Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 791 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 5 тамыздағы
№ 791 қаулысына  
қосымша      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. «Жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан объектілердің энергия үнемдеуіне сараптама жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 ақпандағы № 167 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 5-6, 67-құжат) 1-тармағы.
      2. «Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау жөнiндегi комитетінiң «Мемэнергиясараптама» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 91 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнің кейбiр шешімдеріне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы.
      3. «Оператор-компанияны айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 14 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 1, 9-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2305 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 54-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 28-тармағы.
      5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 тамыздағы № 826 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 49, 445-құжат) 1-тармағының 1) тармақшасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады