырмау

және экологиялық тұрғыдан зиянсыз мекендеу аймағын құру үшін қазiргi және 
келешек ұрпақтардың алдындағы өз жауапкершiлiгiмiздi мойындай отырып,
     Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының қоршаған ортаны 
қорғау саласындағы ұлттық заңдарын назарға ала отырып,
     төмендегiлер туралы келiстi:
                                1-БАП
     Тараптар теңдiк пен өзара тиiмдiлiк негiзiнде қоршаған ортаны қорғау 
саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады.
                                2-БАП
     Тараптар ынтымақтастықтың iс жүзiндегi түрлерiн Тараптар 
мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарына және экологиялық бағдарламаларына сәйкес 
бiрлесiп айқындайтын болады.
                                3-БАП
     Ынтымақтастық мынадай негiзгi бағыттарда жүзеге асырылады:
     - атмосфера мен топырақты ластанудан қорғау;
     - су жүйелерiн зерттеу, ұтымды пайдалану, қорғау және сақтау;
     - қалдықтарды (оның iшiнде қауiптiлерiн де) өңдеу;
     - ұлттық парктердi демалатын орын ретiнде пайдалануды реттеу;
     - қоршаған табиғи ортаны радиациялық ластанудан қорғау;
     - биологиялық алуан түрлiлiктi сақтау, сирек кездесетiн және жойылу 
қаупiне ұшыраған жануарлар мен өсiмдiктер түрлерiн және олардың тiршiлiк 
орындарын зерттеу мен құтқару жөнiндегi жобаларды әзiрлеу әрi жүзеге 
асыру, сондай-ақ олардың экспорты мен импортына бақылау жасау;
     - топырақты қорғау және жер ресурстарын ұтымды пайдалану;
     - орманды сақтау және қорғау, сондай-ақ орман ресурстарын ұтымды 
пайдалану, қоршаған ортаның ластануының экологиялық-генетикалық салдарын 
зерттеу;
     - қоршаған орта жай-күйiнiң мониторингi;
     - қоршаған орта ластануының климатқа әсерi;
     - қалалардағы және елдi мекендердегi қоршаған ортаны жақсарту;
     - қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтық реттеу және басқару 
мәселелерi;
     - табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қорғауды экономикалық 
тұрғыдан реттеу;
     - экологиялық тәрбие және бiлiм беру жүйесi;
     - экологиялық сараптаудың, экологиялық болжамдау мен жобалаудың 
әдiстемелiк аспектiлерi;
     - қоршаған табиғи ортаны қорғау саласындағы тиiстi 
нормативтiк-әдiстемелiк құжаттамаға сай экологиялық нормативтер мен 
ережелердi әзiрлеу.
                                4-БАП
     Ынтымақтастық мынадай негiзгi нысандарда жүзеге асырылады:
     - қоршаған ортаны қорғау және жақсарту жөнiндегi нақты шараларды 
бiрлесе отырып iске асыру;


      - Тараптар мемлекеттерiнiң қоршаған ортаны қорғау саласындағы

ғылыми-техникалық құжаттамасымен және ақпаратпен, сондай-ақ 
нормативтiк-құқықтық актiлерiмен алмасу;
     - кеңес беру, тағылымдама жүргiзу және тәжiрибе алмасу үшiн зерттеу 
және оқу мақсаттарында ғалымдармен және мамандармен алмасу;
     - бiрлескен зерттеулер мен эксперименталдық жұмыстар жүргізу, 
зерттеулер мен тәжірибелер нәтижелерімен және сараптама қорытындыларымен 
алмасу; 
     - симпозиумдар, конференциялар, көрмелер, оқу курстарын ұйымдастыру 
және өткізу.
                                5-БАП
     Осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыру мақсатында Тараптар 
ынтымақтастықтың нақты бағдарламаларын қабылдайтын болады.
                                6-БАП
     Ынтымақтастықтың нәтижелерiн құқықтық қорғау және пайдалану 
мәселелерi Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңдарына сәйкес шешiледi.
                                7-БАП
     Осы Келiсiмнiң ережелерiн қолдану барысында алынған ынтымақтастық 
нәтижелерi үшiншi мемлекеттерге, олардың заңды немесе жеке тұлғаларына 
Тараптардың жазбаша келiсiмiмен ғана берiлуi мүмкiн.
                                8-БАП
     Осы Келiсiм Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа да 
халықаралық шарттардан туындайтын олардың құқықтары мен мiндеттемелерiне 
ықпал етпейдi.
                                9-БАП
     Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша өзгерiстер мен 
толықтырулар енгiзілуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып 
табылатын жеке хаттамалармен ресiмделедi.
     
                                10-БАП


      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру немесе қолдану кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды келіссөздер немесе консультациялар арқылы шешетін болады.
                                11-БАП




      Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.
      Осы Келісім бес жылдық мерзімге жасалады. Егер тараптардың бірде-бір осы Келісімнің қолданысын тоқтату ниеті туралы тиісті бесжылдық кезең аяқталардан кем дегенде алты ай бұрын екінші Тарапқа жазбаша нысанда хабарламаса, Келісімнің қолданысы келесі бесжылдық кезеңдерге өздігінен

ұзартылады.
     Вильнюс қаласында 2001 жылғы 4 сәуірде әрқайсысы қазақ, литван және 
орыс тілдерінде түпнұсқалары екі дана болып жасалды және де барлық 
мәтіндердің күші бірдей.
     Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаса, 
Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.
     
     Қазақстан Республикасының                   Литва Республикасының
   Табиғи ресурстар және қоршаған                   Қоршаған ортаны
   ортаны қорғау министрлігі үшін                қорғау министрлігі үшін
     
     Мамандар:
       Багарова Ж.А.,
       Қасымбеков Б.А. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады