Ми-8 тiкұшағы үшiн авиациялық мүліктің техникалық құжаттамасымен қоса импорты туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 11 қаңтар N 33

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "N 405 авиажөндеу зауыты" ашық акционерлiк қоғамына "Сертификаттау орталығы" (Тюмень қаласы, Ресей Федерациясы) дербес коммерциялық емес ұйыммен жасалған 2001 жылғы 7 тамыздағы N 07/08/01 сатып алу-сату шартына сәйкес Қазақстан Республикасына авиациялық мүлiктiң (СЭҚ ТН коды 8803 10 900, 8803 20 900) импортына рұқсат етiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "N 405 авиажөндеу зауыты" ашық акционерлiк қоғамына осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген авиациялық мүлiктiң импортына лицензия берсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден

 

комитетi осы қаулының 1-тармағында көрсетілген авиациялық мүлiктi кедендiк

бақылауды және кедендiк ресiмдеудi қамтамасыз етсiн.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика

және сауда министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетiне 

жүктелсiн.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады