2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап Зейнетақы төлеу жөнiндегі мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерін арттыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 11 қаңтар N 31

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап Зейнетақы төлеу жөнiндегі мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерi:
      1) 1-тармақтың 2) тармақшасының үшiншi абзацында және 2-тармақта көрсетiлгеннен басқа, 1994 жылғы 1 қаңтарға дейiн тағайындалған зейнетақылар - алып жүрген зейнетақы мөлшерiнiң 25 процентiне;
      2) 1994 жылғы 1 қаңтардан бастап 1997 жылғы 31 желтоқсан кезеңiнде тағайындалған зейнетақылар;
      1994 жылғы 1 қаңтарға дейiн тағайындалған және зейнетақы тағайындалғаннан кейiнгі жұмыс iстеген екi жылғы анағұрлым жоғары жалақысынан қайта есептелген зейнетақылар - алып жүрген зейнетақы мөлшерiнен, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi N 1199 қаулысымен мақұлданған 2001 жылғы тұтыну бағаларының орташа жылдық индексiне;
      3) 1998 жылғы 1 қаңтар - 2001 жылғы 31 желтоқсанда тағайындалған, 2-тармақта көрсетiлгеннен басқа зейнетақылар 2001 жылы белгiленген ең төмен зейнетақы мөлшерiнен, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi N 1199 қаулысымен мақұлданған 2001 жылғы тұтыну бағаларының орташа жылдық индексiне арттырылсын.
      2. Алып жүрген зейнетақы мөлшерiнен, 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының қызметшiлерiне еңбек өткерген жылдары үшiн тағайындалған зейнетақы төлемдерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi N 1199 P011199_ қаулысымен мақұлданған 2001 жылғы тұтыну бағаларының орташа жылдық индексiне арттырылсын.
      3. Зейнетақы төлемдерiнiң арттырылған мөлшерi тиiсті қаржы жылына арнап бекiтiлген 25 еселенген бiр айлық есептiк көрсеткiштiң 75 процентiнен аспайтын болып белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi:
      бiр ай мерзiмде осы қаулыны қолдану жөнiнде түсiндiрме әзiрлесiн;
      зейнетақы төлемдерiнiң арттырылуын ескере отырып, оларды төлеудi ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн.
      5. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттырудың тәртiбi туралы ережелердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1854 P991854_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 528-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1854 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 13 қаңтардағы N 42 P010042_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 1-2, 12-құжат);
      3) "2001 жылы Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттырудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 5 наурыздағы N 329 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 9, 106-құжат) 2-тармағы.
      6. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
 

     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады