Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау жөнiндегi комитетінiң "Мемэнергиясараптама" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 91 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң K941000_ 45-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау жөнiндегi комитетiнiң "Мемэнергиясараптама" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны, жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен, оны "Қазақэнергиясараптама" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Қоғамның жарғысын бекiтсiн;
      2) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2002 жылғы 23 қаңтардағы
N 91 қаулысымен    
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Yкiметiнің кейбiр шешімдеріне
енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктің түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 P990405_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
      "Алматы қаласы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-62-жолмен толықтырылсын:
      "123-62 "Қазақэнергиясараптама" ЖАҚ".
      3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 P990659_ қаулысына:
      көрсетілген қаулыға қосымша:
      мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрi 262-жолмен толықтырылсын:
      "Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау жөніндегi комитетіне
      262 "Қазақэнергиясараптама" ЖАҚ".
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 791 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады