Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 5 ақпан N 165. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.06.08. N 523 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1.  алынып тасталды
       Ескерту. 1-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.01.21. N 62  қаулысымен .
      2. Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі міндетінен босатылсын. 
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      1) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 қарашадағы N  1661 қаулысына:
      1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 1566
қаулысына :
      1-тармақ алынып тасталсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады